АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДIҢ ТҮСIНIГI


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ1

1 АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДIҢ ТҮСIНIГI3

1. 1 Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң түсiнiгi3

2 АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДЕГI ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ13

2. 1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз айдап кетудегi қол сұғушылықтың объектiсi мен заты13

2. 2 Көлiк құралдарын айдап кетудегi қылмыс құрамының объективтiк жағы26

2. 3 Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң субьектiсi39

2. 4 Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң субъективтiк жағы46

2. 5 Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң дәрежелеушi белгiлерi55

ҚОРЫТЫНДЫ75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI81

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстан Республикасында (1997-жылы) қабылданған жаңа Қылмыстық кодексi қылмыстық құқықтың көптеген институттарын бiрқатар өзгерiске ұшыратты. Қылмысты әрекеттердi белгiлейтiн Қылмыстық кодекстiң Жалпы және Ерекше бөлiмдерiнде көзделген баптарының кейбiр белгiлерi қылмыс құрамын құрауынан ажыратылды немесе жаңа қылмыс құрамдары белгiлерiмен толықтырылды.

Қазақстанда қылмыстық заңның өзгерiстерге ұшырауы ерекше мән-жайлар болып танылады, олардың арасында көлiк құралдары жоғары қауiптiлiк көзi ретiнде табылуы, оларды пайдалануда көлiк құралдарымен байланысты болған қылмыстардың жаңа түрлерiнiң пайда болуы, сол сияқты, олармен байланысты автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендiгi үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлеу бойынша арнайы зерттеу жүргiзудiң қажеттiлiгi айқындалады.

Елiмiздiң Президентi Н. Ә. Назарбаевтiң қатысуымен «Адамдар өздерiн қауiпсiздiкте сезiнуi тиiс» атты құқық қорғау органдарының республикалық кеңесiнде сөйлеген сөзiнде «Бiз конституциялық деңгейде Қазақстанда адам, оның өмiрi, құқықтары мен еркiндiктерi ең басты құндылық болып табылады деп жарияладық. Сондықтан да заңға құлықты азаматтарды олардың құндылықтарын, еркiндiктерi мен заңды мүдделерiн қорғау - сiздердiң басыңқы мiндеттерiңiз. Мұны мен сiздерге ел Президентi ретiнде, Конституцияның кепiлi ретiнде айтып отырмын» деп атап өттi /1/.

Елiмiздегi iшкi iстер органдарының құқық қолдану қызметiн жетiлдiру мен ұйымдастыру қазiргi кезеңде ерекше орын алады. Осыған байланысты қылмыстық-құқық нормаларын, оның институттарын қолдану тиiмдiлiгiн жетiлдiру мен арттыру жолдарын теориялық тұрғыда жете зерттеу құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қылмыстылықпен күресуi мен тойтаруына тиiмдi мүмкiндiктер жасайды.

Қазақстан Республикасында жалпы қылмыстардың жасалу саны, әлi де болса өз қарқынын жоғалта қойған жоқ. Арнайы мәлiметтерге жүгiне отырып, соңғы өткен 10 жыл аралығын алып қарасақ мысалы, Қазақстанда 1992 жылы - 200873 , 1993 жылы - 206006 , 1994 жылы - 201786 , 1995 жылы - 183977 , 1996 жылы - 162491 , 1997 жылы - 142100 , 1998 жылы - 162494 , 1999 жылы - 139431 , 2000 жылы - 150790 , 2001 жылы - 152168 және 2002 жылы - 135151 қылмыс жасалғандығын байқауымызға болады /2/. Соның iшiнде қылмыстар санының өсуiне қатысты бөтеннiң мүлкiне қарсы қылмыстардың жасалуы өз алдына үлесшi болып отыр.

Қазiргi кезеңде адамның өмiр-тұрмысындағы тығыз байланыстың бiрi техниканы пайдалануы. Ғылым мен техниканың дамуындағы ең жарқын көрiнiстерiнiң бiрi болып бүгiнгi таңда, автомобиль немесе өзге де көлiк құралдары танылады.

Мiне, осы техникалық құралдармен байланысты болып отырған ңавтомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуң (айдап кету) сиқты әрекеттер үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi бойынша қылмыстық жауаптылық белгiленгендiгi бiздерге мәлiм.

Ал, тiкелей автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын айдап кетумен байланысты болған қылмыстардың жалпы жасалу саны: 1998 жылы - 1334 (0, 82 %), 1999 жылы - 798 (0, 57%), 2000 жылы - 948 (0, 63 %), 2001 жылы 1165 , (0, 76 %), 2002 жылы 1399 (1, 04 %), болып отыр /2/.

Бiздiң өмiрiмiздегi автомобиль немесе өзге де көлiк құралдары деңгейiнiң уақытқа сай қоғамдағы қарқынды өсуi жағдайындағы маңыздылығы, оған сәйкес оның тиiстi түрде қолдану талаптарының көтерiлуi, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудегi қолданылатын қылмыстық жауаптылықтың күрделi мәселелерiн шешудiң ғылыми және тәжiрибелiк қызығушылығын тудырып отыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiн қолдану барысында пайда болған белгiлi бiр шеңбердегi кемшiлiктердi жою көздерiн тапқанмен де, жаңа қылмыстық заң бiрiншi кезекте Қылмыстық кодекстiң осы немесе басқа да нормаларын қолдануда пiкiрталастыққа әкеп соқтыратын бiрқатар қарама-қайшылықтардан толық арыла қойған жоқ.

Демек, осы айтылғандарға байланысты жете тұрғыда зерттеудi қажет ететiн мәселенiң бiрi болып, ҚР ҚК 185-бабымен белгiленген «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендiгi» (айдап кету) үшiн қылмыстық жауаптылық танылады.

Аталған қылмыс түрiмен күрес жүргiзу, оның алдын алу немесе оған дұрыс қылмыстық жауаптылық белгiлеу мiндеттi болып табылады. Ал, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, қолданыста жоғары қауiптiлiктiң көзi ретiнде таныла отырып, меншiк пен көлiк құралдарын заңды (дұрыс) пайдалану ережелерiне қатер төндiре отырып қоғам мүдделерiне қол сұғатын заңсыз әрекет болып танылады.

Қылмыстық құқық саласында, көлiктегi жасалынған қылмыстар немесе көлiк құралдарын айдап кеткендiгi үшiн қылмыстық жауаптылық белгiлеудiң проблемаларын өңдеуде немесе олармен келтiрiлетiн қол сұғушылықтарға қарсы күрес жүргiзу мәселелерiн анықтауда елеулi тұрғыда еңбек сiңiрген мына ғалымдардың еңбектерi жатады: А. В. Арендаренко, Н. А. Бусырев, М. Валиев, Т. М. Грекова, В. И. Егоров, Б. А. Куринов, В. А. Лихолая, Э. К. Набиев, В. П. Пантелеев, Б. В. Петухов, Ю. А. Панова, В. М. Хомич, Л. Г. Шайбазян және т. б.

Мұның өзiнде, олармен құрастырылған ұсыныстар мен тұжырымдар орын алғанымен де, әлi де болса осы зерттеу жұмысы бойынша бiрқатар етек алды пiкiрталастықтар туып отыр және олар одан әрi тәжiрибелiк-теориялық деңгейде зерттеудi қажет ететiндiгiмен көрiнедi.

Әлбетте, қазiргi кезеңде елiмiздегi қылмыстық заңды жалпы тұрғыда одан әрi жетiлдiруге, дамытуға өз үлестерiн қосып еңбек сiңiрген заңгер ғалымдар: А. Н. Ағыбаев, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдiров, Қ. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, Б. Ж Жүнiсов, Ұ. С. Жекебаев, А. А. Исаев, Е. I. Қайыржанов, Р. Т. Нұртаев, Б. М. Нұрғалиев, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова Д. С. Чукмаитов және т. б.

1 АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДIҢ ТҮСIНIГI

1. 1 Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң түсiнiгi

Автомобиль немесе өзге де көлiк құралы, тез дамыған пайдалы қарым-қатынастың қажеттi түрi ретiндегi елiмiздегi көлiк құралы жүйесiнiң бiрi болып саналады. Осыған қатысты болған қылмыстардың барлығы да өз алдына көлiк құралдарымен байланысты қылмыстардың жүйесiн құрады. Ұзақ уақыт аралығында осы қылмыс құрамына қатысты, оның түсiнiгi мен белгiлерiн анықтауда заң ғалымдармен әр түрлi анықтамалар берiлген болатын.

Алағашқы рет көлiк құралдарын айдап кету туралы норма Қазақ КСР 1960 жылғы 1-қаңтарда күшiне енген қылмыстық заңының 221-бабында орын алып, онымен «автомашиналарды, мотоцикл немесе басқа қозғалыс құралдарын өз бетiмен ұрлау мақсатынсыз мiнiп кетуi» туралы айтылды. Көлiк құралдарын айдап кету сол кезеңде Қазақ КСР қылмыстық кодексiндегi «Көлiктегi қылмыстар» атты ХI-тарауынан табылды.

Осыған байланысты, көлiк құралын айдап кетудi белгiлеген қылмыс құрамы қазiргi кезеңде белгiленгендей бөтеннiң меншiгiне емес, керiсiнше көлiк құралының қозғалысқа келтiрiлуi немесе қолданылуы аумағындағы қалыпты қызметi мен тәртiбiне қол сұғылады деп, көлiктегi қылмыстардың қатарына жатқызылған болатын.

Қазақ КСР-нiң Қылмыстық кодексiмен көлiк құралдарына автомобильдердiң барлық түрлерi, тракторлар және өздiгiнен жүретiн өзге машиналар, трамвайлар мен троллейбустар, сондай-ақ мотоциклдер және басқа механикалық транспорт құралдары жатады деп белгiленген /2/. Айдап кету, өз алдына жеке түсiнiк ретiнде алғаш рет Ресей ҚК 212(1) бабымен «Автомототранспорт құралдарын айдап кету» деп танылып, көлiк құралдарын басып алу және оны мiнiп кетуi, яғни екi белсендi әрекет жасалуының қажет болуы деп түсiндiрiлдi /3. Б. 2/.

Бұл мәселеге қатысты көлiк құралын айдап кетудi белгiлейтiн норма, әрине өзгерместен осылай қала қойған жоқ, себебi, бiздерге белгiлi болғандай бұл айтылып отырған түсiнiктер, қылмыстық жауаптылыққа тарту мен жаза тағайындау барысындағы индивидуализация және дифференцация қағидаларының сақталуында өз орнынан көрiне алмады.

Көптеген жылдар арасында заңгерлермен көлiк құралын айдап кету мен оның қол сұғатын объектiсiн нақты анықтау туралы әр түрлi түсiнiктер мен пiкiрталастықтары орын алды. Сол кезеңде нақты бiр қалыптасқан көзқрастардың, яғни көлiк құралдары болып, қандай құралдар табыла алатындығы, сонымен қатар ең алдымен заңмен қорғалынатын қандай қарым-қатынастың бұзылатындығы туралы бiр тектес пiкiрлер де болмады.

Мәселен, осы норма Ресей ҚК 212(1) бабы «Қоғамның қауiпсiздiгi мен қоғамдық тәртiпке және халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар» атты тарауында орын алды. Сонымен қатар заң атқарушы, көлiк құралын айдап кету ең алдымен қоғамның қауiпсiздiгiне, көлiк құралдарын қауiпсiз пайдалану ережелерiне қол сұғады деп көрсеттi. Кейбiр авторлар мұнымен келiсе отырып осы әрекеттiң тiкелей объектiсi болып, механикалық көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысы, ал қосымшасы ретiнде социалистiк немесе жеке меншiк болып танылады деп санаған болатын /4. Б. 138-139/.

Тәжiрибе көрсеткендей көптеген жағдайларда көлiк құралын айдап кетуде әр түрлi жол жүру ережелерiнiң бұзылуымен ұштасып, яғни оның нәтижесiнде пайда болатын жол көлiк оқиғасы, адамның қаза болуымен байланысты болып жатады. Ал, Қазақ КСР-нiң заң атқарушылығымен бұл қылмыс құрамы «транспорттық қылмыстар» атты тарауында орын алуының себебi болып оның тiкелей автомобиль немесе өзге де көлiк құралдарымен жасалынған қылмыстармен байланысуы арқылы, яғни осындай қоғамға қауiптi қол сұғушылықтардың болуымен түсiндiрiледi.

Қазақстан Республикасы 1997 жылы 16-шiлдедегi қабылдаған қылмыстық заңының (Қылмыстық кодекс) жүйесi елеулi өзгерiстерге ұшырауымен байланысты аталған норманы қолданудағы ғылыми пiкiрталастық кейiннен өз жаңа жолын тапты. Негiзгi сұрақтардың бiрi болып, алғашқы кезекте қандай мүддеге қол сұғылатындығы немесе оның бұзылатындығын анықтау туралы мәселе болды. «Көлiк құралын айдап кетуде, ең алдымен адамның өз көлiгiн пайдалануына немесе иелiк етуiне не осы мүдделерiн жүзеге асыруы құқығына қол сұғылады және негiзгi зиян меншiк қатынастарына келтiрiледi», -деген ұғымды бiрқатар заңгерлердiң кең шеңберi қолдап оны нақтылай түстi. Сонымен қатар, көлiктi айдап кеткен кiнәлi адам меншiк құқығы мен бөтеннiң мүлкiн заңсыз пайдаланғандығын сезiнедi. Көлiк құралына қатысты қылмысқа деген (ең алдымен құнды мүлiк ретiнде), яғни айдап кетудiң негiзгi объектiсiн анықтаудағы ғалым-заңгерлердiң баға беруi, өз алдына дұрыс болып танылды. Сонымен, елiмiздiң қылмыстық заң шығарушылығы, автомобиль немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленумен байланысты қылмыстарды ңменшiкке қарсы қылмыстарң тобына жатқыза отырып оған қатысты шешiмдi түрде нақты нүкте қойды. Сөйтiп, заң шығарушылық арқылы, осы аталған қылмыстық-құқықтық меншiк қатынастары, көлiк құралдарын иелiк ету құқығы, меншiк иесiнiң көлiктi пайдалану мен өкiмдiк етуiн қорғау мүдделерi өз қажеттiлiгiн тапты.

Қазақстанның қылмыстық құқығында мұндай қылмыстардың түрi ретiнде табылған, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) Қазақстан Республикасы ҚК 185-бабымен белгiлендi.

Айтылған қылмыстық заңды қабылдағанға дейiн көлiк құралдарын айдап кету көлiктегi қылмыстар тобында өзгерместен қалып қойған болатын, бiрақ бұл қол сұғушылық шын мәнiнде өзiнiң конструкциялық құрылысының талдалуынан бөтеннiң меншiгiне қарсы қылмыс болып табылады. Мысалы, көлiк құралын айдап кетуде кiнәлiнiң әрекетiн қосымша баппен дәрежелеудi қажет деп табылмады, яғни меншiк құқығына байланысты қатынастар жеткiлiксiз түрде ескерiлiндi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi (6-баптың 2-тармағы) делiнген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 188-бабына сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы танылады.

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне беруге, иелiгiнен шығаруға, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге немесе оған басқа да әдiстермен өзгеше түрде билiк етуге құқылы (ҚР АК 188-бабы 3-тармағы) .

Осыған байланысты меншiк иелерiнiң заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншiк құқығына қоғамға қауiптi iс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы 1997 жылы елiмiздiң конституциялық талаптарын орындай отырып барлық меншiк нысандары мен кәсiпкерлiктiң тең қорғалуына басты назар аударып адам меншiгiне қарсы қол сұғатын қылмыстардың түрлерiн нақтылай түстi. Қылмыстық заңмен, қол сұғушылық кезiнднгi қылмыс затының бiрi ретiнде бөтеннiң мүлкiн тани отырып, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын заңсыз иеленуде, ең алдымен меншiк құқығы бұзылатындығы анықталынды.

Мысалы, меншiкке қарсы қылмыстар деп - мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне зиян келтiре отырып немесе зиян келтiру қаупiн тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалынатын iс-әрекет немесе әрекетсiздiктер деп түсiнемiз.

Қылмыстық құқық теориясында, мүлiктi заңсыз иеленудiң екi түрiне қатысты яғни, бiрiншiден - бөтеннiң қозғалысқа түспейтiн мүлкiн (заттары) ; екiншiден - бөтеннiң қозғалысқа түсе алатын мүлкiн заңсыз иелену орын алатындығын айтуымызға болады.

Өз бетiмен бөтеннiң қозғалысқа түспейтiн мүлкiн иеленiп алу болып мысалы; жер учаскесi, тұрғын үй т. б. жатады.

Өз бетiмен бөтеннiң қозғалысқа түсетiн мүлкiн иеленiп алудың бiрi болып, бiздермен қарастырылатын дәстүрлi түрде көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленiп алуы болып танылады.

Меншiк иесiнде өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк жасау құқығы болады. Меншiкке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормаларымен қорғалатын объект ретiндегi меншiктер қатынасының мәнiн осы құқықтар құрайды.

Иелену құқығы дегенiмiз - мүлiктi iс жүзiнде иеленудi заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiк арқылы жүзеге асыру.

Пайдалану құқығы дегенiмiз - мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алу және одан пайда көру мүмкiндiктерiн заңмен қамтамасыз етiлуi.

Билiк ету құқығы деп - мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi (ҚР АК-нiң 188 бабының 2-тармағы) .

Меншiк иесi, өзiнiң көлiгiн бөтен бiр адамның айдап әкету салдарынан зиян шегедi, яғни көлiк иесi белгiлi бiр уақыт аралығында өз көлiгiн пайдалану немесе билiк ету мүмкiндiгiнен айырылады. Демек, бiрiншi кезекте көлiк иесiнiң меншiк құқығына қол сұғылса, екiншiден, ол мiндеттi болуы да емес, бiрақ жол қозғалысы қауiпсiздiгiне зардап келтiрiлуi мүмкiн. Сондықтан аталған қылмыс түрiн меншiкке қарсы бағытталған және оған сәйкес жазалау түрiн айқындау дұрыс болып табылады /5. Б. 24/.

Меншiкке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып екiге бөлiнедi. Пайда табу мақсатындағы қылмыстар, мүлiктi алумен байланысты ұрлау деп аталатын қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға бөлуiмiзге болады. Осыған байланысты пайда табу мақсатындағы, бiрақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстардың бiрiне осы аталған қылмыс құрамы жатқызылады.

Мысалы, белгiлi бiр мөлшерде меншiк иесiнiң көлiгiне деген амортизациялық сипатта залал келтiрiледi. Кейбiр жағдайда зардап көлiгiн пайдалануымен байланысты болған, күтiлген табысты алуына кедергi келтiруiмен де сипатталынады. Сонымен қатар, көлiктi уақытша пайдалануы үшiн айдап кетушi адам, көбiнесе оның бұзылуына немесе зардап келтiрiлуiне жол беретiн ұқыпты немесе дұрыс пайдалануына назар аудармайды.

Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) сұрақтары күрделi сипатқа ие және қылмыстық құқық теориясында бiртектi талданбаған. Бiрқатар авторлармен айдап кетудi өз еркiмен көлiк құралдарын басып алу және оны мiнiп жүру деп түсiндiрiледi /6. Б. 86/. Кейбiр авторлар мысалы, мұндай әрекет өз еркiмен көлiк құралдарын басып алу және оны тұрған орнынан белгiлi бiр қашықтықта қозғалысқа келтiруi деп таниды /7. Б. 137/. Бұдан басқа да осы қылмыс құрамына қатысты айтылған анықтамалар да бар олар: автокөлiк құралдарын заңсыз иелену және оны жүргiзуi /8. Б. 250/; көлiктi жүргiзуге құқығы жоқ адамның көлiк құралының кабинасына заңсыз енуi және оны тұрған орнынан алып кетуi /9. Б. 265/; өз еркiмен көлiк құралдарын заңсыз иелену (басып алу) /10. Б. 444/.

Адамның көлiк құралын өз бетiмен және де заңсыз жасаған әрекетiн бiртектес ңайдап әкетуң-деген түсiнiкпен қамыта атай отырып заң шығарушы дұрыс анықтама берген /11. Б. 31/, себебi айдап кетудiң өзi қылмыскердiң өз мақсатын жүзеге асыру ниетiмен байланысқан, яғни өз бетiмен заңсыз түрде меншiк иесiнiң ырқына қарсы түрде бағытталған әрекетiн айқындайды.

Бiздердiң ойымызша, жоғарыда айтылған анықтамалармен салыстырғанда анағұрлым дұрыс анықытама болып, бөтеннiң көлiк құралын заңсыз түрде уақытша пайдалануы және оны табылған орнынан қозғалысқа келтiруi танылатын сияқты.

Осы қылмыс құрамы бойынша бiздер уақытша пайдалану деген анықтаманы айтатын болсақ, талан-таражға салу белгiлерi бұл қылмыс құрамымен қамтылмауы деп түсiнуiмiз қажет. Талан-таражға салудың түсiнiгi көптеген ғалым заңгерлермен талданып өңделген. Мысалы, белгiлi заңгер Пионтковский А. А. айтылған қоғамға қауiптi әрекеттi мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi кiнәлiнiң өз пайдасына қасақана айландырып алуы деп анықтаған /12. Б. 367-368/.

Мұнымен бiрге, заңгер Шаргородский М. Д. талан-таражға салудың түсiнiгiн, ұрлық, тонау, қарақшылық, қосып алу, ысырап ету, өзiнiң қызмет бабын терiс пайдалануы мен алаяқтық жолдарымен мемлекеттiк немесе қоғамдық меншiктi заңсыз қайтарымсыз пайдақорлық мақсатта заңсыз түрде өзiнiң меншiгi ретiнде алып қоюы немесе сол мақсатта үшiншi бiр адамға беруi деп түсiндiредi /13. Б. 350/.

Аталған қылмыс құрамы бойынша автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын заңсыз иеленуiнде ұрлау мақсатының орын алмауы талан-таражға салудың белгiлерiн қамтымайды. Сондықтан да, бұл қылмыстың түрi талан-таражға салудың белгiлерiнсiз, бiрақ пайдақорлық сипаттағы қоғамға қауiптi әрекеттiң түрi болып танылады.

Пайдақорлық деп, осы қылмыс түрiне қатысты айтатын болсақ кiнәлi адамның өз жеке басы пайдасы үшiн (керек етуi) заңсыз түрде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдары арқылы белгiлi бiр орынға жетiп қалуы, өзiнiң қызығушылық қажеттiлiгiн орындауы (мысалы, белгiлi бiр көлiктi жүргiзгiсi келуi, ынтызар болуы), қылмыс жасаған орынынан бой тасалау немесе қашып құтылуы, жүктерiн жеткiзiп алуы т. б. әрекеттерi жатады.

Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудi, ұрлықтан (тонаудан) нақты айыра бiлуiмiз қажет, себебi, бұл қылмыстарда ұқсас мән-жайлар мен қылмыскерлердiң әрекеттерi, сонымен қатар бiр тектес қылмыс объектiсi мен заты орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильді не өзге де көлік құралдарын заңсыз айдап әкету үшін қылмыстық жауаптылық
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселелері бойынша кездесетін сұрақтар мен кемшіліктерді толықтыру және оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәжірибеде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау
Көлік құралдарын заңсыз иеленудің түсінігі мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың пайда болу тарихы және оның мәні
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан - таражға салу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz