Қазақстанның қызметі Біріккен ұлттар ұйымындағы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Біріккен ұлттар ұйымындағы Қазақстанның қызметі 2
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылдың 24 қазанында елу бір
елден құрылды. Ол халықаралық ынтымақтастық дамуының және ұжым
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі арқылы әлемді сақтау үшін құрылған. Бүгінгі
күнде Біріккен Ұлттар Ұйым мүшелеріне 191 ел кіреді, яғни ол бүкіл
дүниежүзінің жартысын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйым мүшесіндегі
мемлекеттердің белгілі – бір өздері қабылдайтын міндеттемелері болады
және олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында баяндалады. Жарғыда
Біріккен Ұлттар Ұйымдары халықаралық келісім-шартты ұсынады, онда
халықаралық қатынастардың негізгі прициптері көрсетілген. Жарғыға сәйкес,
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінде төрт мақсат көзделген:
1. халықаралық қатынастарды сақтау және қауіпсіздікті
қадағалау.
2. ұлттар аралық достықты дамыту.
3. халықаралық ынтымақтастық жүзеге асыру және адам құқықтарын
қолдау.
4. Осы мақсаттарға жету үшін ұлттардың орталығы болу.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзілік үкімет болып табылмайды
және заңдарды қабылдамайды. Бірақ оның құралдары халықаралық дауларды
реттеуге көмектеседі және саясатшылардың сұрақтарын өңдейді, яғни ол
біздің барлығымызға қатысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы барлық мемлекет – мүшелері - үлкен
және кіші, бай және кедей топтар үлкен жиналыс барысында саяси
көзқарастарын білдіруге және дауыс беруге құқылы.
Біріккен Ұлттар Ұйымы алты негізгі органдардан тұрады.
Олардың бесеуі - Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және
әлеуметтік кеңес, Кеңес Қамқоршысы және Хатшылық. Олардың орталықтары Нью-
Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйым мекемелерінде орналасқан. Ал, алтыншы орган -
Халықаралық сот. Оның орталығы Гаагада, Нидерландыда орналасқан.
Біріккен ұлттар ұйымындағы Қазақстанның қызметі
1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына кіруі
өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің
шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын
рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
Қазақстан Бұұ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде
ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық
проблемалары бойынша белсенді позиция ұстататын, ядролық қарусыздану
жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы
Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1991 жылы Лиссабонда ядролық
қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу
жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және Бұұ Бас
Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке
бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992 жылы күзде өткен Бұұ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы тәуелсіз
мемлекет өкілі ретінде қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форум
өткізілді. Осы сессияда Президент Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық
саясаты туралы сөз сөйледі.
Қлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін
назарға ала отырып, Н. Назарбаев былай деп мәлімдеді: "Болып жатқан Бас
Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн
тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл
орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға
бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей
жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын,
сондай-ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды талап ететін
проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды
орын алады"
Осы форумда Н. Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныста
әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық
сипатын паш етті. Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі
ниет білдіру тәртібімен "бір қосу бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның
бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды Ұсынды. Бұл формула
төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір
пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға
ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы он есе
өтеді.
БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту
саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалан
барлық халықаралық келісімдерге мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды.
Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөнінде Қазақстанның табанды
позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен
құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау
туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ
Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі БҰҰ
конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде
құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қараусыздану және ядролық қаруды таратпау
туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні
қанағаттанғандықпен атап өтті.
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен "ХХІ ғасыр: ядролық қарудан
азат әлем жолында" атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының
орынбасары В. Петровский: "Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты
саяси ерік-жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі
жоятын құралдардан ғаламшарды алай азат етуге болатындығының жарқын мысалын
көрсетті", - деп мәлімдеді.
1996 жылы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық
сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды (ЯСЖТШ). 160 мемлекет
осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи құжаттың жасалуына
Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің республикамыздың
принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып
жүр. Аталған Шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені
құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында
жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым - Семей полигоны
пайдаланылады. Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық
жұмысқа толық деңгеде қатысуына мүмкіндік береді.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, БҰҰ-ның
бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. өйыма мүше мемлекеттердің
БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы
пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және ҙзбекстан 1995 жылғы
желтоқсанда БҰҰ аясында Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын
құру туралы келісімге қол қойды. ҮШ Орталық Азия мемлекеттерінің
басшылары БҰҰ Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен
батальонның БҰҰ-ның болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу
мүмкіндігі туралы мәселені қарауды Ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы БҰҰ-дан қолдау
тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі
аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан
бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен БҰҰ-ның
резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні
өйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар БҰҰ-
ның бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын
екендіктерін білдірді.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың,
бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын
проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғанстандағы жағдайдың
шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің,
Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның саяси басшыларының кездесуі
өтті. Олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте
қабылданған шешімге сәйкес Қазақстан 1996 ж. 16 қазанда аталған
мемлекеттермен бірге Ауғанстандағы жағдай туралы мәселе бойынша БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжелесін өткізуге бастамашы болды. Оның
қортындысы бойынша БҰҰ ҚК 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең
авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны,
Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да
мемлекеттер болды.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына
алаңдаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен
БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі
нақты іс-шараларды әзерлеу үшін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайды
қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын шақыруды сұрады.
Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси,
экономикалық және гуманитарлық шаралардың қабылдауының басы болар еді,
мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына,
халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырған кейбір істерді
көрсетуге, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға
шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және
шынайы көзқарасы БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір мәселелер
бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің
еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам
Конференциясы Ұйымының, Парламентарлық Одақ пен Экономикалық ынтымақтастық
Ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын
нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтың қарарлардың тең авторы
болып табылады.
Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарайтын
мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің
негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму,
халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында,
ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ-мен өзара
іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін
және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі
дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше
маңыз беріледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы
транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия
елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық
және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған маңызды
бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер
тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіліктің, сондай-ақ аймақты тиімді транзит
жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің куәсі - бірқатар
Шығыс Еуропа елдерінің БҰҰ БА-ның 53-сессиясында осы қарардың тең
авторларының қатарына қосылуы болды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға мүше 13
мемлекет осы құжаттың тең авторлары атанды, олар: Қзербайжан, Армения,
Ауғанстан, Беларусь, Болгария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран,
Қырғызстан, Монғолия, Польша, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан,
Түркия, Өзбекстан және Украина. Қарар Екінші комитеттің жалпы мәжілісінде
дауыс берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы
қарарының қабылдануы - БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің, басқа да
халықаралық Ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін,
сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынастарын дамыту
бағдарламаларын әзерлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдерінің тарапынан
болатын іс-шаралардың халықаралық-құқықтық негізін құрды. Қарардың
ережелерін Қазақстан Өкіметі, тиісті министрліктер мен ведомстволар
халықаралық Ұйымдармен, донор-елдермен және басқа да мүдделі тараптармен
келіссөздер барысында пайдалануы мүмкін.
БҰҰ - халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуде де, сондай-ақ дамуға
жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден бір халықаралық ұйым.
Тұрақты даму тұжырымдасы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткізілген БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму жөніндегі конференцияда әзірленді. Қазақстан үшін
осы тұжырымдаманың маңыздылығын ұғына отырып, ҚР Үкіметі, Конференцияның
қорытынды құжатының - "ХХІ ғасырға арналаған күн тәртібінің" ұсыныстарын
іске асыру жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа сәйкес әзірленген ұлттық
бағдарламаларды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын Қазақстан
Республикасының қабылдауын БҰҰ-да экология мен даму саласындағы халықаралық
уағдаластыққа біздің еліміздің басшылығының кешенді және байсалды
көзқарасының нәтижесі ретінде бағалады.
Семей аймағындағы жағдай туралы БҰҰ Бас хатшысының баяндамасына
материал әзірлеу, деңсаулық сақтау, экономика, экология, ақпарат сияқты
негізгі төрт салада жобалық ұсыныстар әзірлеу халықаралық және ұлттық
сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Баяндама БҰҰ БА-ның 53-
сессиясында қаралды.
1997 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағы қатысты
мәселелерді қарау үшін 1998 жылдың басында Ведомствоаралық комиссия
құрылды. Комиссияның құрамына министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті
басқару органдарының, өлттық ядролық және екі өкіметтік емес ұйымдардың
"Невада-Семей" және "Полигон-23" өкілдері кірді.
Ең маңызды міндет - Семей полигонындағы БҰҰ сарапшылары аймақ үшін
бұдан былайғы қатерді болдырмауға жәрдемдесетін, ұлттық және халықаралық
күш-жігерді жұмсаудың бес басымдық берілетін секторын белгіледі. Олар:
деңсаулық сақтау, экология, экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық көмек
және ақпарат тарату. Осы аталан басымдықтарды таңдап алу Семей аймағының
халқы ұшырасып отырған күрделі жағдаймен және өзара байланысты
қиыншылықтармен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары бүгінгі
күні қаржылық қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен оның халқына толық
Ауқымда көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Сарапшылардың бағалуы бойынша
аталан бес басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін 43 млн. доллар
талап етіледі. Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалтуды халықаралық
әріптестік негізінде тиімді түрде жүргізуге болады.
1998 жылғы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында
"Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын
оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру" атты
қарар қабылданды.
Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға БҰҰ-ның жан-жақты
тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіл әлемдік конференцияларды өткізуден
байқалады. Олар: Адам құқығы туралы - Вена (1993 ж.), Халықтын қоныстануы
мен дамуы туралы - Каир (1994 ж.), Қлеуметтік даму туралы - Копенгаген
(1995 ж.), Әйелдердің ахуалы туралы - Пекин (1995 ж.), Тұрғын елді мекендер
және даму туралы - Стамбул ( 1996 ж.).
Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана
емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттық деңгейде іске асыруға
кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты.
Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне,
дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі
құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена
Декларациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл
тұғырнамасына толық сәйкес келеді. ҚР Президенті жанынан Адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz