Жаһандану: мәні мен бастаулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Жаһандану: мәні мен бастаулары4

Жаһандану ұғымы және оның қазіргі заман теориялары4

Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері6

Қорытынды9

Қолданылған әдебиеттер тізімі10

Кіріспе

Жаһандану мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін құбылыс. Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары бар. Қазіргі кезде жаһандану үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны біреулер қолдаса, екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да әлемдік экономикадағы ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде толық ақталмауда. Ұлттық экономика мен әлемдік экономика арасындағы қайшылықтардың күшейгені соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді дүниеге әкелуде. Бұл қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен қатар, қоғамның рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары әлемдік мәдени жаһандану алдында өзінің бет-бейнесінен айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер тарапынан қарсылықтарға кез болуда.

Жаһанданудың елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша жаһандану ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып табылады.

Әсіресе осы тұрғыдан жаһанданудың халықаралық қарым-қатынасқа әсері жөнінде ой-пікір зерделеу Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін өте маңызды. Жаһандану процесінен бой тасалап қалу мүмкін емес кезеңде халықаралық қарым-қатынастың қалай өрбитінін зерделеу өте өзекті мәселе екені анық. Ендеше осы мәселе төңірегінде ой өрбітуімізге тура келетіні айдан анық. Жаһанданудың оң тұстары да баршылық (байланыстардың өсе түсуі, ақпараттар мен тауарлардың ағынының үдей түсуі, шетелдік инвестициялар ағыны) . Ал теріс әсерлеріне стандарттау үрдісінің кең етек алуы, ұлттық және этникалық айырмашылықтардың біртіндеп азайа түсуі, ұлттық мемлекеттер шекараларының мейлінше ашыла түсуі жатады. Мәселенің түп төркіні де осында. Өйткені глобализацияның қарама-қайшылық табиғатын терең зерттей отырып оның кері әсерлерін төмендете алып, ал оң салдарларының әсерін арттыра білу ауадай қажет болуда.

Жаһандану тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді, дегенмен жаһандану басым жағдайда - жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі, қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда жаһанданудың идеялық фундаментін құрайды.

Жаһандануда шиеленістердің күшті ұшқындары болады. Бұл жерде, мысалы, адамзат қауымдастығының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі “құлдыраулар”, өмір сүру қалпы, болмыстың басты мәселелеріне қатынас туралы сөз қозғалып отыр. Жаһандану тудыратын шиеленістің маңызды көздерінің бірі, глобализация процесіне қатысушылардың потенциалды мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар. Қалыптасып келе жатқан әлем негізінде, кез келген ру мен тап құрылымының орнығуындағы теңсіздік сияқты классикалық фактор жатыр. Рольдердің бөлінуін белгілейтін старттық мүмкіндіктер теңсіздігі, глобализацияланудан ұтқан мен ұтылғандар арасындағы болашаққа жанжал ұрығын себеді. Жаһанданудың дамуындағы осал тұсының бірі - мемлекеттік институттары, саяси құрылымдар. Жаһандану мәселесін зерттейтін ғалымдардың барлығының дерлік мойындауынша - ең күрделі проблема адамзаттың мәдени сан алуандылығында. Самуэль Хантингтонның келешектегі өркениеттер қақтығысы туралы танымал тезистің көп жақтаушылары бар, алайда, әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы әрекеттестікті орнықтыру мен түсіністікті сақтау - адамзат үшін анағұрлым тиімді жол екені күмәнсіз.

Жаһандану: мәні мен бастаулары

Жаһандану ұғымы және оның қазіргі заман теориялары

Біреулер үшін жаһандану халықтарды одан әрі алшақтата түсетін, сәулетшілері мен инженерлерін өз қаңқасының астында көметін Жаңа Бабыл (Вавилон) . Енді біреулер үшін жаһандану қоғамдар мен мемлекеттер кауымдастығының әлеуметтік-мәдени мүдделерін бейнелейтін, сөйтіп барша күштің мүдделерін жинақтауға жәнө елеп-ескеруге мүмкіндік беретін әлдеқандай Біртұтас Алаң Теориясы.

Жаһанданудың қарсыластары үшін бұл дегенің бар болғаны баяғы неоколониализм, неовестернизация, неомодернизация (жаңғырту) сияқты ескі құбылыстардың жаңғырған атауы ғана.

Жаһанданудың жақтаушылары бұған дейін бұрын артта қалған өңірлердің ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресіне тек қана жаһандану ықпал етеді деген елеулі қисындары мен көрнекі дәлелдерін көлденең тартады.

Әркімнің өзіндік дәлел жүйесі және өзіндік толайым айғақтары бар. Алайда әдеттегідей, шындық шекара маңында болады. Шынында да, біреулерді жаһандану қайтадан "тас ғасырына" қуып тықса, келесілерді өзінің өміршең күш-қуатымен және жайнаған жасампаздығымен құнарландырады.

Сондай-ақ біздің өмірімізге енетін жаһанданудың жағымды-жағымсыз болуы тек бізге ғана, жарасым мен жақсылыққа ұмтылған біздің сезінуіміз бен түйсігімізге ғана байланысты емес қой. Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті нөгізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен дүние танымдар дегеннің бәрі демесек те, осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді.

Мұндай ахуал біздің күнделікті қолданысымыз бен мемлекетаралық тілімізге серпінді екпінмен еніп отырған халықаралық террор, экстремизм және сепаратизм деп аталатындарға да қатысты. Өзінің шегіне же те көрініс табатын террор, сепаратизм немесе экстремизм дегеніміз саяси, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікпен уланған әлемдік қауымдастықтың тәнін меңдеген дерт болып отыр. Мұндай дерттің қайнар көзі әлеуметтік ахуалдан гөрі геосаяси құйтырқылықта жатыр деуге болмас. Сондай-ақ азаматтық жүгенсіздіктен немесе саяси қарсылықтан гөрі экономикалық ахуалға көбірек байланысты дeyгe де болмайды. Басқа да қисындардың көлденең тартылуы мүмкін. Бұл орайда, әр тарапты себептердің болуы заңды.

Соңғы екі-үш онжылдықта біздер әлемдегі процестердің жаңа сатыға көтерілгендігінің куәсі болып отырмыз. Бұл процесті біздер жаһандану деп атап жүрміз.

Жаһандану теориясын бейнелеу мен сараптамастан бұрын, “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін атап өту қажет. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүние жүзілік тарихтың орнығуы (К. Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М. С. Горбачев, Ю. А. Замошкин), әлем-жүйе (Э. Валлерстайн) секілді терминдермен көрсетілді, жаһанданудың қазіргі таңда кең түрде қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біртектілік жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды ХХ ғ. соңғы он жылдарындағы әлеуметтік трансформацияның жаңа типі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды бірлік жолында адамзаттың өткен бүкіл қадамдары деп түсінеді. Үшіншілер жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестердің барлығы деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана емес. Бүгінгі таңда ең пікірталас тудырушы мәселе, бұл жаһанданудың шегі. Оның қоғамның мәдени және саяси шағын жүйелерін қамту қабілеттілігінде. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты ушықтырып, бұл ғаламдық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа саясаттанушы Э. Валлерстайн, универсалды қолында және оның локальды көрінісінде болатын, ғаламдық және локальды мәдениеттер арасындағы диалектиканың бар екендігіне көңіл аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер орын алған. Мысалы, У. Ганнерс бойынша, гомогенизация сценарийі (мәдени унификация), сатурация сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетімен қанығу, “перифершілік коррупция” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, диалог және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп жетілу сценарийі” ықтимал. Алайда басым жағдайларда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуын ұғынады, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.

Жаһандануды феномен және ұғым ретінде қарастыру тағы басқа сұрақ тудырады - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үйлесе ме? Жаһандану сыншылары одан қазіргі заман батысын батыстық емес елдер мен мәдениеттерге еріксіз түрде енгізу элементін көреді. Үшінші әлем елдеріндегі модернизация процесін сараптауы көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ моделі болып табылмайды.

Халықаралық социологтар Ассоциациясының президенті А. Мартинеллидің пайымдауынша, глобализация технология, қаржы, ақпарат саласындағы ғаламдық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің тұрақты бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа формаларын талап етеді. Мартинелли қазіргі заман жаһандану процесін реттеудің үш негізгі преспективаларын атайды: ынтымақтастық этосымен бірге халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының радикалды республикалық рухы; мульти-азаматтылықтың космополиттік жобасы.

Жалпы, жаһандану туралы дискуссияларды төрт дискурсқа шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік, академиялық, идеологиялық және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын дискурс.

Аймақтың немесе өркениеттік дискурсқа, глобализацияға басты көңіл бөлінбейтін дискурстар жатады. Бұл жерде келесідей мәселе көтеріліп отыр, үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке ерекше тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теоретиктерінің өздері Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы елдер ғалымдарының осы тектес ұмтылыстарын локальды теориялар мен тұжырымдамалар деп анықтайды. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының концепцияларында антиглобализация тұжырымдамалары жиі ұшырасады. Мысалы, француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір ғалымдары жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Европа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық дискурстарда әдетте глобализация белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылады. Жаһандану талдауының ең жарқын мысалы, оның экономикалық пән шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес тәсілді экономикалық дамудың ерекше нұсқасы бар Эммануель Валлерстайн ұсынды. Глобализацияның идеологиялық дискурстары әдетте оған қарсы шығудан, немесе оны қолдаудан тұрады. Глобализацияның жақтастары оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы ретінде суреттейді. Глобализация қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Әлемдік Валюталық Қор, Дүниежүзілік Банк немесе Әлемдік Сауда Ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді1.

Қазақстан ғылымы үшін глобализация теориясының өзектілігі неде? Ең алдымен ол тәжірибелік маңызға ие. Жаңа заман әлеміндегі посткеңестік мемлекеттердің мүмкіндіктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе анализіне бет бұру көп жағынан келгенде жемісті болып табылады. Бұл тәсіл жиырма жыл бұрын, дәстүрлі түрде әлеуметтік өзгерістер анализін мемлекет деңгейінде құрып, сол себепті халықаралық және кейбір ішкі “эндогенді” процестерді ұғынуды шектейтін теориялар алдындағы артықшылығын көрсетті. Глобализация теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып өтейік.

Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері

Жаһандану деп Батыста көбінесе бір елдің екінші елге үстемдік етуге бағытталған саясатын айтады. Мұндай идеологияға арқа сүйегендер қатарына Шыңғысхан, Наполеон, Гитлер секілді саясаткерлерді жатқызамыз. Қазіргі замандағы жаһандану сайып келгенде вестернизацияға дөп келеді, яғни батысшылдықты бойға сіңдіруге пара-пар десек шындықтан алшақ кетпейміз.

Көптеген батыстық емес елдер өз бақытсыздығының басты кесір тигізуші ретінде глобализацияны айыптайды.

Глобализацияның негізгі мәселелерінің бірі мұндай «ашық» әлем кезеңіне әртүрлі халықтар мен мемлекеттер өздерінің әрқилы дамымағандығымен келіп отыр. Және осы айырмашылықтар ғаламдана түскен кезеңде мүлде өсе түспек. Бай Солтүстік пен кедейліктен көз ашпаған Оңтүстік алшақтықтары ұлғайып барады. Әлем бұрынғысынша империалистік державалар мен оларға тәуелді елдерден тұратыны да көзге менмұндалап тұр. Глобализация ғасырында әлем айырмашылықтары өсіп және өзара шиеленісе түсуде. Әлемдік экономикалық жүйеге қатыса алмайтын елдер өзара дамудан айырылып, ішкі біртұтастығын жоғалтып перифериялық елдер санатына кіреді.

Әлемнің мұндай образы глобализация процесіне ушыға түскен проблемалардың салдарын итере салуға мәжбүрлеуде.

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте-бірте локальді терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралды. Қазіргі әлем үшін басты факті болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің халықаралық сипаты мойындалуы табылады. Басты қажеттілік осы феноменді тез арада түсіну болса, негізгі проблема - күнделікті өмірден терроризмді шеттету мүмкіндігі.

Глобализация Қазақстан Республикасына біршама мүмкіндіктер беретіні де белгілі. Мысалы, даму үшін экономикаға инвестициялар тартуға, өзіміздегі көмірсутек шикізаттарын саудалау арқылы әлемдік экономикаға белгілі түрде ықпал ете алуға, сыртқы саяси бағытта балансты қамтамасыз етуге, қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты нығайтуға, экономикамызды жаңа сатыға көтеру барысында жаңа технологияларды белсенді түрде тартуға, өзімізден жылдар бойы жинақталған күрделі әлеуметтік мәселелер түйінін шешуге әлемдік қауымдастықтан көмек алуға және біздің ел азаматтары үшін қай елде тұруды өзіміз шешуімізге, қандай БАҚ көріп оқуымыздың еркіндігіне осы глобализация итермелейтінін айтқанымыз жөн.

Сонымен қатар дамып келе жатқан елдер қатарына кіретін біздің Қазақстан үшін глобализацияның қойнауында қауіп-қатерлері бар екендігі де шындық.

Бірінші. Тар шикізаттық бағытта дамуымыз бірқатар шетел мемлекеттері үшін өте пайдалы.

Екінші. Ұлттық мәдениеттің глобализация дәуірінде мәңгүрттене түсуі, өйткені жеткілікті түрде қызмет атқара алмай шетке ысырылып шығарылуы.

Үшінші. Глобализацияда мемлекет ролі төмендеп, халықаралық құрылымдардың ТҰК-дың маңызы арта түседі. Біздің тәуелсіздігіміз нығая қойған жоқ, сондықтан мемлекеттілігімізге, яғни соның ішінде ұлттық қауіпсізідігімізге нұқсан келетіндігі тағы бар.

Төртінші. Глобализация біздің елдің азаматтық потенциалының сапасына да қауіп төндіреді.

Бесінші. ТҰК-мен бәсекелестікке ұлттық бизнесіміздің төтеп бере алмауы мүмкін.

Алтыншы. Сыртқы күштердің ішкі саяси жағдайға әсерінің өсуі, тіпті сыртқы күштердің үстемдік жүргізуі ұлғаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері мен шешілу жолдары
Ағылшын тілінен орыс тіліне жарнама мәтінін аудару ерекшеліктері
Жаһандану
Еуразиялық экономикалық қауымдастық
Қоғам, дін және мәдениет
Қорқыт атаның өмір философиясы
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz