Қазақстан - Түркия қарым - қатынасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы

Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері өздерінің географиялық жақындығы, экономикалық әлеуеті, сондай-ақ осы елдер халқыменен тарихи және мәдени тамырлардың тығыз байланысына орай Қазақстанның маңызды мүдделері аясына етене кіреді. Таяу және Орта Шығыстың маңыздылығы оның осы аймаққа шоғырланған орасан зор адамдық және табиғи ресурстарының өзіндік геосаяси артықшылығымен беки түседі. Көрсетілген жағдаяттар қазіргі әлемдегі көптеген мемлекеттердің осы аймақпен кең ауқымды ынтымақтастықты өрістете түсуге ұдайы ұмтылысын айқындайды.

Қазақстан дипломатиясының Орта Шығыстағы басымдылығы тиісті мемлекеттер мен өзара тиімді экономикалық байланыстарды және саяси ынтымақтастықты жоспарлы түрде кеңейту болып отыр. Біздің еліміздің Орта Шығыс мемлекеттерімен жемісті қатынастарын дамыту осы процеске барлық қатысушылардың саяси және экономикалық мүдделерінің күрделі теңгерімін сақтауды, өзара тиімді ымырашылдықты іздестіруді, өзіміздің ұлттық мүдделерімізді табан тірей қорғауды талап етеді.

Дүниенің осы бөлігіндегі аса ықпалды әріптестердің бірі Қазақстанның көнеден бергі әрі тұрақты серіктесі Түрік Республикасы болып табылады. Соңғы он жылда бұл ел нарықтық және демократиялық қайта құрулар жүргізуде елеулі табыстарға қол жеткізе алды, өзінің халықаралық беделін нығайтты. Түрік сыртқы саясатының, сонымен қатар экономикалық және ұлттық қауіпсіздік доктринасының теориялық негізін Кемал Ататүрік тұжырымдап берген: олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, даму ресурстарын тиімді пайдалана білу және аймақтағы жетекші орын деген қағидаттарды құрайды.

Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнатудың алғашқы күндерінен бастап (1992 жылғы 2 наурыз) дамудың көтеріңкі серпінімен сипатталады. Жемісті байланыстар жоғары деңгейде, оның ішінде түркі тілді мемлекет тер саммиттері шеңберінде де үзілмей келеді. Тараптар маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол қойып, оларда ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік негізі қаланды.

Бұл процестің қозғаушысы әсіресе бастапқы кезеңде біздің халықтарымыздың тарихи және мәдени ортақтығы жағдаяты болды. "Түркі әлемінде" жұмылдырушы рөл атқаруға Анкараның ұмтылуына қарамастан Президент Т. Озалдың Қазақстанға ресми сапары (1993 жыл) және Президент Н. Назарбаевтың Түркияға ресми сапары (1994 жыл) тараптардың өзара ынтымақтастығының келешегіне деген сындарлы көзқарасын паш етті.

Қазақстан өз дипломатиясын да, ресейлік немесе өзге де бағыттарындағы мүдделерін де мансұқ етпей, саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда екі жақты байланыстарды мейлінше өрістетуге дайын екендігін танытты. Н. Назарбаев Т. Озалмен әңгімесінің бірінде Қазақстан "үлкен аға" деген қасаң ұғыммен біржола қош айтысқанын аңғартты. Бұл мәлімдемені Анкара дұрыс қабылдады. Түркия өзінің сыртқы саясатында АҚШ және Еуропамен байланыстарға бірінші кезекте ыңғай білдіретінін ашық айтты.

Дегенмен, екі елдердің халықаралық саясат пен қауіпсіздік саласында ортақ мүдделерінің болуы өзара ынтымақтастық ауқымын анағұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай өзара іс-әрекеттердің мүмкін бағыттарының бірін Стамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде (2001 жылғы сәуір) Н. Назарбаев мегзеді. Ол халықаралық терроршылдыққа қарсы күреске бағытталған арнайы Хартия қабылдауды ұсынды. Қазақстанның АҒСШКні шақыру туралы бастамасы жемісті байланыстардың мәнісіне айналды. Анкара Қазақстанның Еуразия кеңістігінде берік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылым құру жөніндегі күш-жігеріне түсіністік білдіріп, қолдап келеді.

Екі жақты қатынастарда елеулі проблемалар болмаса да, сондай-ақ көптеген халықаралық проблемалар бойынша көзқарастардың үйлесуіне қарамастан, түрік бағыты Қазақстан сыртқы саясатында маңызды бола тұра үстем бағытқа айналмағанын (Орталық Азияның басқа елдерінде де) атап өткен жөн. Мұны Түркі тілдес мемлекеттері басшыларының Бішкекте (1995 жыл), Ташкентте (1996 жыл) және Астанада (1998 жыл) болған кездесулері және көрсетілген мемлекеттердің білім мен мәдениеттен басқа әлде бір салада айрықша қатынастарын көрсететін ережелері жоқ қорытынды құжаттар да куаттайды. Соған қарамастан Қазақстанда біздің елімізге деген айнымас достық қатынасы үшін Түрік басшылығына және осы мемлекет халқына зор ризашылық білдіреді. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі бірінші мемлекет. Біздің елдеріміз арасында жемісті ынтымақтастықтың қалыптасуына және дамуына Тұрғыт Озал мен Сүлеймен Демирель өлшеусіз үлес қосты.

Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар тұтас алғанда қарышты даму үстінде және барған сайын кеңейе түсуде. Түркияның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан Ресей және Украинадан кейін алғашқы үштікке кіреді. Қазақстан экономикасына тартылған түрік инвестицияларының жалпы көлемі 500 млн. доллардан асып түсті. Дегенмен, өзара сауданың дамуына азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстары теріс әсер етпей қалған жоқ. Егер 1998 жылы жалпы тауар айналымы 300 млн. доллардай болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттықтағы мұндай құлдырау бірте-бірте еңсеріліп келеді, бүған 2000 жылы қол жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн. доллар деңгейі дәлел.

Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000 жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд. доллар болатын ондаған жобаларға әзірлік жүргізді немесе оларды іске асыруға кірісіп кетті. Алайда, Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының саны көп болғанына қарамастан, олардың қызмет бағыты негізінен құрылыс салумен және саудамен шектеліп отыр. Олар экономиканың металлургия, ауыр машина жасау, химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тоқыма өндірісі сияқты секторларында бой көрсете қойған жоқ. Өз кезегінде "Эйр Қазақстан" компаниясынан басқа қазақстандық компаниялар да Түркияға беймәлім.

Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты елеулі жандандыратын жағдаят ретінде Қазақстан мұнайын Түркия аумағы арқылы тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына қол қойылып, онда Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан басшылары және АҚШтың Энергетика министрі Каспий арқылы сондай-ақ Кавказ жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл орайда Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратыны түсінікті. Түрік көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық секторларға белуге деген күш-жігерін қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуалдың бірегейлігі және оны халықаралық қоғамдастықтың бір мәнді қабылдамауы Анкараға осы мәселе бойынша өз көзқарасын айқын білдіруге мүмкіндік бермейді.

1999 жылғы қарашада ЕҚЫҰ-ның мерекелік саммиті шеңберінде Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен "Баку-Жейхан" мұнай құбыры жобасы бойынша Стамбұл декларациясына қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайын әлемдік рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттық бағыт ретінде қарап, оған зор маңыз беріп отыр. Ал Қазақстан экспорттық бағыттардың алуандығын және әрбір жобаның экономикалық тиімділігін басшылыққа алады.

Аталған құжаттарға қол қою бұл жобаның техникалық және коммерциялық жағдайларын талқылау күрделі кезеңінің алдындағы бастапқы қадам ғана. Бұл жерде бір елеулі нәрсені айтпай кетпей болмайды: мамандардың көпшілігінің пікірінше "Баку-Жейхан" Қазақстан мұнайынсыз соншалықты ұтымды және өміршең бола коймайды. Анкараның, Бакудің, Тбилисидің және Вашингтонның Қазақстанды жобаға қатысуға иліктіру жөніндегі дипломатиялық белсенді күш салуын осы мән-жаймен түсіндіруге болады. Тек 2002 жылдың өзінде Түркияның, Әзербайжанның және Грузияның жоғары мәртебелі өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ Президентінің Каспий аймағының энергетика ресурстары бойынша арнайы кеңесшісінің сапарлары осы мақсатты ұстанды.

Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай дамып келеді. Түркістан қаласына Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құру білім беру саласында орайы келген жоба болды. Оны өркендетуге Түркия Үкіметі жалпы алғанда 60 млн. доллар бөлді. Бүгінгі күні ХҚТУ айтарлықтай әдістемелік және сынамалық базасы бар 15 мың студент оқитын осы заманғы жоғары оқу орнына айналды. Қазақстан студенттері мен аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу орындарында оқуы өтемсіз негізде жалғасып жатыр. Өз кезегінде Қазақстанда түрік кәсіпкерлерінің ықыласымен 26 Қазақстан-түрік лицейі жұмыс істейді. Оларда 5 мың жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С. Демирель атындағы жеке меншік университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы Қазақстанда оқиды. Түркиядан келген 10-даған оқытушылар дәріс беруде. Көптеген қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университеттерінде техникалық және гуманитарлық пәндерден сабақ жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Қазіргі кезде Түркия
ТМД елдерімен қарым-қатынасы
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz