Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1. Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы4
Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру5
ҚОРЫТЫНДЫ11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ14
КІРІСПЕ
Қазақстан мен Ресей ежелден тату көрші хақын берік сақтаған достас елдер. Ғасырдан ғасырға ұласқан достықтың тамыры кеңестік жүйе ыдырап, дербес мемлекет атанған тұста одан әрі беки түсті. Тәуелсіз Қазақстан мен Ресей қазірде тең құқықтық негізге иек артатын дербес саясат ұстанып отыр. Қазақстан егемендікке қол жеткізісімен, шетелдермен тығыз байланыс орнатуды өзінің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі әрі негізгісі ретінде қарастырады, ал еліміз үшін көрші мемлекет - Ресейдің жөні бөлек. Мұның себептері көп. Әсіресе, геосаяси және стратегиялық әріптестік, сондай-ақ экономикалық тиімділік тұрғысынан алып қарағанда Қазақстан мен Ресей бірін - бірі толықтырып, тұтас жүйе құрайды десек болады. Қазіргі кездегі екі ел қарым - қатынасының үлгісі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзге мемлекеттерімен салыстырғанда өте оңтайлы көрінеді. Себебі Қазақстан мен Ресей арасында барлық стратегиялық маңызды бағыттардағы көкейкесті мәселелер өз шешімін тауып отыр.
Екі елдің де халықаралық қатынаста өз орны, саясаты, беделі бар. Біз үшін солтүстіктегі көрші Ресеймен байланысты сақтау, дамыту әрқашан өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бір жағынан, он жыл өткен соң екі елдің саяси қарым-қатынастарының нәтижелері көрініп, екінші жағынан 2003 жылдың Ресейдегі Қазақстан жылы болып жариялануы бұл тақырыптың бүгінгі күні өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Сонымен қатар екі жақты қарым - қатынастар күрделі проблемалар шегінде өрбіп жатыр. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі немесе Байқоңыр кешенін пайдалану мәселелерінің өздері өзекті мәселелер. Екі елдің бүгінгі саясатын әріптестік тұрғыдан бағамдасақ бір-біріне жақындығымен және ұқсастығымен ерекшеленеді. Ал бұған егемендікті алған күннен бастап, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан тығыз байланыстар берік негіз қалады.
Өзінің байлығымен әлем елдерінің қызығушылығын туғызып отырған Қазақстан және оның солтүстік көршісі Ресей арасындағы қазіргі саяси қарым - қатынастардың орнап, қалыптасып, дамуын кезең - кезеңдерге бөліп жүйелеп талдау, саралау. Он жыл ішіндегі нәтижелері мен жеткен жетістіктерін бағалау. Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер :
- екі жақты саяси қарым - қатынасты кезеңдерге бөліп талдау; нәтижелеу;
- екі елдің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне және мұнайды әлемдік рынокка шығару проблемасына қатысты бағыттарын, позицияларын дәйектеу, бұл мәселені шешудегі әрекеттерін зерделеу;
- Қазақстандағы орыс халқының жағдайы мен Ресейдегі қазақ диаспорасы мәселелеріне қатысты екі мемлекеттің ұстап отырған саясатын жан - жақты ашып көрсету:
- Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың екі жақ үшін тиімді тұстарын анықтау.
1. Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
ХХ ғасырдың аяғында соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі - Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл - дүниежүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі саяси жағдайларға ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының құлауымен, Британ империясының күйреуімен пара - пар. КСРО - ның құлдырауына байланысты орнаған әлемдік саясаттағы түбегейлі өзгерістерді талдай келе, атақты батыс тарихшылары мен саясаттанушылары А. Beanuazzi мен Weiner осы процесті заңды, соңғы әлемдік империялардың бірінің құлауының тарихи шарттылығының көрінісі ретінде қарайды. 1
Ақырында бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында қысқа мерзімде бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қатары бой көтерді.
Тәуелсіздікті алған кезден бастан-ақ Қазақстанның жоғары басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылды.
Қазақстан мен Ресейдің көп қырлы ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың километрге жуық ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан, тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Қазақстан - Ресей қарым - қатынастарын төмендегі төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең - Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру ( 1991 жылғы желтоқсан - 1992 жылғы мамыр ) ;
2 кезең - Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру ( 1992 жылғы мамыр - 1994 жылғы наурыз ) ;
- кезең - Экономикалық және басқа салаларда екі елдің кірігуінің кеңеюі мен тереңдей түсуі ( 1994 жылғы наурыз - 1995 жылғы желтоқсан ) ;
- кезең - Стратегиялық әріптестікті нығайту. Мәңгілік Достық Декларациясы ( 1997 жылғы қыркүйектен қазіргі кезеңге дейін ) .
Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру
(1991 жылғы желтоқсан - 1992 жылғы мамыр)
Қазақстан мен Ресей қатынастарының бірінші кезеңіне бұрынғы КСРО республикаларының “өркениетті айырылысу” процесі тән болды. Екі мемлекет басшыларының бірінші қадамдары КСРО ыдырауының “Югославиялық нұсқасын“ болдырмауға бағытталды. 2 Бұған дәлел 1991 жылғы тамызда Алматы қаласында, қол қойылған құжаттар, соның ішінде “Ортақ Экономикалық Кеңістік туралы мәлімдеме“. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңге тән сипат - мемлекеттер арасындағы екі жақты қатынастардың дамуы, тәуелсіздікке қол жеткен бастапқы сәтте бұл елдерді әлемдік қауымдастықтың, ең алдымен, жетекші державалардың белсенді түрде тану процесінің аясында өткендігі болатын. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі аса ірі екі мемлекет ретінде Қазақстан мен Ресей қатынастарының мәселелері, олардың тарихи, мәдени және геосаяси байланыстарын ескеріп, жаңа құқықтық тұрғыдан анықтауды талап етті.
1991 жылы 17 тамызда Алматыда Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылды, солардың ішінен президенттердің берлескен екі мәлімдемесін бөліп көрсету қажет. Біріншісінде - “Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы“ мәлімдемеде3 - Қазақстан мен Ресейдің елде экономиканы тұрақтандырып, біртұтас нарықтық кеңістік құруға жағдай жасау үшін жауапкершілігін түсіне отырып, республикааралық экономикалық қатынастардың игі тәжірибесіне сүйене отырып, егемен екі мемлекеттің президенттері барлық республикалардың басшыларына біртұтас нарықтық кеңістік қалыптастыруға байланысты экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бүкіл кешенін талқылау мақсатында он бес егемен мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы кездесуінің уақыты мен орнын белгілеу жөнінде ұсыныс жасауды ұйғарды.
Ал екінші “Егемен Мемлекеттер Одағы тұрақтылығының кепілдіктері туралы“ мәлімдемеде кеңестік дәуірден кейінгі елдердің аумақтық тұтастығының мызғымайтындығына баса назар аударылуы осы проблемаға жаңа егемен мемлекеттер
басшыларының айрықша көңіл қоятындығын айғақтайды.
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара іс - қимылының алғашқы тәжірибесінің мысалы ретінде екі Сыртқы Істер Министрі 1991 жылғы 17 тамызда қол қойған Қазақ ССР - і мен РСФСР Сыртқы Істер Министрліктері арасындағы “Ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру туралы” хаттаманы келтіруге болады.
Екі жақты қатынастар мен екі жақ мүдделі негізгі халықаралық проблемалар бойыша әртүрлі деңгейде консультация жасау, сондай - ақ пікір мен ақпарат алмасу, екі елде қабылданатын барлық негізгі заң актілері мен шешімдері көшірмелерінің алмасылып отыруын қамтамасыз ету пайдалы деп табылды.
Сыртқы Істер Министрлерінің бұдан кейінгі тығыз байланыстары дос екі мемлекеттің стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайтып, дамыту бағытындағы өзара жемісті қарым - қатынастарын дамыта түсті.
Мәскеуде болған белгілі тамыз оқиғаларынан кейінгі тұңғыш екі жақты құжатқа 1991 жылғы 30 тамызда қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөз қорытындылары туралы мазмұндама болатын. Мұнда КСРО - да қалыптасқан жаңа саяси ахуал республиканың егемендік құқықтарын нығайтуды талап етеді деп көрсетілді. Мазмұндамада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін шұғыл қалыптастыру, Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Қазақстан шешімін қолдау, т. б. мәселелер қаралды.
1992 жылдың өнебойында әртүрлі деңгейде бірнеше кездесулер болып, олардың барысында Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарын тиісінше хаттаудың алғашқы әрекеті болған құжаттарға қол қойылды. Осыған байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметте шектеулерді алып тастау туралы келісім, бұрынғы КСРО - ның ішкі қарызын есептеу және өтеу механизмнің принциптері туралы келісімдер, көлік саласындағы ынтымақтастық принциптері мен қатынас шарттары туралы, теміржол көлігінің қызметін үйлестіру туралы және т. б. келісімдерді атауға болады.
Сол кезеңде елдің парламентаралық байланыстары да қалыптаса бастады. 1992 жылдың 27 наурызында Алматыда Қазақстан мен Ресей Жоғарғы Кеңестері делегацияларының кездесуі болып өтіп, оның қорытындысы бойынша екі елдің заң шығарушы органдарының арасындағы Ынтымақтастық жөнінде Парламенттік Комиссияның қызметі туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің аяқталуы және сонымен бірге жаңа кезеңнің басталуы - 1992 жылғы 25 - мамырда Президенттер Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт болып табылады. Бұл құжат біздің мемлекеттер тарихының қазіргі кезеңіндей жаңа сапалық қатынастардың іргетасына айналып, Қазақстан мен Ресейдің ресми халықаралық құқықтық өзара қатынастарының бірінші бетін ашып берді. Осынау ауқымды құжат саяси, экономикалық, әскери - стратегиялық, мәдени, рухани салалардағы екі жақты өзара іс - қимыл прициптерін айқындап, бұдан былайғы барлық келіссөз процесі мен ынтымақтастыққа қуатты серпін берді. Шартқа қол қ ою рәсімінде сөз сөйлеп, Б: Н. Ельцин : “Ресей - Қазақстан диалогы, сірә, бұрынғы Одақ республикалары арасындағы ең мазмұндысы және серпіндісі болып табылады’’, деген пікір білдірді4. Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан берік байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым - қатынасын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қарым - қатынастар мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және бір - бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай - ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қаупін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді.
Бұл құжаттың маңызын айтып жеткізу қиын, себебі бүгінгі таңда да, екі жақты қарым - қатынастың көптеген аспектілері мемлекетаралық шарттармен және келісімдермен нақтыланып, оның үстіне бұлар біздің халықтарымыздың игілігіне жұмыс істеп отырғанда, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының барлық осынау шоқыларына көбіне-көп 1992 жылғы 25 - мамырда президенттер қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың арқасында қол жетті деп толық негізбен мәлімдеуге болады.
Сол 1992 жылдың мамыр айындағы кездесуде жоғарыда аталған шарттан басқа, ”Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы” келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы “Байқоңыр” ғарыш айлағының қозғалмайтын, қозғалатын мүліктерін пайдалану және иелік ету құқығын ТМД - ның стратегиялық күштеріне (УНКС) берді. ТМД - ның стратегиялық күштерінің қызметі тоқтатылған жағдайда
“ Байқоңыр” ғарыш айлағының әскери бірлестігінің мәртебесі екі қорғаныс министрлігінің келісімімен анықталатыны көрсетілді.
Екі мемлекеттің өзара қарым - қатынасындағы бірінші кезеңді қарастыруды аяқтай келе, бірінші кезеңде тараптардың күш - жігері шарттық - құқықтық құжаттарды әзірлеуге бағытталды және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі бірінші жылдар екі жақты қатынастардың дамуының қиын кездері болды деп есептеуге болады. Өйткені, әлемдегі геосаяси жағдай өзгерді және әлемдік саясаттың негізгі орталық күштері Ресей, Қазақстан және басқа да бұрынғы КСРО елдеріне қызығушылық танытты. Посткеңестік кеңістіктегі ең ықпалды мемлекет ретінде Ресейдің сыртқв саяси бағыттары Қазақстан және басқа да бұрынғы Кеңес мемлекеттері үшін маңызды болды. Дәл сол кезеңде Ресейдің Орталық Азия мен Қазақстанға деген саясаты анық болған жоқ. Сол кезеңде Ресей Батысқа қарай ұмтылып тұрған еді. Кремльдің тығыз қарым - қатынас орнату ынтасын Батыс елдері қаламай, Ресейдің Батысқа деген саясатын қайта қарауын талап етті. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанға АҚШ, Турция және басқа елдердің қызығушылық танытуы мен Кеңестік дәуірлен кейінгі кеңістікте қақтығыстар деңгейінің өсуі Қазақстан мен Ресей елдері қатынастарының дамуына септігін тигізді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлан - ғайыр іргелес территорияларда жүздеген жылдар бойы өмір сүрген орыстар мен қазақтар мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі, конфессиялық икеміндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, тату көршіліктің бай тәжірибесіне ие болды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан - Ресей қатынастары дегеніміз - бұл, ең алдымен, 148 млн. ресейліктер мен 17 млн. қазақстандықтар қарым - қатынасы. 5 Сондықтан Қазақстанның сыртқы саясатындағы ресейлік бағыт тәуелсіз дамудың алғашқы күндерінен-ақ аса маңызды әрі басым бағыт болды.
Екі ел арасында шарттық - құқықтық базаны ең негізгі екі құжат құрайтынын айта кету керек. Біріншісі - Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарт, екіншісі - 1998 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин қол қойған Мәңгілік достық және ХХІ ғасырға бағытталған Одақтастық туралы Декларация.
Мәңгілік достық пен одақтастық қатынастары байланыстыратын елдер ретінде Қазақстан мен Ресейдің әлемдік саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша өз бағдарларын тұрақты түрде айқындап, бірлесіп әрекет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz