Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Қоғамның саяси жүйесі. Ұғымы, құрылымы және саяси институттары2

2. Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология. 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі10

1. Қоғамның саяси жүйесі. Ұғымы, құрылымы және саяси институттары

«Қоғамның саяси жүйесі» ұғымы осы қоғамдағы билік пен басқаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты және өзара әрекет ететін саяси ұйымдар мен мекемелердің тұтас кешенін қамтиды.

Қоғамның саяси жүйесіне мынадай элементтер кіреді:

1) саяси институттар;

2) саяси қарым-қатынастар;

3) саяси және құқықтық нормалар;

4) саяси сана, саяси және құқықтық мәдениет.

Барлық осы элементтер қоғамның саяси билік орталықтандырып басқаратын тұтас организм ретінде өмір сүруге мүмкіндік береді.

1) Саяси институттар саяси билікті іске асыруда барынша маңызды роль атқарады. Саясаттанушылар оларды үшке бөледі:

а) жеке саяси;

б) жеке емес - саяси;

в) саяси емес.

Сонымен, а) жеке саяси - бұл мемлекет және оның мекемелері; тура және тікелей саяси билікті іске асырушы саяси партиялар. Олардың қызметіндегі басты мәселе: билікті жүзеге асыру немесе билік үшін күрес;

б) жеке емес-саяси - кәсіподақтар, әртүрлі жастар ұйымдары, қауымдастықтар, олардың қызметі билікті жүзеге асыруға байланысты болса да, бірақ бұл олардың қызметінің бір қыры ғана;

в) саяси емес ұйымдар саяси билікті жүзеге асыруға мүлдем қатыспайтындар, олар қоғамның көлденең құрылымына жатады және бүкіл саяси жүйеге жанама әсер етеді (еркін спорттық қоғамдар, экологиялық қозғалыстар және басқалары) .

Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі, ол оның маңызды саяси институты болып табылады.

ҚР-ның қолданылып жүрген Конституциясы бойынша (1-баптың 1-тармағы) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы1 болып табылатынын бекітеді.

Саяси жүйедегі негізгі роль саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар секілді институттарға жатады. Бұл саяси институттардың осы немесе басқа елдің саяси өмірінде бірдей роль ойнамайтынын атап айтқан жөн, өйткені олардың біреуі билеуші болып табылады, өз құрамынан үкіметті құрайды, қоғамның барлық тобында үлкен беделі болады. Басқалары оппозицияда болады, парламентті шамалы ғана орын иеленеді немесе мүлдем иеленбейді және өз еліндегі қоғамдық және саяси өмірге едәуір салмақты ықпал көрсете алмайды. Бірқатар елдерде бір партиялық, екі партиялық жүйе жұмыс істейді.

2) Саяси жүйенің бүкіл құрылымдық элементтерін бекітетін, байланыстыратын фактор ретінде саяси қарым-қатынастар әрекет етеді. Болашақта экономикаға қатынасы бойынша екінші орында тұратын олар қоғам өмір сүруінің бүкіл саласының қызмет етуін қамтамасыз етуде барынша елеулі роль ойнайды. Саяси қарым-қатынастардың ерекше ролі олардың көпшілік билігі, әдетте адамдар тобы (ұлттар, таптар, әлеуметтік топтар) бойынша қарым-қатынасты білдіретіндігінен тұрады. Олар әртүрлі әлеуметтік бағытта болады. Осы қарым-қатынастардың бір векторы өмір сүріп отырған саяси жүйені нығайту мен дамытуға бағытталады, басқасы осы саяси жүйенің деструктивті факторы ретінде әрекет етеді және саяси мүдделерді - оны бұзу мақсатын көздейтін күштерді білдіреді. Саяси қарым-қатынастар - бұл ынтымақтастық қарым-қатынастар, мүдделердің теңдестігін есептеу, оқшаулау, бейтараптандыру, күрес және т. б., олар ұлттар, таптар, қауымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың қоғамдық формасын білдіреді, солар арқылы олар және оларға жанасатын әлеуметтік топтар мен таптар өзекті міндеттерді шешуде саяси қызметке қосылады.

3) Саяси жүйеде оған кіретін ұйымдардың қызметі және өзара қызметі әлеуметтік-саяси нормалармен, құқық нормаларымен реттеледі. Мұндай нормалардың қатарына дәстүрлер, мораль, саяси өмір этикасы жатады. Осы нормалар жүйесінде құқық ерекше орынға ие, ол барлық қоғамдық қатынастардың басты нормативтік реттеушісі , мемлекеттік қана емес, қоғамдық ұйымдардың да әрекет ету базасы, қоғамның бүкіл саяси жүйесін дамыту болады.

Қазіргі кезеңде саяси жүйенің әрекет етуінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) ролі мен маңызы айтарлықтай артты. Олар мемлекеттік мекеме және партия органы, көпшілік ұйымдар, қоғамдық пікірді қалыптастыру және білдіру арнасы ретінде әрекет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұртшылықты ішкі, сол секілді халықаралық аядағы өзекті саяси оқиғалар туралы, мемлекеттік мекемелердің, билеуші және оппозициялық партиялардың қызметі туралы, қоғамдық-саяси қозғалыстардың әлеуметтік-саяси тұжырымдамалары мен практикалық әрекеттері туралы хабардар етуде ірі мүмкіндіктері бар.

«ХХІ век» газетінде жарияланған талдама мақалада айтылғандай2, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары міндетіне Президенттің имиджін көпшілікке жақындастыру кірсе де, осы міндетті орындай алмай отыр. Олар көп жағдайда мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы тұра алмауда, қазіргі Президенттің сөзсіз қолдауы оларға айла-шарғы жасауға кеңістік бермей отыр. Көптеген мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралында творчестволық емес, сенімсіздік жағдай (ресурстық жеткіліксіздік) байқалады, бұл субъективті жағдаймен байланысты, мысалы, жұмысқа творчестволық қабілетіне емес, туыстық қатынасына қарай қабылдау, ақиқатты айтудағы, бастама тастаудағы жасқаншақтық және с. с.

Талдамашылар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына жұмысқа кәсіпқой журналистерді тарту қажеттігіне (қажет болған жағдайда жақсы сыйақы беруге уәде беру), мемлекет үшін қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша ойластырылған ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеуге және ахуалды үнемі қалыпты жағдайда ұстап тұруға назар аударуда. Бұл үшін қоғамдық пікірге тұрақты және объективті мониторинг, әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет.

4) Саяси жүйеге қоғамның саяси мәдениеті секілді элемент те кіреді. Қоғамның саяси мәдениеті азаматтардың биліктің өкілдік органдарына сайлауға, заң жобаларын талқылауға арналған қоғамдық референдумдарға қатысу және т. б. секілді демократиялық принциптер мен нормалар негізінде саяси шешімдер дайындау мен қабылдау процестерінде саяси өмірге қатысу деңгейін сипаттайды.

Саяси жүйенің жұмыс істеуіне саяси сана секілді оның құрылымдық элементі айрықша ықпал жасайды, яғни тұлғаның, ұжымның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның саясат әлемін, саяси процестерді қабылдауы және сезінуі, сондай-ақ олардың саяси қызметке қарым-қатынасы. Саяси сананың ерекше маңызды элементі қоғамдық пікір болып табылады. Зерттеушілер атап көрсеткендей3, Қазақстанда қоғамдық пікір Президенттің қызметіне қолдау көрсету және оның қызметін бағалау аясында теңдестік жағдайында теңдік сақтап тұр. Қандай да бір ерекше оқиға немесе күштеу президенттік күштер тарапынан, сол сияқты оппозициялық топтар тарапынан кез келген сәтте оны бұзуы мүмкін. Осы теңдестіктің кепілі қазіргі кезде, сөзсіз Президенттің өзі болып табылады.

Қоғамның саяси жүйесі демократияның даму дәрежесін объективті түрде көрсетеді. Бұл егер оны халық билігі деп қабылдаса, демократия қоғамның саяси жүйесінде іске асатынын білдіреді.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құрамдас бөліктері қолданыстағы ҚР Конституциясында көрсетілген (1-баптың 2-тармағы), онда «Республика қызметінің негізгі принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриоттылық, мемлекеттік өмірдің барынша маңызды мәселелерін республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беруді қосқанда демократиялық әдістермен "4 деп ерекше атап көрсетілген.

Демократия принципі конституцияда және қоғамның экономикалық шағын жүйесінде бекітілген, Конституцияда (6-баптың 1-тармағы) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылады және теңдей қорғалады делінген.

2. Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология.

1. Әрбір елде саяси жүйе тұтастықпен сипатталады.

2. Әрбір саяси жүйе елдегі таптық, саяси, идеологиялық ахуалдың өзіндік ерекшелігімен анықталатын қайталанбастық қасиетке ие.

3. Саяси жүйенің өзін өзі сақтау және өзін өзі жаңарту қасиеті, яғни саяси жүйе тұрақты және өзін өзі жаңарта алады.

4. Саяси жүйенің өзі экономикалық және рухани шағын жүйелермен қатар қоғамдағы шағын жүйенің бірі болып табылады.

Тек саяси жүйеге ғана тән оның ерекше сипаттарының, белгілерінің тұтастай қатары кездеседі.

А. Саяси жүйенің үстемдігі . Бұл оның көмегімен саяси биліктің жүзеге асырылатынын және оның шеңберінде «бүкіл қоғам және әрбір шағын қоғам» үшін міндетті шешімдер қабылданатынын білдіреді.

Б. Саяси жүйенің қоғамдық ортаға, бірінші кезекте, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына бағыныштылығы . Болашақта қоғамда саяси билікті жүзеге асыру құралы ретінде саяси жүйенің өзі қоғамның экономикалық және әлеуметтік базисі ретінде құрылған.

В. Саяси жүйенің салыстырмалы дербестігі , яғни қарым-қатынастар, әдетте, арнайы нормалармен: құқықтық және саяси нормалармен реттеледі.

Саяси жүйенің функциялары :

1. Қоғамның мақсаты мен міндеттерін анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билік - қоғамдық феномен
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Құқықтың пайда болуы
Темперамент типн және адамның мінездік ерекшелігі
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Құқықтың тарихи типтері
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz