Сауд Арабиясының Қазақстанмен байланысы


ЖОСПАР:
1. КІРІСПЕ:
Сауд Арабия мемлекеті.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Табиғаты
ә) Тарихы
б) Экономикасы
3. ҚОРЫТЫНДЫ:
Сауд Арабиясының Қазақстанмен байланысы
ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қазақстан егемендік алып дүние жүзіне субъект ретінде белгілі бола бастағаннан кейін, оның халықаралық байланыстары аумақтық мәнге ие болуы тарихи және табиғи нәрсе. Осы орайжа, Қазақстан мен араб елдерінің сырт қарағанда біраз айырмашылығы болғанымен, екі жақты байланыс орнатуға себеп болатын факторлар да бар.
Орталық Азия ислам республикаларында жағдай бойынша жұмыс істеген, ЕАР Сыртқы Істер министрлігі дипломатиялық институты ұйымдастырған (Каир, 1992 жыл, 15-16 қаңтар) конференцияда Қазақстан өзінің жағрафиялық, геосаяси орны бойынша регионда қауіпсіздікті сақтап тұруға кепіл бола алатын бірден-бір мемлекет екендігін сарапшылар дәлелдеді.
Араб елдері Қазақстан мен қарым-қатынас орнатудың екі жаққа тиімді екенін біле тұра байланыс орнатуға онша асықпауда. Оның себебі біріншіден, араб елдерінің Қазақстаннан жағрафиялық жағынан шалғай жатуы болса, екіншіден дамуған араб елдерінің Саудия Корольдігі мен Египет араб республикасының саясаттарының бір жүйеге келмегендігімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, араб елдерімен байланыстардың тез арада қалыптасуына Қазақстанның кеңес дәуірі кезінде коммунистік идея салдарынан ислам дүниесінен алшақ болуы да кері әсерін тигізді. Ол кезде Қазақстан мен араб елдері арасында тікелей ешбір қарым-қатынас болмады.
Сауд Арабия Корольдігі Таяу Шығыс елдерінің арасында экономикалық жағынан алғанда аса дамыған ел. Елдің экономикасының негізгі мұнай өнеркәсібі. Елдің ¾ бөлігі шөл дала болғанына байланысты мемлекет ауыл шаруашылық техникасын, құрал-сайман сатып алуға, ирригациялық құрылыстарға және жол салуға өте көп қаражат бөлді. Соның арқасында бұл ел бидайды және басқа ауыл шаруашылық өнімдерді экспортқа шығаруға мүмкіндік алды.
Экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, Сауд Арабиясы дүние жүзіндегі ең бай, аса тұрақты, өмір сүру деңгейі жоғары елдер қатарына жатады. Халықаралық деңгейде Сауд Арабиясының рөлінің артуының тағы бір себебі, ол дамып келе жатқан елдерге қаржылық зор көмек көрсетуі, атап айтқанда, Ислам конференциясы Ұйымы мүшелеріне 1974 пен 1991 жылдар аралығында бұл көмек 28 млрд доллардан болғанын айта кеткен жөн.
Екінші жағынан, Сауд Арабиясының беделінің артуы, ол жерде исламның түпқазығы болып табылатын тарихи орындар бар. Оларды корольдік көзінің қарашығындай сақтап, бүкіл жер жүзіне исламның не екенін паш етіп отыр. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Батыс елдермен, АҚШ-пен тығыз сауда-экономикалық байланыс жүзінде исламды уағыздау, ұлттық мүдделерін қорғауда мұсылман мемлекеттеріне көмек көрсету, бұл елдердің ішкі ісіне араласпау болып табылады. Осы принципке орап сыртқы саясатты исламды қорғау, ислам елдерінің біртұтастығын нығайту, дүние жүзі әлеміде олардың мүдделерін нығайтуға көмектесу, ислам ұлттарымен қарым-ұқатынас орнату мәселесіне орай жүргізген.
Қазақстан - Саудия ресми қатынастары 1992 жылдан басталды деуге болады. Сол кезде Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Принц Сауд аль-Фейсал Қазақстанға ресми сапармен келу ынтасын білдірген болатын. Оған дейінгі қатынастар сыртқы істер министрліктері тарапынан жүргізіліп тек екі жақпен танысу сипатында болды.
1992 жылдың маусымыда Сауд арабиясы корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Еуропа Департаментінің бастығы Принц Турки Қазақстанға келді. Оны Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі қабылдады. Ал 1993 жылы ақпан айында ҚР сыртқы істер министрлігінің аса маңызды шаруалар бойынша елшісі қысқа сапармен Эр-Риядта болған кезінде Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Саль-Файсальдың қабылдауында болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Король Фахдқа жеке жолдамасын тапсырды.
Содан бастап біртіндеп Қазақстан Саудия арасындағы экономикалық байланыстар орнай бастады деуге болады. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан Саудияның Даму Фондының миссиясы келіп, Қазақстан министрліктерімен кездесіп, біраз жобаларды қаражаттау мәселесін талқылады. 1993 жылдың 3-қазанынан 27-қаңтарға дейін Қазақстанда Принц Мухаммед Бек Бандар болды. Ол Қазақстан экология және биоресурстар министрлігімен Қызыл Кітапқа жазылған құстарды қорғау жайында келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесінде Принц пен министрлік арасында Экологиялық фонд құру туралы келісімге қол қойылды. Ол фондтың жарғылық капиталын 2 млн доллар Принц жеке өзі салды.
Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы байланыстың нақты орнауы 1994 жылы 30-көкекте Қазақстан Сыртқы Істер Министрі Қ. Б. Саудабаевтың Эр-Риядқа сапарынан басталды. Мұнда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық қатынас орнату жөнінде Протоколға қол қойылды. Қазақстан Министрін Король Фахл қабылдады. Келіссөз барысында Қазақстанға Сауд Арабиясының сауда-өнеркәсіпкерлерін жіберіп, қарым-қатынасты нығайту мәселесі келісілді.
Сонымен қатар, 1994 жылдың тамызында Қазақстанға Сауд Арабиясының әскери мамандары келіп, ҚР қорғаныс министрлігімен келіссөздер жүргізді.
1993-1994 жылдарда Қазақстан мен Сауд Арабиясы жақсы дәрежеде дипломатиялық қатынастар жүргізіп отырды да, ҚР Президентінің Сауд Арабиясына Ресми сапары даярланды.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстарды және де бүкіл араб дүниесімен қатынастарды жаңа биік дәрежеге көтерген. Әрине, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары болды. Ол 1994 жылы 25-28 қыркүйекте өтті. Сапар кезінде ҚР Президенті Король Фахд Бен Абдель Азизбен кездесті. Ол екі ел арасындағы тарихи байланыстардың қайта жаңғырғанына ризашылығын білдіріп, Қазақстанның егемендік алуының мұсылмандар қоғамына да маңызы зор екенін атап өтті. Саудия мемлекеті басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Орталық Азия мен түгел ТМД елдері арасындағы бейбітшілік пен тұрақтыьлықты сақтауға бағытталған салмақты саясатын аса жоғары бағалады. Сауд Арабиясы өздерінің компаниялары мен іскер адамдарының Қазақстанның экономикасы, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда, жеке бизнес салалары бойынша қатынастарын әрқашан қолдайтынын білдіреді. Король Фахд Қазақстанның егемедігіне, мемлекетінің күшейуіне өз көмегін аямайтынын және ішкі істеріне араласпайтынын, алдын-ала ешбір шарт қоймастан жан-жақты байланыстардың пәрменділігін арттыруға ат салысатынын айтты.
Сапар кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Принц Абдалла Бен Абдель Азизбен, Премьер-министрдің Екінші орынбасары, қорғаныс және авиация министрі Принц Сұлтанмен, Парсы Шығанағы араб мемлекеттерінің өзара көмек Кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Абдалла аль-Кувейзимен кездесіп, екі жаққа қатысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Сауд Арабиясына сапары тек корольдік пен араб елдерінде ғана емес бүкіл дүние жүзінде жақсы резонанс тудырды. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында орнаған қарым-қатынасқа орай сапардың мақсаты мынау еді: екі ел басшылары арасында аса сенім орнату, Саудияны Орталық Азия мемлекеттері жағына тарту, жеке бизнесті Қазақстанға тарту және екі жақты байланыстар үшін шарттық құқықтық негізін қалау. Біздің ойымызша осы мақсаттардың бәрі өз нәтижесіне жетті. Олай дейтініміз сапар кезінде сауда-экономикалық, инвестиция мен мәдениет, спорт және жастар ісі жөнінде Бас келісімге қол қойылды. Сапар нәтижесі бойынша бірлескн коммюнике қабылданды. Осыдан бастап Қазақстан - Саудия қатынастары орнап, жаңа деңгейге көтеріле бастады деуге болады.
САУД АРАБИЯСЫ
Сауд Арабиясы корольдігі (Әл-Мамляка әл-Арабия әс-Саудия) - Арабия түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 2, 240 млн км 2 . Халқы 22, 7 млн (2002) . Астанасы - Әр-Рияд қаласы. Әкімшілік жағынан 13 округке бөлінеді. Сауд Арабиясы абсолюттік монархия. Мемлекет және үкімет басшысы, қарулы күштердің қолбасшысы - король. Король үкіметті құрады және жоғарғы лауазым иелерін тағайындап, орнынан боса алады. Сауд Арабиясы үкіметі заң жобасын дайындайды, мемлекетаралық келісімдерді бекітеді, ішкі, сыртқы саясат, экономика, қаржы мәселелері жөнінде тиісті шешім қабылдайды. Халқының көпшілігі арабтар. Ресми тілі - араб тілі, діні - ислам, күнтізбесі - ай һижрасы.
ТАБИҒАТЫ. Сауд Арабиясының Қызыл табиғаты, Парсы шығанағындағы жағалауы жайпақ, құмдауыт келеді. Жерінің 1 млн км 2 -не жуығы шөл дала (Нефуд, Дехна, Руб-әл-Хали) . Орталық бөлігі куэсті қырат. Батысында Хижаз және Асир (биіктігі 2500-3000) таулары бар. Геологиялық құрылысы жөнінен Сауд Арабиясының жерін Нуби-Араб қалқаны (батыс жағы) мен Месопотамия ойысы (шығыс бөлігі) құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі мұнайлы-газды өңірлердің бірі - Парсы шығанағының мұнайлы-газды бассейні Сауд Арабиясының оңтүстік-шығыс жағында. Климаты: солтүстік жағында субтропиктік, тым континенттік. Жазы өте ыстық, қысы жылы. Шілденің орташа температурасы 33 0 С (Әр-Риядта), қаңтарда 14 0 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм, тауда 400 мм. Ағыны тұрақты өзендері жоқ; жер асты суына бай.
ТАРИХЫ. Сауд Арабиясы жерін ежелгі заманда (б. з. б. 2-мыңжылдық) көшпелі араб тайпалары мекендеген. Б, з, 7 ғасырында Арабия түбегінің батыс бөлігінде (Хижазда) жаңа дін - ислам пайда болып, мұсылмандардың алғашқы теократық мемлекеті - Араб халифаты құрылды; оның орталысы Медине қаласы болды. 7-8 ғасырларда қазіргі Сауд Арабиясының көп жері Омейя әулеті билеген халифат құрамына енді, одан кейін бұл аймаққа Аббас әулеті үстемдік жүргізді. 10-12 ғасырларда Арабия түбегі аумағының бір бөлігінде дербес князьдіктер (әмірліктер, сұлтандықтар құрылды. Хижаз Фатима әулетіне, кейін Айюб әулетіне, ал 13 ғасырдың ортасы - 16 ғасырдың басында мәмлүктерге вассалды тәуелділікті болды. Хижаздың экономикалық және діни-саяси маңызы (мұсылмандардың қасиетті қалалары Мекке мен Медине осында) зор болғандықтан, халифтар онда өз үстемдігін сақтап қалуға тырысты. Өз кезегінде Неж әмірлігі едәуір дәрежеде дербестік сақтап қалуға ұмтылды. 16 ғасырдың басында Осман сұлтандығы Хижазда өз билігін орнатты. Іс жүзінде тәуелсіз әмірлік болып қалған Нежде (Орталық Арабия) 18 ғасырда мұсылмандардың діни-саяси уаххабшылар ағымы пайда болды. Неж әмірліктерінің бірін билеуші Мұхаммед ибн Сауд 1745 жылы уаххабшылдық туы астында Арабияны біріктіру үшін күрес жүргізді. 19 ғасырдың бас кезінде Арабияның дені көшпелі және отырықшы араб ақсүйектеріне сүйенген Сауд әулеті билеген мемлекетке біріктірілді. Бірақ 1811-1818 жылы Арабия түбегін Египет патшасы Мұхаммед Әлидің әскерлері басып алды да, Сауд әулеті билеген мемлекет бөлшектеніп кетті. Дегенмен жергілікті халықтың Египет басқыншылығы мен сауда байланысының бұзылуына наразылығын пайдаланып, Сауд әулеті Нежде екі рет (1821-1838, 1843-1865) өз үстемдігін қалпына келтірді. 16 ғасырдан бастап Осман сұлтандығының құрамына кіретін қазіргі Сауд Арабиясының оңтүстік бөлігі - Асир 19 ғасырдың ортасының едәуір дербестік құқын пайдаланды. 19 ғасырдың 2-жартысында уаххабшылар мемлекетін Шаммар (Солтүстік Арабия) князьдігінің билеушілері - рашид әулеті жаулап алды. 1902 жылы әмір Ибн Сауд Кувейт билеушісі Мубарактың қолдауымен Әр-Риядты басып алып, Рашид әулетінің басты әскер күшіне соққы берді, кейінірек Нежде Сауд әулетінің үстемдігін қалпына келтірді және басқа да араб әмірліктері мен Түркия арасындағы алауыздықты пайдалана отырып, өз иеліктерін кеңейте бастады. Бұл жағдайда ағылшын өкіметі өзінің отаршылдық мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1915 жылы желтоқсанда ағылшын-сауд келісім жасалды, келісім бойынша Ұлыбританияның Нежді Түркияға қарсы соғысқа тарту әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 1915 жылы ағылшынның Египеттегі жоғарғы комиссары Мак-Магон мен Меккенің (Хижаз) шерифі Хусейннің жасырып жазысқан хаттары нәтижесінде Хусейін арабтарда Түркияға қарсы көтеріліске шығаруға, ал Ұлыбритания Хусейін бастаған болашақ араб мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауға міндеттенді. 1916 жылы Хусейннің баласы әмір Фейсал бастаған Хижаз тайпасының жасақтары ағылшын тыңшысы Т. Э. Лоуренстің басшылығымен Түркияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. 1-дүниежүзілік соғыс (1914-1918) аяқталғаннан кейін Ибн Сауд Арабияны біріктіру жолындағы күресті тоқтатпады. 1920 жылы ол Асирдің бір бөлігінде протекторат орнатып (бүкіл Асир 1930 жылы бағындырды), 1921 жылы Шаммарды бағындырды. Неж бен Хижаздың арасындағы соғыстың (1924-1925) нәтижесінде Ибн Сауд Хижазды Нежге қосты. 1927 жылы қаңтарда Ибн Сауд Хижаз бен Неж және оған қосылған аймақтардың королі болып жарияланады. 1927 жылы Ұлыбритания Сауд әулеті билеген тәуелсіз мемлекетті мойындауға мәжбүр болды. 1932 жылдан бастап мемлекет Сауд Арабиясы болып аталды. Жаңа мемлекетті КСРО да мойындады. КСРО-ның Сауд Арабиясындағы тұңғыш елшісі қазақ халқының көрнекті ұлы - Н. Төреқұлов болды. 2-дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде Сауд Арабиясы Германиямен (1941) және Италиямен (1942) дипломатиялық қатынасын бұзды, бірақ соғысқа қатыспады. Соғыстың аяғында, әсіресе соғыстан кейінгі уақытта, Сауд Арабиясына АҚШ-тың ықпалы күшейді. 1943 жылы АҚШ Сауд Арабиясымен дипломатиялық қатынас орнатып, елді лендлиз туралы заң өрісіне қосты. 1950-1960 жылы экономиканы дамытудағы қарама-қайшылықтар, ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, Саудтың басқа араб елдерінің ішкі істеріне қол сұғуы елді саяси дағдарысқа душар етті. 1964 жылы 2 ақпанда Сауд тақтан түсіп, орнын Фейсалға беруге мәжбүр болды. Сауд Арабиясы араб елдерінің Израиль басқыншылығына қарсы күресін үнемі қолдап отырды. 1967 жылдан бастап Сауд Арабиясы Израиль басқыншылығының құрбаны болған Египетке, Сирияға, Иорданияға едәуір қаржы көмегін берді. 1974 жылы қазанда араб елдері басшыларының Рабатта өткен конференциясында Сауд Арабия Палестинаны азат ету ұйымын Палестинадағы араб халқының бірден-бір өкілі деп тануды мақұлдады. 1979 жылы уаххабшылар Сауд әулетіне қарсы қарулы қимылдарға барды. Соған ілесе шииттер қозғалыстары да орын алды. 1982 жылы таққа отырған Фахид ибн Абд әл-Әзиз әс-Сауд 2005 жылы 1 тамызда қайтыс болды, орнына оның бауыры Абдолла келді.
ЭКОНОМИКАСЫ. Сауд Арабиясы - дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші және өңдеуші елдердің бірі. Дүние жүзіндегі мұнай қорының төрттен бірі Сауд Арабиясы жер қойнауында шоғырланған. Шикі мұнай қоры 261, 7 млрд баррел немесе 35 млрд тонна, табиғи газы шамамен 6, 339 трл м 3 . Мұнай елге экспорттан түсетін пайданың 90%-ын құрайды. Елде жеңіл өнеркәсіп және металлургия, мұнай мен газ өңдеу, химия, тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын шығару дамыған. Мекке қаласында жылына қажылыққа 5 млн адам келе алатындай жағдай жасалған.
Сауд Дравиясы Корольдігі аймақтың қуатты қаржылық және экономикалық әлеуеті бар аса дамыған елдерінің қатарына жатады. Ел экономикасының негізін мұнай өнеркәсібі құрайды. Корольдіктің әлемдегі ірі мұнай ресурстарын иеленуші және сыртқа шығарушы ретіндегі мәртебесін ескерсек, бұл табиғи нәрсе.
Сауд Аравиясының жағдайына оның аумағында мұсылман-дардың ең басты қасиетті орындары Мекке мен Мединаның болуы айрықша сипат береді. Осы маңызды жағдай Сауд сыртқы саясатының негізгі қағидаттарын айқындауда, ол бүкіл әлемде исламды қолдауға және мұсылман мемлекеттеріне көмек көрсетіп, демеуге бағытталған. Эр-Рияд Парсы шығанағы аймағында саяси, экономикалық және идеологиялық орталық болып қала отырып, елдегі саяси режимді қайткенде де сақтап қалуға ұмтылады.
Елдің сыртқы саясатында ислам құндылықтарын насихаттауға және қорғауға Араб және Ислам мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға басымдық беріледі. Діни және этни-калық қағидаттарға негізделген аймақтағы ықпалды саяси және қаржы мекемелері: Ислам конференциясы ұйымы, Ислам Даму Банкі, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі және басқаларды құруда нақ Корольдік шешуші рөл атқарғанын атап ету керек.
Қазақстан - Сауд ресми қатынастары өз бастауын 1992 жылдан алады. Экономика саласындағы байланыстар бір мезгілде басталды, алайда олар ірі жетістіктерге жеткізе қойған жоқ. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстанға бірлескен жобаларды қаржыландыруға байланысты келешекті алдын ала зерттеу тұрғысында Сауд Даму қорының миссиясы келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz