Саясат пен экономиканың байланысы неде. Ұлы көршілер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Саясат пен экономиканың байланысы неде?2

Ұлы көршілер7

Қорытынды9

Қолданылған әдебиеттер:10

Саясат пен экономиканың байланысы неде?

Былай қарасаң экономика мен саясат бір сөз сияқты. Айырмашылығы тек айтылуында ғана секілді. Саясат - халықты басқару, билік жүргізу туралы ілім, ал экономика - ақша табудың тәсілдері мен оны тиімді пайдалану және тиімді сақтау. Ал төменде саясат пен экономика арасындағы қатынастарға мысалдар келтіре кетейін.

КСРО-ның құлауы жайындағы қазіргі таласта әскери, әскери техникалық, стратегиялық аядағы екі жүйе арасындағы тайталас назарға алынып жарымайды. Ал расында, ішкі жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі сынды, қатал көрсеткіштермен өлшенетін экономикалық потенциалымыздың АҚШ-қа қарағанда, шамамен бір жарым-екі есе төмен болғандағы ешкімге құпия емес.

Қарулану жолындағы бәсеке - Кеңес Одағы құлауының басты себептерінің бірі. Екі жүйенің текетіресі кеңінен етек алған 1950 жыл мен 1990 жылдар арасындағы қырық жылда мамандардың айтуынша, әскери шығын 20 триллион долларға жетіпті. Ал 80-жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысы бар өндірісте планетамыздың 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасапты. Тағы да сол мамандардың есебіне жүгінсек, шикізаттың негізгі түрлерінің 5%-ы соғыс мақсатына жұмсалыпты.

Әрине, мұндай орасан зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратады. Бұрынғы кеңестік экономикалық комплекстің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен, қызмет етуге бағышталған. Мұндай мұраның бар тауқыметін қазір біздің Қазақстан да тартудай-ақ тартып отыр. Мұндай жүйенің экономикалық бәсекелестік деңгейімізді көтеруге көмектеспейтіні табиғи нәрсе. Оның үстіне бұрын қару-жарақ шығару саласында бәсекеге шыдай білген экономикалық жүйеміз жетпісінші жылдардың аяғында, сексенінші жылдардың басындағы технология алмасуының салдарынан, Батыс экономикасына төтеп бере алмайтын күйге ұшырады.

Кеңестер одағында әскери өнеркәсіп комплексіне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың не сұрағаны кедергісіз табылып тұрды. Машина жасау, орта машина жасау, ауыр машина жасау, атом өнеркәсібі, авиация өнеркәсібі, байланыс министрліктері ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте. Халық шаруашылығы өніміне қосылғанмен, шын мәнінде халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді.

Әскери техниканы шығаруға, ресми статистикадан тыс қалған, бірақ қорғаныс шығындарына жататын қара және түсті металлургия министрліктерінің, сол сияқты басқа да ведомстволардың өнімдері де жіберіледі.

Жалпы алғанда әскери ғарыштық техникаға байланысты бірнеше бағытты, стратегиялық ядролық үштікке жататын құрамдас бөліктерді қоспағанда, біздің әскери-өнеркәсіп комплексі экономика ішіндегі экономика іспетті құбылыс еді. Соған қарамастан, Батыспен болған техникалық шайқаста бәрібір жеңіліске ұшырады. Кез келген көзі ашық адам әскери техника саласындағы мұндай ахуалды, кеңес қаруының Таяу шығыста, Ауғанстанда, бірнеше Африкалық елдерде әлденеше рет тойтарыс алғанына қарап, өзі-ақ аңғара алар еді. Мемлекеттік қыруар қаражат пен адам күшін қылғытып баққан әскери-өнеркәсіп комплексі осылай мешеулік танытып бақты. Халықаралық аренадағы әскери сәтсіздіктеріміз бейбіт кездегі “ерлік-еңбекті” еселей түсуімізге мәжбүр етті.

1973 жылы энергетикалық дағдарыс кезінде ОПЕК елдерінің өзара келісілген бірыңғай саясат жүргізуінің нәтижесінде, мұнайдың құны апта сайын жоғарылай түсті. Бұл жағдай технологияда жетекші орындарға ие мемлекеттер 70 жылдан бастап қуат үнемдеушілік пен ресурс үнемдеушілік технологияға еңсіріле көше бастады. Бұл ғалымдарымыздың жаңалықтар ашуына жағдай жасауды көздеген альтруистік пиғылдан емес, әлемдік экономикалық конъюктураның талабынан туындаған құбылыс еді.

Дәл сол кезде, Кеңестер Одағында Сібірден ірі мұнай кендері жедел игеріле бастады. Бір қарағанда, әлемдік экономикалық конъюктураның өзі бізге әдейі қарасқандай еді. Аса ірі мұнай кендерінің ашылуы мен қуат ресурстарының әлемдік рыногында аса тиімді бағаның ұзаққа тұрақ таңдаудың арқасында миллиардтаған доллар табыс түсірілді. Соның ықпалымен 70 жылдарды алғанда тұрмыс деңгейі де біршама жоғарылады. Батыспен екі арадағы әскери-саяси және әскери-техникалық тайталас та КСРО-ның осындай орасан зор қуаттық мүмкіндіктерінен туындап жүрген. Алайда, бұл ресурстар стратегиялық мақсаттарға, болашаққа қажетті қорларға, алтын-валюталық қорларды молайтуға пайдаланылмады. Олар технологиялық жағынан алға озып шығу үшін емес, сол әскери өнеркәсіп пен көмір, металлургия және ауыл шаруашылығы сияқты, экономиканың өзін-өзі ақтамайтын салалардың қажетіне жұмсалды. Оның үстіне, табиғи қуат көздеріне сеніп, үнемдегіш жүйедегі жаңа технология жасақтауға мән берілмеді. Мұндай молшылықтың мүмкіндіктері азаматтық экономика саласынан атымен аулақ жатты.

Қайта құрудың бас кезінде КСРО-ның экономикалық жағдайы туралы бүкпесіз талдауларға негізделген көптеген материалдар жарық көрді. 1988 жылдың мамырында “Знамя” журналында жарияланған қорытындыларды былай жазады: Олар Кеңестер Одағында ешкім жұмыс істемейтін кәсіпорындар салды, ал барларында белгіленген қуаттарда жұмыс істемеді немесе қажетсіз өнімдер шығарылды деп жазды. Ешкімге керегі жоқ станоктар сатып алынды. 25 жылда КСРО фондтарының қойылымы екі есе дерлік төмендеді, өнеркәсіпте - бір жарым, ал ауыл шаруашылығында - үш есе. Ауыл шаруашылығында қозғалыссыз жатқан жабдықтар паркі ақылға сиярлық шектен асып кетті. 30 жыл ішінде комбайндардың қызмет ету мерзімі екі есеге кеміді. КСРО-да комбайндар АҚШ-тағымен салыстырғанда біржарым есе кем қызмет етті. Қажетті 650 мың парктің орнына бізде 1 миллион комбайн болыпты. Комбайндарды жөндеуге кеткен шығындар оның алғашқы құнынан бес-алты рет асып түсті. Мұндай техника үшін жөндеушілер қызметінің тұтастай армиясы керек болды, олардың саны шамадан тыс ұлғайып жатты. АҚШ-та ауыл шаруашылық техникасын жөндеуге қаңтар-ақпан айларында 1, 8-2, 9 миллион адам, шілде тамыз айларында 40 миллионға дейін адам жұмыс істеді. Бізде осы мақсатта жыл бойына 30 миллионға тарта адамдар жалақы алды. Бір американдық жұмысшы бір сменада біздің екі адамның өнімін шығарады, бір американдық фермер - біздің бес колхозшының өндіргенін өндірді.

1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті ядролық мемлекет құруды алғашқы мақсатқа қойды. Менің ойымша одан басқа жол болмады. Н. Ә. Назарбаев американ телевизиясының интервьюында: “Қазақстан өзі мұраланып отырған ядролық қаруды болашақта да сақтап қалуға тиіс болып отыр. Біз өзге республикаларға, тіпті ең күшті, ең ірі республикаларға да өз аумағымызға орналасқан ядролық қаруға бақылау орнатуға жол бермейміз”, - деп мәлімдеді.

1996 жылдың басында Ресей Қазақстан шекарасындағы кеден кедергілерін алып тастады. Содан бері Қазақстан - Ресей, Қазақстан - Беларусь тауар алмасуы күрт көбейгенін атап өтуім керек.

Уақыт саясаттағы да, экономикадағы да өзгертпей тұра алмайды. Олардың санатына ұлт экономикаларының құрылымдық байланыстарының төмендеуін, экономикалық мүдделерінің дербестенуі мен тайталасқа түсуінің өрши бастағанын, саяси кеңістіктің кедір-бұдырын көбейтетін экономикалық реформа үлгілерінің әр алуандығын, мәдени бағамдар мен өркениеттік бағдарлардың ара-жігінің ашыла түсуін жатқызуға болады.

1993 жылы ТМД елдерінде біртұтас сом аймағында қалатындықтарына ақырына дейін сенді. Біз онда өте күрделі экономикалық жағдайға тап болдық. Жас ұлттық ақшаның құны құлдырай түсті. Макроэкономикалық орнықтылықты жүзеге асыру әдістерін меңгеруде орашолақтық таныттық. Өнеркәсіп ұйқыға батты. Жекешелендіру бағдарламасына ешкім жете түсіне алмады. Байланыс үзілді. Әлеуметтік күйзеліс күшейді. Бар мемлекеттердің бәрінде де осындай ахуал бел алды.

Бірақ ол кезде біз әрқайсымыз өз бетімізбен омбылап көруге тәуекел еттік. Қыруар қиямет кештік. Қатені де көп жібердік. Көп қатемізді өзіміз түзедік. ТМД-ның көп елдері өз бетімен әрекет етіп, экономикалық құлдыраудың ең тұңғиығынан шыға алды. Қаржыны орнықтырудың тетіктерін меңгерді. Өнеркәсіптік саясатты қайта жандандырды. Тауармен қамтамасыз етуді сапалық түрде жақсартты. Мұндай күрделі істе жаңа ықпалдастар жаңа мен жаңа мүдделер пайда болмай тұрмайды. Кешегі кеңестік кеңістіктің экономикалық тұтастығы төмендеді.

Реформадағы өзгешелік, әсіресе шаруашылық саласының заңдарының ара жігін тым алшақтатып жіберді. ТМД елдері саяси даму қарқыны да әр қилы және әр бағытта.

Енгізілген жаңа реформалар бір демде жемісін бере бермейді. Көптеген адамдар өзгерістің өте баяу жүріп жатқанына қынжылады. Оны халқымыздың бойкүйездігінен көреді. Тіпті біздің халқымыз демократияға лайық емес, ол оны бәрібір түсінбейді дейтіндер де бар. Бірақ бұл өзгерістер кім үшін жасалады? Оны кім жүзеге асыру керек? Неге халық сол реформалардың белсенді атқарушы болып табылмайды?

Өйткені қарапайым адам көбіне-көп белсенді жасампаз күш деп емес, реформаның қарапайым құралы ретінде қарастырылады.

Алайда кез келген реформа тыңғылықты ойланып, тыңғылықты кесіп-пішілуі керек. Реформа тек ағымдағы танымал теорияға бас ие салғанда ғана емес, стратегиялық тұрғыда жан-жақты мықтап пайымдалысы ғана нәтижелі болмақшы.

Бүгін Қазақстан өз реформасын өзі үйлестіруге мүмкіндік алды. Ол өз шаруашылық комплексімізді қалыптастыруға кіріскендігіміздің арқасында мүмкін болып отыр. Өз табиғи байлықтарымыз бен өз қаражатымызды өзіміз билейміз. Баяғы кезде ондай дәурен болған жоқ. Біреудің қатесін сол қалпында қайталауға мәжбүр болдық.

Қоғам билікке тек сырт жағынан жылтырағанына қарап ұмтылатындарға сенсе, қатты ұтылады. Нағыз саясатшыға ең кемі үш қасиет керек: теориялық дайындық, экономикалық қызмет тәжірибесі, қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілік. Бүгін адамдарды білу мен өндірістік тәжірибең болудың өзі жеткіліксіз. Саяси қайраткерлер тек кеңесшілерінің айтқанына ілесе бермей, өзі де осы заманғы қоғамдық теорияны, ұсынылып отырған реформаның барлық егжей-тегжейін жетік білуі қажет. Саясатшылардың жаңа буынының өз білімін жетілдіруге жете мән бермейтіндері үлкен қателікке ұрынады. Өмір толассыз өзгеріп жатыр: бір кездегі білген аздық етеді.

Өткеннің қатесін қайталамау үшін тәжірибе керек. Адамның ең жақсы тәлімгері - өз басынан өткен қиындақтар. ТМД-ның көптеген елдері империядан құтыла сала, азамат соғысы өртіне шалдыққан елдердің қателіктерін қайталады. Ескі дүниені күйретіп, орнына мұрат еткен жаңа қоғамды бірден орната салуға тырысушылық байқалды. Мемлекеттік құрылыс экономикалық және саяси жаңашылдық үрдіске көшумен бір мезгілде жүргізілгенде, мемлекеттік машинаны жүйеге салу жағдайы түбегейлі бақылау тізігінінен біржолата айрылып қалу қаупін туғызды. Егер жағдайды қадағалаудың берік тізгіні қолда жоқ кезде күйретушілік желікті бір қыздырып алсақ, оны қайта тоқтату қиындап кетеді.

ТМД-ның жаңа елдерінің алдында тұрған ең өзекті мәселе - мемлекеттік құрылымдарды реформа барысында, оған тек керек кезінде ғана араласып отыратындай қылып, икемді етіп құру. Бірақ ашық көзім жеткен бір мәселе - өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамда, әлеуметтік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке меншік институттары, олардың мүддесін көздейтін партиялар түріндегі саяси өкілдер әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан маңызға ие болатындығы.

ХХ ғасырдағы заманға лайық жаңаруға тоталитаризм өте үлкен қауіп туғыза алады. Өйткені ол - индустриалдық өркениет пен қоғамдық топтарды бақылаудың атымен соны техникалық және ақпараттық мүмкіндіктері туғызған құбылыс.

Қазақстан үшін авторитаризм бе, әлде демократия ма дейтін мәселенің басы ашық. Авторитарлық үрдістің мүмкіндігі туралы таластар бір әлеуметтік-экономикалық жүйеден екінші жүйеге ауысардағы мемлекеттік атқарар қызметі дұрыс түсінбеушіліктен туындап жүр. Бұл процесте мемлекеттің жетекші қызмет атқаруына азаматтық қоғам институттарының әлсіздігі, адамдар санасындағы тоталитарлық өткенің стереотиптері жойылып, бітпей жатқандығы, жаңа экономикалық-әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуының қиындықтары обьективті түрде себепші болады. Біз мемлекеттік аппаратты жаңалау мен нығаюда адам құқығын нығайтып, азаматтық қоғам институттарын қалыптастырумен бір кезде жүзеге асыру стратегиясын таңдап отырмыз. Алайда әзіргі жағдайда қоғамды реформалаудың негізгі жүгін мемлекет өз мойнына алуға мәжбүр болып отыр. Мәселені бұлай түсінетін адамдар үшін авторитаризмнің меңдеуі жайындағы қауіп жәй әншейін құрғақ сөз екендігі анық.

Саяси теорияда өтпелі кезең күрделілігі мен әлеуметтік қайшылықтардың өткірлігі, бір жағынан, қоғамның билікті бақылауы мен парламент институттарының әлсіздігі, екінші жағынан, президент билігін күшейтуге объективті түрде ықпал етеді деген пікір бар. Ол ұлттық символға, саяси маңыздың ең маңызды нышанына, орталық тірегіне айналады.

Егер интеллектуалдық элита, қандай да болмасын себептен, реформаның тиімді байыптамасын ұсына алмаған жағдайда, процесс байқап көру және қатеден қорытынды шығару әдісімен жүргізіледі. Ал мұндай тәсілдің де қаупі көп. Сондықтан да бізге Қазақстанды реформалаудың өз байыптамасын жасауға тура келеді. Кейде, оппозицияшыл күштердің ұсынған жобалары өмірмен қабыспайтын, орындалуы мүмкін емес болып шықты. Саясатта экономистер, талдау мен тәжірибе мамандары керегірек.

Ұлы көршілер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Акбар билігі
Индустриялық даму сатысы
Қытай Халық Республикасы
Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі саяси жағдайына әсері
Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Жұмыссыздық және оның түрлері туралы ақпарат
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан – Қытай қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz