МЕМЛЕКЕТТІҢ БИЛІК ЖҮЙЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МЕМЛЕКЕТТІҢ БИЛІК ЖҮЙЕСІ

Мемлекеттік биліктің ұжымы және Қазақстан Республикасында оны ұйымдастырудың қағидаттары.

Мемлекеттік билік- бұл мемлекеттік -құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар орган. Мемлекет органы дегеніміз-белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үші нөкілеттілік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметтіде, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшішіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік огандар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті мідетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртігшіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтік іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура, және өзге де бақылаушы қадалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай- орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіліктің мерзімі бойынша тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құралады) ; құзіретін жүзеге асыру тәртібі бойынша-алқалы (Парламент) басшылық; қызметіні құқылық нысаны бойынша-құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзіретінің смпатына қарай -жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат биліеті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлекметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардың әр қайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асады.

Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі(аса маңызды қағидаттың бірі) -онда әлдебір билікті, басқа органның әрекетін белгілі бір дәрәжеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделген. Билікті бөлу Президент (ІІІбөлім), Парламент(IV), Үкімет (Vбөлім) , және соттар (VІбөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қиммыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуы білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі.

Жоғарыда айтылған өлшемдер негізінде мемлекеттк органдардың мынандай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкметі және Қазақстан Республикасының соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының бірінғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды ел ішінде және халықаралық қатынастада Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Призиденті-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекет биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40бап) .

Қазақстан Республикасынан тысқары жерден туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстандағы кемінде 15 жыл үнемі тұрмаған адам президент болып сайлана алмайтынын атап көрсетуі қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығын жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда 15 жыл бойы тұруы және тұрмысынан сол елдің азаматы болуы тиіс.

Президент өкілді органның депуттаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партияда қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қ. Р. Парламенті- Қ. Р. заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан-Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы - Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы Палатасы - Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51 бап)

Қазақстан Республикасының Үкімет-атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігі - сотта іс жүргізудің азматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құралған Республикасының Жоғарғы Соты және Республикасының жергілікті соттары Республикасының Жоғарғы соттары болып табылады. Қандайда бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді (7бап) .

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, комерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына сыйыспайды.

Қазақстан Республикасының президенті

Мемлекеттік биліктің біріңғай жүйесінде Қ. Р. Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармағының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым канститутциялық құқықтың мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірбиеде тағайындалады (АҚШ, Франция)

Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24-сәуірде Жоғары кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президент Жоғарғы кеңес 6-жыл мерзімге сайланды деп белгіленді. Н. Ә Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылы 16 қазанда Президент сайлауы туралы қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5-жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Назарбаев тағы да сайланды. 1998 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасының Президенті қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылы 7 қазанда Канститутцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президент мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды.

Демек, Президент мемлекеттік билік шыңы. Қ. Р Президенттің биліктің 4-тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармағынан оқшау тұр. Себебі конститутциялық тұжырымдарға сәйкес ол-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы биліктің жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Республика қызметінің алдында жауапты және өз бастамасы бойынша үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конститутцияның 1-бабының 3- тармағында сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және Өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп ол халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конститутциясының мызғымасының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы) . Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттігі айғақ.

Президентке Қ. Р. Конститутциясының 44-бабында көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.

Президент атқарушы билік саласында:

Парламенттің келісімімін Республика Примьер-министірін қызметке тағайындайды; оны қызметіне босатады; Примьер министірдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар құрады, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді. ; Үкіметке заң жобасын Парламент мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы бар қалалар мен астанасы өкіметтерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Примьер минмстірнің ұсынуы мен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбек ақы төлеудің біріңғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Примьер - министірді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметінің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер басқара отырып, Призидент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындады және қызметін тағайындады және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасаған не оның қауыпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе жекеленген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауыпсіздік Кеңесін құрады.

Президнттің басты міндеті - ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекетердің дипломатиялық және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Призидент өкілдіктерінің келесі топтамасы оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құрайды. ОЛ екі жолмен жүзеге асырылады;

1) Заң шығару. Қазақстан Республикасы Конституцичсы 53-бабының 4-тармағына сәйуес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутатткары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге қақылы.

2) Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Республикасының Президентінің норма белгілеушілік қызметінің басты нысандары емес.

Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен үкімдер шығарады.

Қазақсан Республикасының Президентінің кандидаттарына мынандай қатаң талаптар қойылады; Қазақстан Республикасының Призиденті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жақа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған, әлде бір діннің қызметкері емес заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, сондай ақ Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат ғана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі рет артық Президент болып сайлана алмайды.

Қ. Р. Президентін конститутциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы кезінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайланады. Бұл сияқты мәліметтерді Қ. Р. Президенті 1995 жылы 28 қыркүйекте конститутциялық заң күші бар”Қ. Р-дағы сайлау туралы” Жарлығынан, 1998 жылы 7 қазанда Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңнан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 процентінен астамының дауысын алған кондидат сайланады деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған 2 кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайланушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланады деп есептеледі Конститутцияның (41-бабының 5-тармағы) .

Қазақстан Республикасының парламенті .

Парламент-Қ. Р заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкіліді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қ. Р. екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанатының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады. Сенаттың 7 депутаттын Сенат өкілділігі мерзіміне республиканың президенті тағайындалады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қ. Р кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы 30 толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл стажы бар, тиісті облыстың, республиканың маңызы бар қаланың не республика астанасынвң аумағынд кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкілеттік мерзімге Сенат дкпуттаты бола алады.

Сенаттың ерекше қаруына: Қ. Р. Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттың Судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президенттінің Республиканың бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қ. Р. 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.

Мәжіліс - Парламенттеің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік - аумақтық бөлініс ескеріле отырып құралатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау ркругтері сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және бір тұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттілік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.

Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: заңды қабылдайды ; Республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрлысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.

Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т. б. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабы) жатады.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады деп есептейді;

4) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілетігін беруге хақылы. ;

5) Президент Республика Примьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;

6) Преьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырылады және бұл Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді;

7) Әр Палата депутаттары жплпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституциясында белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді.

Парламент бұдан басқа да өкілетіліктерді жүзеге асырады (Конституциясының 53-бабы) .

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қ. Р. Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен мәжілістің Қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Заңдар аса маңызды қоғамдық қатнастарға реттейтін, мынандай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының ұғымы
Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері
Мемлекет жайлы
Мемлекет - саяси ұйым
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны
Мемлекет түсінігі
«Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері»
Мемлекет белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz