Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері 2
1 Саясаттану пәні ғылым ретінде 2
2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері 8
3 Саясаттанудың ғылым ретіндегі функциялары 11
Пайдаланылған әдебиеттер 14

Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері

Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың
экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім.
Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың
методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да, саясаттану пәнін ғылым
ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.
Экономика және саясат ұғымдары қоғамдық өмірдің бір-бірімен өзара
тығыз қарым-қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда,
саясатта, саяси шешімдерде, саясат субъектілерінің іс-әрекеттерінде
тұтастай қоғамның, сондай-ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық
мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да,
экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым-
қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие.
Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс-әрекет өзінің шынайы мазмұнын
жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.
Саяси мәдениеттің мәнін экономикамен, экономикалық қатынастар мен
мүдделерге тікелей байланысты адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі
ретінде қарастырмасақ тұрпайы болар еді. Саясат - объективті байланыстар
жүйесі мен даму логикасы, сондай-ақ негізі субъект пен субъектінің
арасындағы қарым-қатынас болғандықтан маңызды субъективтік түсінігі бар
қоғамдық қатынастардың дербес сферасы. Сол себептен де саясатң термині
жеткілікті түрде көп қырлы болып келеді.
Саяси шынайылықтың күрделі әлемінде аталған терминді идеологиялық
қағидаларды, маңызды билік шешімдерін, әлеуметтік институттарды, қоғамдық
ұйымдардың формаларын, әдістерін, әрекет ету құралдарын белгілеу үшін және
саяси қатынас субъектілері өз мүдделерін іске асыру мақсатында билікке
ықпал етуге, билікті қалыптастыруға қолданады.

1 Саясаттану пәні ғылым ретінде

Оқу пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен
оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым пәнінің бөлінуі, оның негізгі
өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас
ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді.
Ғылым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен
дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады.
Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын-ала анықталғандық пен
тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі
тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған
қалыпта болады. Кез-келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі
мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек,
өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды
конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге
бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің
шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі
болып табылады.
Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде
қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы
ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет
етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-әрекеттерінің тарихы
қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-
әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық,
моральдық-этикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздерін көрсететін
рефлексия ретінде қарастырылды.
Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін
ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол
әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші
орынға шығарды.
Біздің ойымызша, саясаттану пәнінің анықтамасына осы кіріспе қажет,
өйткені саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнін қалыптастыруды және
методологиялық базаға, ғылыми аппаратқа және білім жүйесін қолдану ареалына
ие дербес, теориялық тұрғыда жетілген ғылымға айналу процесін басынан
кешіруде.
Саясаттану - саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы
ғылым (гр.polіtіxa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Бірақ бұл
терминологиялық анықтама саясаттану пәнінің мәнін толық аша алмайды. Бұл
терминнің мазмұны белгілі дәрежеде ғылыми зерттеу объектісін, ғылым пәнінің
іздену аясын көрсетеді.
Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды белгілері мен қасиеттері ғана
бейнелетіндіктен ғылым объектісі мен пәнінің арасындағы айырмашылық
салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми білімнің өзіндік сипатын түсіну
үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен түсініктерден көрініс табатын
объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте маңызды екендігін
ескергеніміз жөн.
Саяси білімдердің басқа да жүйелері секілді саясаттанудың да зерттеу
объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым,
көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани
салалардың өзара әрекеті ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды
бөліп көрсету - қоғам өмірінің ғылыми-теориялық бейнесінің қажетті
алғышарты.
Өркениеттің өне бойындағы тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғам
өмірінің барлық салаларының арақатынасы иерархиялық сипатта болады және
ондағы басты рөлді экономика ойнайды. Бұл арада ескере кетер жайт,
қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік-практикалық процесс. Қоғамдық
өмірдің табиғаттан ерекшелігі, онда оның өзін жасаушы субъект әрекет етеді.
Сондықтан да, социумда қоғамдық процестердің, олардың даму себептерінің
тұрпайы экономикалық түсініктері қабылданбайды, өйткені адамнан, оның
әрекетінен тыс ешқандай тарих, ешқандай экономика болмайды. Анықтап айтсақ,
субъект қалай болса, тарих солай болады.
Қоғамдық дамудың аталған ерекшелігі тарихи процестің субъектілік себеп
байланысын қалыптастырады. Қоғамдық даму өндіріс тәсілдерінің қарапайым,
бірізді алмасуы емес, бұл адамзат ұрпағына субъектілік сипат беретін, оны
адам санатына қосатын тіршілік әрекеті. Тарих адам жасампаздығының, оның
алдына қойған мақсаттарының тәжірибе жүзінде іске асуының нәтижесі.
Әлеуметтік даму мен тарихи өзгерістер - адамдар әрекетінің, әлеуметтік
күштердің, қалың бұқараның өзара қарым-қатынасынан туындайды. Қоғам
өмірінің осы тұсын саяси шынайылық ұғымымен белгілеуге болады.
Саяси шынайылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге орай
үлкен топтар объективті түрде қатар өмір сүріп, өзара әрекет етеді.
Бұлардың арасындағы осы қатынастарды саяси қатынастар деп атайды, өйткені
топ мүдделерінің, қабылдаған шешімдерінің іске асырылуы үшін оларды өзара
келістіру қажеттілігі пайда болады. Сонымен қатар саяси қатынастар адамдар
арасындағы шынайы қатынастар болғандықтан субъектілер арасындағы қатынастар
болып табылады, яғни субъект-субъектілік сипатта болады. Осы
субъектілердің мүдделерін түйістіру және осының негізінде дамудың басты
шарттары саналатын қоғам тұтастығын сақтау, әлеуметтік келісім мен
тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси шынайылықтың ең маңызды әлеуметтік
проблемасы. Бұл үшін қоғамдық организмде басқару мен билік функцияларын
атқаратын белгілі бір құрылымдық элементтер қалыптасады.
Тарихқа көз жүгіртсек қазіргі саяси жүйелердің өзегі болып отырған
басқару мен биліктің мемлекеттік формасының кеш пайда болғандығын көреміз.
Басқару мен билік мемлекеттен бұрын болған. Басқару мен биліктің негізін
құрайтын саяси қатынастар рулық сипаттағы әлеуметтік қатынастардың бір
түрі, ал таптық саяси қатынастар ретінде ауыспалы, өткінші болады. Бұл
жағдай Аристотельдің Политика атты еңбегінде жеткілікті түрде айқын
көрсетілген: Бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын немесе бөлінген
бірнеше бөліктерден құралған билік құру элементі мен бағыну элементі
тұтастық құрайды. Бұл – табиғат заңы болғандықтан, оған жанды тіршілік
иелерінің бәрі бағынады.
Өркениет тарихы беттерінен саяси шынайылықтың дамуын қарап отырсақ,
биліктің мазмұны мен формасының қалай өзгергенін, мемлекеттік биліктің
сойыл ретінде қызмет еткен кездегі ашық, тіке зорлық-зомбылық әдістері мен
құралдарынан өзара келісім жолымен мүдделер бірлігін қамтамасыз ететін
әдістер мен құралдарға қалай өткенін байқауға болады. Сондықтан Аристотель
билікті деспоттық (қожайынның құлына билігі) және саяси (мемлекеттің
азаматқа билігі) деп бөліп қарастырды. Міне, осыдан адамзаттың саяси
мәдениетінің қалыптасу жолдарының қиындыққа толы болғандығын көруге
болады.
Қазіргі заманғы саяси шынайылық – барлық бөліктері бір-бірімен өзара
әрекетте болып, тығыз байланысып жатқан құрылымданған күрделі бірлестік.
Оның ең маңызды бөліктері мемлекет пен азаматтық қоғам. Сол себепті жалпы
түрде саяси ғылымды мемлекетті зерттейтін, яғни мемлекет ісін зерттейтін
ғылым және азаматтық қоғамды (саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекет
етуі мен қызмет етуінің мемлекеттік емес формалары мен тәсілдері), яғни
қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқилы түрлерін, сонымен қатар саяси
қатынастар субъектісі адамды зерттейтін ғылым деп бөлуге болады.
Ұсынылып отырған бұл классификацияда саяси ғылым жеке пән ретінде айқын
анықталынған. Мемлекет ісімен қатар азаматтық қоғамды да зерттейтіндіктен
саясаттану бұл жерде біріктіруші саяси ғылым ретінде көрініп отыр.
Саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше орын алады және оның өзіне
лайықты мәртебесі болуы керек.
Саясаттануда саяси шынайылықтың генетикалық негізі, қоғамдағы орны,
құрылымы, пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары анықталады. Яғни,
саясаттанудың пәні саяси шынайылық екен. Саясаттануда субъект-субъектілік
саяси қатынастар проблемасы да айтарлықтай орын алады.
Бұл қатынастардың өзегі билік болып табылады. Саясаттанулық мәселелер
мемлекеттік биліктің қоғам өміріндегі орнын, оның жүзеге асу функциясы мен
тетігін, оның қалыптасуына әлеуметтік күштердің қатысуы мен тигізер
ықпалын, сондай-ақ мемлекеттік билік формасының өзгеруін анықтаумен
байланысты. Мұндағы ескеретін нәрсе, биліктік қатынастар субъектінің
белсенділігі мен еркін білдіре отырып субъект-субъектілік қатынастар
табиғатынан шығады. Мемлекеттік билік, оны ұйымдастырудың нақты формасы мен
функциялары биліктік қатынастардың табиғатымен де, қоғамның әлеуметтік
қажеттіліктерімен байланысты да анықталынады.
Саясаттану пәнінің ерекшелігіне байланысты саяси білімдер жүйесінде
саясаттану ерекше, біріктіруші функцияны орындайды деген қорытындыға келуге
болады. Егер саясаттану саяси шынайылықты тұтастық ретінде қарастырып, оның
пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттесе, саяси білімдердің
жеке элементтері бұл тұтастықтың жеке бөліктерін зерттейді. Саясаттанудың
бұл элементтерге қатысты біріктіруші функциясы оларға жалпытеориялық және
методологиялық негіз ретінде қызмет ете алады. Егер аналогия мүмкін болса,
онда мұның орнына жалпыәлеуметтік теория мен нақты әлеуметтік пәндер
арасындағы ара қатынасты қолдануға болады.
Ұзақ уақыттар бойы кеңестік қоғамдық ғылымда ғана емес, барлық жерде
саясаттану проблемалары мемлекет ісін зерттеумен байланысты қарастырылып
келді. Мұндай қадам өркениеттің даму деңгейімен, онда мемлекет пен билік
әлеуметтік күш ретінде халықаралық та және мемлекет ішінде де туындап
отыратын экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемаларды шешуде жетекші
рөл атқаратын қазіргі әлемде өтіп жатқан әлеуметтік-практикалық
процестердің ерекшелігімен байланысты.
Саяси білімдер жүйесінде мемлекет ісін зерттеудің мұндай дәстүрінің
болуы негізсіз де емес. Оны Батыстық саяси ойлардың даму тарихымен қатар
жүріп келеді деуге болады. Мұндай дәстүрді жақтаушылардың бірі Никколо
Макиавелли (1469-1527) өз уақытындағы саяси ғылымның негізгі міндетін
мемлекет пен билікті нығайтудың құралдары мен әдістерін рационалды түрде
дәлелдеу деп қарастырды. Саяси идеология мен практика, дәстүр ретінде
макиавеллизм адамзаттың саяси ойында теріс бағаға ие болса да, ол өміршең
еді. Мемлекет ісін зерттеудің бұл дәстүрі 1949 ж. ЮНЕСКО аясында құрылған
саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясында тіркелді және кеңестік саяси
ғылымдар ассоциациясында (САПН-1979ж) қабылданды.
Алайда ол қазіргі саяси шынайылықтың кейбір фундаменталды
ерекшеліктерін көрсете алмайды. Өйткені, өркениеттің даму өлшемі мен
ондағы демократиялық формалардың, әлеуметтік-саяси іс-әрекеттердің
белсенділігіне байланысты саяси өмір басқару мен биліктік, мемлекеттік
құрылымдардың шеңберіне сыймайды, онда мейлінше толыққанды және әлеуметтік
қажеттілік ретінде мемлекеттік емес құрылымдар, яғни азаматтардың саяси
және қоғамдық ұйымдары немесе азаматтық қоғам да өз орнын алуда. Бұл жағдай
бұрынғы мемлекеттік зерттеу дәстүрінің қазіргі саяси нақтылықпен
жанаспайтынын анықтады.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінде саясаттану ғылым ретінде даму үстінде, ал
бұл саяси білімдер жүйесін сапалы түрде жаңарту, төл ғылыми-теориялық,
методологиялық негіздерін жасау қажеттілігін көрсетіп отыр. Өткендегі
қоғамтанудың методологиялық, дүниетанымдық және жалпытеориялық негізі
тарихи материализм болғаны белгілі. Нақты әлеуметтік пәндер үшін ол
жалпыәлеуметтік теория есебінде болса, саяси білімдер жүйесінде жалпысаяси
теория қызметін, яғни белгілі дәрежеде саясаттанудың да қызметін атқарды.
Бұл жағдайдың қоғамтанудың қоғам туралы объективті ғылыми білімдер
жүйесі ретінде дамуына кедергі келтіретін теріс жақтары да болды. Өйткені
ғылым дүниетанымдық қағидаларды басшылыққа алып, тым идеологияландырылып
жіберілген еді.
Саяси білім идеологиялық құндылықтарды, қағидаларды тәжірибелік
әрекетке көшіргендіктен, оны тікелей жүзеге асыру жеңілдеді. Ал маркстік-
лениндік теорияның классикалық түрде іске асуы ретінде қаралған КОКП-нің
тарихи тәжірибесі еліктеу үлгісі еді. Саяси теорияның тек КОКП-нің
тәжірибесін талдаумен шектелуі оның мазмұнын жұтаңдатып жіберді, себебі
теорияның даму базасы болып әлемдік-тарихи саяси практика емес, тек
тоталитарлық режимнің шектеусіз дәріптеген тәжірибесі - өзінің ситуативтік
және субъективтік шеңберінен аса алмаған ұлттық тәжірибе ғана болды.
Саясаттанулық тәсілдің болмауынан бұрын қабылданған саяси шешімдер
саяси мәдениеттің дамуына емес, қарапайым парасатқа, себеп-салдарлық
байланыстардың тікелей қабылдануына, таптық, идеологиялық құндылықтарға,
партиялық қағидаларға негізделінді. Бұның бәрі белгілі бір дәрежеде саяси
білімдерді бұрмалап, оларды эмпиризмге, шексіз фактологияға, немесе
абстрактылық-теориялық схоластика – догматизмге душар етті.
Сонымен, саясаттану саяси білімдер жүйесін сапалы түрде жаңарту, оның
теориялық-методологиялық ареалын құру, рухани базасын кеңейту, оны
догматизмның, КОКП-нің тарихи тәжірибесіндегі апологетиканың құрсауынан
құтқару үшін қажет. Тарихи електен өткізіліп саяси мәдениетте жинақталған
консерваторлардың да, реформистердің де, революционерлердің де әрекеттерін
бар ерекшеліктерімен қоса қамтитын адамзаттың дүниежүзілік саяси тәжірибесі
біздің рухани игілігімізге айналуы тиіс. Саясаттану ғылым ретінде осы
мәдениеттің теориясы және методологиясы болып табылады.
Қазіргі жағдайда саясаттанудың дамуы қоғамның сапалы түрде жаңаруына
көмектесетін саяси мәдениеттің қалыптасуы мен өркендеуі үшін қажет.
Қоғамның сапалы түрде өзгеруі азаматтардың саяси белсенділігінің
нәтижесінде мүмкін болады. Бұл белсенділік елде әрқилы саяси ағымдардың
пайда болуына алып келеді. Бірақ азаматтардың белсенділігі бей-берекет
стохастикалық сипатта емес, саяси және құқықтық мәдениет шегінен асып
кетпеуі керек. КСРО халқы ұзақ уақыт бойы жеке басқа табыну мен
тоталитарлық режим жағдайында өмір сүргендіктен, тарихи процестің
субъектісі ретінде қазіргі саяси мәдениеттің құндылықтарынан мүлдем тыс
қалды деуге болады.
Қазіргі барлық саяси іс-әрекеттерді сараптау мен бағалау тұрғындардың
жаңа саяси мәдениетті игеру мәселесінің өткірлігін көрсетіп отыр. Саяси
мәдениетті игермей тұрып әлеуметтік прогресс жолымен жүру, оның негізгі
құндылықтарын сақтау мүмкін емес.
Бұқара халық санасында, кейде ғылыми әдебиет пен публицистикада
саясаттану терминін саяси білімдердің барлық жүйесі үшін жинақтап атауды
пайдалану әрекеттері кездесіп қалады. Саясаттануды бұлай түсіну оны өз
орнынан айырып, оның қарастыратын төл мәселелерін саяси білімдердің ұшы-
қиыры жоқ шексіз проблематикасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саясаттану ғылымы туралы
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Саясат тарыхы
Пәндер