Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3-6
1. Оқиға болған жерді қарау тактикалық әдістерінің түсінігі, маңызы және негіздері мен тәртібі
- Оқиға болған жерді қараудың түсінігі мен маңызы . . . 7-16
- Оқиға болған жерді қараудың негіздері мен тәртібі . . . 17-26
2. Атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді тексерудің тактикалық әдістерінің ерекшеліктері мен оны жүргізудегі кездесетін олқылықтар мен кемшіліктер
2. 1 Атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері . . . 27-36
2. 2 Атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау барысында кездесетін олқылықтар мен кемшіліктер . . . 36-48
Қорытынды . . . 48-53
Қолданылған әдебиеттер . . . 53-55
Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері
Түсіндірме хат
Қандай қылмыс болмасын, оны жасаған адамдарды анықтап, олар заң алдында жауап беру үшін олардың қылмыстық әрекеттері толығымен дәлелденуі қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 9-тармағы негізінде, еш бір адам жасаған әрекеті үшін өзінің мойындауы негізінде сотталмауы тиіс. Атап айтар болсақ, қылмыс жасаған адам өзі жасаған қылмысын мойындағанымен, оның қылмыс жасағандығын дәлелдейтін басқа да дәлелдер болмаған жағдайда оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Осы қылмыстық әрекеттерді дәлелдеуде негізгі рөл атқаратын тергеу амалдарының бірі оқиға болған жерді тексеру болып табылады. Аталған ғылыми еңбек негізінен осы қылмыстарды ашуда, қылмыстың орын алған-алмағандығын анықтауда, оқиға болған жерді тексерудің тәсілдік амалдарын соның ішінде атылатын қару қолданып адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында оқиға болған жерді тексерудің тәсілдік амалдарын оқып тануға бағытталған.
Бұл дипломдық жұмыс: зерттеу кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тараудан, қортындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс криминалистика бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістерінің криминалистикадағы рөлі, түсінігі мен мағынасы, негіздері және оның жүргізу барысындағы кездесетін кемшіліктер мен өзекті мәселелерге арналған.
Зерттеу тақырыбының негіздемесі мен өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты Қазақстан халқына жолдауында “Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз” - деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан әрі жетілдіру бағытында болып нығайта беруді бағыттайды [1. Б. 4 ] .
Ел басымыздың атап отырғандығы біздің еліміз құқықтық мемлекет екендігін дүниеге танытуы тиісті, сондықтан әр уақытта әр-бір шешім құқық негізінде шешімін тауып, осы құқтық деңгейімізді нығайта беруіміз керек дегенді атап отыр. Сондықтан оқиға орнына барған терегуші, анықтаушы, анықтау органы қызметкерлері осы оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін заң талабына және этикалық талапты бұзбай жүргізуі тиіс.
Атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістерінің толық және жан жақты зерттелуі, осы қылмыстар бойынша қылмыскерді уақытында құрықтап заң алдында жауап беруін қамтамасыз етуде рөлі зор. Осы қылмыстар бойынша оқиға орнына барған тергеуші осы қылмыстар бойынша хабары жоқтығы және оқиға болған жерді тергеушіден басқа тергеуге қатысы жоқ адамдардың жүргізуі қылмыстың анық қанығына жетудегі кедергі болып саналады.
Оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті әлі де болса ат үсті жүргізілетіндігі, қажетті заттар мен іздердің ізделмеуі, табылған заттай дәлелдемелер мен іздердің бекітілуі мен алынуы заң талаптарын бұзу арқылы жүргізілуі әлі де болса іс тәжірибеде көптеп кездесуде. Бұндай кемшіліктер алдын ала тергеу барысында толықтырылмайтын қателер болып саналуда. Ондай тұжырымға келуіміз алдын ала тергеу барысында оқиға болған жерді қарау кезінде жіберілген кемшіліктер толықтай қалпына келтіру мүмкін еместігі және осы кемшіліктер алдын ала тергеу барысында тергеушімен анықталмайтындығы да, оларды қалпына келтіруге бағытталған тергеу әрекеттерінің жүргізілуі де кездесетін жайт.
Атылатын қару қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің мақсаттары мен міндеттілігі тергеушімен ескеріле бермейтіндігі немесе оқиға болған жерді қарау кезіндегі кемшіліктер мен олқылықтар тергеуші тарапынан қасақана немесе сауатсыздығынан орын алуы мүмкін.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау әрекеті жөнінде Абуов А. Ғ., Амитов Ш. Е., Аубакиров А. Ф., Белкин Р. С, Беляков А. А:, Винберг Л. А, Гинзбург А. Я, Жәкішев Е. Ғ, Исаев Ә. А, Калинин А. В, Кулибаев Т. А, Найманова Г. Х, Поврезнюк Г. И, Тапалова Р. Б, Темірболат Н. С, Тлеубергенов Е. М тағы да басқа авторлармен зерттелген.
Атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әрекеті бойынша Ш. Е. Амитовпен, Т. А. Кулибаевпен терең зерттелген.
Зерттеу нысаны мен пәні. Нысаны атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарудың тактикалық әдістерінің түсінігін, мағынасын ашу, осы тергеу әрекетін жүргізу барысындағы орын алатын кемшіліктер мен олқылықтар.
Зерттеудің заты криминалистика бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Зерттеудің басты мақсаты болып атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің түсінігін беру, осы оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушілер тарапынан жіберілетін кемшіліктер мен олқылықтарға тоқтау, оқиға болған жерді қараудың мақсаттары мен міндеттерін, негізін айқындау.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері іс тәжірибеде, жоғарғы, орта оқу орындарында криминалистика пәні сабағын жетілдіруге өз үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ қараудың тактикалық әдістерінің ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ.
- ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ қарау ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
Орын алған оқиғаны дер кезінде анықтап оның қылмысты құрайтындығы немесе қылмысқа жатпайтындығы, қылмыс орын алған жағдайда оның із суытпай ашылуында, қылмыс жасаған қылмыскерлерді дер кезінде анықтап оларды ұстау мен қылмыс барысында орын алатын зардаптарды уақтылы жоюда оқиға болған жерді қараудың тергеу амалының атқаратын рөлі өте зор. Алдын ала тергеу барысында жүргізілетін тергеу амалдарының ішінде осы оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті қылмыстық іс қозғалмай жатып жүргізілетін тергеу амалдарының бірі болып табылады. Аталған тергеу амалының қылмыстық іс қозғалмай жатып жүргізілуіне негіз болып Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабының 2- бөлігі танылады [ 2 ] .
Онда “Қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығару тексеруді жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін” делінген. Бұл дегеніміз, қылмыс туралы түскен арыздар мен хабарламалардың барлығы бойынша қылмыс оқиғасы орын алды деп айтуға болмайды. Сондықтан заң шығарушылар Қылмыстық іс жүргізу заңын қабылдар кезде осы жағдайды еске ала отырып, егер қылмыстық іс қозғауға толық негіз болмаған жағдайда оқиға болған жерді қарай отырып орын алған оқиғада қылмыс белгілері бар жоғын анықтап барып қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімін қабылдауы қажет. Оқиға болған жерді қараудың орын алған қылмысқа байланысты өзінің ерекшеліктері мен тәсіл амалдары бар. Кейбір қылмыстар бойынша оқиға болған жерді қараудың еш қажеті де жоқ, атап айтар болсақ, мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында орын алып отырған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысы бойынша барлық уақытта оқиға болған жерді қарау қажетті болмайды [ 3 ] .
Кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері мен тәсіл амалдары бар десек болады. Атап айтар болсақ, кісі өлтіру қылмыстары Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының талабына сай аса ауыр қылмыстар қатарына жатады. Сондақтан ондай қылмыстар орын алған жағдайда оған жүргізіетін бақылау да, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан әр түрлі жайттарды қызықтау да орын алатыны барлығымызға мәлім. Кісі өлімі орын алған жердің барлығында қылмыс оқиғасы орын алуы мүмкін емес, сондықтан, кісі өлімі орын алған жерді қарау барысында орын алған оқиғада қылмыс белгілері бар жоғын анықтау қажет, кейбір жағдайларда кісі өлімі орын алғанымен оны қылмыс жасаған тұлға өзгертіп кісі өлтірілгендігі туралы оқиғаны өзгерту мақсатында сценировка жасауы мүмкін. Осыған орай кісі өлімі орын алған жерді қарау тек машықтанған, мамандандырылған тергеуші жүргізуі қажет.
Осы орайда атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау тергеу амалын жүргізудің өзіндік тәсіл амалының түсінігі мен мағынасын зерттеу барысында осы оқиға болған жерді қарау тергеу амалының түсінігі мен мағынасына тоқталып кеткен жөн деп санап отырмыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 27- тарауында оқиға болған жерді қарау арнайы бап болып көрсетілмеген, қараудың басқа түрлері “Заттай дәлелдемелерді қарау” Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223-бабымен, ал, “Адам мәйітін қарау” Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 224-бабымен көрсетілген [ 2 ] .
Осы “Заттай дәлелдемелерді қарау” мен “Адам мәйітін қарау” Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде неліктен бөлек бап болып көрсетілгендеріне түсінік іздер болсақ Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттар “Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде қаралады” - дегенді алға тартады [4. Б. 192] . Жоғарыда көрсетілген бір топ авторлардың пікірі осы оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті басқа да қарау жүргізу тергеу әрекеттерінен бөлек болғандығын білдіреді. Негізінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222-бабы осы оқиға болған жерді қарау жүргізуді білдіреді деп санауға болады. Себебі, онда осы оқиға болған жерді қарау жөнінде аталып отыр. Оқиға болған жер жөнінде Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттар келесідей: “оқиға болған жер дегеніміз-қылмыстың жасалған жері және де сол қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер” - деп түсінік береді [4. Б. 193] . Біз жоғарыда атап өткендей оқиға болған жер тек қылмыс жасалған жер ғана болмай, орын алған оқиғада қылмыс белгілері болмауы да мүмкін. Сондықтан Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттардың берген түсінігінде көрсетілгендей тек қылмысқа қатыстыруға болмайды дегіміз келеді. Біздің тұжырымызша Оқиға болған жер дегеніміз қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп танылған оқиға орын алған орын. Бұлай деп түсінік беруіміз кез келген қылмысқа қатысы бар деген хабарламалар бойынша оқиға болған жерді қарау тергеу амалы жүргізіледі, осы оқиға болған жерді қарау жүргізу барысында осы хабарламадағы қылмысқа қатысы бар деп танылған оқиғада қылмыс белгілері бар ма, әлде қылмыс оқиғасы орын алмаған ба анықталады. Кейбір жағдайда оқиға болған жерді қарау қылмыс жасалған жерді емес қылмыс табылған жерде жүргізіледі. Олай дейтіндігіміз қылмыс жасалған жер және қылмыс табылған жер деп оқиға болған жер қарастырылады. Мысалы, адам мәйіті табылған жер барлық уақытта қылмыс жасалған жер болып табылмайды. Себебі, қылмыс жасаған тұлға өзінің қылмыс жасаған жерін жасыру мақсатында өлтірген адам мәйітін басқа жерге апарып тастайды немесе жасырады.
А. Н. Васильевтің оқиға болған жерді қарау туралы түсінігі бойынша оқиға болған жерді қарау - тергеушімен оқиға болған жердегі жағдайды өзі көріп, бекітуі, сонымен қатар оқиға жағдайы мен кінәлі адамдарды анықтау үшін іздер мен заттай дәлелдемелерді табу және алу болып табылады [5 Б. 16] .
Осы А. Н. Васильевтың пікірі бойынша оқиға болған жерді қарау орын алған оқиға жағдайын және кінәлі адамды анықтау үшін жүргізілетіндігін айтады.
И. Е. Быковский, Е. Н. Викторова, Ю. А. Горинов, Г. Я. Гриневич, Ю. Г. Корухов, А. А. Леви, И. Д. Найдис, В. С. Сорокин, Е. Н. Тихонов, Г. С. Юриндердің берген түсінігі бойынша оқиға болған жерді тексеру дегеніміз- орын алған оқиғаны, қылмыскердің жеке басын, қылмыс себебін және басқа да тергеу барысында анықталуға жататын жайттарды анықтау үшін оқиға болған жердегі материальдық заттардың белгілері мен құрылымын табу, көру, танысып және бекітуден тұратын тергеу әрекеті болып табылады [ 6. Б. 3] .
Осы авторлардың пікірі бойынша оқиға болған жерді қарау орын алған оқиға мен қылмыскерді, қылмыс себебін анықтауға бағытталған тергеу әрекеті екендігін білдіреді
Ал, Т. А. Кулибаевтың пікірінше оқиға болған жерді қарау дегеніміз орын алған қылмыстық оқиғаның болғандығы мен анықталуы үшін оқиға болған жердегі жағдайды кешенді зерттеу, қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелерді анықтау мақсатында алғашқы тергеу кезеңінде кезек күттірмей орындалатын процессуалдық іс әрекет дегендігін көрсетеді [ 7. Б. 65] . Жоғарыда көрсетілгендей Т. А. Кулибаевтың пікірінше оқиға болған жерді қарау процессуалдық іс әрекетке жатады.
Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттардың пікірлерінше оқиға болған жерді қарауға келесідей түсінік береді: “Оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті” [4. Б. 193] . Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттардың берген түсінігі оқиға болған жер не үшін, қашан жүргізілетіндігін қамтып отыр деуге болады. Шын мәнісінде оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті оқиға болған жерді қарай отырып ол жерден қылмысқа қатысы бар деген айғақ заттарды тауып, оларды бегіту мен алу үшін жүргізіледі. Оқиға болған жерді кідіртпей жүргізу қажеттігі оқиға болған жердегі айғақ заттар болып табылатын жайттардың бұзылмауын қамтамасыз ете отырып дер кезінде бекіту керектігін меңзейді.
Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттардың берген түсінігі бойынша “Тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла әдісі” [4. Б. 186] . Жоғарыда көрсетілген Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттардың тактикалық әдіске берген түсінігінен біз тергеушінің айла тәсілдері екендігін және ол айла тәсілдің заңға және этикалық талаптарға сай болуы қажеттігін біліп отырмыз.
“Криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы” деген түсінікті бізге Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, Г. Х. Найманова, Р. Б. Тапалова, Н. С. Темірболаттар беріп отыр [ 4. Б. 184] .
Р. С. Белкиннің пікірі бойынша оқиға болған жер бойынша төмендегі мағынадағыдай түсінігін береді. Оқиға болған жер дегніміз-оқиға болған жердегі жағдайды, қылмыс, қылмыс жасаған адам іздерін, және тағыда басқа қажеттерді және барлығының қосындысы негізінде оқиғаның болуын, басқа да тергеу жүргізіліп жатқан оқиғаның орын алуына қорытынды жасауға негіз болатын жайттарды анықтап, бекітіп зерттеуге бағытталған кезек күттірмейтін тергеу әрекеті деген маңғынада түсінігін береді [8 . Б. 231] . Р. С. Белкин өз түсінігінде оқиға болған жер тек қылмыс болған жер ғана еместігін, оқиға болған жердегі оқиғаның анығына жету мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті дегендей тұжырымды береді. Сондықтан әр бір оқиға болған жер қылмыс болған жер бола бермеуі мүмкін. Осыған байланысты оқиға болған жерді тексеру барысында тергеуші осы жерде қылмыс оқиғасы орын алды деген тұжырымды алдын ала жасауға болмайды дегенді ұсынамыз.
Осы жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып біз оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістеріне келесідей түсінік береміз. Оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері дегеніміз, іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп танылған оқиға орын алған орынды тексеру тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығын құрайтын заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла әдісі.
Жоғарыда тоқталып өткендей оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті негізінен өзінің түсінігінде көрсетілгендей келесі мақсаттардан тұрады деуге толық негіз болып отыр:
- орын алған оқиғаны қалпына келтіру;
- орын алған оқиғада қылмыс белгілері мен қылмыс оқиғасы бар жоғын анықтау;
- оқиға болған жерден осы оқиғаға қатысты іздер мен заттай дәлелдемелерді іздеу;
- оқиға болған жерден табылған іздер мен заттай дәлелдемелерді бекіту;
- оқиға болған жерден табылған іздер мен заттай дәлелдемелерді алу;
- оқиға болған жерден табылған іздер мен заттай дәлелдемелерді зерттеу.
Осы көрсетілген мақсаттар негізінде оқиға болған жерді қараудың қандай маңызы барлығы анықталады. Оқиға болған жерге тексеру жүргізудің мақсаттары қандай болса оның маңызы да сондай болары белгілі. Осыған байланысты оқиға болған жерді қараудың маңыздылығы орын алған оқиғаның орын алған жерін анықтап, егер қылмыс болған жағдайда қылмыс жасаған адамды, қылмыс жасау себебін, қылмыстың жасалу түрін анықтау үшін қажеттілігінде болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz