ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті. Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті 3
Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері 3
Сайлау органдары 5
Сайлау округтерi мен учаскелерi 7
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 10

Кіріспе

Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай
ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік
беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет
бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140
елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл
әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды,
қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек
деп ұсыныс жасалынды.
Көп социалистік мемлекеттерде демократия тәжірибесі социализмнен
бұрын болған, ал біздің еліміз он сегізінші ғасырда тәуелсіздікті жоғалтқан
соң тоталитарлық режимнен басқа режимді білмеді. Халықтың демократиялық
салты имперлік ықпалмен ығыстырылды. Бірақ, тәуелсіздік алып, еліміз
демократиялық қайта құру рельсіне тұрып өркениеттік, нарықтық экономикалық
күшті мемлекет құруда маңызды қадамдар жасады.
Біздің қоғам бірінші қадамдар жасап қатаң әкімшілік регламентациядан
демократиялық билік құруға кірісті. Әр сайлауда қазақстандық сайлаушылар
еркін дауыс беру тәжірибесін алып, саяси үрдістерге қатысады. Еліміз
электоралдық циклді аяқтап келеді деп айтуға болады, қазір біз жаңа кезең
алдында тұрмыз. Табысты ілгері даму едәуір шамада сайлау жүйесін жетілдіру,
сайлау туралы заң сапасын арттырумен байланысты.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы жалпы сайлау ерекшеліктері
қамтылып ашылған.

Негізгі бөлім

ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті

Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері

Мемлекетіміздің сайлау жүйелеріне тоқталмас бұрын алдымен жалпы сайлау
жүйесінің түсінігіне тоқталып өтелік.
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты
өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен
байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық
қатынастардың жиынтығы.
Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
- берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында
алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутатық мандатты
беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті
мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия,
Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады[1].
Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне ие
болған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйе қолданылатын сайлау округтері бір мандатты болып
келеді, яғни әрбір партия округтан тек бір үміткер ұсынады, ал сайлаушы
үміткерге дауыс беру арқылы партияны қолдайды.
Пропорционалды сайлау жүйесі әлемде өте кең таралған. Оның шарты
бойынша сайлауға қатысқан әрбір саяси партия Парламентте депутаттық мандат
санын алады, ол дауыс санына тура пропорционалды болмақ.
Бұл жүйе қазіргі күні әлемнің 60 елінде қолданыста[2].
Ол бір мақсатқа – дауыс пен мандат саны мөлшерін сәйкестендіруге
бағытталған.
Сайлау процесінде жекелеген үміткерлер емес, партиялық тізіммен
сайысқа түседі. Сол себепті де әр округтен бірнеше үміткер шығады.
Аралас жүйе жоғарыдағы екеуінің қоспасынан келіп шығады. Бір палаталы
Парламент сайлауы немесе қос палаталы Парламенттің бір палатасына сайлау
кезінде депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша, екіншісі -
өздігінен, бір мандатты округтерден сайланады. Қазіргі уақытта бұл сайлау
жүйесін Қазақстанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын
сайлау кезінде мынадай сайлау жүйесі қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу
пайыздан астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен
жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының
елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат болып сайланады;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай
жүйесi қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын
алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған
болып саналады;
- егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы
үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу пайызы дауыс берсе,
ол сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс
санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
- басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Сайлау органдары

Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын
мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
Сайлау комиссияларға Республиканың Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық
сайлау комиссиялары, округтiк сайлау комиссиялары, учаскелiк сайлау
комиссиялары кіреді.
Сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бес жыл. Әрбір сайлау
органының өз өкілеттілігі бар. Біз тек қана Республиканың Орталық сайлау
комиссиясының өкілеттігіне тоқталып өтейік.
Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас
жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
Ол Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын
комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және
мүшелерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 12-бапқа сәйкес
Орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктері:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды
жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң
құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен
өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын
ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
ҚР сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Конституциялық құқық қайнар көздері
Жарнама агенттігі және оның рөлі
Жарнамалық агенттіктер түрлері
Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу тарихы және өкілеттілігі
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер