Мемлекет саяси институт ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Мемлекет саяси институт ретінде 2
Мемлекет ұғымы 3
Мемлекеттерді типологиялау 6
Мемлекет функциялары 10
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер: 15

Кіріспе

Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық
мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады.
Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы
өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның
мәні неде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы
немесе қазіргі кәсібін саясаттанушы деп таңдағандарға аса маңызды болып
табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы
туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді:
мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти
алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп
аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің
дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған
нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы
болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде
оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды
тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.

Мемлекет саяси институт ретінде

Мемлекет туралы мәселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың
санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет
басты қызмет атқаратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне
елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтік-саяси әрекеттілігі,
саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен
функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні
мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады.
Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының
тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне
аударды.
Өркениет тарихында мемлекеттіліктің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі
проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекеттің
пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы
мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы,
өйткені мемлекет – биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай,
халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.
Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуын, рөлі
мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие,
оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу бұл мәселелерге ғылыми түрде дәлелді,
саясаттанулық сараптау беру үшін қажетті.
Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің
теориялық мәселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті
негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының
қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында
мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық
ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.
2. Табиғи-тарихи, натуралистік.
3. Келісімдік.
4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық .
5. Либералды-демократиялық, құқықтық .
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиын жолынан өткен, ол
мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің
мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар
екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің
басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен
бостандығын және оларды құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын
қамтиды.

Мемлекет ұғымы

Мемлекет термині қазіргі саяси және тұрмыстық лексикада көбінесе
ортақ территорияда өмір сүретін адамдардың әлеуметтік-экономикалық және
саяси қауымдастығын белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл тұрғыда мемлекет
термині мағынасы жағынан ел терминіне жақын. Мемлекет ұғымын бұлай түсіну
қарапайым санаға тән және оған негіз жеткілікті де.
Расында да, мемлекетті адамдар заңды деп таныған және оларды әлеуметтік
тұтастыққа біріктіретін билікке ие ел деп атауға да болады. Осы анықтаманың
қысқалығы қанша күмән тудырса да, мемлекет ұғымымен белгіленетін құбылыстың
мағынасын дәл беріп тұр.
Бұл анықтамадан ел (яғни, территория мен тұрғын халық) мен биліктің
мемлекеттің өзіне тән көрнекті және ажырамас элементтері, атрибуттары болып
табылатындығын көруге болады. Ежелгі үнділердің Артхашастра (пайда
туралы, практикалық өмір туралы ғылым) атты трактатында билеуші және оның
державасы – мемлекеттің ең басты элементтері деп көрсетілген. Сондықтан
да, қызмет ету тиімділігі қандай болмасын билігі жоқ елді мемлекет деп
есептеуге болмайды .
Әрине, жоғарыда аталған элементтер мемлекеттің құрылуында тең мағынада
емес, себебі ел, яғни территория мен тұрғын халық оның қалыптасуындағы
алғышарттар, оның базалық негізі болып табылса, мемлекеттік билік
құрылғанда мемлекеттің өзі өзекті болып, шын мәнінде пайда болады. Тұтастай
әлеуметтік-саяси құрылым ретіндегі мемлекеттің өзінде аталған элементтер
жеткілікті түрде өзара органикалық байланыста болады, яғни өзара
әрекеттесіп мемлекеттің мәнін құрайды. Мемлекет саяси қатынастар аясындағы
өте тиімді әрекет етуші саяси институт бола отырып, әртүрлі көріністерді
қамтиды:
- ол өзін жеке мүдделерді ескеретін және ортақ игілік үшін оларды
түйістіруді қамтамасыз ете отырып, ортақ істерді шешетін орган ретінде
көрсетеді. Мемлекет пен мемлекеттік билікке қоғамдағы әлеуметтік және саяси
күштер қалай қарағанымен және пісіп-жетілген әлеуметтік-экономикалық, саяси
және рухани проблемаларды шешуде оларды қалай пайдаланғанымен, мемлекет пен
мемлекеттік биліктің қолында әрқашанда қоғам тұтастығын сақтау мен ондағы
тәртіп пен тұрақтылықты реттеу қызметі қала береді. Мемлекеттің осы
ерекшелігін ескермеуге болмайды, себебі олар қандай формадағы болмасын
мемлекет пен мемлекеттік биліктің болу қажеттілігін көрсетеді. Мемлекет пен
мемлекеттік билік мемлекеттілік болмаған жағдайдағы тәртіпсіздікпен
салыстырғанда тәртіптің, тұрақтылықтың өкілі ретінде көрінеді;
- экономикалық үстем таптың үстемдік ету құралы ретінде пайдаланылады;
экономикалық үстем әлеуметтік-таптық күштердің мүдделерінің үстемдігін
сақтау мақсатында қоғамдық істерді басқаруды қамтамасыз етеді, сондықтан да
мемлекеттік билік үшін күрес мүдделер үстемдігін қамтамасыз етудің шартына
айналады;
- адамдардың тіршілік әрекетінің құқықтық негізін қалыптастырады,
әртүрлі субъектілерге әлеуметтік-құқықтық нормаларды ұсынады және оларды
орындауға міндеттейді;
- қаржылық іс-әрекеттерді жүзеге асырады, салық жинау және басқа да
акциялар есебінен мемлекеттік қазынаны қалыптастырады;
- өз егемендігін қамтамасыз етеді, яғни территориясының тұтастығын
сақтайды, азаматтарының мүдделерін қорғайды, халықаралық заңдар мен
нормаларды мойындайтын және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын дербес
геосаяси және әлеуметтік-демографиялық құрылым ретінде әлемдік
қауымдастыққа кіреді.
Өркениет тарихында, саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында
мемлекеттің осы қасиеттерінің барлығы орын алды және мемлекет ұғымы оларды
өз мазмұнына қосып алған.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, мемлекет қарама-қайшы негізге ие екен.
Бір жағынан, ол адамдардың бүкіл қауымдастығының мүдделерін білдіруші
ретінде көрініп, қоғамдық организмдегі тұтастық пен тәртіпті қамтамасыз
етуге ұмтылса, екінші жағынан үстемдік етуші әлеуметтік күштер оны өз
мүдделерін қорғау үшін пайдаланады. Мемлекеттің пайда болуы мен қызмет
етуінің шынайы қайшылықты негіздері осындай.
Ұзақ уақыт бойы адамдар мемлекетке дейінгі жағдайда өмір сүрді. Олардың
тіршілік әрекеттері үшін қажетті басқару мен билік шешімдерін осы іске
қажетті бедел мен тиісті әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие ру,
тайпа көсемдері мен ақсақалдары қабылдады.
Мемлекетке дейінгі кезең адамдар қауымдастығының сол кезеңдегі
әлеуметтік-мәдени даму деңгейімен анықталынды.
Әлеуметтік қатынастар бір тектен тараған туыс адамдар топтары (отбасы,
ру, тайпа) арасында жүргендіктен ресми емес сипатта болды.
Өмір орнықты, яғни тұрақты әрі өзгеріссіз қалыпта болды, онда
бірізділік принципі айқын көрінді.
Адамдардың мүдделері көп жағдайда қарапайым және тікелей болғандықтан,
оларды іске асырудың қажеттілігі айқын көрініп тұрды.
Адамдар арасында мүдделер қайшылығын, келіспеушілігін тудыратын
әлеуметтік, мүліктік, құқықтық айырмашылықтар болмады. Пайда болған жеке
қайшылықтар көбінесе субъектілер деңгейінде дәстүр немесе үстем күштер
негізінде шешілетін.
Уақыт өте келе, тауар - ақша қатынастарының дамуы, қоғам мүшелерінің
мүліктік жіктелуі, патриархалды-отбасылық, туыстық-тайпалық байланыстардың
бұзылып, ірі туыстық-тайпалық одақтардың, халықтардың пайда болуы
мемлекеттік билікке, мемлекет құруға деген қажеттілікті тудырды.
Экономикалық пайда табу адамды басқа этномәдени ортаға келуге мәжбүр
етті, ал мұнда оны патриархалды, туыстық тайпалық байланыстар мен соған сай
дәстүрлі моральдық және құқықтық нормалар қорғай алмайтын еді. Ол өмір
сүріп отырған ортасында өзін бөтен сезінді. Алайда, ол дәулетті
болғандықтан, оған көптеген адамдар экономикалық тұрғыда кіріптар еді.
Осындай адамдардың мүдделерін қорғау үшін алғашқы мемлекеттік органдар
дүниеге келе бастады.
Алғашқы мемлекет немесе мемлекетсымақ (архия – гр.сөзі archі
–билік,басқару) өзінің құрылымы мен атқаратын функциясы жағынан туыстық-
тайпалық демократия институттарына жақын, оның қатардағы мүшелері өте
белсенді болды, қызмет адамдарын сайлау сақталынды. Билік құрушы
субъектілер өз билігін әскери жасақтарға сүйене отырып жүргізген ру, тайпа
көсемдері болды. Бұл алғашқы мемлекетте бюрократиялық аппарат, дамыған
құқықтық негіздер әлі қалыптаспаған еді, биліктік іс-әрекет элитаның
қызметі ретінде танылмады.
Ғылым адамдардың мемлекетке дейінгі өмірі мен қарапайым мемлекеттер
жайлы дұрыс түсінікке ие болғанымен, ол хатқа түсірілмегендіктен, ал билік
пен билік құрушы адамдардың есімдері анықталмағандықтан сол кезеңдегі өмір
шындығы тарихтың терең қойнауларында ұмыт қалды.
Адамзаттың мемлекетте өмір сүру тарихы басқалай еді. Ол нақты билік
құрушы субъектілердің, мемлекеттік билік органдарының, жекелеген
қатынастардың өмір сүруі мен қызметі ретінде көрінеді. Бұлардың барлығы
көпқырлы саяси өмірді құрайды, ал оны бұл процесті формалар мен түрлерге
бөлу, мейлінше мәнді, қайталанбалы, тұрақты қасиеттерін анықтау арқылы
тануға болады.

Мемлекеттерді типологиялау

Мемлекеттер типологиясы олардың мазмұнын бағалау және айырмашылықтары
мен ортақ қасиеттерін айқындау негізінде мейлінше тиісті формаларын
анықтаумен байланысты. Мемлекеттің саяси қатынастардың тоғысында
тұратындығын жоғарыда біз айтып өттік, сол себепті оның мазмұнын бағалауда
идеологиялық фактор басым болады. Мемлекеттерді типологизациялаудың кейбір
жалпы принциптеріне тоқталып өтелік:
1. Мемлекетті таптық үстемдіктің, диктатураның құралы ретінде таптық
қайшылық тұрғысынан бағалау. Мемлекетке қатысты осы көзқарас саяси
идеология ретінде мемлекет пен мемлекеттік биліктің маркстік-лениндік
теориясында толық көрініс тапты.
Әрине, бұл теорияның дамуына дейін де биліктің элитарлық негізін
көрсеткен (Конфуций, Платон, Н.Макиавелли), билікті байлардың кедейлерге
қастандығы (Томас Мор) немесе қанау құралы (Сен-Симон) ретінде қарастырған
ғалымдар болғанымен, марксизм мемлекетті таптық үстемдік құралы ретінде
қарастыратын концепцияға ашық, рационалды түрде дәлелденген, теориялық-
методологиялық негіз қалады.
Мемлекет қоғамдық-экономикалық формацияның қондырмасының маңызды
элементі ретінде оның базисімен анықталынады, қоғамдағы антагонистік
таптардың болуы мен таптық үстемдіктің қажеттілігі дәл осы экономикалық
базиске, оның құрылымдарына тәуелді. Экономикалық үстем тап өз мүдделерінің
басымдығын қамтамасыз етуден туындайтын әлеуметтік қажеттілікті
қанағаттандыру үшін билікті қолына алады. Мемлекет мемлекеттік билікті
осылай қолға алудың нәтижесі ретінде, таптық диктатураның мемлекеті ретінде
құрылып, қызмет етеді.
Марксизм мемлекет мәнін таптық тұрғыдан бағалауды басшылыққа ала
отырып, оның келесі түрлерін бөліп көрсетеді: құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік, социалистік. Мұндағы идеологиялық мақсат – социалистік емес
мемлекеттердің барлық түрлеріне таптық-араздық қатынастарды қалыптастыру,
өйткені К.Маркстің пікірі бойынша, капитализмнен коммунизмге өтуді жүзеге
асыратын шынайы әлеуметтік процесс билікті жұмысшы таптың қолына алуының
нәтижесінде қанаушылардың мемлекеттік машинасын қиратып, пролетариат
диктатурасын орнатқанда ғана мүмкін болады.
Бұл арада ескере кетер жайт, шынайы мемлекеттік билікті пролетариат
атынан өзін құқықтық нормалармен шектемей, сондай-ақ жалпыадамзаттық
моральдық құндылықтарды құрсаудан босату есебінен қоғамды басқаратын
жетекші партияға біріккен саяси элита жүзеге асырады.
Әрине, өркениеттің саяси тарихында таптық антагонизм мен таптық күрес
әрдайым болған, өйткені экономикалық үстем тап өз мүдделерін қорғау үшін
мемлекеттік билік тәрізді тиімділігі жоғары тетікті пайдалануға ұмтылады.
Бірақ экономикалық үстем таптың мемлекетті бұлай пайдалануы, көрініп
тұрғанындай, мемлекеттің негізін терең ашып бере алмайды және оны
шексіздендіру мемлекет мәнін түсінудің өте тар прагматикалық, утилитарлық,
идеологияландырылған тәсілі болып табылады. Мемлекеттің шынайы негізі, мәні
- өз тұтастығын сақтау, адамдардың тіршілік әрекетінің жалпы нормативтік
негіздерін қамтамасыз ету сияқты қоғамның саяси қажеттіліктерімен
анықталынады.
2. Мемлекеттерді либерализм мен демократия принциптерінің саяси
өмірдегі дамуы негізінде типологизациялау.
Осы көзқарас бойынша адамзаттың барлық саяси мәдениетінің даму тарихын
жүйелеуге болады, және ол адамзаттың билік құруының авторитарлық
ұйымдастыру формалары мен әдістерінен – саяси қатынастар субъектілерінің
жеке белсенділігі мен іс-әрекетінің еркіндігін қамтамасыз ететін
демократияға өтуінің процесі ретінде көрінеді.
Осы позиция тұрғысынан мемлекеттерді авторитарлық, тоталитарлық,
демократиялық деп бөлуге болады. Бұл ұғымдар саяси режимдерді талдауға
арналған тарауда қарастырылып кеткендіктен, біз мұнда бұларға жеке-жеке
тоқталып өтпейміз. Тек саяси режимнің мемлекеттің іргелі әлеуметтік-саяси
мәнін бейнелейтіндігін және оны мемлекеттер типологизациясында пайдалану
өте тиімді екенін атап өтеміз.
Авторитаризмнің негізін қарастырғанда, ең алдымен адамның адамды қанауы
адамзат өмірінде шынайы құбылыс болғандығына және ұзақ уақыт бойы – адамзат
өркениетінің қалыптасуы мен дамуы процесінде – оның құлдық, крепостниктік,
жалдамалы еңбектің бастапқы сатылары сияқты өте қатал формада іске
асқандығына назар аударуымыз қажет. Адамның адамды қанауы күш көрсету
арқылы жүреді, себебі мәжбүрлеу еріксіз жұмыс істету үшін өте қажет. Дәл
осы қажеттілік авторитаризмнің әлеуметтік-экономикалық негізі болды.
Қоғамның төменгілердің жоғарғыларға мүлтіксіз бағынуын қадағалайтын
иерархияландырылған әлеуметтік құрылымы қалыптасып, қызмет етті. Басқару
мен билік қоғамның жоғарғыларыныңң, халықтың элитарлық бөлігінің функциясы
болды және олар билікті жүзеге асыруда өздерінің әлеуметтік жағдайының
ықпалдылығына, беделділігіне сүйенді. Өзінің билік құру органдарымен,
бағындыру мен мәжбүрлеудің төл құралдарымен, әдістерімен саяси мәдениет,
осы мәдениетпен үндес саяси идеология және авторитаризмге бағытталған саяси
діл қалыптасып дамыды.
Алайда, өркениет дамуына теңсіздік, үстемдік пен бағыну тәрізді
принциптермен қатар теңдік пен әріптестік принциптерінің болуы мен қызмет
етуі тән. Соңғы принциптер адамдар әлеуметтік теңдікте болған, иерархиялық
төмен, әлеуметтілік, мәртебелік қалыптаспаған қауымдастықта басым болды.
Сондықтан азаматтардың саяси белсенділігін қамтамасыз ететін мемлекет түрі,
ұйымдастыру формасы ретіндегі, барлық адамдардың мүдделерін ескере отырып
келісу мен шешімдер қабылдаудың әдістері мен құралдары ретіндегі демократия
өркениетіміз сияқты ежелден бар. Бірақ, әлеуметтік-мәдени орта түпкілікті
өзгеріске ұшыраған қазіргі кезде демократия адамзаттың саяси өмірінің
анықтаушысы болуда.
Осыдан кейінгі әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету үшін демократия шексіз,
баламасыз құндылық болып табылады.
Тоталитарлық режимдердің және соған сәйкес мемлекет түрлерінің пайда
болуына адамзаттың ХХ ғ. даму ерекшеліктері негіз болса да, тоталитарлық
идеялар бастапқы түрінде мифологиялық, теократиялық түсініктерде, сондай-ақ
Платонның (б.з.д.427-347ж.ж.), Жан Жак Руссоның (1712-1778ж.ж.)
көзқарастарында көрініс тапты. Ежелгі Қытайда тұрақтылығы жоғары
тоталитарлық идеялар болған. Бұлар ежелгіқытай ойшылдары Мо-цзының
(б.з.д.479-400 ж.ж.), Шан-янның (б.з.д.390-338 ж.ж.) көзқарастары еді.
Олардың идеялары император Цинь Шихуанның (б.з.д. 259-210 ж.ж.) кезіндегі
қытай қоғамының саяси өміріне ендірілді. ХХ ғ. тарих сахнасына қоғам
өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру үшін пайдалануға болатын
адамдардың ауқымды, саяси белсенді бұқарасы көтерілді. Бұл бұқараның көзі
ашық, сауатты болғандықтан ұйымдастыру жеңіл болды. Бұқара санасының жанды
жерлерін (мысалы, әлеуметтік және ұлттық кемсітумен байланысты) пайдалана
отырып, олардың әлеуметтік белсенділігін түпкілікті әлеуметтік
экспериментерді (мысалы, национал-социализм немесе коммунизм) жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Әлеуметтану және саясаттану
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер
Қазақстандық «үшінші сектор»: даму ерекшеліктері мен проблемалық аспектілері
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
Пәндер