Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі


ЖОСПАР
Кіріспе2
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы3
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі6
Партиялардың бірігуінің қоғамдағы саяси жағдайға ықпал етуі11
Қорытынды14
Пайдаланылған әдебиеттер15
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендiгiнiң жариялануы және мемлекеттік тәуелсiздiк алуы, бiрпартиялық өктемдiктiң және социалистік саяси жүйенiң ыдырауы демократиялық принциптер негiзiнде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерiн, талап-тiлектерiн жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты.
Жаңадан құрылған қоғамдық бiрлестiктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмiрдi демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлi әлеум. топтардың мүдделерi мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткiзу мақсатында кеңiнен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет iстеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеуметтік-саяси бiрлестiгi, “Қазақ тiлi” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениетi Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бiрлесу” тәуелсiз кәсiподағы, “ Желтоқсан ” қоғамдық комитетi, “Бiрлестiк” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң iрi экологиялық ұйымдары - ядролық жарылысқа қарсы “ Невада-Семей ” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитетi, Экологиялық бiлiм қоры, Республикалық “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экологиялық ассоциациялары, т. б. болды. Халық арасында кеңiнен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы республика басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткiздi.
Қызметi тарихи-ағарту сипатындағы бiрлестiктерден “Ақиқат”, “ Мемориал ”, “ Әдiлет ” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этнографиялық бiрлестiгi жұмыс iстедi. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсiздiкке қол жеткiзу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өмiрiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне септiгiн тигiздi. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау iсiнде өзiнiң белсендiлiгiмен Адам құқықтары жөнiндегi Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргiн құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөнiндегi демократиялық комитет, т. б. болды. Қазақстанда әр түрлi одақтар мен қорлар да белсендi қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Аграрлық (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы , архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшiлер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркiн кәсiподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбiтшiлiк қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “ Бөбек ” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күрестi қорғау қоры, Жол жүру қауiпсiздiгi қоры, т. б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсендi қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерiнiң респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсiпкер әйелдерi”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында - Ардагерлердiң респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерiнде кемiстiгi бар адамдардың бiрлестiктерi қатарында - “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөнiндегi ассоциациясы, т. б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың iшiнен “ Азат ” (1990 ж. 1 шiлде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуiр) кең көлемдi қызметiмен ерекшелендi. Қазақстанда қоғамдық бiрлестiктердiң қалыптасуының келесi кезеңiнде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшiн” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан - 2030 үшiн” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бiрлестiгi (2002), т. б. құрылды. 1989 - 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бiрлестiк ҚР Әдiлет министрлігінде тiркелдi. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тiркеуден өткен қоғамдық бiрлестiк қызмет жасады.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердi құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бiрлестiктер туралы” (31. 5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15. 7. 2002) Заңдарында қамтамасыз етiлген.
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы
1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партияның үстемдік етуінен бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей өзектес еді.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала бастағанына байланысты қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану болды.
Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік қызмет органдарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазақстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.
Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайында ол, әсіресе, реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада топтар жатады. Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағына кiрген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескi тоталитарлық жүйенiң күйреуiмен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.
Мiне, осындай себептердiң нәтижесiнде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелi социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгiлерi - құқық органдарында тiркеуден өту, белгiлi бiр бiрлестiкке ұжымдық негiзде бiрiгу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бiр болуы, саяси қызметi түрлерiнiң пiкiр бiрлiгi, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т. б.
Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық "Азат" партиясы, "Алаш" ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, незігінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.
Көппартиялы жүйе тек бiздiң Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерiнiң ұлттық тәуелсiздiгiн алған, бұрынғы одақтас республикаларда да құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бiр ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тiркелген. Қазақстанда Ресейдегi сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әдiлет министрлiгiнiң тiркеуiнен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар - социалистер, Қазақстан халық конгресi, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейiн көп кешiкпей Қазақстанда Коммунистiк партия құқық органдарынан тiркеуден өттi.
1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бiрлестiктер құрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға жеттi. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т. б. партиялар бой көтердi. Саяси партиялардың көпшiлiгi Республика Президентiнiң алған бағытын, оның жүргiзiп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бiр айта кететiн жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтiк мәселелерде бiрiн-бiрi қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистiк партияда кiредi) республикада iске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын бiлдiрген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргiзудiң тәсiлi, уақытын белгiлеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрi идеология басымырақ, мұның өзi Қазақстандағы көппартиялық жүйенiң және саяси бiрлестiктер мен партиялардың әлi де болса кәмелеттiгiнiң жетiмсiздiгiнiң дәлелдемесi болатын. Оның нақты көрiнiсi ретiнде саяси партия жетекшiлерiнiң үкiмет басқару iсiне араласа алмай отырғандығы, өздерiнiң қызметiнде тек Президент, республика үкiметiн қолдайтындығы жөнiндегi мәлiмдемелердi байқатады.
Өздерiнiң бағдарламаларында атап көрсеткенiндей, Қазақстан саяси партиялары мен бiрлестiктерi республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшiлiк депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бiрқатар саяси партиялардың қол жеткізген едәуiр табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына белсене қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бiрлiгi партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның - 12, Шаруалар одағының - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С. Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә. Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ. Е. Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8. 419. 283 сайлаушының дауыс беруге - 7. 328. 970-і немесе барлық сайлаушылардың 87, 05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық салаушылардың 79, 79 пайызы өз дауыстарын бердi.
1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау елiмiзде бiрiншi рет тек қана бiр мандатты округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тiзiмдер бойынша да өттi. Сайлау кезiнде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тiзiмiн тiркедi. Дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiне партиялық тiзiммен Отан партиясының төрт өкiлi, Қазақстан Аграрлық, Қазақстан Азаматтық және Қазақстан Коммунистiк партиясынан екi-екiден өкiлдерi депутат болып сайланды.
Мұның өзi Парламентте саяси партиялардың депутаттары да ресми әрi жеткiлiктi түрде болатындығын бiлдiредi. Бұл Қазақстандағы нақты көппартиялы демократияның қалыптасу кезеңiнiң жаңа бiр қадамын көрсетедi. Мұндай өзгерiске басқа мемлекеттер мен елдер және халықаралық демократиялық ұйымдар өздерiнiң оң көзқарастарын бiлдiрдi.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартпялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол - көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Демократиялық елдерде сайлау барысында көпшілік партиядан немесе саяси партиялар коалициясынан үкімет билігін алуға тырысады. Бізде әлі ешқандай партия сайлау арқылы билікті қолына алу, үкімет аппаратының ісіне бақылау жасау мақсатын қоймады.
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Өткен 2006 жылдан бастап біздің елімізде саяси партиялардың дамуының жаңа үрдісі байқала бастады.
Қазір еліміздегі көптеген партиялар өздерінің көпшілік арасындағы ресурсын күшейту мақсатында саяси жүйені жаңарту жөніндегі реформаларды ілгерілету негізгі мақсаты болып табылатын Мемлекеттік комиссияның қызметіне белсене қатысуда. Осындай тұрғыдан келіп партиялық-саяси күштердің топтасу мақсатындағы кейбір жақындасуы жүріп жатыр. Мысалы, өкілетті органдардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс тобында бірге жүрген “Ауыл” партиясының лидері Ғ. Қалиевтің және Патриоттар партиясының жетекшісі Ғ. Қасымовтың ұстанымдары елеулі түрде жақындаса түсті. “Ақ жол” және “Алға” партияларының да топтасу мүмкіндігі байқалады. Мемкомиссияның жұмысы басталғаннан кейін А. Байменов пен А. Қожахметовтің байланыстары жиілей түсіп, ол партияаралық өзара ықпалдасу ыңғайына көшірілген тәрізді.
Әлбетте билік ыңғайындағы партиялар қатарында да центризмге ұмтылушылық байқалғаны анық. 19 маусымда “Асар” партиясының төрайымы Д. Назарбаева Президентті жақтайтын партиялардың бірігу тұғырнамасын ұсынды. Бұл ұсынысты ең алдымен “Отан” партиясы қолдап шықты.
“Отан” партиясы 1999 жылы президенттіктен үміткер Н. Ә. Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы негізінде құрылып, партияның құрылтай съезі Алматыда 1999 жылғы ақпанда өтті. Оның құрамына Демократиялық партия, Халық бірлігі партиясы, Либералдық қозғалыс және “Қазақстан-2030 үшін” қозғалысы кірді. “Отан” партиясының Төрағасы Президент Н. Ә. Назарбаев болып табылады. Ағымдағы басшылықты партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Жұмағұлов жүзеге асырады. Екі партия біріккенге дейін А. Павлов пен А. Ермегияев орынбасарлары болған.
Қазіргі кезде партия іс-әрекетінің негізі “Қазақстандық жол-2009” бағдарламасы болып табылады, бұл бағдарлама оның 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы сайлау тұғырнамасы болып табылады. Партиялық-саяси спектрде “Отан” центристік ұстанымда тұрып, Мемлекет басшысының жаңарту бағытына қуатты қолдау білдіріп келеді. Өзінің саяси ұстанымдары мен практикалық іс-әрекетінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуге барынша айқын бағдарланған бірден-бір партия осы.
“Отан” партиясынан 21 депутат Парламент Сенатының, 53 депутат Мәжілістің құрамында болса, оның мәслихаттардағы депутаттар саны 2350 адамға жетеді. Партия Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Оның әлеуметтік базасын негізінен мемлекеттік басқару, құқық қорғау құрылымдарының, мәдениет, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері, орта деңгейдегі басқару қызметкерлері, кәсіпкерлер, фермерлер, студенттер құрайды. “Отан” өз қатарына көптеген этностардың өкілдерін біріктірген.
“Отанның” 19 филиалдан, барлық дерлік аудандар мен ірі елді мекендердегі 220 өкілдіктен, 9809 бастауыш партия ұйымдарынан тұратын тармақталған өңірлік желісі бар. Партия сайлау аралығындағы кезеңдерде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2006 жылдың басынан бері жалпы жиынтығында 2, 3 миллионнан астам адам қатысқан 22, 5 мың шара өткізілді. Солардың ішінен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемкомиссия жұмысына қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын насихаттау мен түсіндіруді, халықаралық ұйымдар мен шетел өкілдерімен кездесулерін, Мәжілістегі “Отан” партиясы фракциясының Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңестерін, ішкі партиялық жұмыстарын, сарапшылар алаңдарын ұйымдастыруды атап өтуге болады.
“Асар” партиясы 2003 жылғы қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Екі партия біріккенге дейін “Асардың” төрайымы Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева болды. Партия өзінің идеологиялық негізі ретінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын таңдап алған. Негізгі мақсат ретінде Қазақстанда әділ демократиялық қоғам құруды қойып отыр. “Асардың” халықтық бағдарламасы оның беделін айрықша көтеріп, қатарының қауырт өсуіне мүмкіндік берді.
Парламент Мәжілісінде “Асар” партиясынан 4 депутат, Сенатта 3 депутат бар. Облыстық мәслихаттардағы оның өкілдігін 52 депутат құрайды.
Партия 2003 жылғы желтоқсанда тіркелгеннен бастап оның мүшелерінің саны 77, 3 мың адамнан 220 мыңға дейін өсті. Жақтастарының арасында сауда қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым саласының қызметкерлері жиі кездеседі. Барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында филиалдары бар.
“Асардың” қазіргі кездегі маңызды шараларының қатарында Қазақстан қоғамын жаңартудың жалпыұлттық бағдарламасын, Мемкомиссия жұмысына тікелей қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына арналып өткізілген дөңгелек үстелді атауға болады.
Еліміздегі саяси жүйені жетілдіру қажеттігіне, ұстанымдарының ұқсастығына қарамастан, екі партияның бірігуіне оның мүшелерінің ел мүддесін ойлайтындығы үлкен ықпал жасағанын атап көрсеткен жөн. “Отан” партиясының кезектен тыс съезінде екі партияның бірігуі жөніндегі шешім қабылданғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаға өз ризашылығын білдіріп, “Осындай ауызбіршіліктің, ел бірлігін бәрінен де жоғары қоюдың үлгісін “Отан” мен “Асар” партияларының көрсетіп отырғаны аса ғанибет”, деп атап көрсеткені белгілі.
Біріккен жаңа “Отанның” құрылуы арқылы билік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру мақсатында ұлтты жұмылдыра алатын осындай партияға мүдделілігін көрсетті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, олардың экономикалық секірісі көп ретте саяси аренаға бір доминанттық партияның шығуымен байланысты болған. Өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде үздіксіз билікте келе жатқан Жапония либерал-демократиялық партиясы, билік тізгінін 1959 жылдан бері ұстап тұрған Сингапур халықтық іс-әрекет партиясы, 1955 жылдан билік жүргізіп келе жатқан Малайзияның “Барисан насионал” коалициясы осындай қатардан.
Мұндай мысалдарды Азиядан ғана емес, сонымен бірге санғасырлық демократиялық құрылым тарихы бар еуропалық елдерден де табуға болады. Швеция социал-демократиялық жұмысшы партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін жеке өзі немесе коалиция жетекшісі ретінде билікте болды. Соңғы отыз жылда да бұл партия сайлауларда барынша көп табысқа жетіп, үкіметті қалыптастыру құқығын иеленіп келеді.
Қазақстандағы Президентті жақтайтын негізгі партиялардың бірігуі “Біртұтас Ресей” партиясын құру жөніндегі көрші елдің тәжірибесіне ұқсас болғанымен, оның көшірмесі емес. Ресей Федерациясында мұндай үдеріс жоғарыдан төмен қарай президенттік билікті нығайту қажеттігімен байланысты болды. Ал Қазақстанда билік ыңғайындағы партиялардың бірігуі басқа себептен, нақтылап айтсақ, күшті де өзекті билік партиясына арқа сүйей отырып, жаңару серпілісін қамтамасыз етуден туындады.
Екі партияның бірігуі елде элита ішіндегі мүдделер тепе-теңдігіне қол жеткізілгенін көрсетеді. Бұрын болған келіспеушіліктер немесе қарама-қайшылықтар еңсерілді. Бұл ретте элита топтасуының басты факторы Мемлекет басшысы болып табылады. Президенттік тұғырнама негізінде біріккен екі ірі партия ғана емес, ойымызда олардың артындағы жетекші саяси және мемлекеттік күштер де тұруы керек.
“Отан” мен “Асардың” бірігуі негізінде өмірге келген саяси ұйымның шын мәнінде бұқаралық және жалпыұлттық сипаты болады. Партиялық дамуда элиталық немесе қаржы-өнеркәсіптік топтардың саяси текетіресі ретіндегі жәйттерден бас тартушылық байқалып отыр.
Президентті жақтайтын партиялардың бірігуі биліктің партиялық алаңында бастамашылдықты сақтап отырғанын білдіреді. Мұның өзі саяси реформаларды жүргізудегі биліктің белсенділігімен де қуатталады. Мемкомиссияның дөңгелек үстеліне барлық ірі партияларды жинап, саяси жаңаруға байланысты мәмілелерге қол жеткізген билік Қазақстандағы демократиялық үдерісті белсенді түрде ынталандырып отыр.
Екі партияның бірігуі Президентті жақтайтын күштердің 2005 жылғы сайлауға дейінгі топтасушылық үдерісінің қисынды нәтижесі болып көрінеді. Қазақстан Халықтық коалициясы блогының аясындағы бірлескен жұмыс тәжірибесі текке кетпепті. Бұл жолғы топтасушылық бұрынғыдан әлдеқайда елеулі болып отыр. “Отан” мен “Асар” бір-бірін үйлесімді толықтыра алады. Бір жағынан, “Отанның” негізділігі мен бұқаралығы, екінші жағынан, “Асардың” креативтілігі мен энергетикасы бұл партияны қуатты күшке айналдырады.
Қазіргі билік саяси технологиялар аппаратын шебер қолдана отырып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Біртұтас та ірі билік партиясын құрған ол өзінің әлеуетті бәсекелестерінің бәрін ұтылыста қалдырып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz