XVII ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары


ЖОСПАР
Осман империясы2
XVII ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары3
Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы5
Қолданылған әдебиеттер тізімі10
Осман империясы
XVII ғасырдағы империяның дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы. Осман империясының негізін қалаушы Осман бей 1299 жылдан бастап нығайған Осман әмірлігінің толық билікті басқарушысы болды. Ол әмірлікке Византияның кішіазиялық провинцияларын бірінен соң бірін қоса бастады. Османның мирасқорлары оның жаулап алушылығын жалғастырды: ең алдымен Кіші Азияның едәуір бөлігі бағындырылды, ол содан кейін ұрыс алаңы Балкан болды. 1400 жылы Константинополь шабуылмен алынып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балкандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.
Жаңа дәуірдің басында Осман империясы Еуропадағы, Азиядағы, Африкадағы орасан зор аумақты иеленді, маңызды халықаралық сауда жолдарына бақылау орнатты, оның билігіне көптеген халықтар мен тайпалар бағынды. Осман империясы әлі де қуатты держава ретінде өмір сүріп, көрші елдерге қауіп-қатер төндіруге кабілетті болатын. Бірақ, шын мәнінде, бұл экономикалық және саяси құлдырауды бастан кешіріп жатқан, артта қалған әскери-феодалдық ел еді.
Осман мемлекеті өз ішінде біртұтас бірліктегі, тату ел бола алған жоқ. Жаулап алған елдердің халықтары өзінің дамуы жағынан әр қилы сатыда болды. Шаруашылық, мәдени, саяси даму айырмашылықтары бір-бірінен алшақ еді. Аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстар нашар дамыды.
Империяның еуропалық бөлігіндегі халықтардың дамуы мен оның басқа аймақтарының және Түркияның өзіндегі қоғамның даму деңгейін салыстыруға болмайтын еді. Осман мемлекетінің әр түрлі ұлт аймақтарының арасындағы байланыс та әлсіз еді. Түріктердің билігіне тәуелді басқа ұлт халықтарының наразылық күрестері қоғамның дамуына кедергі келтірумен болды.
Дегенмен Осман империясында XVII-XVIII ғасырлардағы феодалдық қатынастардың дамуында жаңа заманға тән өзгерістер жүріп жатты. XVII ғасырдың ортасынан бастап жер иеленудегі сипахилік жүйенің ыдырауы тереңдей түсті. Мемлекеттің қоғамдық және шаруашылық өмірінде өзгерістер өтіп жатты. Сипахилердің жер иеліктерінен айырыла бастауы елдің әскери күш-қуатының, жергілікті және орталық өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болды. Осыған байланысты түріктердің еуропалық иеліктеріндегі билігі біртіндеп қысқарып, соғыстан түсіретін табыстары азая бастады. Оның есесіне провинциялардағы феодалдардың дербес билігі күшейіп, сепаратизмнің ұлғаюына жол ашылды. Осман империясының билеуші топтары басқыншылық соғыстарды жалғастыра отырып, жер иеленудің бұрынғы тәртіптерін қалпына келтіруге, сипахилердің жер иеліктерін сақтап қалуға тырысып бақты. Бірақ жүргізілген басқыншылық соғыстар керісінше елді одан әрі шығынға батырып, дағдарыска ұшыратты.
Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, елді ашаршылық жайлауы, янычарлар көтерілісі, сарай төңкерістері мен өздері жүргізген басқыншылық соғыстарда жеңіліске ұшырауы империяны күйзелтті. Түріктерге бағынышты мұсылман және мұсылман емес халықтардың азаттық күресі күннен-күнге өрши түсті. Әсіресе түріктерге қарағанда шаруашылық және қоғамдық дамуы жоғары сатыдағы еуропалық иеліктеріндегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары империяның іргесін шайқалта бастаған еді.
Түрік билеуші топтары империяның әскери күш-қуатын қайтадан қалпына келтіруге тырысып, басқыншылық соғыстарды жалғастыра берді. XVII ғасырда бірнеше рет әскери-лендік, яғни сипахилік жер иелену жүйесін сақтап қалуға, сипахи әскерінің жауынгерлік қабілетін арттыруға әрекеттер жасалды. Бірақ бұл шаралар оңды нәтиже берген жоқ. Жаңа әскери жорықтар түрік феодалдарына орасан үлкен аумақтар мен жаңа табыстар әкелудің орнына, елдегі күйзелісті күшейтіп, Осман империясының одан әрі құлдырауына себеп болды.
XVII ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары
Империяда дағдарыстың күшеюі. 1475 жылы түрік сұлтанына Қырым хандығы бағынышты болып, шамамен осы кезде Кіші Азиядағы Антолияның шығыс бөліктерін жаулап алу басталды, соның барысында түріктердің қолына маңызды халықаралық сауда жолдары келіп түсті. 1514 жылы түріктерге өзінің күллі шығыстағы көршісі - сефевидтік Иранның қарсылығын жеңудің сәті түсті, соның нәтижесінде Арабтық Шығысқа шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. 1516-1517 жылдары Мысыр, Сирия, Хаджаз және ондағы Мекке мен Медине қалалары түрік сұлтанының билігіне көшті.
Екі ғасырдан аз уақытта елеусіз Осман әмірлігі күллі әлемнің, бәрінен бұрын күллі ислам әлемінің көз алдында өз кезеңі үшін бірден-бір ірі қуатты империяға айналды. Барынша ұзақ уақыт өмір сүрген осы империяның құрамына Балкан, Қырым сиякты көзге көрінерлік жаңа иеліктерді айтпағанда, бұрынғы халифаттың иелігінде болған жерлер - Арабия, Ирак, Мағриб, тіпті Закавказьенің бір бөлігі қосылды. Қуатты османдық Түркия Еуропа, соның ішінде Ресей үшін қатерлі болды. Оның флоты Жерорта теңізінде билік құрды, түріктердің әскерлері Венаға бірнеше рет шабуылдап, басқа еуропалық қалаларға жорық жасады.
Вена түбіндегі жеңістен кейін 1684 жылы османдарға қарсы "Қасиетті лига" коалициясы құрылды. Оның құрамына Австрия, Польша, Мальта және Ресей кірді. Сөйтіп, балқан халықтарының түрік үстемдігіне қарсы күресі күшейе түсті.
Осман империясының жағдайы нашарлай берді. Сипахилік әскер саны жыл сайын қысқара түсіп, оның жауынгерлік қабілеті төмендеп кетті. Әскерлерге жалақы берілмеді, оған қазынада ақша да жоқ еді. Үкімет елді қиындықтан шығаратын жол таба алмады. Бүкіл елде, астанада халық наразылығы күшейіп, көтерілістер шықты.
1696 жылы I Петр Азов бекінісін түріктерден тартып алды, ал келесі жылы австриялық қолбасшы Евгений Савойский Тиса өзені бойында түрік әскерлерін талқандады. Осы шайқаста әскерге қолбасшылық еткен Мұстафа (1695-1703) әзер дегенде бас сауғалап, қашып құтылды.
Соғыстардағы жеңілістер және елдің ішкі ресурстарының сарқылуы Түркияны бітім сұрауға мәжбүр етті. 1699 жылғы Карловыдағы келісімшарт бойынша Австрия бүкіл Венгрияны, Трансильванияны, Словенияны алды, Польша Украинаның оң жағалауы мен Подолияны, Венеция өзіне Морея мен Эгей теңізіндегі бірқатар аралдарды қайтарып алды. 1700 жылғы Ресеймен жасасқан бітім бойынша Ресей өзіне Азов пен оған жақын жатқан жерлерді қаратып алады.
Сөйтіп, Осман империясының XVII ғасырдың екінші жартысында жүргізген соғыстары оның күш-қуатының әлсіреуіне, көп жерінен айырылуына әкеліп соқты.
Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қалалар мен сауданың өркендеуі. Осман империясының қол астына қараған үш бірдей құрлықтағы мемлекеттер мен халықтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде еді. Империяның Анадолы аймағы мен Балкан түбегіндегі халықтарда ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Шаруалар феодалдарға ауыр салықтар төлеуге мәжбүр болды. Ауыр езгіден қашқан шаруалар босқынға айналып, қалаларда тұрақтауға әрекеттенді. Қалаларда олар қолөнершілерге айналып, қала халқының саны өсті.
Осман империясындағы қалаларда қолөнер дамыды. Ұлт аймақтарында қолөнердің әр түрлі салалары өркендеді, сауда дамыды. Стамбұл, Измир, Салоншш, Александрия теңіз сауда порттары арқылы Еуропамен, Азияның және Африканың елдерімен сауда байланыстары жүрді. Сонымен қатар, Эрзурум, Токат, Трабзон, Дамаск, Алеппо қалалары арқылы да жан-жақтағы елдермен сауда байланыстары дамып отырды. Осман империясының астанасы Стамбул қаласына жыл сайын оннан аса сауда керуендері және Франциядан, Англиядан, Голландия мен Венециядан сауда кемелері келіп тұрды.
XVII-XVIII ғасырларда Осман империясының қаржы жағдайы дағдарысқа ұшырады. Қазынаға түсетін салықтардың азаюы, шаруалар жагдайының нашарлауы мемлекеттің ақша қорын азайтты. Осман империясының басқа елдерден алған қарыздары өсе түсті. Бар ауыртпалық халықтың мойнына түсті. Империя халқының феодалдық езгіге, түрік сұлтандарының билігіне қарсы күресі күшейді.
Түрік үкіметі империядағы ауыр дағдарысты жою үшін бірқатар реформалық әрекеттер жасауға тырысқанымен, халықтың жағдайы түзелген жоқ.
Түрік сұлтандары Еуропа жақтан төнген қауіпті сезіп, тез арада реформалық әрекеттер жасауға кіріседі. Осман империясында алғашқы мануфактура пайда болды, теңіз флоттары, әскери кемелер, қару-жарақтар жетіле түсті. Түркия Англиямен, Франциямен, Голландиямен сауда келісімдерін жасасты, Стамбұлға француз инженерлері, мүсіншілері, суретшілері шақырылды. 1729 жылы алғашқы мемлекеттік баспахана пайда болды. Түркияда философия, логика, тарих, география, әдебиет, медицина бойынша кітаптар, сондайақ еуропалық авторлардың жасаған сөздіктері мен аударма шығармалары басылып шыға бастаған еді.
XVIII ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты. Халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстар. I Петр кезінде Ресей мемлекетінің күшеюіне байланысты, оның Еуропа елдеріне ықпалы нығая түсті. Орыс мемлекетінің Балкан халықтарына қолдау көрсетіп, көмек беруі түріктердің бұл жердегі саясатына нұқсан келтірді. Еуропадағы билігінен айырылғысы келмеген түріктер XVIII ғасырда Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізді. Бұл түріктердің еуропалық иеліктеріндегі халықтардың наразылығын күшейтті.
1730 жылдың басында екіметтің бұйрығымен өте жоғары әскери салық енгізіліп, бұл қала халқының шектен тыс наразылығын тудырды. Осы жылы күзде Стамбұлда Патрон Халил бастаған қала кедейлерінің кетерілісі басталды. Қолына жасыл жалау ұстаған Патрон Халилдің соңынан қаланың кедейлері ілесті. Көтерілісшілер саны біртіндеп өсіп, бүкіл Стамбұл қаласын камтыды. Көтерілсшілерге янычарлар әскері де қосылды. III Ахмед Сүлтан тактан тайдырылды. Қазанның 2-сінде сұлтан тағына келген / Махмуд Патрон Халилді қабылдайды. Ол көтерілісшілер атынан ауыр салықтарды жоюды талап етеді. Сұлтан бұл тілекті қабыл алды. Осыдан кейін көтерілісшілердің құрамындағы әр түрлі әлеуметтік топтар Патрон Халилді одан әрі қолдаудан бас тартты. Көтерілісшілердің ұйымшылдығы әлсірегенін пайдаланған сұлтан өкіметі 1730 жылы қарашаның 25-інде Патрон Халилді алдап қолға түсіріп, өлтірді. Сөйтіп, көтерілісшілерді шетінен қыруға кіріседі. Көтеріліс басылып тасталды.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Осман империясының халықаралық жағдайы оның әскери-экономикалық әлсіздігіне орай нашарлай түсті. Сұлтан өкіметі сыртқы саясатында дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағына бастады.
1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. Түріктерді осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесінде Осман империясы Еуропадағы иеліктерінен толық айырылды. Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шығып, "осман мұрасын" бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балкан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенген Англия мен Франция II Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес "шығыс мөселесі" деген саясатты дүниеге әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz