Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе2
1. Тарау. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі. 4
§1. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеттері, маңызы. 4
ІІ-Тарау. Тергеу өндірісі барысындағы заңдылықты сақтауға қадағалау жүргізу. 14
§1. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау. 14
§ 2. Азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың24
заңдылығы мен негізділігіне қадағалау24
§ 3. Тергеу органдарымен қолданылатын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңдылығына қадағалау жүргізу. 30
§ 4. Іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамассыз етуде прокурорлық қадағалау. 41
§ 5. Тергеу барысында қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеуді қамтамасыз етуіне қадағалау. 49
§ 6. Алдын ала тергеудің аяқталуының заңдылығына қадағалау53
ҚОРЫТЫНДЫ60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР62
Кіріспе
Қазақстан Республикасы (әрі қарай-ҚР) тәуелсіздік алғанына міне 10-жылдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген заңдар қабылданды. Бұл заңдар құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Ал құқықтық мемлекеттің басты элементтерінің бірі-ол қоғамда заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуы.
Сондықтан, ҚР-нда заңдар біркелкі қолданылмаса, сақталмаса онда құқықтық мемлекет құру екі талай. Мемлекет заңдарды дәл әрі бірыңғай қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган- прокуратураны ұйымдастырады. Демек прокуратураның қызметі қоғамда үлкен орын алатындығын көреміз. ҚР-сы құқықтық мемлекетті құру жолындағы реформалар прокуратура органдарынан тергеу аппаратын алу арқылы және ҚР-сы 21-желтоқсан 1995-жылғы “Прокуратура туралы” занымен оның мемлекеттегі заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына қадағалауды іске асыратындығын бекітті. Қазіргі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қылмыс деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұрғандықтан және қылмыскерді жазалау кезіндегі немесе қылмысты алдын-ала тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұрмалау фактілерінің көптеп кездесетіні бәрімізге аянышты шындық.
Осындай себептер және қоғамдағы құқықтық реформа процесінің кең үрдісі аталмыш тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Бұл біздің диплом жұмысын осы тақырыпқа арнау себеп болады. Біз бұл бітіру жұмысында ҚР-сы Ата Заңының 83-бабына, «ҚР-сының прокуратурасы туралың заңына және қылмыстық істер жүргізу заңдылығындағы және ҚР-сы Бас прокурорының бірқатар бұйрықтарында прокуратура органдарына берілген құқықтары мен міндеттерінің, функцияларының маңызын жеке түсіне отырып аталмыш бітіру жұмысында төмендегідей мәселелерді ашып көрсетуге тырыстық.
Олар анықтама мен алдын-ала тергеу барысындағы прокурорлық қадағалаудың өкілеттіктерін жүзеге асыру барысындағы түсінігі және прокуратура органдарына қойылған міндеттері мен шегі қарастырылады және де алдын-ала тергеу өндірісіндегі прокуратураның прокурорлық қадағалаудың мынадай мәселелері қарастырылады; ол тергеудің сатысында жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда және тіркегенде немесе шешкенде заңдылықтың сақталып отыруын қадағалайды.
Сонымен қатар, прокурордың бұйрық беру өкілеттіктерін дұрыс қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуге заңдылықты сақтауды толықтай қамтамасыз етеді. Тергеу немесе анықтама жүргізуші органның әрекеттерінде заңдылықты сақтауға прокурорлық қадағалауға талдау жасалынады.
Атап айтқанда, қамауда ұстауда ұстау мерзімінің сақталуына; тергеу әрекеттерін жүргізудегі заңдылықтың сақталуына; тінту мен алу, тексеру, куәландыру, почта телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, алу мен тексеру, хат хабарларды жол жөнекей ұстау және т. б. ; бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыстық істі қозғау, қылмыстық істі қозғаудан бас-тарту және тағыда басқа прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуы қарастырылады.
Осы диплом жұмысын орындау кезінде процессуалдық әдебиеттерге, заң мақалаларына және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді.
1. Тарау. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі.
§1. Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеттері, маңызы.
ҚР-ның қылмыстық істер жүргізу кодексі (әрі қарай-ҚІЖК) және ҚР-ның заң күші бар «Прокуратура туралың жарлығы прокуратура органының тергеу және анықтама органдарына прокурорлық қадағалаудың тікелей функцияларын және міндеттерін анықтайды.
Тергеу және анықтама органдары қызметінің заңдылығына қадағалау прокурорлар жүзеге асырады, бұл ҚР-сы “Прокуратура туралы” заңында көрсетілген, сондай-ақ прокурордың нұсқаулары жазбаша нысанда болады және анықтама жүргізуші органы мен тергеушіге міндетті болатын нұсқау береді. (22 бап. Прокуратура туралы заң) . 1
ҚР-сы «Прокуратура туралың заңына сәйкес- прокурор анықтау және тергеу органдарының қызметінде заңдарды толық орындауына қадағалауды жүзеге асырады деп белгілейді.
Тергеу және анықтама органдары заңдарын дұрыс қадағалау ҚР-сы «Прокуратура туралың заңына сәйкес прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл заңдық күші бар жарлық тергеудің жоғарғы сапасын және мерзімдерінің сақталуына, жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуына прокурорларға көп өкілеттіктер берді. Сонымен қатар, прокурор өз өкілеттіктерін дұрыс қолдана отырып, қылмыстық істерді тергеуде заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Және көрсетіп кету қажет «Тергеуге қадағалау жүргізу қызметінің объектісі бойынша ғана емес, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың басқа салаларының мәнісін өтінбей-ақ, бұл - заңды дұрыс орындауға қадағалау прокурордың қызметінде ең маңызды бағыт болып табылады. 2
Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурордың қадағалауы- басқа мемлекеттік органдарының, лауызымды тұлғалардың қызметтерінің заңдылығына қадағалаудан ажырататын ерекше қатынастармен сипатталады.
Бұл қасиеттер мыналар:
- Анықтама және тергеу жүргізу барысында прокурорлық қадағалау тек қана тар мағынадағы қарау емес, сол сияқты осы органмен жүзеге асырылатын тергеуге басшылық болып табылады. Прокурор анықтама және тергеу органдарына жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына байланысты тиісті нұсқаулар беруге құқылы. Бұл жерде прокурорға анықтама және тергеу кезінде шешуші билік беріледі.
Анықтама және тергеу органдарының заңсыз және негізсіз қаулыларын өзгертеді және жояды.
- Қылмыстық істерді тергеуіне қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурордың жағдайы мен міндеттері барлық тергеу және анықтама органдарына қарағанда бәрі бірдей, яғни, ішкі істер министрлігіне, ҰҚК-ң жүйесіне не басқа органдарға кіру, кірмеуіне қарамастан. 3
Прокурорлық қадағалаудың осы саласындағы осындай ерекшелік түсінігіне өз ізін қалдырады. Бірақ бұл жерде де тергеуге прокурорлық қадағалаудың мәнісі - тергеу процесінде заңдылықты үздіксіз сақтауды қамтамасыз ету қадағалауға жүктелген міндетпен айқындалады.
Анықтама және тергеу органдарының заңдарды сақтауына қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурордың өкілеттіктері әмірші-бұйрық беру сипаттамада болады. Прокурордың ұсыныстары мен нұсқаулары қылмыстық істі қозғау және тергеу мен байланысты прокурордың актілері анықтама және тергеу органдарынан лауазымды адамдарға міндетті болады. Прокурор заңды сақтаудың мәнісі бойынша араласуға құқылы, тергеушінің актілерін өзінің актілерімен ауыстыруға немесе өзгертуге әрі жеке тергеу әрекеттерін өзінің өндірісіне алуға құқылы.
Осы әмірші - бұйрық беру сипаты істің мәнісі бойынша тергеу органдарының қай ведомство қатарында болуына тәуелсіз тергеуге процессуалдық басшылықты жүзеге асырады.
Атап айтқанда, прокурор тергеуге басшылық жүргізеді, не мұндай басқару осы саладағы прокурорлық қадағалаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
- Бұл жерде айта кететін: тергеуге прокурорлық басшылық ету бұл жерде ішкі істер органдарының және басқада органдарының тергеушілерін ескертіп отырған жоқпыз, керісінше прокурорлық қадағалау қылмыстық процессуалдық заңдылықпен жүктелген тергеушінің процессуалдық дербестігіне жалынбайды.
Кейбір әдебиеттерде тергеуге басшылық етумен прокурорлық қадағалауды қарама-қайшы қоюға талаптанып көрген болатын, сондай-ақ тергеу аппараты ведомстваның қай жүйесінде болуына байланысты қадағалаушыны бөліп отырады.
В. Царев және Г. Арзумян көрсеткендей, егер ішкі істер министрлігі және ҰҚК органдарындағы тергеуге прокурорлық қадағалауды, процессуалдық әдісті шектесек, онда ол оның жұмыс істеу қабілетін төмендете түседі және ол формальды түрде болар еді. 4
Прокурорлар өз қызметтерінде, сондай-ақ тергеуге қадағалау жүргізу бойынша тергеу бөлімдерінің бастықтарының қызметін қолдап отырады және тергеу бөлімшесі бастықтарының құқықтарының жетіспеушілігіне назар аударудан бұрын неге олар қылмысты тергеуге бақылау жасау үшін осы құқықтарын толық пайдалана алмайтынына көңіл бөлуі керек.
Тергеу жүргізерде прокурордың қадағалауы тергеушінің дербестігін өтінбеуі керек - керісінше прокурор қолдап отыруға кепілдік беруге, оны бекітуге міндетті. Тергеу барысындағы прокурордың қадағалау кезіндегі оның конституциялық міндеті заңды қолдануына жоғарғы қадағалаудың функциясы болып табылады.
Әбден түсінікті, яғни тергеуге процессуалдық басшылық ету ұсақ жұмыс болмауы қажет, әкімшіліндірілген, тергеушінің құқықтарымен процессуалдық дербестігін шектемеуі қажет.
Тергеуші қылмыстық процессуалдық әрекеттің белсенді қатысушысы. ҚР-ның ҚІЖК-64 бабына сәйкес, алдын-ала тергеу жүргізген кезде, заңда көзделген ережелер бойынша прокурордан санкция алу қажет деп белгіленген ретпен басқа жағдайда, тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен дербес қабылдайды, және осы әрекеттің заңды түрде дер кезінде жүргізуіне толық жауапты болады. Өкінішке орай, тәжірибеде әлі де мынадай жағдайлар кездеседі, прокурорлар тергеушіге қажетті көмек көрсетудің орнына қадағалау қызметін қажет емес екендігіне айналдырады. Прокурорлық қадағалауды осындай нысанда жүзеге асыру қылмыстық күресте толық мүмкіндік жасамай қоймай, тергеушінің бастамасын шектейді, сондай-ақ тергеудің сапасына теріс әсер етеді.
Осыған орай профессор Бегалиев К. А. былай деп көрсетеді. Тергеуге қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар мынаны есте сақтаулары қажет тергеуші - дербес процессуалдық тұлға. 5
Қазіргі заңдылық жеткілікті дәрежеде тергеушінің құқықтарын жиыстыруы, бұл жерде прокуратура оны оңай жолмен өзінің пікір айтпайтын және тілалғыш чиновникке айналдырды, міне осыдан сақтануымыз керек.
Тергеуші әрқашан да дербес өзінің жеке көзқарасы бойынша және жиналған дәлелдемелердің негізінде зерттелетін істің ақиқат жағдайларын тергейді және іске қандай маңызы бар екенін өзі дербес түрде шешеді.
Прокурор тергеушінің шығармашылық бастамаларын және тапқырлығын көтермелеуі қажет, тергеушінің ақиқаттылығын құрметтеп, бағалауы қажет. Қылмыскерлерді батылдықпен табанды түрде әшекерлеуге көмектесуі қажет, прокурор тергеушінің дербестігімен бірге әр қылмысты ашуда заңды түрде және дер кезінде тергеу өндірісінің жүргізілуіне толық жауапкершілігін көтеруі қажет.
Прокурордың қызметіндегі негізгі принцип- заңдылық принципі болып табылады.
Бұл принцип тергеуге қадағалау жүргізуіне қатысты прокурор қылмыстық істі тергеуге қатысушы адамдардың барлық әрекеттері заңға сәйкес жүзеге асырылып отыруын қадағалауы тиіс.
Заңдылық принципіне сәйкес прокурор уақытында заңның бұзылуын ашып беруге міндетті. Оларды жоюға заңмен көрсетілген шаралар қолдануға міндетті (Прокуратура туралы заңның 4 бабы) .
Прокурорлық қадағалау тергеудің процессуалдық нысандарының іштей сақталуының қадағалауына сәйкес келмейді.
Сондықтан, прокурор қылмыстық істерді тергеуде қылмыстық процессуалдық заңдылықпен сәйкес қатаң жүргізілуіне шаралар қолдануға міндетті.
Тергеуге прокурорлық қадағалауы қылмыстық істердің ізін жалғастырушы туралы заңмен белгіленген ережелерді қамтамасыз етуде прокурордың белсенді ролін болжайды. Ол жалғастырушының тәртібін бұзу фактілермен келісе алмайды.
Сонымен қатар, қейбір жағдайларда анықтама органдарының өндірісінен істі алып тергеушіге беруге құқылы.
Дәлелдемелерді бекіту және зерттеу кезінде объективтігінен заңның талаптарын орындауға күнделікті және тиімділігі прокурорлық қадағалау міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.
Айыптау қорытындысын қараған кезде материалдағы істердің қорытындыларының сәйкес келуіне, айыптаудың формулировкасының дұрыстығына, процеске қатысушылардың өтініштерін қараудың нәтижесі туралы тергеушінің берген түсініктерінің заңдылығына және негізділігіне көңіл бөлінуі керек.
Қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту туралы қаулылар ұқыпты түрде тексеріледі. Заң прокурорға қылмыстық істерді тоқтату және қысқартумен байланысты шығарылатын қаулыларды бекітуге міндеттейді.
Бірақ осы процессуалдық актілердің заңдылығы мен дұрыстығына жауапкершілікті шектемейді. Барлық атап айтылған қаулылар көшірме түрінде прокурорға ұсынылуы тиіс және қадағалау тәртібімен тексеріледі, ең маңыздысы бұл қылмыстық істерді тоқтату және қысқарту кезінде жіберілетін қателермен бұзушылықты дер кезінде прокурорлық қадағалау айқындауы және жою болып табылады.
Қадағалаудың маңызды жолы - бұл іздеуден қашып жүрген айыпталушыны немесе сезіктіні таба алмауына байланысты қысқартылған істер бойынша белсенді жұмыстар жүргізу үшін шаралар қолдану.
Прокурор барлық қысқартылған істермен танысуға міндетті, айыпталушыны іздеуде немесе қылмысты ашуда қаншалықты толық және белсенді шаралар қолданып жатқанын анықтауы қажет, қажетті ұсыныстар беруге мерзімдерін белгілеуге және олардың орындалуына бақылауды орнатуға міндетті.
Тергеуге қадағалауды жүзеге асыру барысында ең маңыздысы қылмыстың алдын-алу туралы заңдардың талаптарын қамтамасыз ету болып табылады.
Егер тергеуші заңдық күшінде әр іс бойынша жасалған қылмысқа себепкер болатын себептері мен шарттарын айқындап отыруға міндетті болса және оларды жоюға қолданылатын талаптарға сәйкес ұсыныстарды енгізуге міндетті болса, прокурордың міндеттері заңның осы талаптарының орындалуына бақылау жасау ғана емес, сондай-ақ осындай ұсыныстарды ғана кең көлемде ескерту шаралары туралы мәселелерді қою үшін сәйкес нәтижелермен жинақтап қорытуы керек.
Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру үшін ең маңыздысы прокуратура органдарындағы нақты лауазымды адамдардың белгілі құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемесе соншалықты бүтіндей прокуратура органдарының жұмыстарына айқындылық және тәртіптілік қамтамасыз етіледі.
Қылмыстарды тергеуінің заңдылығына қадағалау прокуратура қызметіндегі ең маңызды бағыты, ол анықтама және тергеу органдарының процессуалдық басшылығынан тұрады және қылмысты тергеуде осы органдардың заңда көрсетілген тәртіптің дұрыс орындалуын қамтамасыз етуіне бағытталған.
Ерекше жауаптысы прокуратура органдарының тергеу жұмыстары болып табылады, себебі, тергеудің осы сапасы адам тағдырын шешеді. Прокуратура қызметкерлері заңды бұзғандарға қарсы айыптаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар егер азамат жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болса, онда олар азаматты қорғауға міндетті болып алға шығып сөз сөйлейді.
Прокуратура органдары заңның нақты және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды функциясын жүзеге асыра отырып; ҚР-ның “Прокуратура туралы” заңының 3-ші бабында бекітілген басты міндеттерін орындайды. ҚР-сы прокуратурасының қызметі заңдылықтың, құқықтық тәртіптің бекітілуіне және әртүрлі қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған.
ҚР-сы Конституциясымен бекітілген Республиканың саяси және экономикалық жүйелерін;
- меншіктің қай түріне жатуына, бағыныштылығына қарамастан кәсіпорын, мекеме ұйымдардың құқықтарын қорғау;
- азаматтар мен адамдардың құқықтары және бостандықтарын қорғау;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сананы дамыту;
Сөйтіп, қылмыстық істерге қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор заңдылықты қадағалаудың жалпы функциясынан шығатын міндеттерді - қадағалаудың осы саласына ғана сай келетін, тек қана тергеу процесіндегі заңдарды ескеріп отырғанда, осы міндеттерді орындайды.
Тергеу сатысындағы прокурордың міндеттері, тергеу және
анықтама органдарындағы лауазымды адамдардың және қылмыстық істерді тергеуге қатысатын басқа да адамдардың қызметіндегі заңдылыққа қадағалаудан тұрады.
Прокурор ең алдымен әр қылмыстың жеке толық ашылуын қамтамасыз етілуіне жағдай жасайды. Бұл міндет “ҚР-сы прокуратура туралы” заңының 22-ші бабында және ҚР-ның ҚІЖК-ң 8-ші бабында көрсетілген.
Қылмысты ашудың тездетілген түрі қылмыстық репрессияның мергендігін, қылмыспен күресетін табыстылығын қамтамасыз етеді және тәрбиелеу-ескерту әсерін қолдану ол тергеудің белсенді жүргізілуімен қамтамасыз етіледі.
Қылмысты толығымен ашу дәлелдеме құрамы болып табылатын істің барлық мән-жайларын зерттеу және айқындау - бұл қылмыстың оқиғасын және белгілі бір адамдардың осы қылмысқа байланысты кінәлілігін анықтау, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушының жеке басын сипаттайтын фактілер; осы қылмысты жасауға әсер еткен жағдайлар мен себептер болады.
Әр қылмысты толықтай және тез ашу үшін тергеушінің барынша табандылығы мен бастамасы қажет. Сондай-ақ прокурор жағынан белсенді қадағалау және шебер басшылық қажет. Қылмысты ашып болғаннан соң прокурордың жаңа міндеті туады - ол қылмыс істегені үшін кінәлі барлық адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен бас тартпау не қашып кетпеу үшін заңды шаралар қолдану (4-бап. Прокуратура туралы заң) .
Аса ауыр қылмыс жасағандар қылмыстық жауапкершілікке міндетті түрде тартылуы керек деген талаптар міндетті болып қалады.
Сонымен қатар, тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі. Қылмыс жасаған үшін кінәлі адамдар негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отырады. Тәжірибедегі мұндай жағдайдың үлгісі болып Алматы облысы Қаскелен қаласы Алматы көшесі Универмаг алдында К-ға қатысты бұзақылық жасалды, нәтижесінде оған орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілді.
Бірақ тергеуші қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды. Бұл жерде жәбірленушінің өзі болған оқиға туралы мәлімдемеді. 6
Осыдан байқалатыны, жасалған қылмыс ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 257-ші бабының 1, 2, 3 тармақтарында белгілеріне сәйкес келеді, яғни жеке айыптау қылмысы емес, кәнілігі бұзақылық болып табылады.
Осындай қылмыс жасаған адамды заңсыз босатудан тек қана прокурор жағынан кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңның орындалуына қадағалау жолымен құтылуға болады.
Қылмыстық іс жүргізудегі тергеудің басты міндеті - қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту, оның кінәсін дәлелдеп сотқа беру үшін қажетті дәлелдемелермен негіздейді.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту өте маңызды және өткір міндет, себебі оларды орындау үшін әр уақытта барынша көп сақтық және батылдық қажет.
Адамдарды қылмыстық жауапқа тартуда заңдылыққа қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор алдында тұрған басқа да міндетті орындайды. Бірде-бір адам негізсіз және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылмауын және жазаға ұшырамауын қадағалап отырады.
Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, оның құқықтарын қатаң түрде бұзушылық болып табылады, сондай-ақ нақты қылмыскерлер жазасыз қалуы оларға жаңа қылмыстар жасауға мүмкіндік береді.
ҚР-сы Конституциясының 16-шы бабына сәйкес, заңдарда белгіленген тәртіп және негізінде ғана тұлға қылмыстық жауапқа тартылады. Тергеу органымен осы норманың қатаң түрде орындалуын қамтамасыз ету -прокурордың міндеті.
Тергеудің ең маңызды міндеттерінің бірі - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу болып табылады.
Прокурор тергеушіден өзінің қолынан келетіндей қылмыспен келтірілген залалды толық және тез шешу үшін немесе келтіріліген талапты қамтамасыз ету үшін бәрін істеуді талап етеді. Тергеу әрекетінің тағы да бір маңызды міндеті қылмыстың жасалуына себепкер болатын шаралармен себептерді айқындау және жою болып табылады.
Осы міндет жасалған және әзірленіп жатқан қылмыстардың алдын - ала ескертілуімен жол берілмеуіне процессуалдық заңмен көрсетілген шараларды қолдану жолымен, қылмыс жасауға себепкер болған мән-жайлардың барлық жиынтығын айқындау және жою тергеушімен жүзеге асырылады.
Тергеу барысында қылмыс жасауға мүмкіндік берген шарттармен себептерді анықтаған кезде тергеуші сәйкес мекеме, кәсіпорын, ұйымдарға осы шарттармен себептерді жоюға байланысты шараларды қолдану туралы ұсыныс енгізуді мұндай ұсыныстар 1-ай мерзім ішінде тергеуге қолданған шаралар туралы хабарлаумен қаралуы тиіс.
Шарттар мен себептерді жою туралы ұсыныстарды құрастыру қазіргі кезде тергеу тәжірибесіне еніп кетті.
Прокурордың тергеу органының қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде міндетін тергеушімен жүргізілген профилактикалық шаралардың басым көпшілік әрекеттілігіне жету. 7
Қылмыстық іс жүргізуде тергеу алдында тағы да бір міндет бар: -ол азаматтарды барлық заңдарды үздіксіз орындау рухында тәрбиелеу.
Алғашқыда бұл қәсіби міндет ең алдымен сот органына жүктелген болатын.
Бұл қылмыстық істерді қараған кезде сот кең аудиторияға бөлінген болатын. Бірақ уақыттың көрсетуіне байланысты, тергеу процесінде тергеу жүргізу органы заңды бұзғандар мен қылмыстылықпен күресу жолында ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізе алады.
Тергеушінің тәрбие қызметі екі ұшты сипатта болады, ол айыпталушының оның психикасына, көзқарастары мен әдеттеріне игі ниетпен өзгерту мақсатымен әсер етеді.
Тергеушінің әрекеті айыпталушы өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігіне көзі жететіндей етіп көрсетілуі қажет. Қоғамдық жөндеу еңбектеріне баулу, заңдарды, мораль және этика нормасын құрметтеу мақсатымен жүргізілуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz