Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым - қатынастары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым-
қатынастары 2
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

КІРІСПЕ

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі
Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі
оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ
империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922
жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін
тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып
құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен
шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар:
қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе
Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық
Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік
аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің
халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік
– экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ
Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық
кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік-технологиялық
байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы
отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық
мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір
сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында
жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді
түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі
көпшілікке мәлім.
Бұл жұмыста Қазақстанның Украина, Беларусия және Закавказье елдерімен
қарым-қатынасын өрбітуі жөнінде мәселелер қарастырдым.

Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым-
қатынастары

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан-Украина қарым-қатынасы белсенді
түрде дамыды. Біздің сыртқы саясатымызда украиндық бағытқа үлкен мән
беріледі. Халықаралық қоғамдастықта айта қаларлықтай экономикалық әлеуеті
және саяси салмағымен ерекшеленетін Украина Қазақстан үшін практикалық
мүдде тұрғысынан маңызды.
Қазақстан-Украина байланыстарының негіздері Президент Н.Назарбаевтың
Украинаға (1994, 1999 және 2000 жж.) және Президент Л.Кучманың Қазақстанға
(1995, 1997, 1998 жж.) жоғары деңгейдегі сапарлары барысында қаланды. Екі
жақты қатынастардың негізгі принциптері төмендегідей маңызды құжаттарда
белгіленді, олар: Достық пен ынтымақтастық туралы шарт, Еркін сауда-саттық
туралы келісім; Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
келісім; Сыртқы саяси консультациялар туралы келісім; Ғарыш кеңістігін
зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жалпы
алғанда Қазақстан мен Украина арасында ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы
келісілген іс-қимылды көздейтін 50-ден астам құжаттар жасалды.
Өзара сауда айналысын ынталандыруда Украина Президенті Л.Кучманың 1995
жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында қол қойылған, Экономикалық
ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту туралы келісім үлкен рөл
ойнады. Мемлекеттер басшыларының шешімімен Экономикалық ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды. Осы органға отын-энергетика, тау-
кен металлургия кешендері, химия өнеркәсібі, машина жасау,
агроөнеркәсіптік кешен, көлік және коммуникация сияқты салаларда
экономикалық интеграцияның негізгі принциптері мен бағыттарын әзірлеу
міндеті жүктелді. Комиссия шеңберінде тараптар электр энергетикасы, көмір
өнеркәсібі мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай туғызу,
тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының, дәрі-дәрмектермен медициналық
жабдықтардың, ауыл шаруашылығының және басқа да өнімдердің өзара
жеткізілімі туралы уағдаласты.
Президент Л.Кучманың 1997жылғы қазандағы Қазақстанға сапары Қазақстан-
Украина қарым-қатынасын одан әрі дамытуға жәрдемдесті. Келіссөздердің
нәтижелері тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстарын
қуаттады. Президенттер ТМД бірлестігіне тиісті даму қарқынын беру үшін осы
ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл сияқты екі жақты ынтымақтастықтағы осындай
аспектіні айналып өткен жоқ. Сапар барысында төмендегідей келісімдерге қол
қойылды, олар: Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы
ынтымақтастық туралы; "Зенит" зымыран ұшырғышының бөлінетін бөліктерінің
құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін
уақытша пайдалану туралы; Стандарттау, метеорология және сертификаттау
саласындағы, үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы. Сондай-ақ
Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы, Әскери білім беру
саласындағы, Зейнетақымен қамтамасыз ету және банкаралық есеп айырысуларды
ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
Сапар шеңберінде екі елдің үкіметтік делегацияларының келіссөздері
жүргізілді. Еркін сауда-саттық режимінен алып тастаулар туралы хаттамаға
қол қойылды, экономикалық қылмыстарға және қаржылық заң бұзушылықтарға
қарсы күрес саласындағы; әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы
келісімдер жобалары қаралды. Екі елдің тиісті ведомстволарына Қазақстаннан
Украинаға мұнай жеткізілімін ұлғайту туралы; Қазақстанның мұнай-газ секторы
үшін құрал-жабдықтар мен диаметрі үлкен құбырларды Украинадан сатып алу
туралы; Астық жинау комбайндарын жасау жөнінде Қазақстанда және Украинада
бірлескен кәсіпорындар құру туралы; Сауда және жолаушылар флотын дамыту
жөніндегі Қазақстанға жәрдем көрсету туралы; лизингтік шарттармен АН-70
және АН-140 ұшақтарын сатып алу туралы; Жағалау күзеті катерлерінің
жеткізілімі туралы; Астана инфрақұрылымын дамытуға украиндық бизнестің
қатысуы туралы мәселелерді пысықтау тапсырылды.
Объективтік және субъективтік факторларға байланысты барлық
уағдаластықтардың орындалмағанын айту керек, олардың көпшілігі бұрынғысынша
зерттелу сатысында тұр.
Дегенмен жоғары деңгейдегі Қазақстан-Украина диалогы тауар айналымына
игілікті түрде ықпал етті. 1998 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның
Украинамен сауда-саттығының жалпы көлемі 523 миллион долларды құрады, бұл
негізінен энергия көздерінің (мұнай, мұнай өнімдері) жеткізілімін ұлғайту
есебінен өткен жылғымен салыстырып қарағанда 75 пайызға өсті деген сөз.
Қазақстандық импорттын, құрылымында машиналар және құрал-жабдықтар, құбыр
прокаты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері (қант, спирт, өсімдік майы),
жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдары басым. Еркін сауда-саттық туралы
келісімді Украина Парламентінің 1998 жылғы қазанда бекітуі елдер арасындағы
сауда байланыстарының әлеуетін тиімді түрде іске қосуға мүмкіндік береді
деп күтілген болатын. 1997 жылғы маусымда қол қойылған, тауарлардың
эксперты мен импорты кезінде жанама салықтарды өндіріп алу принциптері
туралы келісімді іске қосу да сауда-саттықтың дамуына оң ықпал еткен болар
еді. Алайда, әзірге сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі екі елдің
қазіргі әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Оның үстіне 2000 жылы
сауда айналымы біздің еліміз үшін оң сальдомен (170 млн. доллар) аяқталса
да біршама төмендеп, 348,5 млн. долларға түсіп кетті.
Қазақстан Президентінің 1999 жылғы Украинаға сапары барысында ҚР мен
Украина арасындағы 19992008 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық
туралы шарт және оның бағдарламасы, Кеден ісіндегі ынтымақтастық туралы;
Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы; ҚР мен Украина Ұлттық
банкілері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер сияқты маңызды
құжаттарға қол қойылды.
Мұнай-газ саласындағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі, жеңіл өнеркәсіптегі,
металлургия мен машина жасау саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың
перспективасы зор. Украина көмірсутегі шикізатының ірі импортері болып
табылатындықтан қазақстандық мұнайды алуға, сондай-ақ оны Еуропаға транзит
арқылы өткізуге мүдделілік танытуда. Біздің еліміз қазірдің өзінде Украина
рыногына 3,5 млн. тоннаға жуық мұнай шығарады. Бұл мұнай көлемі Херсон
мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеу көлемі ұлғайған жағдайда елеулі түрде
өсуі мүмкін.
Екі жақты қарым-қатынастарда уақыт озған сайын мұнай проблематикасы
маңызды орын алуда. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссия шеңберінде қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеру жөнінде
бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін зерттеу туралы, сервистік қызмет
көрсетуді ұйымдастыру және жобалық зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы
уағдаластыққа қол жеткізілді. Украина Қазақстан аумағында жеке мұнай
ресурстарын алуға, біздің елімізге диаметрі үлкен құбырларды жеткізуге
мүдделі. Тараптар Украина аумағы арқылы еуропалық рыноктарға Қазақстан
мұнайын кедергісіз тасымалдау, сондай-ақ оны украиндық мұнай өңдеу
зауыттарында ұқсату туралы принципті уағдаластықтарға қол жеткізді. Босфор
бұғазы арқылы танкерлер өтуінің кейбір қиындықтарына байланысты Қара теңіз
жағалауы мемлекеттерінің оның ішінде Украинаның мұнай терминалдарын
пайдалану ықтималдылығы күрт өсуі мүмкін.
Украина Қазақстанға жоғары сапасымен және салыстырмалы түрде төмен
бағасымен ерекшеленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға
мүмкіндігі бар (қант, өсімдік майы, жүгерінің сорттық тұқымдары). Қазақстан
өз кезегінде Украинаға бидайдың қатты сорттарын жеткізуге дайын екенін
білдірді. Біздің елімізде украиндық "Лан" комбайндарын шығару қолға алынды.
Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық,тың да перспективасы
зор. Мұнай өнімдерін тасымалдау үшін лизинг шартымен Украинаның теміржол
цистерналары мен теңіз танкерлерін пайдалану туралы келіссөздер
жүргізілуде. Екі елдің үкіметтері бірқатар басқа да жобаларды қарауы керек,
олардың ішінде мыналар бар: Қазақстанның сауда және жолаушылар флотын
дамытуға Украина флотының қатысуы; екі ел арасындағы теміржол және авиация
қатынастарын дамыту; екі елдің аумақтары арқылы жүктерді өзара тиімділікпен
тасымалдау; Украинанын, Қара және Азов теңіздеріндегі айлақтарын тиімді
пайдалану. Киев Азия рыногына шығу үшін Қазақстанның көлік жүйесін
пайдалануға ниет білдірді.
Украина мен Қазақстан металлургия және машина жасау саласында
әріптестер бола алады. Ол үшін осы салаларда ынтымақтастықтың жаңа ұзақ
мерзімді бағдарламаларын жаcay қажет. Мұндай құжат Қазақстан экономикасын
шикізат бағытынан түпкі өнімді өңдеуге және шығаруға қайта бейімдеу
процесінде пайдалы болатыны сөзсіз.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан екі ел арасындағы сауда-
экономикалық өзара іс-қимыл тетігі жетілдірілмеген күйінде қалуда. Өзара
есеп айырысудағы проблемалар, жүктерді тасымалдаудың жоғары транзиттік
тарифтері, экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік және салықтық
кедергілер сауда-саттықтың деңгейіне теріс ықпал етуде. Мұның бәрі
украиндық өнімді қазақстандық рынокта бәсекелестікке қабілетті ете алмайды.
Екі достас мемлекеттердің сыртқы саяси мүдделері Астананың өз
позициясын еуропалық аймақта, ал Киев болса Азия аймағында нығайтқысы
келетін ниеттерінде тоғысып жатыр. "Еуропа мен Азия арасындағы көпірдің"
құрамдас бір бөлігі болғысы келетін Украина ниеті осы елдің еуразиялық
көлік дәлізін құруға белсенді түрде қатысуынан, сондай-ақ Орталық Азиядағы
өсе түсіп отырған белсенділігінен көрінеді. Мәселен, Украинаның АҒСШК мен
Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығында байқаушы мәртебесі бар. Қазақстан
үшін Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ҚЭЫҮ), Орталық еуропалық
бастама, Дунай комиссиясы сияқты аймақтық экономикалық ұйымдарға қатысу
идеясы тартымды.
ТМД шеңберіндегі интеграцияға түрлі көзқарастар сақталып отырса да екі
жақты қатынастардың ең жоғары құндылығы туралы өзара уағдаластық
ынтымақтастықты нығайту үшін айрықша маңызды болып табылады.
Шынында да Астана мен Киевте интеграциялық мәселелерге және олардың
болашағына түрліше қарайды. Украина әлі күнге дейін Достастықтың
қауымдастырылған сипаттағы мүшесі ғана. Украинада "дербестік" көңілкүйі
басым, мұның өзі оның интеграцияға қатысуын жоққа шығарады. Қалай болғанда
да Украина Еуропадағы негізгі мемлекеттердің бірі екенін ұмытпаған жөн. Бұл
мемлекеттің төңірегінде Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақ елдері қатысып
жүрген күрделі геосаяси "ойындар" жүріп жатыр.
Сондықтан Украинаның халықаралық позициясын нығайту тұрғысында
Қазақстанның онымен қарым-қатынасы да маңызды.
Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық негізін 40-
тан астам шарттар мен келісімдер құрайды. Олардың ішінде Достық және
ынтымақтастық. туралы шартты; Азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы
келісімді және Консулдық конвенцияны; БР аумағында жұмыс істейтін ҚР
азаматтарының және ҚР аумағында жұмыс істейтін БР азаматтарының еңбек
қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісімді; Еркін сауда-саттық
туралы келісімді, сондай-ақ 1999-2008 жылдар кезеңіне арналған ұзақ
мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бөліп айтуға болады.
Екі мемлекет те іс жүзінде бір мезгілде ядролық мұрадан бас тартты.
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру жөніндегі кеңесті
шақыруға бастамашы болса, Беларусь Шығыс және Орталық Еуропада ядролық
қарудан азат аймақ құру туралы идеяны ұсынды.
Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар Беларусь
Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей
Федерациясы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы
интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шарттың ережелеріне
сәйкес құрылады. Қазақстан мен Беларусь арасында алып тастауларсыз және
шектеулерсіз тұрақты негіздегі еркін сауда-саттық режимі жұмыс істейді.
Дегенмен, экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі әлі де жоғары емес.
Бірлескен кәсіпорындарды, қаржылық өнеркәсіптік топтарды құруға қатысты екі
мемлекеттің мүдделілігіне қарамастан географиялық алшақтыққа және көліктік
шығыстарға байланысты бұл мәселелер тиісті шешімін таппай келеді. Сауда-
экономикалық қарым-қатынастардың жәй-күйіне екі елдің экономикалық
үлгілерінің әр типтілігі елеулі ықпал етуде. Беларусьтағы экономиканы
басқарудың орталықтандырылған жүйесі біздің еліміздегі қазіргі бар
практикадан мүлде ерекшеленеді. Сонымен бірге Қазақстан мен Беларусь
арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды зерттеу сауда айналымын
ұлғайтуға төмендегідей факторлардың кедергі келтіріп отырғанын көрсетеді,
олар:
•қазақстандық және беларусьтық тауарлардың Ресей арқылы транзитіне
жоғары төлем алынуы (шамамен бір тонна жүк үшін 40-50 доллар);
•шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара төлем төлемеуі;
• төлемесеп айырысу тетігінің жеткілікті түрде тиімді болмауы, мұндай
есеп айырысу еркін өтімді валютада ғана төлем жүргізуге мүмкіндік береді;
• бірлескен кәсіпорындар тиімділігінің төмендігі.
Сауда-экономикалық саладағы жағдайларды жақсарту мақсатында тараптар
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасының жобасын
әзірлеу орынды деп таниды. Қазақстандық мұнайды БР-да одан әрі өңдеу үшін
оны алыс-беріс шикізат шартымен Беларусь тарапының сатып алуына, сондай-ақ
БРға мұнай тасымалдау квотасын ұлғайтуға қатысты мәселелер пысықталуда.
1998 жылғы сәуірде екі елдің Үкіметтері мен Ұлттық Банктері арасындағы
"Қазақстандық теңге мен Беларусь рублінің өзара өтімділігін қамтамасыз ету
және олардың бағамдарын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" келісім
күшіне енді. Қазақстан мен Беларусь үкіметтері мемлекетаралық есеп
айырысуларды реттеу жөнінде комиссия құрды.
1998 қаңтарда қол қойылған есеп айырысу принциптері туралы келісім
әзірге жұмыс істемейді, өйткені онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Орта азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері
ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ
АҚШ - тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын
Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар
Егемен қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақ диаспорасы
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау
Орталық Азия одағы
Пәндер