Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
ЖОСПАР
1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы 1
2.Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері 4
1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Саясаттану сөзі (политология) гректің политика және логос деген
сөзінен шыққан, саяси тұралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі,
адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайын
келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы,
мемлекет агриссиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе соқтыратыны
даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат
жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы боларыда белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан
түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары
мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет ететін,
қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең
қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі
адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік
космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда
(Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға
сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді
реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифы бойынша билік құдайдың
құдірітімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император
болып есептелген. Ежелгі гректерде ең алғашқы билік жүргізуші құдайлардың
өздері болыпты-мыс.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына
байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола
бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан
әрі күрделіленуі, материалдық өндірістік, халық санының өсуі оның өміріне
мемлекеттік тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда Ұлы
ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың,
мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси
теориялар туды.
Біздің з.б.бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни мифологиялық
танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор
еңбек еткендер – Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар.
Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз
байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат мүддесіне сай келуге,
адамгершіліке негіздеуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғылым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясат негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін
этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасыр саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы
Фома Аквинский саяси билікке құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары
құдайдың қалауына қарсы шықты, халықтың оларды құлатуына болады деген
байлам айтты.
Саясатты кәзіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір
сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық
(құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден
туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп
мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше
түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің
қазіргідей түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды
демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік
саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының
өрістеуіне мүмкіндік берді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың
ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделене түсті.
Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану
теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж.Локк, Ш.Л.Монтеске, Ж.Ж.
Руссо, Т.Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп
еңбек сіңірді.
Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде
қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық)
әдістердің кеңінен пайдалана бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың
Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор
Фрэнсис Либер Тарих және саяси ғылым деген кафедра ашты. Соның негізінде
онда 1880-жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872-
жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын
саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси
және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар
ассоциациясы құрылды.
ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық
бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды
қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың
халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің
белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында
саясаттану жеке пән ретінде барлық факултеттерінде міндетті түрде
оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы,
АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді.
Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны
бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға,
партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын
талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс
жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланды.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық
ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын
мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда
тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой
тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып,зерттеліп жатты. Алайда, олар
ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты
коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең
алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі
мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес
Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануы на,
тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989-жылдан жоғары
Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей
бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті
Саяси ғылымдар деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми
түрде бекітті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz