Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі 4
Қазақстан Республикасының Үкіметі 5
Қазақстан Республикасының Парламенті 6
Сенат 6
Мәжіліс 7
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 7
Орталық Сайлау Комиссиясы 8
Қазақстан Республикасының негізгі саяси партиялары мен қоғамдық
бірлестіктері 9
Халықаралық және аймақтық қатынастар 9
Қолданылған әдебиеттер: 11

Кіріспе

Жүйе дегеніміз – құрылымы күрделі, құрамындағы бөліктері өзара ретті
ұйымдасқан әрі бағытталған тәуелді байланыста бола отырып, ажырамас
тұтастық құрайтын, сол негізде іс-әрекет атқарып, дамып отыратын құбылыс.
Осы тұрғыдан алғанда қоғам – объективті заңдылықтар негізінде қалыптасатын,
тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік жүйе. Оның
негізінде материалдық өндіріс әдісі жатады. Қоғамдық жүйені түрлі таптар
мен әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп, іске асуын қамтамасыз
ететін түрлі институттар (мемлекеттік мекемелер) мен механизмдер және
олардың арасындағы өзара тығыз да ретті байланыстар құрайды. Қоғам
құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік
топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік
және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін
бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен механизмдерді
біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын
тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен
өміршендікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік
қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың ұйымдар мен қозғалыстардың т.б. іс-
әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйенің құрылымын анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Соның
ішінде орыс ғалымы М. Х. Фарушкин ұсынған жіктеме соңғы кезде
саясаттанушылардың оң ықыласына ие болып отыр. Саяси жүйенің басты
элементі, өзегі – саяси билік. Себебі, түптен келгенде бүкіл саяси жүйе
саяси билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың
мүддесіне қатысты.

Саяси жүйенің құрылымы негізінен алғанда элементтердің төрт түрлі тобынан
құралады: саяси институттар (ұйымдар мен мекемелер); саяси қатынастар;
саяси принциптер мен нормалар және саяси сана мен саяси мәдениет.
Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы
жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси
институтар, жанама саяси институттар және саяси емес құрылымдар.
Саяси жүйенің мәні оның атқаратын қызметінен(функцияларынан) көрініс
табады. Әртүрлі пікірлерді жинақтай келе саяси жүйенің басты функциялары
есебінде мыналарды атауға болады:
1. Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сиаптының, даму қайшылықтарының
бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар
мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
2. Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың
ішіндегі бірінші кезекті маңыздылары анықталады.
3. Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады(консенсус,
тұрақтылық, тұтастық).
4. Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын
қамтамасыз етеді.
Ортақ мәнді белгілері болғанына қарамастан әрбір қоғамның өз ерекшеліктерін
қамтып, бойына сіңірген өзіндік саяси жүйесі болатыны даусыз. Сондықтан да
алуан түрлі саяси жүйелерді салыстырмалы түрде қарастырып жіктеуге,
топтсатыруға және типтік түрлерін анықтауға болады. Бұл ретте де саясат
туралы ғылымда саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан жіктеу орын алған:
□ Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және
әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала
отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік
саяси жүйелерді ажыратады.
□ Биліктің әлецметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық-
демократиялық және буржуазиялық-демократиялық саяси жүйелерді
бөлуге болады.
□ Саси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына қарай
демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде
қаралады.
□ Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақталағы мен
өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы жүйелер
болып бөлінеді.
□ Дәстүрлі және жаңғырған(модернизацияланған) жүйелер туралы да
айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем,
азаматтық қоғам жетілмеген. Керісінше, осы заманғы жаңғырып,
жаңарған жүйеде дамыған азаматтық қоғам бар, саяси рольдер
нақтыланған.
□ Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті
билік буындарына дербестік берілген, т.б. болып бөлінеді.
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г. Алмонд жасаған
жіктемесіне ой тоқтатады. ОЛ басты өлшем ретінде саяси мәдениет
айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін
жіктейді: англо-американдық, континентальды-еуропалық, жарым-жартылай
индустрияландырылған және индустрияландырылмаған; тоталитарлық.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас
құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз. Сонда, жүйе – құрамында элементтері
мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола
отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет
атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар,
олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы
байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік
топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді
іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе,
саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен
байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және
ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің
саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан
Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет
тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін
үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік
республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін
басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі
палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен
басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан
Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша
міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы
және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң
бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға
бөлінген унитарлы мемлекет.

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы
өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және
олардың қызметінің басқаруын іске асырады.
Үкімет Премьер-Министрдің тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде
ұсынысы бойынша Президентпен құрылады және өзінің барлық қызметі мен іс-
әрекеттерінде Президенттің алдында жауапты. Сонымен қатар, өзінің
қызметінің бағдарламасы бойынша Парламенттің алдында жауапты болады.
Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті мен халқы алдында ант
береді.

1999 жылғы 13 қазан күні Президенттің қаулысы бойынша келесі Қазақстан
Республикасы үкіметінің құрылысы анықталды:

• Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі;
• Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
• Қазақстан Республикасының юстиция министрлігі;
• Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі (2003 жылдың 13
қыркүйектен Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының ақпарат министрлігі;
• Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі;
• Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі;
• Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі;
• Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі;
• Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі (2000 жылдың 14 желтоқсаннан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігі (2002
жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
• Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (2001жылдың 21
қазаннан Президент Жарлығы);
• Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси жүйесі туралы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саясаттану ғылымы
Қазақстандағы саяси мәдениет
Мемлекет және азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам ұғымы
Мемлекет, теориялық негіздері
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Саяси құрылым
Саясаттанудан емтихан сұрақтары
Пәндер