Халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Мазмұны1

Кіріспе2

1 Экономикалық даудың түсінігі6

1. 1 «Халықаралық жағдай, «халықаралық дау, және «халыықаралық экономикалық дау « түсінігі мен арақатынасы6

2 Халықаралы ұйымдардың дауларды шешу бойынша7

механизмдері7

2. 2 Халықаралық дауларды топтастыру7

3Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық әдістері мен тәсілдері8

3. 1 Халықаралық экономикалық дауларды шешудің дипломатиялық тәсілдері9

3. 1. 1 Келіссөздер9

3. 1. 2 Консультациялар11

3. 2 Келісім процедурасы - халықаралық экономикалық дауларды шешудің көмекше тәсілдері13

3. 2. 1 Адал қызмет пен делдалдық13

3. 2. 2 Халықаралық тергеу және келісім комиссиялары16

3. 3 Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу бойынша халықаралық сот және арбитраж процедурасы18

3. 3. 1 Халықаралық арбитраж18

3. 3. 2Халықаралық сот қарауы21

3. 3. 2. 1 БҰҰ Халықаралық Соты21

3. 2. 2. 2 ТМД Экономикалық Соты24

3. 3. 2. 3 Еуропалық Одақ Соты27

3. 4 Халықаралық экономикалық дауларды реттеуде халықаралық ұйымдардың қызметі27

3. 4. 1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы28

3. 4. 2 Еуропағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық бойынша Ұйымы29

3. 4. 3 Азиядағы өзара әрекеттестік пен сенім шаралары бойынша Кеңес (СВМДА) 33

3. 4. 4 Дүниежүзілік сауда ұйымы34

3. 4. 5 Инвестициялық дауларды шешу бойынша Халықаралық орталық36

3. 4. 6 Инвестицияларға кепілдік беретін көпжақты агенттік38

3. 4. 7 Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропаның қайта құру және даму банкі38

3. 5 Халықаралық экономикалық дауларды халықаралық экономикалық келісімдер шеңберінде реттеу39

Қорытынды40

Библиография43

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың даму сатысында мемлкеттердің халықаралық саясатының негізгі бағыты экономикалық интеграция процесі болып табылады. Мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы экономикалық ынтымақтастық бірінші орынға шығып, кейбір кезде олардың мүдделерінің қақтығысуына әкеледі. Сондықтан, халықаралық қағидалар мен нормаларына сәйкес, экономикалық қайшылықты тиімді шешу халықаралық ынтымақтастың әрі қарай даму мен бекуіне басты шарт болып табылады.

Мемлекеттер қатынастарының дамуы олардың арасындағы экономикалық байланыстың күшеюі халықаралық субъектілер қатынастарының нақты ережелерін зерттеуді талап етеді. Экономикалық дауларды шешу кезінде қолдану тәсілдерін таңдауда мемлекеттер оның дұрыстығы мен тиімділігінде толық сенімде болу керек.

Мемлекеттердің халықаралық ұйымдарда мүше болуы оларға ұйымдардың құрылтай құжаттарында бекітілген талаптар мен халықаралық ынтымақтастықтың жалпы танылған қағидаларды орындау міндеттемесін артады. Осындай жағдайларда, маңызды орынды халықаралық ұйымдар шеңберінде экономикалық дауларды бейбіт реттеу мәселесі туындайды, яғни дауды шешу тәртібі мен процедурасы. «Саясат негізін құрайтын халықаралық экономикалық қатынастардағы әлемдегі жағдайды ұшықтыратын, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен түсінушілікті бұзатын барлық қауіпті тәсілдер алынып тасталуы қажет”/1/.

Cондықтан, халықаралық экономикалық дауларды реттеуде халықаралық тәжірибені зерттеу халықаралық ұйымдар шеңберінде механизмдердің дамуы мен халықаралық қатынастарда қалыптасуына көмектеседі. Жоғарыда айтылған мәселелер жағдайлары автордың бұл тақырыпты зерттеуге себеп болды.

Тақырыптың тарихнамасы. Жоғарыда айтып кеткендей, халықаралық ұйымдар шеңберінде экономикалық дауларды шешу мәселесі құқықтық ғылымда аз зерттелген бағыттардың бірі. Қазақстан Республикасында да бұл жаңа мәселе, өйкені Қазақстан халықаралық субъект ретінде халықаралық аренада пайда болуы тек он екі жыл бұрын болды. Сондықтан, бұл мәселені қарастыру халықаралық ұйымдарға мүше болып кіргенмен, тәжірибеде экономикалық дауларды шешу мәселесіне келген кезде, мемлекетаралық қатынастарда көп қиыншылықтармен кездеседі. Бірақ, ресей және шетел әдебиеттерде бұл мәселеге байланысты жеткілікті зерттеулер бар.

Мысалы, халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидалары мәселесін Д. Б. Левин Э. А. Пушмин, М. Л. Энтин, Г. И. Тункин, И. П. Блищенко, А. П. Мовчан, және т. б. өз еңбектерінде зерттеген.

Халықаралық дауларды бейбіт шешу тәсілдері мен әдістері Э. А. Пушминнің, М. И. Клеандров, Ф. И. Кожевников, Ю. В. Альфеева еңбектерінде қаралған.

Халықаралық дауларды реттеу сұрақтары Л. Браунли, Г. Кельзин, С. Бейли, Л. Оппенгейм сияқты шетел ғалымдары зерттеген болатын.

Қазақстан ғалымдары ішінде тақырып сұрақтарына байланысты М. А Сарсембаев, У. Касенова, Е. М. Абен, Е. Ертісбаев және т. б. зерттеген.

Зерттеу пәні, мақсат пен міндеттер. Біздің зерттеулердің басты мақсаты - халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдері. Ол механизмдерді жан-жақты және тереңірек зерттеу оларды жүзеге асыру тиімділігі бойынша ұсыныстардың жасалуына мүмкіндік туғызады. Бұл мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастарға байланысты туындайтын халықаралық дауларды шешуде маңызды роль атқарады.

Зерттеу жұмысының пәні болып халықаралық тәжірибе мен шетел, қазақстандық шарттар тәжірибесі сараптамасы негізінде айқындалған халықаралық ұйымдар шеңберінде экономикалық дауларды шешу тәртібі болып табылады.

Зерттеу оъектісі болып халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық субъектілері арасындағы экономикалық дауларды шешумен байланысты халықаралық қатынастар шығады.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің негізінде жатқан халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына анализ жасау.
  2. Экономикалық дау түсінігін және олардың түрін зерттеу.
  3. Экономикалық дауларды дипломатиялық және келісім тәсілдермен шешу тәртібін зерттеу.
  4. Мелекетаралық экономикалық дауларды реттеудің арбитраждық және сот процедураларын қарастыру.
  5. Халықаралық ұйымдар шеңберінде экономикалық дауларды шешу тәртібін зерттеу.
  6. Халықаралық экономикалық келісімдер бойынша экономикалық дауларды реттеу механизмдерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары. Зерттеу жұмысында мемлекетаралық экономикалық дауларды бейбіт шешу тәсілдері мен әдістері сарапталады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар ішінде осы тәсілдердің жүзеге асу механизмдері қаралады. Тақырыпты зерттеу қажеттігі, біріншіден, мемлекетаралық дауларды шешудің тиімді механизмдерін қолдану қажеттігі туындайтын халықаралық экономикалық интеграция процессінің дамуына байланысты болып отыр.

Зерттеу жұмысының шеңберінде мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдар шеңберінде эономикалық дауларды шешу мәселесін жүйелі зерттеу көзделіп отыр.

Тақырыпты зерттеу нәтижелерінен қорғауға шығарылып отырған келесі негізгі тұжырымдамалар:

1. Мемлекеттердің интеграциясы мен экономикалық қатынастар деңгейі көтерілуінде көрініс табатын халықаралық экономикалық қатынастардың даму үрдісі экономикалық ынтымақтастық кезінде пайда болатын қайшылықтар анықтамасының түрлерін саралауды қажет етеді.

Халықаралық экономикалық дау дегеніміз - құқық мәселесіне, құқықтық көзқарас немесе мүдделерге байланысты пайда болатын тараптардың бір-біріне қойған талаптарында көрініс табатын халықаралық экономикалық құқықтың субъектісі болып табылатын екі немесе одан да көп тараптардың арасында туындайтын ерекше қатынастар. Осыған орай, экономикалық даудың кейбір белгілерін көрсетуге болады:

- халықаралық экономикалық дау субъектісі болып халықаралық жария құқық субъектілерімен қатар халықаралық жеке құқық субъектілері де бола алады, мысалы, бір мемлекет пен басқа бір мемлекеттің жеке тұлғасы арасындағы дау.

- халықаралық экономикалық дау пәні мемлекет қатынастарының әртүрлі салаларындағы қатынастар болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық ғарыш, әуе, экология салаларындағы даулар.

2. Халықаралық экономикалық дауларды реттеуде халықаралық құқықта бар барлық халықаралық дау шешу тәсілдері мен әдістері қолданылуы мүмкін. Дауды шешу тәртібі мен шешу тәсілін таңдау дау мазмұны мен сипатына және тараптардың еркіне байланысты.

Соңғы уақытта мемлекетаралық дауларды шешу кезінде арбитраж бен сотқа дейінгі келіссөздер, кеңестер және келісім процедуралары сияқты дипломатиялық тәсілдер қолдануда. Тәжірибеде даудың бірінші сатысында келіссөздер мен кеңестер қолданылып, олар нәтижесіз аяқталғанда ғана халықаралық ұйымдар ішіндегі арбитраж немесе ad hoc арбитражына жүгінеді. Экономикалық дауды осылай шешудің тәртібі көптеген халықаралық экономикалық келісімдер мен шарттарда бекітілген.

Халықаралық экономикалық дауларды шешу кезіндегі міндетті процедуралардың ішінде арбитраждық іс қарау ең тиімдісі болып табылады және экономикалық шарттарды қолданған және талқылаған кезде тараптардың арнайы келісімімен құрылатын арбитраждық сот кең тараған.

3. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу халықаралық қатынастар жүйесінің бөлігі болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі кезде дауларды қараудың көпсатылы тәртібі қарастырылатын әмбебап және аймақтық сипаттағы халықаралық ұйымдар шеңберінде дауды шешу үрдісі айқындалып отыр.

Бұл ұйымдармен бекітілген дауды шешу тәртібі мүше мемлекеттермен қолданылумен қатар, басқа да мемлекеттермен аймақтық экономикалық құрылымдар құруда құқықтық бағыт болып отыр.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Х алықаралық экономикалық дауларды реттеу халықаралық тәжірибесінің сараптамасымен байланысты жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық экономикалық шарттар жасалу және мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу кезінде тәжірибеде қолданылуы мүмкін. Жұмыста жасалған ұсыныстар мен қорытындылар мемлекеттің сыртқы істер министрлігі мен жеке мемлекеттік органдар қызметінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен одан туындайтын міндеттерге сай жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Экономикалық даудың түсінігі

1. 1 «Халықаралық жағдай, «халықаралық дау, және «халыықаралық экономикалық дау « түсінігі мен арақатынасы

Халықаралық дау дегеніміз - факт немесе құқықтық сұрақтары бойынша туындайтын, халықаралық құқық субъектілер арасында формальді танылған қарама қайшылық.

Халықаралық дау екі жақты немесе көп жақты болуы мүмкін. Халықаралық дау бірден болмаса да, көп уақытта пісуі мүмкін және мемлекеттер арасындағы қайшылық тууы халықаралық дауды көрсетпейді. Халықаралық даудың туындаған фактіні тану осы дауды шешу міндетін туғызады.

Дауларды бейбіт жолмен шешу құқығы дегеніміз - мемлекеттер арасындағы дауларды шешу тәртібін анықайтын қағидалар мен ногрмалардың жиынтығы.

Халықаралық құқыққа сай халықаралық субъектілер бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін өз араларындағы дауларды бейбіт жолмен шешу керек. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы халықаралық құқықтың императивтік қағидасы болып табылады. Ол БҰҰ Жарғысының 2 бабында, 1970ж халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда, 1975 ж. Қорытынды актіде және тағы басқа шарттарда бекітілген.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы бірінші жалпы Конвенция 1899ж Гаага конференциясында қабылданды: 1899-1907жж құрлық соғысының әдет-ғұрыптары мен заңдары туралы Конвенциялары.

Бірақ, Гаага конференциялары дауларды шешуде соғысты қолдануға тиым салған жоқ. Тек 1928ж Париж шарты халықаралық дауларды шешу үшін соғысты пайдалануды сынға алды.

Халықаралық даулар мемлекеттік егемендік теңдігі негізінде, БҰҰ жарғысына сай әдістерді еркін таңдау қағидаларын сақтау, әділеттілік, халықаралық құқық қағидаларымен реттеледі.

БҰҰ Жарғысы дауларды екіге бөледі:

а) аса қауіпті даулар;

ә) басқа даулар.

БҰҰ Жарғысында «дау” терминімен қатар «жағдай” термині қолданылады. «Жағдай” өз алдына халықаралық шиелініске әкелуі немесе дау туындатуы мүмкін. БҰҰ Жарғысы дау мен жағдайды бөлу белгілерін көрсетпейді. Оны анықтауды Қауіпсіздік Кеңестің құзіретіне берілген. БҰҰ Жарғысының 34 бабына сәйкес «Қауіпсіздік Кеңес халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін кез келген жағдай мен дауды қарауға құзіретті”. Сондықтан, халықаралық қақтығыстарды «жағдай” мен «дауға” бөлу шартты болып табылады. Олардың арасында айырмашылық тек құқықтық мағынада, яғни Қауіпсіздік Кеңесте дауды қараған кезде дауға қатысы бар мүше дауыс бермеуге міндетті, ал жағдайда міндетті емес.

БҰҰ Жарғысы мен басқа да халықаралық шаттар құқықтық даулар және саяси даулар арасында айырмашылықты көрсетпейді. Жарғының 36 бабы бойынша құқықтық сипаттағы даулар тараптармен Халықаралық сотқа берілуі керек. Оларға: шарттардың талқылынуы, халықаралық құқықтың кез келген сұрағы, халықаралық міндеттерді бұзу фактісі, т. б.

2 Халықаралы ұйымдардың дауларды шешу бойынша

механизмдері

2. 2 Халықаралық дауларды топтастыру

Халықаралық дауларды топтастыру мәселесіне байланысты ғалымдар ішінде әртүрлі көзқарас айтылады.

Даудың пәніне қарамастан, кез келген халықаралық даудың негізін бір біріне қарсы тұрған халықаралық құқық субъектілер мүдделері құрайды. Мемлекетаралық дау туындаған кезде барлық уақытта мемлекет қызметінің саяси аспектілері қозғалады. Осындай жағдайларда, дау құқықтық (экономикалық) сипатқа ие болса да, саяси дау ретінде қаралуы мүмкін.

Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде халықаралық экономикалық дауларды топтастыру кездеспейді. Тек кейбір ғалымдар экономикалық дауларды түрлерге бөлуге тырысқан. Оның ішінде Р. А. Каламкарян мен Г. М. Вельяминов ұсынған топтастыру. Мысалы, Вельяминов бойынша экономикалық даулар саяси және құқықтық болуы мүмкін/77, 55б/.

Біздің көзқарас бойынша, халықаралық экономикалық дауларды ең дұрыс топтастыру бойынша 1998ж жасалған Ю. В. Алфееваның ұсынысы. Автор келесі негізгі белгілер бойынша бөлуді жөн көреді: дауда тараптар болатын халықаралық экономикалық даудың субъектісі бойынша; дауда қатысушы субъектілердің саны бойынша; халықаралық экономикалық дау пәні бойынша; дауды шешу әдісі мен тәсілі бойынша/76, 14б/.

Келтірілген белгілер бойынша халықаралық экономикалық даулардың келесі түрлері ажыратылады:

  1. Дауда тараптар болатын халықаралық экономикалық даудың субъектісі бойынша:

а) мелекеттер арасындағы дау;

ә) халықаралық ұйымдар арасындағы дау;

б) мемлекет пен халықаралық ұйым арасындағы дау;

в) халықаралық ұйым мен мүшелігіне кірмейтін мемлекет арасындағы дау;

г) халықаралық ұйым шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы дау;

ғ) мемлекет пен басқа мемлекеттің жеке тұлғасы арасындағы дау;

д) халықаралық ұйым мен заңды немесе жеке тұлға арасындағы дау.

2. Халықаралық экономикалық дау пәніне байланысты даулар ең көп кездесетін халықаралық экономикалық қатынастардың топтарын көрсетуге болады. Әсіресе, ондай даулардың пәніне инвестициялық, сауда, салық, кредиттік қатынастар, сонымен қатар, туризм, энергетика, ауыл шаруашылық, халықаралық тасымалдау салаларындағы қатынастар жатады.

3. Субъектілер санына байланысты халықаралық экономикалық даулар екіжақты және көпжақты болуы мүмкін.

4. Дауды шешу әдісі мен тәсілі бойынша бөлу даудың сипатын анықтауда маңызды роль атқарады. Даудың сипатын анықтау мемлекетаралық қайшылықты реттеу үшін тиімді тәсілді таңдауда маңызы бар.

Халықаралық экономикалық даулар әмбебап және аймақтық экономикалық ұйымдар шеңберінде шешіле алады. Халықаралық ұйым ішінде дауды реттеу нақты механизмінің жасалуы экономикалық дауды тез және тиімді шешуге жол ашады.

3Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық әдістері мен тәсілдері

Халықаралық дауларды шешу тәсілдері халықаралық қатынастардың бір тобын(однородную группу) реттейтін нормалар жиынтығын құрайтын жеке халықаралық-құқықтық институт болып табылады.

Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасы басқа халықаралық құқық қағидаларынан өзінің ерекшелігі бар, және даудың мәні бойынша нақты шешім мен келісімді қабылдауды талап ететін халықаралық құқықтың негізгі қағидасы. Нақты және уақтылы шешімді табу дауларды реттеудің тиісті механизмнің болуына байланысты. Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасының жүзеге асуы осы механизмдердің нәтижелілігіне байланысты.

Қазіргі халықаралық құқықта дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы келесі тәсілдер арқылы жүзеге асады:

  1. келіссөздер және кеңестер;
  2. адал қызмет;
  3. делдалдық;
  4. келісуші және тергеу комиссиялары;
  5. халықаралық ұйымдарға жүгіну;
  6. халықаралық арбитраж;
  7. халықарлық сот органдары;
  8. халықаралық экономикалық келісімдер шеңберінде экономикалық дауларды реттеу;

Бірақ, тәсілдердің бұндай әртүрлігіне қарамастан, халықаралық қатынастар тәжірибесінде олардың араласуы және таза түрінде кездеспеуі айқын.

Халықаралық экономикалық қатынастарда халықаралық дауларды шешуде қолданылатын тәсілдерді үш топқа бөлуге болады:

  • келіссөздер, кеңестер, аралас келісім процедурадан тұратын дипломатиялық тәсілдер;
  • делдалдық, адал қызмет, келісім және тергеу процедурасының классикалық түрлері, халықаралық ұйымдарда дауды қарастыру кіретін халықаралық табыстыру процедурасы;
  • халықаралық заңды іс қарау (арбитраж және халықаралық сот) юрид. разбирательство

Жүргізілген аналитикалық зерттеулер бойынша тараптар халықаралық экономикалық дауларды шешу кезінде нақты бір тәсілдер тобын қолданады. Халықаралық экономикалық дауларды шешуде қазіргі кезде көп қолданатын тәсілдерге келіссөздер, кеңестер, арбитраждық және сот процедуралары жатады. Енді осы тәсілдерге тоқтала кетелік.

3. 1 Халықаралық экономикалық дауларды шешудің дипломатиялық тәсілдері

3. 1. 1 Келіссөздер

Келіссөздер халықаралық дауларды шешуде көп қолданатын және негізгі тәсіл болып табылады. Д. Б. Левиннің айтуы бойынша «халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдерінің ішінде әмбебабы және тиімдісің /31, 92б/

Э. А. Пушмин бойынша келіссөздер көне халықаралық-құқықтық институт және халықаралық құқықтың пайда болуымен байланыстырады.

Қандай да болмасын дау келіссөз арқылы шешуден басталады және мемлекеттер ең бірінші соған жүгінеді. Бұл М. Л. Энтинмен де айтылған және оның айтуынша ең қолайлы, жалпы ұстамалы тәсіл /104/.

В. С. Иваненконың ойынша келіссөздер екі жақты диалогтан басталып, әсерлі өзгерістерге ұшырап, әмбебаптық сипатқа ие болған /105/.

БҰҰ Жарғысының 33 бабының 1 тармағында халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдерінің ішінде келіссөздер бірінші орында тұр. Халықарлық қақтығыстарды шешуде келіссөздерге сілтемелер БҰҰ Жарғысына сәйкес қабылдаған мемлекеттер арасындағы қатынастар мен ынтымақтастыққа байланысты халықаралық құқықтық қағидалары туралы Декларацияда, қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Кеңестің қорытынды актісінде кездеседі.

Д. Б. Левин бұл тәсілдің басқаларға қарағанда артықшылығын көрсетеді: «…біріншіден, ол ең қарапайым, гибкий тәсіл, екіншіден, басқаларға қарағанда формальді сипатта болмайды, үшіншіден, үшінші жақтың араласуын болдырмайды; төртіншіден, халықаралық дауларды шешудің басқа тәсілдерін құрайтын элемент ретінде кіреді. Осының барлығы, қорыта келгенде, дипломатиялық келіссөздерді халықаралық экономикалық дауларды шешуде бірінші орынға қоюға негізделедің /31, 96-97/.

Бұндай көзқарастарды И. И. Лукашук, Л. Оппенгейм, И. П. Блищенко, В. Ф. Шавров, У. Джекебаев ұстанады.

Халықаралық дауларды шешуде келіссөздердің көп қолданылатын тәжірибеден көруге болады. Мысалы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы еркін сауда режиміне байланысты дау туындаған кезде келіссөздер нәтижесінде еркін сауда режимі туралы Хаттамаға қол қойылды. Онда Қазақстан мен Қырғызстан тауарларының импортына қойылған шектеулер алынып тасталды.

Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасаған келісімдерінде халықаралық дауларды шешу тәсілі ретінде келіссөздерді көрсетіп кеткен. Мысалы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және өзбекстан Республикасы үкіметтері арасында жасалған өндірістік кооператив туралы келісімнің 16 бабында (1997ж. 14 март) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасындағы 1995 жыл 26 қаңтардағы магистральді мұнай құбырын қолдану жөнінде келісімнің 7-бабында кездеседі.

Халықаралық құқықта келіссөздер жүргізудің нақты нысаны, мерзімі, тәртібі анықталмаған. Тараптар келіссөздер жүргізудің нысанын өздері таңдап, даулы сұрақтың шешілу уақытын анықтайды. Келісімнің әрбір сатысында екі жақ дұрыс шешім шығаруға ат салысу керек және бір-бірінің мүддесін өзара түсіністік негізінде құрметтеу қажет. Даудың келіссөздер сатысында шешілуі өте маңызды, өйткені даудың сотқа немесе арбитражға жетудің екі жақтың қатынастарына залал келтіреді.

Халықаралық құқықта келіссөздерді негізгі белгілері бойынша топтастырады. Жүргізу нысаны бойынша:

  • ауызша (кездесулер, жиналыс, т. б. )
  • жазбаша (нота алмасу, хат алмасу, т. б. )

Тараптар өкілдерінің деңгейіне байланысты келесі топтарға бөледі:

  • мемлекет басшылары деңгейіндегі келіссөздер;
  • үкімет басшылары деңгейіндегі келіссөздер;
  • сыртқы істер министрлері деңгейдегі келіссөздер

Тараптар санына байланысты:

  • екіжақты келіссөздерде тек екіжақ қатысады (кездесулер, визиты, кеңестер) ;
  • көпжақты, бірнеше тараптардың қатысуы (кездесулер,

кеңестер, жиналыс, конференциялар) .

Көпжақты келіссөздердің түрлеріне:

А) үшінші жақ қатысатын келіссөздер (адал қызмет, делдалдық)

ә) кеңес органдарымен бірге жүргізілетін келіссөздер (тергеу және келісім комиссиялары)

б) халықаралық ұйымдар, халықаралық органдар, тұрақты үкіметаралық комиссиялар шеңберінде жүргізілетін келіссөздер.

3. 1. 2 Консультациялар

Кеңес мемлекеттер арасындағы дипломатиялық келісімдердің ерекше нысаны. Халықаралық құқықта кеңес ХХ ғ. Ортасынан қолдана бастады, ал европалық мемлекеттермен ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қолданған. 1915ж Ресей мен Ұлыбритания арасындағы кредиттік келісім, 1912ж Ресей және Франция арасындағы әскери - теңіз конвенциясы қабылдаған кезде екі жақты кеңес нәтижесінде жасалған.

“Кеңес” ұғымына көптеген ғалымдар өз еңбектерінде анықтама беруге тырысқан. Көбінесе, кеңес түсінігіне даулы сұрақ бойынша келісуге бағытталған тараптардың периодических, регулярных кездесулер нысанындағы келіссөздер түрін кіргізеді.

Бірақ, көп зерттеушілер кеңес институтының даму процессін саралай, “кеңес” ұғымының мазмұнына келгенде расхождениялар бар/118/.

Е. Евгеньев пен Е. Т. Усенко халықаралық құжаттарды зерттеп, келесі нәтижеге келеді:

1) Кеңес әдістері кең әрекет ету аймағын қамтиды, яғни кез келген халықаралық сұрақ бойынша қолданылады.

2) Кеңес ауқымды сұрақ шешу үшін қолданылады.

3) Халықаралық қарым-қатынастардың әмбебап тәсілі ретінде бірнеше қызмет атқарады. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz