Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау1

Мемлекеттік рәміздер сыры3

Пайдаланған әдебиеттер8

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында тәуелсіздік жөнінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Заң қабылдауы үлкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. “Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күтіп жүр еді, - деді халық депутаты С. Сартаев. - Егер оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жүдемелете түсті десем, ақиқаттан айныған болмаспын. Тәуелсіздік үшін күрес ақырғы күнге дейін жүрді”.

Қабылданған құжаттың І-бабында Қазақстан Республикасына тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет ретінде анықтама берілген. Ол өз территориясында барлық өкімет билігін толығынан қолданады; ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттермен халықаралық хұқы принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазіргі бар Қазақстан Территориясының шекаралары біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды.

2-тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегі, әлеуметтік және дүние-мүліктік жағдайына, айналысатын ісіне, тұрған жеріне қарамастан хұқылар мен міндеткерліктен бірдей пайдаланатындығы атап көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика территориясын тастап кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе басқа мемлекеттің азаматы болумен қатар Қазақстанның азаматтығын қоса алу хұқы берілді: жаппай қуғын-сүргін жылдары, зорлықпен ұжымдандыру кезінде адамгершілікке қайшы саяси акциялар нәтижесінде республика территориясынан қашып саяси шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдай туғызылады.

Мемлекеттің аса бір маңызды міндеттерінің бірі мәдениетімізді, дәстүр мен тілімізді қайта жаңғыртып дамыту, Қазақстанда өмір сүруші қазақ ұлты мен басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық қадыр-қасиетін нығайту болып табылады.

3-тарауда Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. Қазақстан Республикасы және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент болып табылады.

Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздеріне анықтама берген 4-тарауда, оның тәуелсіз мемлекет статусына сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйесінің болатындығы атап көрсетілген. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстары, экономикалық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының күмәнсыз меншігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың тең хұқылы мүшесі болып жарияланды, ол тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін нығайту бойынша іс-шаралар қабылдайды. Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге қандай да бір араласу, оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып бағаланады.

Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген ұлы көш алға басып барады.

Осы ұлы көш куә болған біздің халқымызға жиырмасыншы ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға- мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жеңуі екені даусыз.

Ал тәуелсіздік дегеніміз ең алдымен рухани тылсым. Бәрінен бұрын адамның жан-дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттық тілейді. Өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келеді.

Мемлекеттік рәміздер сыры

Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Былайша айтқанда, тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады. Мұны оның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына байланысты әңгімеден де айқын аңғаруға болады. Сонымен, рәміздік үрдіс соқпағын сонау ықылым замандардан, адам баласының жарық дүниеге шығып, тіршілік көшіне ілескен, содан қоғамдасып ғұмыр кешуге көшкен тұсындағы көне тарих қатпарларынан іздеген жөн.

Айта кететін бір жай, рәміздердің мемлекеттік нышандарға айналуының да өз тарихы бар. Бірте-бірте елдік нышандар дәстүрі дамып, орныға түсті. Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын, тәуелсіз елдің басты нышаны оның мемлекеттік Әнұранымен бірге мемлекеттік Туы мен мемлекеттік Елтаңбасы болып табылады. Олардың сипаттамасы заң жолымен, әдетте Конституцияда бекітіледі. Осылай Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.

Қазір кең қолданылып жүрген, , герб,, деген термин немістің, , ербо,, деген сөзінен шыққан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі, , таңба,, деген сөз анық жеткізеді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұт Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде, , таңба,, сөзіне, , ел билеушілердің ерекше белгілері,, деген мағына береді. Ел билеушілерінің есімдері жазылған немесе рулық таңбалары түсірілген мөрлер де аз кездеспейді.

Төл рәміздеріміз төңірегінде толғанғанда көнеден жеткен ұрандарға да соға кеткен жөн. Жалпы, , ұран,, сөзі ертеден-ақ қыздыру, жиналу, қайрат беру мағыналарында қолданса керек. Рух көтеру, ел басын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем, атақты батыр, беделді би бабаның атын атап, ұран салған.

Мемлекеттік нышандар қатарында аталатын әнұран табиғатында да осындай халық жүрегіне жол табар жылылық, әр азамат ардақ тұтар өзгеше ұлттық нақыш жатуға тиіс. Әрине, жігерге жігер қосар өршіл рух та қажет. Құрманғазы бабамыздың керемет күйлерін жер шарының қай түкпірінде жүріп тыңдасаң да, ешбір басқа халықтың ән-әуенімен шатыстыру мүмкін емес. Оның үстіне бойыңа бір өзгеше күш беріп, қанаттандыратын қасиеті тағы бар.

1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып тарихта қалары ақиқат. Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес. Бұл жолы да елдігіміз сынға түсіп, ертеңіміз үшін жан алысқан парламенттегі қызу шайқасқа куә болдық. Жаңа елдік нышандарымыз екі күннен кейін Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында салтанатты түрде жер-жаһанға жария етілді. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып:, , Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!,, - деп тебіренді. Енді сол рәміздеріміздің сипатына көңіл бөлейік: Қасиетті көк байрақ…. Алаштың алғы тарихынан аз-кем хабары бар адамның қай-қайсысының көзіне бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз. Әлемдегі ең беделді анықтамалық басылымдардың бірі саналатын Вейсбердің сөздігінде ту жөнінде; , , әдетте тік бұрышты болып келетін бір түсті немесе түрлі түсті матаның бір бөлігі, ұлттың, оның бірлігінің символы ретінде пайдаланылады,, деген жолдар бар. Олай болса, мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ғалымдардың пайымдауынша әр бояу өзінше мағына берген. Ең көп таралған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген үғымдарды береді. Ал ақ ту - бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту- қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Сонымен бірге әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған.

Осының бәрін ескерер болсақ, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран қанатты көкшулан туымыздың негізгі түсін таңдау қаншалықты күрделі болғандығын аңғару қиын болмас. Ақырында көпшілік қалауы ашық аспан түстес зеңгір көк бояуға түсті. Оның болмыс- бітімі, реңк-зері, нышандық мән-мағынасы халықтық сипатымен, тарихи тамырластығымен және жалпы адамзаттық ізгілік ниетіне үндестігімен дараланып тұрғанына назар аудару керек.

Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына жатады. Зеңгір көк түс- аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады. Бұл түсті кие тұту дәстүрі халқымыздың көне тарихынан белгілі.

Тағы бір назар аударатын бір жай - Мемлекеттік туымыздың шымқай бір түстілігі. Ол халқымыздың мәдени-этникалық бір тектілігін, мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Байрақ бетіндегі әр түрлі нышандар бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-үйлесім тапқан. Туымыздағы күн бейнесі-тіршілік көзі. Кұн көшпенділер өркениетіне тән дүниетанымның темірқазығы іспеттес. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі көшпелі үшін нағыз өмір символы.

Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран- дала бүркітінің де орны бөлек. Оның Елтаңба мен Туда бейнеленуі де ерекше құбылыс. Нышандық мәніне келетін болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Сонымен бірге жолына көлденең тұрған жауына қайрат көрсете алатын құс. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі- оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда, , Қошқар мүйіз,, деп аталатын өрнек ойылған. Нұрға малынған күн оның аясында еркін қанат қаққан дала қыраны және қазақы оюдан жасалған тік жолақ тудың шымқай зерен көк түсіне, оның бәрі алтынмен айшықталып, көз жауын алып тұр. Ш. О. Ниязбеков ұсынған жоба міне осындай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау
КСРО-ның құлауы және ТМД- ның құрылуы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет
Қазақстан Тәуелсіздік жолында
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық саясатта алатын орны
1991 жылғы тамыз төңкерісі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz