Әл-Фараби қала мемлекеттердiң екi түрi және оның билеушiлерi туралы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Әл-Фараби қала мемлекеттердiң екi түрi және оның билеушiлерi туралы4
Қорытынды10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша “Муаллими соний”) атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар - бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналасытан түрлі түркі ру-тайпалардан өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани - деп жазылатыны болған. Мұндағы “тархан” сөзі екі нәрсені аңғартады, біріншеден, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді; екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша “тархан” деп аталатыны болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаск, Каир т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті, Шығыстың осы шаһарларда ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Өз өмірінің көп жылдарын араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақтылықпен толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдағы арқасында көп ұзамай олардың арасында абырой беделге ие болады. Бірақ өрісі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған. Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді.
Өзінің “Фусул ал-мадани” (Мемлекет қайраткерлердің нақыл сөздері) деген шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын хорасанға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.
Әл-Фараби қала мемлекеттердiң екi түрi және оның билеушiлерi туралы
Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу - оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi - Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды.
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950 жж. ) еңбектерiнде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.
Араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсiлдерiн, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретедi деп атап көрсеттi. Өзiнiң саяси көзқарастарын ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» трактаттарында кеңiрек баяндайды.
948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» - әл-Фарабидiң ең кемел туындыларының бiрiнен саналады. Ол бұл еңбегiнде қала тұрғындарының бақытты өмiрге қол жеткiзуiне жағдай жасаған жоғары билiк өнерiне көбiрек көңiл бөледi. Қайырымды қаланың қайырымды билеушiсi туралы айта келiп, әл-Фараби қала тұрғындарының игiлiктi өмiр сүруi билiк өнерiне тiкелей қатысты деп ой түйедi. Ол өзiнiң қарамағындағы халыққа философияның ақиқат-анық қағидаларын ұғындыра бiлетiн философ басқаратын ежелгi грек ойшылдарының «қайырымды қала туралы» iлiмiн одан әрi дамытты. Аристотельдiң этикалық ұстанымдарын басшылыққа алған отырарлық ойшыл Платонның салған iзiмен жүрдi. Қалаларды әртүрлi категорияларға жiктеген әл-Фараби оның негiзгi екi түрiн қайырымды және қайырымсыз қалаларды бөлiп көрсетедi.
«Бақыт - әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа бiлiм мен игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарында көбiрек болатындығын дәлелдейдi. Қайырымды қаланың билеушiлерi қала тұрғындарының мүддесi үшiн қызмет етсе, қайырымсыз қала билеушiлерi алдымен өз мүдделерiн көздейдi.
«Бақытқа жету» еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. Сондықтан, әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжы-рымдайды.
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге - дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз - қалада байлық табатын-дар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» .
Әл-Фараби қаланы билеудiң алқалық түрiн де жоққа шығармайды. Билiктiң бұл түрi туралы ол былай деп жазады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамдардың арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.
«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын - iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.
Әрбiр отбасын қоғамның кiшкене бөлшегi ретiнде қарастырған әл-Фараби оның өзiнiң жеке мақсаты болады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет етуi тиiс, яғни адамдар өзiнiң жеке мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыруы керек дегендi айтады. «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөзiнде» ол отбасы мүшелерiн (Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. Олар ерi мен әйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата-ана мен балалары, мүлкi және оның иелерi. Үйдiң өзiне тән мақсатын қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа жұмылдыруын әл-Фараби адамдардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң көрiнiсi деп есептейдi. Ал адамдардың көздеген мақсаттарына жетуi оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, iзгiлiкке, игiлiкке тек адам ғана қабiлеттi, бұл адамның қолы жете алатын ең биiк бағыт деп ой қозғайды ұлы ойшыл.
Адамдардың рухани жетiлуiнде де дiн мен философияны салыстырған әл-Фараби, философия дәлелдеудi, дiн сенудi қажет етедi, бiрақ екеуi де адамдардың ақиқатқа жету жолына көмек бере алады дейдi. Философия мен дiндi, әсiресе этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым ретiнде қараған ол, адам баласын жаратылыстың ең құндылығы, сондықтан да адамдар арасындағы өзара құрмет пен мейiрбандықты, сыйластықты жоғары қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz