Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жан-жақты сипаты және келешегі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1. Қазақстан-Қытай әрiптестiгiнің бастаулары және дамуы4

2. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жан-жақты сипаты және келешегі 7

Қорытынды14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының тамыры тереңде жатыр. Мұның мәні Қазақстанның Қытаймен шекаралас болуында. Дегенмен Қазақстанның Қытаймен дербес мемлекет ретінде дипломатиялық қарым-қатынас жасай бастаған кезі 1992 жылдан басталады. ХХІ ғасырда осы қарым-қатынастың күшейе түсетініне орай бұл мәселе мені өте қызықтырды, себебі ол әлем шаруашылығының ажырамас бөлігі, тіптен глобальды өңдеу фабрикасына айналды, Қытай - бұл біздің жақын және ең ірі көршіміз ғана емес, бұл жер шары халқының төрттен бір бөлігі. Сондықтан да ҚХР-ның Қазақстан рыногына кең ауқымды шығуы шынымен-ақ белгілі мағынада біздің еліміздің әлем экономикасына интеграциялануының қажетті және шешуші кезеңі болып табылады.

ҚХР территория бойынша әлем жүзінде үшінші орын алады - орталық және шығыс Азияда орналасқан. Шығыстан батысқа ел 5700 шақырымға солтүстіктен оңтүстікке 3650 шақырымға созылып жатыр. Ел 15 мемлекетпен және территориялармен шектеседі. Ұзындығы бойынша ең үлкен шекара ол Қытайдың ТМД мемлекетімен шектесуі (ҚХР барлық шекарасының 1\3 бөлігін алып жатыр) .

ҚХР-дің теңіз жағалауына орналасу жағдайы өте қолайлы. Теңіз шекарасының ұзындығы 15 мың шақырым шамасында (7 провинция-теңіз жағалауында) . Янцзыдан 2, 7 мың шақырымға созылған өзен жолының игілігімен елдің терең орналасқан аудандары да теңізге шыға алады. Қытай Сары, Шығыс-Қытай және Оңтүстік Қытай теңіз суларымен шайылып жатыр. Олар кеме жүзу және балық шаруашылығы үшін қолданылады.

Елдің административті-территориялық бөлінуінде ерекшеленеді: 22 провинция, 5 автономиялық аудан және орталыққа тәуелді 3 қала (Пекин, Шанхай, Тяньцзинь) бар.

Қытай - әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Оның территориясында әлем халқының 21% астамы тұрып жатыр, ВМП-ның ағындық курсы бойынша санасақ, 4%-ін, ал сатып алушылық қабілеті паритеті негізінде санасақ 11%-тен астамын қамтамасыз етеді. ҚХР шаруашылығы даму үрдісінің жоғары болуының тұрақтылығымен сипатталады. 1980-1998 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім 4, 5 есе өсті, оның орташа жылдық қарқыны 11-12% құрады.

Ғасырлар тоғысында адамдардың болашақ туралы пайымдаулар жасайтын әдеті бар, кейбір халықаралық мамандар келесі жүзжылдықты “Қытай ғасыры” деп атады. Шығыс Азиядағы қазіргі кездегі қаржылық-экономикалық дағдарыс Азия-Тынықмұхит аймағы болашақ әлемдік саясаттың және экономиканың негізгі орталығы ретінде бөле қарау жөніндегі көзқарасты күмәнді етсе де, 20 ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы өзінің әлеуетін дамыту жетістіктері бар екендігі даусыз. Осы елдің әлемдік саясатта және экономикада жетекші орынға шығуы әлем цивилизациясының болашағын ҚХР-дың даму перспективаларымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан осы шағын рефератта мен 1990 -2000 жж. аралығындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тоқталуды жөн көрдім.

1. Қазақстан-Қытай әрiптестiгiнің бастаулары және дамуы

ХХ ғасырдың 90-жылдары Еуроазиялық континенттегi геосаяси құрылымның өзгеруiне байланысты Қазақстан өз тәуелсiздiгiн жариялап, дербес мемлекетке айналды. Ал, Қытай болса, 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсiздiгiн мойындаған алғашқы мемлекет. Сонымен қатар, 1992 жылдың қаңтар айында елмен ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас жасай бастады. Сол кезден бастап Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму тарихы басталды.

Қазақстан Қытайға көршiлес мемлекеттер арасындағы көлемiнiң үлкендiгi бойынша екiншi орындағы ел. ҚХР мен ҚР шекарасы 1533 шақырымды құрайды. Дегенмен, тарихи себептерге байланысты олардың арасында реттелмеген көп мәселелердiң бар екендiгiн де мойындау керек. Екi мемлекет те аймақтық тұрақтылық үшiн күрестiң ортақ принциптерiн ұстана отырып, дәстүрге айналған ынтымақтастыққа қылау түсiрмей, ел мен ұлттың әрi қарай дамуына барынша жағдай жасауда. Мысалы, екi ел көсемi қытай-қазақ шекарасына байланысты мәселелердi теңқұқықты кеңес, диалогтар және тығыз координация жолымен шешу механизмiн жасап, iске қосты.

“Қазақстан экспортының қазiргi ерекшелiктерiн ескере отырып, мұнайгаз саласындағы әрiптестiк екi жақты сауданың “қозғаушы күшi” бола алады деп болжам жасауға барлық мүмкiндiк бар” деген болатын өзiнiң бiр сөзiнде Қазақстанның Қытайдағы елшiсi Жәнiбек Кәрiбжанов. Сонымен қатар, ол Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы жөнiндегi жобаны әзiрлеудiң аяқталғанын атап өттi. Құрылыс мерзiмiнiң әлi белгiленбегенiне қарамастан, Атсу-Дружба учаскесi құрылысының нақты жоспарлары бар және болашақта Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жүйесiне енгiзiлуi мүмкiн.

Мұнай құбырының бастапқы өткiзу қабiлетi - жылына 20 млн. тонна болатын болса, жобалық өлшемi - жылына 50 млн. тонна деп күтiлiп отыр.

“Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жөнiндегi жоба iс жүзiнде жүзеге асатын болса, бұның екi жақты әрiптестiк үшiн мәнi зор болады” дейдi Қазақстанның Қытайдағы елшiсi. Оның айтуы бойынша, бұл жағдайда, Қазақстан үшiн көмiрсутек шикiзатын экспорттаудың балама жолы ашылады, қосалқы инфрақұрылымға инвестиция салу, жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсiптiң аралас салаларын дамыту секiлдi мүмкiндiктердi иеленедi. Ал, Қытай үшiн - ол елдегi мұнайгаз секторы өнiмдерiн тұтыну қарқынының айрықша қарқындап келе жатқандығын ескерсек, бұл - көмiрсутек шикiзатының жаңа көздерiн ашу, елдiң батыста орналасқан аудандарын дамытуды жылдамдату.

Соңғы 10 жыл iшiнде Қазақстан мұнай өнеркәсiбiн жыл сайын мол шетелдiк инвесторларды тартатын өте маңызды экономикалық тармақ ретiнде үздiксiз дамытып келедi.

Қазақстан үшiн болашақта жаңа газ-мұнай құбырларын салу дипломатиялық саясат пен сыртқыэкономикалық әрiптестiктiң маңызды бағыттарының бiрi болып қала бермек. Бұл жағдайда Қазақстан, әрине, өзiнiң шығыстағы жақын көршiсi Қытайға назар аударады.

1996 жылдан берi Қытай мұнайды өте көп мөлшерде импорттайтын елдердiң қатарында. Қазiргi уақытта оның мұнайға қажеттiлiгiнiң 30% импортқа тәуелдi. 2010 жылы мұнай импортының көлемi - 120 млн. тоннаға, ал, 2020 жылы 120 млн. тоннаға жетедi деп болжамданып отыр. Ауқымды мұнай рыногы ретiнде Қытай Қазақстанның мұнай өнеркәсiбiн, сөзсiз, қызықтырады. Ал, Қытайдың батыс және шығыс бөлiктерi арқылы Азия-Тынық мұхиттық аймақтарға жола ашатын газ және мұнай құбырларын салу - Қазақстанның мұнай экономикасында қуана қабылданатын мүмкiндiк. Қытай мен Қазақстан өзара қарым-қатынас барысында қиыншылықтарға кездессе де, ұсыныс пен қажеттiлiктiң нақты құрылымы екi елдiң энергетика саласындағы болашағына оптимистiкпен қарауға мүмкiндiк бередi. Қазiр екi ел сарапшылары Қазақстанның батысынан бастап, синьцзяндық Карамай қаласына дейiн созылатын мұнай құбыры учаскесiн төсеудiң техникалық экономикалық негiздерi бойынша жұмыс iстеп жатыр. Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас бекiгеннен кейiнгi он жылға созылған тәжiрибеден өзара тұрақтылық пен дамуды қалыпта ұстау үшiн ынтымақтастық негiзiндегi жан-жақты әрiптестiктiң қомақты және ұзаққа созылатын нәтиже беретiндiгiн көруге болады.

Қазақстанда 131 халық өкiлдерi өмiр сүредi, бiрақ, әрине, сан жағынан қазақтар басым. Ал, Қытайда, әсiресе, Синьцзянда, Ганьсуда және Цинхайда 1, 2 млн. астам қазақ тұрады. Ортақ тарихи тамыр мен дәстүрлi мәдениет бұл көне халықты қытай-қазақ достастығының өкiлi мәртебесiне көтередi.

1998 жылы Алматыда “Шанхай бестiгi” басшыларының самитi өткен болатын. Сонда ҚХР-ның төрағасы Цзян Цзэминь Қытайдың ұлы компазиторы Сянь Синхайдың мұражайында болып: “Жақын көршi алыс ағайыннан жақсы” деген едi. Бұл мақал екi халық арасында кең тараған және өзiнiң шынайы мәнiн ешқашан жоғалтпақ емес.

2000 жылы ҚХР төрағасы орынбасары лауазымында болған кезiнде, Ху Цзэминь Қазақстанда алғаш болып, ҚР Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа айрықша жылы әсер еткен. Ху Цзэминьнiң бұл жолы, Қытай “жаңа буынының” жоғарғы көсемi ретiнде Қазақстанға екiншi мәрте келуi екi ел арасындағы достық пен әрiптестiктi жаңа деңгейге көтередi деп сенемiз.

2. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының

жан-жақты сипаты және келешегі

Іс жүзінде Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы саяси қатынаспен шектелмейді. Пекинде Жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың перспективасы тұрғысында біздің мемлекетіміздің экономикалық әлуетін тиісті түрде бағалап отыр. Әлемдік экономикалық қоғамдастықта Қытай орасан ор инвестиция салуға болатын рыногы ұлан-ғайыр мемлекет ретінде қаралады.

1992 жылы қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Қазақстан мен Қытай екі жақты қарым-қатынастардың құқықтық баасын құру мақсатында нақты дипломатиялық іс-қимылға кірісті.

1992 жылғы ақпанда Премьер-Министр С. Терещенко ҚХР-ға ресми сапармен келді. Келіссөздер нәтижесі бойынша Пекинде бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

● Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны құру туралы келісім.

● Қызмет бабындағы істер бойынша сапарға жүретін, барлық түрдегі паспорттардың иегерлері үшін визасыз режимді көздейтін азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім.

● Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін Ашу туралы келісім (Қорғас (Қазақстан) - Хоргос (ҚХР), «Достық» (Қазақстан) - «Алашанькой (ҚХР), Бахты (Қазақстан) - «Покиту» (ҚХР) өткізу пункттеріне халықаралық мәртебе берілді) .

Жоғары саяси деңгейдегі қарым-қатынастар сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға жаңа серпін берді. Шекаралық аудандар белсенді жұмысқа кірісті, оның үстіне Қытайда оларға сыртқы экономикалық қызметте өте үлкен құқықтар берілді.

1996 жылғы 4-6 шілдеде Қазақстан-Қытай қатынасында тұңғыш рет ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің Алматыға ресми сапары болды. Екі мемлекет басшылары қабылдаған бірлескен декларацияда ХХІ ғасырға бағдарланған өзара қарым-қатынастардың принциптері белгіленді. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарын өзара іс-қимыл жасау және әріптестік деңгейіне көтеруге бел байлап отырғандарын мәлімдеді.

2001 жылғы 12-13 қыркүйекте болған ҚХР Мемкеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің Қазақстанға ресми сапары сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану және қазіргі бар проблемаларды шешу көзқарасы тұрғысынан туындады. Келіссөздер кезінде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі жай-күйіне кешенді түрде талдау жүргізді, тауар айналымының құрылымын жетілдіруге және оның көлемін ұлғайтуға, өзекті проблемалар бойынша келіссөздер тетігін дамытуға бағытталған бұдан былайға іс-қимылды белгіледі. Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің басшылары бірқатар келісімдерге қол қойды, оның ішінде ауыл шаруашылық аласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар.

Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндігі туралы айтқанда, мұнай-газ секторына назар аудармауға болмайды. Қытай осы заманғы әлемнің жетекші экономикалық державаларымен қатар Қазақстанның минералдық ресурстарын игеруге белсенді түрде қатысып келеді. 1997 жылы Қытай ұлттық мұнай компаниясының қазақстандық кәсіпорын «Ақтөбемұнайгаз» акцияларының 60 пайызын сатып алуы, сондай-ақ Өзен кен орнын сатып алуы туралы және Батыс Қаақақстаннан Қытайға мұнай құбырының құрылысын салу туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Мұнай-газ сияқты маңызды саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынастың бүкіл кешеніне оң сипатта ықпал етті. Егер Қытай рыногының сыйымдылығын есепке алатын болсақ, уақыт өте келе отын-энергетика кешені екі жақты ынтымақтастықтың негізгі өзегіне айналады деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Қытайдың 200 млн. тоннадан аспайтын мұнай өндіретіні белгілі. Осы ірі мемлекеттің тұрақты түрде өсіп келе жатқан экономикалық әлуетін есепке алатын болсақ, жоғарыда аталған өнімнің ішкі рынокты қамтамасыз етуге жеткіліксіз болатыны түсінікті. Сондықтан саяси деңгейдегі келесі келіссөздер барысында мұнай-газ проблемасы маңызды орын алады деп болжамдауға негіз бар.

Сол сияқты Қазақстанның Қытай тәжірибесінен үйренетін жақтары қандай дегенге келсек мына төмендегілерді айтуға болады.

Қазақстанда, біздің реформаларға қытайлық модернизацияның жетістіктерін мысалға қойғанда, бұйрықтық-таратушылық жүйені бұзудың біркелкілігі, экономиканың әртүрлі салаларындағы реформалардың балансталғандығы, шетелдік тәжірибені творчестволық пайдалану, ұлттық мүдделерді сақтай отырып әлемдік экономикаға интеграциялану, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы және саяси реформаларды тездетпеу және т. б. сияқты қытайлық экономикасы моделінің компоненттеріне назар аударады.

Сонымен қатар, қытайлық тәжірибе 1991 ж., шоктық терапия және тездетілген жекешелендіру алдындағы күні болғандай қалса, көп жағынан Қазақстанға да пайдалы болар еді. Бүгін Қазақстан - басқа - және біздің қоғамымызда және экономикамызда болған өзгерістер, қытайлық реформалар жолына шетелдік көзқарасты талап етеді. Қытайдың экономикалық модернизациялау тәжірибесі, 2001 жылғы Қазақстанға не бере алады?

Социалистік экономиканы маркетизациясындағы градуализм және саяси жүйенің трансформациясы? Әрине, жоқ. Қазақстанда мұндай сұрақты қою уақыты өтіп кетті. Экономикалық глобализацияға және регионализацияға бейімдеу қажеттілігі? Мүмкін, иә. Бірақ бұл жерде Қытай қазір нақты тиімді әрекеттер мысалын бермей, тек өзінің мақсаты туралы арыз беріп отыр. Бірақ әрине, Қытайдың БСҰ кіруі ең болмағанда өзінің экономикасының дамуының сыртқы көрсеткіштерін қытайлық экономикамен теңестіру үшін Қазақстанды да сол жолмен жүруге мәжбүр етеді. Өйткені Қытай тек біздің геополитикалық көршіміз және перспективті сауда серіктесіміз ғана емес, әлемдік тауарлық нарықтар үшін және шетелдік қаржылар үшін күрестегі бәсекелесіміз.

Одан қызығырағы нарықтық экономиканың қытайлық моделінің қаржылық негіздерін құру тәжірибесі болып табылады. Бірақ, тағы да, көшіру мәнінде емес. Қытайлық қаржысы біз үшін формальды белгілері - ашықтық деңгейі, либерализация, қаржылық институттардың дамуы бойынша үлгі бола алмайды.

Бұл контексте қытайлық тәжірибенің Қазақстан үшін басты сабағы ұлттық шаруашылықтың қаржылық және нақты салалар арасындағы сәйкестікті қолдау қажеттілігінде болып тұр. тағы да өте қарапайым қорытынды туындап отыр, сонау 90-жылдары Қазақстанда оны неге екенін білмеймін жасамады, бір қайшылықтан екінші қайшылыққа секірді - қазақстандық қаржыны “спекуляциялаудан”, кейбір мемлекеттік-экономистердің қаржыларды нарықтық экономиканың екінші дәрежелі элементі ретінде талдауына дейін.

Бүгін Қазақстан мен Қытай арасындағы айырмашылық, бәрінен бұрын, Қазақстанға экономиканың қаржылық және нақты секторларын сәйкестікке келтіру керек және ары қарай реформа кезінде олардың сәйкестігін қамтамасыздандыруды үйрену керек.

Өз кезегінде Қытайға басқа есепті шешу керек - қаржылық және нақты экономика арасындағы сәйкестікті сақтау және Қытайды экономикалық реформалар әкелетін, нарықтық, басқаша айтсақ жеке қаржылық экономика және мемлекеттік-социалистік саяси-заңды жүйе сәйкестігін қамтамасыздандыру. Бұл жердегі сәтсіздік реформалардың екі онжылдығы ішінде өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үйренген қытай халқымен, экономикалық құлдыраудың ұзақ фазасында болып келетін Қазақстанға қарағанда қаттырақ сезіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
Бразилия мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz