Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҮНЫ

Кіріспе 5

1 Өлім жазасын тағайындау және оны
орындаудың тарихи даму кезеңдері 8
1.1 Қазақ әдет-ғұрып қүқығындағы өлім жазасының түсінігі,
түрлері 8
1.2 Шет мемлекеттердегі өлім жазасын тағайындау мен
орындаудың ерекшеліктері 23

2 Қазақстан Республикасының заңдарындағы
өлім жазасы мен оны орындау мәселелері 40
Қылмыстық заңдардағы өлім жазасының орны жэне қолдану
негіздері 40
2. Өлім жазасының орындалуының қүқықтық тәртібі 56

Қорытынды 80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 84

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Өлім жазасының жаза ретінде пайда болуы,
қалыптасуы, дамуы жэне оны тағайындау, орындау тэртібі барлық уақытта да
көптеген ғалымдармен қатар көрнекті саяси қайраткерлерді де ойландырған
мәселе. Жаза қазіргі уақытта өзіндік мэн-маңызын мүлдем өзгертті, ол
барынша адамгершілікке бейім нысандарға бағытталған. Бүгінгі таңдағы
жаһандану элемінде қылмыскердің жасаған қылмысына жаза тарттыру мэселесі
төменгі деңгейде болғандықтан, қылмыстық қудалау жүйесі және оны жүзеге
асыру саясаты үнемдеуге негізделген.
Сондықтан да зерттеу тақырыбы болып отырған өлім жазасын тағайындау
жэне орындау ерекшеліктері өзекті мәселелердің біріне айналып, өзіне үлкен
назар аударуын талап етеді.
Халықаралық қауымдастыққа, тэуелсіз егеменді мемлекет ретінде кірген
Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық атқару заңдарын халықаралық
қүқық актілеріне сэйкес, адам қүқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде
сотталғандардың қүқықтарын қамтамасыз ету бағытын үстануда.
Көптеген мемлекет өлім жазасын қолданудан бас тартқан, қазіргі уақытта,
осы жазаны біздің елде жою проблемасы ерекше мэнге ие болуда. Бір жағынан,
өркениетті мемлекет қүруға талпыну қоғамға эділеттілік, ізгілік идеяларын
басшылыққа алуды жэне осындай ауыр жазадан бас тартуды міндеттейді. Сонымен
қатар осыны Еуропа Кеңесі өз мүшелерінен үзілді-кесілді талап етеді.
Сондықтан да Еуропаға жақын мемлекеттердің барлығы дерлік өздерінің
қылмыстық заңнамаларынан жазаның аса ауыр түрі болып табылатын өлім жазасын
орындауға мораторий немесе жою туралы шешімді тез арада қабылдауда.
Екінші жағынан, елдегі элеуметтік-экономикалық жағдай, қолайсыз
криминалдық ахуал (жалпы қылмыстың өсуі, оның ішінде аса ауыр қылмыстардың
көбеюі) нэтижесінде елдің көпшілігі мұндай идеяны жақтамауынан Қазақстан
Республикасына тез арада айрықша жазадан бас тартуға болмай отыр. Сондықтан
да Қазақстанда 2003 жылы жазаның ауыр түрі болып табылатын өлім жазасын
орындауға мораторий жарияланды. Осыған байланысты отандық қылмыстық заңнама
тарихында өлім жазасы институтының пайда болуы мен даму процессін зерттеу,
эсіресе қылмыстық жазалардың жүйесінде осы жазаның алатын орны мен рөлін,
қоғамдық мәнін, енгізу мен жоюдың жағдайлары мен шарттарын белгілеу өзекті
мэселеге айналады.
Қазақстан мемлекеті мен қүқығының қалыптасу және дамуында өлім жазасын
қылмыстық жазаның түрі ретінде тарихи талдау қажет. Ежелгі қазақ жерінен
қазіргі уақытқа дейін өлімге кесілетін қылмыстық әрекет туралы түсініктің
біртіндеп жэне үзақ қалыптасу процесін ашу қажет.
Мемлекет пен түлға арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді қалыптарын
іздеу эрқашанда қиын проблема. Бүл қалыптар қоғамның сипатынан, меншік
түрінен, экономика деңгейінен, мэдениетінен жэне басқа да объективті
жағдайлардан туатыны белгілі. Сондықтан элем қауымдастығының дамыған елдері
адам қүқығының қорғалуын, орындалуы мен қүрметтелуін жан-жақты идеал, даму
мен шарықтаудың негізі деп, сондай-ақ тұрақтылықтың алғышарттары түрінде
қарастырады.
Қоғам өмірі көптеген мэселелерді жаңаша заңдармен сэйкестендіру арқылы
шешуді талап етеді. Халықаралық қауымдастыққа, тэуелсіз егеменді мемлекет
ретінде кірген Қазақстан Республикасы қылмыстық жэне қылмыстық атқару
заңдарын халықаралық қүқық актілеріне сәйкес, адам қүқықтары мен
бостандықтарын, оның ішінде сотталғандардың қүқықтарын қамтамасыз етуге
міндетті.
Халықаралық қүқық нормаларымен бекітілген адамның табиғи жэне
ажырамайтын қүқықтары мен бостандықтарына ең бірінші болып өмір сүру қүқығы
жатады. Өмір сүру қүқығы - эрбір адамның табиғи да ажырамас қүқығы.
Сондықтан да қылмысты адамға өлім жазасы сот үкімі бойынша айрықша
жағдайларда ғана белгіленеді.
Статистикалық мэліметтерге сүйенсек, біздің елімізде 1998 жылы өлім
жазасы туралы үкім 73 адамға шығарылып, 11 адамға қатысты орындалған; 1999
жылы өлім жазасы туралы үкім 96 адамға шығарылып, 61 адамға қатысты
орындалған; 2000 жылы өлім жазасы туралы үкім 71 адамға шығарылып, 31
адамға қатысты орындалған; 2001 жылы өлім жазасы туралы үкім 65 адамға
шығарылып, 32 адамға қатысты орындалған; 2002 жылы өлім жазасы туралы үкім
53 адамға шығарылып, 12 адамға қатысты орындалған. Ал 2003 жылы Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында өлім жазасына
мораторий енгізу туралы Жарлығына сәйкес өлім жазасының өзі қылмыстық жаза
түрі ретінде жойылмай, тек соттар шығарып қойған өлімге кесу үкімдерін
орындау тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабы бойынша: Жаза
элеуметтік эділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу
жэне адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында
қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін
қорлауды мақсат етпейді. Бүдан өлім жазасының мәні мен мақсаты қандай,
сондай-ақ өлім жазасын тағайындау мен орындау ерекшеліктері нені көрсетеді
өлімді орындау тәсілдері қандай болмақ тағы басқа да мэселелер туады.
Зерттеу нәтижесі мемлекет ықпал ететін қылмыстық-қүқықтық шара
жүйесінде өлім жазасын орындау ерекшелігін нақты анықтауға мүмкіндік берді.
Онда Қазақстанда демократиялық қоғам қүру үшін жүргізіліп жатқан қүқықтық
реформа жағдайында және өтпелі кезеңде қылмыстық жазаның түрі ретінде өлім
жазасын орындау ерекшелігі теориялық түрғыдан жан-жақты талданды.
Қазақстанда қалыптасқан элеуметтік-саяси, моралды-адамгершілік жағдайында
және халықаралық қүқықтық сипаттағы актілердің үсынысымен өлім жазасын
алмастырудың түрі ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы
қарастырылған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік-
саяси жағдайға сай айрықша шара түріндегі өлім жазасын орындауға қатысты,
халықаралық нормалардың қолданылу тэжірибесін жэне қылмыстық заңды
жетілдіруге бағытталған тэжірибелік үсыныстар мен теориялық негіздерді
түжырымдау. Ол үшін еңбекте: тарихи қүжаттардың негізінде көшпелі қазақ
қоғамында жэне Кеңес өкіметінің, шет ел мемлекеттерінде өлім жазасын
тағайындау жэне орындау ерекшелігінің жалпы түсінігіне салыстырмалы талдау
жүргізілді; Қазақстан Республикасы Қылмыстық қүқығындағы жазаның ерекше
түрі — өлім жазасын орындау ерекшелігінің қалыптасу және даму процесінің
барысында алынған зерттеулер талданды; өлім жазасын орындауға қатысты
Қазақстан Республикасы қылмыстық жэне қылмыстық атқару заңнамаларында өлім
жазасының орындалу жолдары тэжірибелік жэне теориялық түрғыдан анықталды;
Жазаның түрі ретінде өлім жазасын тағайындауды жэне орындауды заңмен реттеу
процесінде туындайтын заңдылық зерттелді.
Қорғауға үсынылатын ережелер:
* өлім жазасын жаза ретінде қарастырып, оның белгілерін, ерекшелігін,
мақсатын зерттеу арқылы қазіргі қолданыстағы заңдар бойынша мазмүнын
ашу,
* сотталған адам үшін ол жазасын өтеу немесе үкімнің орындалуын күту
барысында жаңадан қылмыс жасауына мүмкіндік бермейтін жағдайлар жасау
қажеттігін талдау;
* өлім жазасына сотталған адамның қүқықтық жағдайын талдап, осы
норманы жетілдіруге бағытталған теориялық түжырымдар мен үсыныстар
жасау;
- өлім жазасы туралы үкімді орындау тәртібі жэне оны
орындау
тәжірибесін талдап, осы мәселелерге қатысты Қазақстан
Республикасы
қылмыстық заң атқарушылығы мен басқа да заңдарын жетілдіруге қатысты
түжырымдар жасау;
- өлім жазасын басқа жаза түрімен, яғни өмір бойы бас бостандығынан
айырумен ауыстыру мэселесін қарастыру.
Жүмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жүмыстың қүрылымы оның
талқылану деңгейінен, міндеттерінен, жүмыстың сипатымен қамтамасыз етілген.
Жүмыс кіріспе мен қорытындыны есептемегенде, екі бөлімшелерден түратын екі
бөлімнен, пайдаланылған эдебиет көздерінің тізімінен түрады.
1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өлім жазасының түсінігі, түрлері

Қазақ елі тарихының ғажайып бір тармағына - қазақтың ата жолы, қазіргі
құқық деп аталатын түсінікке толығымен сэйкес келетін эдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары жатады.
Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы С.З. Зиманов:
Қазақ қүқығы - қазақ халқының жэне барлық көшпелі өркениеттің мэдени
байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі жэне өміршеңдігімен, адам
еркіндігін жақтаған сипаттарымен элем назарына ілінді. ¥лы далада, көшпелі
өркениеттің негізін қүраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте
қүлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің
қүлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бүл қайшылықты қазақ ата
заңының аумағы кең даланың еркіндік қабілетінің сақталуымен, оқшау
орналасуымен түсіндіруге болады, - деп атап өтті [2, 15-166.].
Л.Н. Толстой: Біз бэрімізде халықтан үйренеміз. Ломоносов, Державин,
Карамзин, Пушкинге, Гогольге дейін, тіпті Чехов пен мен туралы да осыны
айту керек, - десе [3, 302 б.]. М. Горький: Халықтық эн, халықтық ертегі,
халықтық аңыз - жалпы, халықтың барша ауызша шығармалары - біздің тұрақты
материалымыз болып қала береді, - деген болатын [4, 24 б.].
Арнайы қағазға түскен қүқық нормалары пайда болғанға дейін, қылмыскерге
өлім жазасын қолдану туралы мэселе ежелгі қазақ жерінде қүқықтық әдет-
ғүрыптармен реттелді.
Ежелгі заманда өлім жазасы қазіргі мағынасында жүзеге асырылмаған, яғни
өлім жазасы мемлекеттің еркі бойынша тартылатын жаза ретінде қолданылған
жоқ. Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы институтының қазіргі жағдайы
осы құбылыстың дамуының нэтижесі ғана. Оның себептерін өткен заманнан іздеу
қажет. В.И. Лениннің сөзімен айтқанда: қоғамдық ғылымда белгілі бір
мәселені дүрыс шешуде, көптеген үсақ-түйектің немесе толып жатқан эр түрлі
пікір таластардың арасында қалыс қалуына жол бермеу үшін - ең алдымен бүл
мәселеге ғылыми көзқарас түрғысынан келуді дағдыға алу ең маңызды
қажеттілік, яғни белгілі қүбылыстың тарихта қалай пайда болғандығына, бүл
қүбылыс өзінің дамуында қандай сатылардан өткендігіне тоқталып, негізгі
тарихи қатынасын ескеріп, осы дамудың барысында мэселенің қазіргі
қалыптасқан жағдайын қамтып қарастырған жөн [5, 436 б.]. Өлім жазасы
институтының қалыптасу тарихы-практикалық жағын ғана емес, мемлекеттің,
қоғамның өлім жазасына қатынасын, көзқарастардың даму тарихын қамтиды. Заң
әдебиеттерінде кең тараған пікірге сэйкес, өлім жазасы ежелде барлық
халықтарға тэн қанды кек институтынан туындаған.
А.В. Малько, С.В. Жильцов Смертная казнь в России. История. Политика.
Право атты еңбектерінде қанды кек - жеке адамның (жэбірленуші жақ),
қолымен жасалған, қастыққа қастық жасау арқылы жазалау дей отырып, өлім
жазасын талдаудың нәтижесінде И. Малиновский мынандай қорытындыға
келген дейді:
а) бұл институт қанды кек институтымен генетикалық байланыста
болады,
оларды ең басты елеулі ерекшелік біріктіреді: өлім жазасы да жэне қанды кек
те
қылмыс жасағаны үшін адамды өлтіру, біріншісі мемлекеттің еркімен, екіншісі
- жеке адамның еркі бойынша орындалады;
э) жеке адамның еркін мемлекеттің еркімен ауыстыру қылмыстар үшін адам
өлтірудің санын азайтуға және олардың қаталдығын жеңілдетуге алып келеді;
б) демек, жазалауды шектен тыс дамытуға болмайды, шектен тыс дамыту
қанды кек дэуіріне тэн қасиет, кейінгі дэуірде салыстырмалы күшейту уақытша
мэнге ие болады жэне де көне дәуірдің дэстүрлері уақытша жаңарғанда көрініс
табады [6, 9 б.].
Осы жерде белгілі орыс криминалисі және қүқық тарихшысы, профессор Н.П.
Загоскиннің пікіріне, қанды кек - бүл қылмыстық құқық бүзушының түсінігіне
алып келетін жәбір көрсетуге кек қолдану қүқығы деп Н.А. Шелкопляс
Смертная казнь в России: история становления и развития (IX
- середина XIX вв) атты еңбегінде тоқталады [7, 7 б.]. Ал көрнекті
совет
заңгері Е.П. Пашуканис Қылмыстық қүқықтың пайда болуы, қанды кек эдет-
ғүрпымен тарихи байланысты. Генетика түрғысынан бүл қүбылыстардың бір-
біріне жақындығы күмән тудырмайды деп түжырымдады [8, 160 б.].
Қанды кектің негізінде талиондық қанға қан, жанға жан принципі жатыр.
Яғни, өлім жазасы мемлекет қолданатын жазаға дейін барлық халықтарда адам
өлтіріп кек алу түрінде жүзеге асты. Өлім жазасының, сонымен қатар
қылмыстық жазаның басқа да бірқатар түрлерінің болашақтағы үлгісі
мемлекетке дейінгі қоғамда қанды кек болғаны дау тудырмайды. Жоғарыда
тоқталып өткеніміздей өлім жазасы қанды кек институтынан пайда болған.
Бірақ та осы екі институттың арасында зор айырмашылық та бар. Қанды кектің
негізінде жеке жазалау жатса, өлім жазасының негізінде қылмыскердің
қаскүнем эрекетімен бү_зылған қоғамның тыныштығын қалпына келтіру,
мемлекеттік қауіпсіздік мүдделерінен туындаған көпшіліктің жазалауды талап
етуі жатыр. Қанды кекті жүзеге асыру кезінде қылмыскерді қудалау - жеке іс,
өлім жазасы кезінде ол көпшіліктің, мемлекеттің ісі болып табылады. Қанды
кекте қылмыскер мен кек алушының арасында татулыққа, келісімге келушілік
болуы мүмкін, ал өлім жазасында жеке келісімге келу мүмкін емес, бірақ
қылмыскерді қудалауда, қоғамдық билік тек қана кешірім жасауы мүмкін. Қанды
кек пен өлім жазасы арасындағы осындай айырмашылық көшпелі қазақ
қоғамындағы әдет-ғүрып құқында қанды кектен өлім жазасына емес, қүн төлеу
жүйесіне көшуден байқалады. Қанды кек принципі бірте-бірте ығыстырылып,
кейін ол толығымен қүн төлеу принципімен ауыстырылды - дейді, З.Ж.
Кенжалиев [9, 135 б.]. Сонымен көшпелі қазақ қоғамында қанға - қан, жанға
- жан принципі қүлаққа -қүлақ, түяққа - түяқ принципімен толықтырылып
отырды. Қазақ эдет-ғүрып қү_қы бойынша ер адамды өлтіргені үшін 1000 қой,
эйелді өлтіргені үшін 500
қой берілетін. Яғни қү_н төлеу өлім жазасының баламасы болған. Ресейдің
көрнекті ғалымы А.С.- Михлин адам өлтіргені үшін ең қатал жаза эдет-ғұрып
бойынша, өкіметтің өкілдері емес, өлген кісінің туысқандары жүзеге асырған
өлім жазасының бір түрі қанды кек қолданылды - деп жазды [10, 17 б.], яғни
Михлин қанды кекті өлім жазасының бір түрі деп қарастырады. Ал біздің
пікірімізше, қанды кек пен өлім жазасының генетикалық байланысы сөзсіз.
Қанды кек - жалпы адамдық институт. Қай жағдайда болса да кісі өлтіріледі.
Қанды кек жеке адамдардың қолында кек алу құралы ретінде қолданылса, ал
мемлекет пайда болғаннан кейін ол өлім жазасына айналып, мемлекеттің
қылмысқа қарсы күресте жазалау құралына айналады [11, 277 б.].
Көшпелілер үшін қанды кек орынды қүқық, қасиетті борыш эрі міндет болып
табылатын. Ол қазақтардың дүниетанымы мен көзқарасының қүрылысымен, олардың
о дүниеге, ата-бабаларының әруақтарына деген сенімімен байланысты еді.
Қанды кек арқылы қаза болған адамның рухын тыныштандыруға, оның аруағын
разы қылуға тырысатын [9, 135 б.].
Қазақстанда бүл жаза ежелгі кезде сақ, үйсін, сармат, қаңлы және тағы
басқа тайпалық одақтарынан қүралған алғашқы мемлекеттер тарих сахнасында
пайда болған тұста қолданылды [12].
Осыған байланысты ежелгі қазақ жеріндегі мемлекеттің бірқатар
ерекшелігіне тоқталып өту қажеттілігі туады. Өлім жазасы ежелгі жазаның
түрі болды және көнелік белгілерді сақтап, халық жиналысының шешімі бойынша
қолданылды.
Еуразияның кең байтақ жерін алып жатқан қазақ даласын ерте де түрлі
көшпелі халықтар мекендеген. Қазақ халқы ежелгі Қазақстан жерінде
мекендеген көшпелі халықтардың заңды мүрагері, сондықтан да қазақ эдет-
ғұрып қүқының басқа да нормалары сияқты, өлім жазасына қатысты қаулыларды
қабылдауда ізбасарлық жоқ емес. Хүндарда адам өлтіру немесе елеулі ұрлық
жасағаны үшін тартылатын жаза өлім жазасы болатын [13, 116.], түркіт -
халықтарында адам өлтіру, опасыздық, бүлік, түрмыстағы эйелмен зинақорлық
жасау немесе зорлау, сонымен қатар шідерлі атты ұрлағаны үшін өлім жазасына
кесілетін [14, 72 б.]. Монғолдар қазақ жерін жүз елу жыл билеген кезеңде
Қазақстан аумағына монғолдар Шыңғысханның Жасақ немесе Ясссы деп
аталатын қүқықтық нормаларын қолданысқа енгізді. Бүл қүқықтық нормалар сол
кездегі көшпелі халықтардың қарым-қатынастарын реттеп отырды. Көшпелі өмір
тэртібін Шыңғысханның Яссасына сэйкес ретке келтіре бастайды, бүл кэдуілгі
қүқықтың жаңа жағдайға бейімделіп, бір жүйеге түсірілген жинағы еді. Шыңғыс
хан яссасы бойынша өлім жазасына адам өлтіру, зинақорлық, ірі мөлшерде
үрлық жасау жэне тонаушылық, соғыста кейін шегіну, жэне қашқындық жасағаны
үшін тартылатын [15, 79 б.]. Оларда ер кісі немесе эйел, егер олар
зинақорлық жасау үстінде үсталған жағдайда өлтіру туралы эдет-ғүрып немесе
заңдары бар, және қыз бала да біреумен зинақорлық жасаса, онда ер кісіні де
әйелді де өлтірген. Егер кімде кім олардың иеліктеріндегі жерлерде
тонаушылық пен немесе ұрлық жасау үстінде ұсталса
бірден аяусыздықпен өлтіріліп отырады, - деп жазды Плано Карпини [15, 32
б.].
Зерттелу объектісіне айналып отырған қазақ елінің тарихында өлім
жазасын тағайындау мэселесі туралы тақырыптың мэнін ашу үшін отандық
тарихқа шолу жасаған жөн.
Мемлекеттіктің элеуметтік ұйымы мен түрлерінің көптеген нормалары
монғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттерде іске
асырылды. Бізге жеткен тарихи деректерге сүйенсек қазақ қоғамында заң
шығару функциясы іске асырылған. Ертедегі қазақ жерінде бірнеше заң
кодекстерінің шығарылып, іске асқандығы баршаға аян. Кейінірек Ясаның
нормалары тарихта қазақ кодекстері деп аталған Қасым ханның қасқа жолын,
Есім ханның ескі жолын жасар кезде белгілі дәрежеде пайдаланылады. Бірақ
олар ауызша қүрастырылып, қабылданған. Осы жолдар ауызша дайындалып,
қабылданғандықтан, біз қарастырып отырған тақырып бойынша мәселелер
қамтылған не қамтылмағаны өкінішке орай белгісіз. Алайда, академик Ә.
Марғүланның зерттеуі бойынша Қасым ханның қасқа жолында әдет-ғүрып құқығы
нормаларының бес саласы қамтылған. Олар: а) мүлік заңдары (жер дауы, мал,
мүлік); э) қылмыс заңы (үрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); б) эскери заң
(аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің қүны, түлпар ат); в)
елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынасында сыпайлық,
әдептілік); г) жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі
ережелер, жасауыл, бекуіл, түтқауылдардың міндеті) [16, 542 б.].
Қасым ханның қасқа жолы өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есімнің кезінде
Есім ханның ескі жолы деп аталған дейді Ә. Марғүлан [17, 542 б.].
Тэуке ханның түсында құқықтық тэртіп пен мемлекеттік қүрылымның негізгі
принциптерін айқындайтын эдеттегі қүқықтың Жеті жарғы деп аталған нормалар
жиынтығы жасалды. Әдет-ғүрып қүқының бізге жеткен бірден-бір ескерткіші XIX
ғасырдың басында орыс шенеуніктері ішінара жазбаша анықтап белгілеген Тауке
ханның жарғысы. Осы жерде Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атауға қысқаша
тоқталсақ. Тарихи аңыз-әңгімелерге қарағанда, оны құрастырған Тәуке хан
дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басын
қосқан, сөйтіп олар Қасым мен Есім-ханның ескі эдет-ғүрыптарын Жеті Жарғы
деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі [17, 350
б.].
Жеті жарғы - көшпелі қазақ халқының ата заңы. Осы уақытқа дейін Жеті
жарғының толық нүсқасы табылған жоқ. Жалпы алғанда осы заң жинағына XVII
ғасырдағы элеуметтік өмірдің қажетті мүдделеріне жауап бере алатын ережелер
енді. Жинаққа экімшілік, қылмыстық, азаматтық қүқық нормалары, салықтар,
діни көзқарастар және тағы басқа да салаларды реттеу ережелері енген.
Жеті жарғыда қүқық бүзушылыққа барғандарға жаза жасаған қылмыстың
ауырлығына, яғни қауіптілігіне белгіленетіні айқындалған. Негізінде жазаның
түрі үшке бөлінеді: жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы. Жан жазасына қылмыс
істеген адамға өлім жазасын қолдану жатты [18, 56 б.]. Қанды кекті қолдану
Тауке заңында бекітілген, осы заңның кіріспе бөлімінде, А.И. Левшин жазбасы
бойынша, Қанға қан алу, меріктірсе меріктірумен кек қайтару заңы болған
[19,367 6.].
Қанды кекті өлтірілген кісінің тек қана жақын туыстары ғана жүзеге
асыра алатын. Қанды кек эр түрлі амалдармен: біріншіден, қылмыскерді
өлтірілген кісінің туыстарына үстап беру; екіншіден, сот шешімінің
негізінде қылмыскерді өлтіру немесе қүлға айналдыру арқылы жүзеге
асырылатын [9, 135 б.].
Тарихта қанды кек принципін жүзеге асырудың көптеген жан түршігерлік
мысалдары жеткілікті. Сондықтан да қанды кекті шектеу мақсатында эр түрлі
амалдар қолданылды.
Жеті жарғы бойынша эрбір қылмыстық іс-эрекет жасаған адамның
кінэсына, жеке басына және тағы басқа жағдайларға қарап эр түрлі жаза
түрлері қолданылған. Соның бір түрі - айып. Қанды кек Тауке заңы бойынша
қү_н төлеумен ауыстырылды. Бірақ қүн төлеу принципін қолдану үшін тек қана
қылмыскердің талабы ғана емес, сонымен қатар өлтірілген кісінің туыстарының
келісімі қажет болды. Егер туыстары келісім бермесе, онда қылмыскер жекпе-
жекке шақырылатын, қылмыскердің артынан қуғыншы жіберілетін, сөйтіп қуудың
немен аяқталатынына қарамастан, қанды кек тоқтатылатын, кек алудың екі
жылдық мерзімі белгіленетін, яғни осы мерзім өткен соң қү_н төлеу талап
етілетін.
Орайы келгенде айта кететін мэселе Тәуке заңы бойынша үрлық жасағаны
үшін өлім жазасы қолданылмаған. Ол жайында М.П. Вяткин: Тауке заңында
ұрлық үшін өлім жазасы болмаған. Мүліктік құқық қүн төлеу арқылы қорғалған
- дейді [20, 117-118 б.]. Осы пікірді қазақстандық ғалым С. Өзбекүлы да
былайша нақтылайды: Тэуке ханның Жеті жарғысы үрлық жасағандарға өлім
жазасын кеспейді. Керісінше, олардан үрланған мүліктер, дэулеттің құнынан
27 есе өндіріліп отырған. Бүл өте тиімді жаза болған [18, 59 б.]. Ал С.Л.
Фукс өз еңбегінде В. Радловқа сілтеме жасайды, ол бойынша ежелгі эдет
құқығында өлім жазасы тек қана кісі өлтіру, зинақорлық жэне зорлау үшін
қылмыскерге қолданылған, ал ұрлық үшін өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі
туралы мэлімет келтірмейді [21, 109 б.].
Қазақтарда ең ауыр қылмыстар қатарына: кісі өлтіру, жезөкшелік,
біреудің некелі әйелін үрлау немесе зорлау, бірнеше дүркін үрлық жасау
жатқан. Қазақтардың әдет-ғүрып заңдарына сүйенсек, кісі өлімі тек жақын
туыстары үшін ғана емес, бүкіл руластардың ғана емес, тіпті рудың, жүздің
кегіне айналып отырған.
Қазақтың әдет-ғұрып заңдары бойынша күйеуі бар эйелді ойнас үстінде
үхтаған ерінің сол сэтте екеуін де өлтіруге жэне осы қылығы үшін жазасыз
қалуға мүмкіндігі болған. Егер эйелдің ойнас жасағанына 4 адам куэ болса,
оның қылмысы эшкере болып саналған. Ондай жағдайда күйеуінің көзіне шөп
салғаны үшін эйелі мен ойнасын билер кеңесінің шешімімен өлім жазасына, я
болмаса қүн төлеуге кеседі.
Қазақ заңы бойынша аяғы ауыр эйел күйеуін өлтірген жағдайда өлім
жазасына кесілмеген, бірақ өмір бойы жексүрын деп
есептелініп,
масқараланған. Егер күйеуі эйелін өлтірсе, ол жазадан қү_н төлеп құтылған.
Зорлау адам өлтірумен теңестірілген, сондықтан да кінэліге өлім жазасы
немесе эйелі үшін күйеуіне жэне қыздың туғандарына қүн төлету шарасы
қолданылған, бірақ та зорланған қызға үйленіп, оған қалың мал төлесе
қылмыскер өлім жазасынан да қүн төлеуден де босатылған.
Дау-дамайды шешуді жэне кінэліге үкімді шығаруды ханның өзі атқармаса
да талапкер мен жауапкер ауылының ақсақалы немесе басшысы шешуге тиісті
болған.
Қанды кек алудың символды актісі қанды кек қүн төлеумен ауыстырылғаннан
кейін де көп уақыт бойы жүзеге асырылып келді. Ол былайша өтетін:
өлтірілген адамның туған-туыстары қүнын алу үшін қылмыскердің аулына
жақындап қалған кезде оларға арнайы киіз үй тігіліп, белбеуіне қой
байланып, келген адамдарды қабылдау үшін бэрінің дайын екені хабарланады.
Келген адамдар жалаулары мен қылыштарын жоғары үстап киіз үйге қарай
үмтылады да, Ой, бауырым! - деп дауыстап қойды шабады. Содан кейін
келген адамдар киіз үйге кіріп бара жатып, есіктің маңдайшасын қамшылармен
соғады [22, 380 б.]. Осыдан кейін ғана қүн төлеу туралы келіссөздер
басталатын болған.
Мемлекеттік биліктің пайда болуы мен күшеюінен қанды кек қоғамдық
тэртіпті бүзуда алдын алу қызметін бүдан былай орындай алмады, өйткені ол
өзімен адамдардың бассыздығы мен бытыраңқылығын жайды. Мемлекет қылмыскерге
қарсы біртүтас мәжбүрлеу шараларын қолдануға үмтылды. Сонымен, қанды кек
принципінің қолданылуының шектелуі, ал кейіннен жойылуы қылмыс пен жазаға
деген көзқарастың даму көрінісі. Жеке бассыздықтың орнына мемлекет келді.
Жоғарыдағылардың негізінде мынандай түжырым жасауға болады. Қанды кек
қоғамдық-экономикалық дамудың заңды объективті процесінің нэтижесінде
жойылды.
Қазақтардың әдет-ғүрыптарындағы жазалардың эр түрлілігін көрсетеді.
Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскердің қылмысты жасаудағы іс-
эрекетіндегі ерекшеліктерге, кінэнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс
эрекеттерінің себебіне жэне тағы басқаға назар аударып отыруы жазаның
тиімділігіне көп әсер еткен.
Әділеттілік пен ізгілік туралы заң болмағанмен, олар жақсы мен
жаманды, ізгілік пен дөрекілікті тамаша ажыратады. Отқа пышақ тигізу, етті
қазаннан пышақтың үшымен алу, жанып жатқан оттың маңында балтамен ағаш шабу
күнә болып саналады. Өйткені олардың түсінігінше, отқа қару тисе, оттың
басына жарақат түсуі мүмкін. Осындай үғым бойынша, мал айдайтын таяққа,
қамшыға сүйенуге тыйым салынады. Қамшы сабын садақтың жебесіне тигізу де
үлкен күнә болып саналады. Қүсты жэне оның балапандарын өлтіру, атты
ауыздығымен соғу, сүйекті сүйекпен шағу, сүтті элде басқа тағамды жерге
төгу, үйде дәрет сындыру - кешірілмес күнэ. Ал, егер кімде-кім осы
шарттарды орындамаса, ондай адамды не өлім жазасына кеседі, не ол адам көп
ақы төлеп барып, бақсыға күнәсін аластатуы тиіс деп жазды XIII ғасырда
ежелгі қазақ
жерін аралаған Еуропа саяхатшысы Плано Карпини [15, 35 б.]. Алайда, Карпини
жазып отырған кезеңде өлкемізде ислам дінінің қанат жайып жергілікті сенім-
нанымдардың қүлдырай бастаған түхы еді.
Тауке хан өлгеннен кейін XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде
Қазақстанның ішкі жэне сыртқы жағдайы нашарлап кетті. Осы жағдайлар
қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындасуына түрткі болды. Бүл процесс
XVIII ғасырдың 30-жылдарында басталып, Қазақстанды Ресейге қосу тек XIX
ғасырдың орта шені соңында ғана аяқталды жэне мү_ның өзі күрделі, қарама-
қайшылыққа толы болды.
Қазақ әдет-ғүрып қүқығы нормаларының Ресей империясының билігі аясында
өмір сүруін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең —
Қазақстанның Ресей қол астына ене бастауы дэуірінен қазақ хандықтарының
жойылуы кезеңіне дейін созылады (XVIII ғ. 30 жылдары - XIX ғ. 20 жылдары).
Екінші кезең XIX ғ. 20 жылдарының осы ғасырдың 67-68 жылдарына дейінгі
аралықты алады. Үшінші кезең осы уақыттан 1917 жылға дейінгі аралықты
қамтиды [9, 139 б.].
Патшалы Ресей бүл кезеңдерде қазақ даласындағы әдет-ғүрып заңдарын
өзінің билігіне, қарсы келмейтін жақтарын пайдаланып, өз мүддесіне қарай
айналдырып отырды.
Қазақтар жасаған адам өлтіру жөніндегі қылмыстық істерін Ресей
империясының заңдарымен сот қарауына жатқызу туралы Екатерина II № 5-ші
жарлығы бойынша кісі өлтіргені үшін қамшымен дүре соғып, мүрнын кесіп,
маңдайына таңба, аяғына кісен салып өмірлік жер айдауға жіберетін болған
[23, 10 6.].
М. Сперанскийдің 1822 жылғы Жарғысын қабылдағанға дейін Патшалы Ресей
қазақтардың эдеттегі қүқына айтарлықтай өзгерістер енгізген жоқ. 1822 жыл
22 маусым айындағы Сібір қырғыздары туралы Жарғының Сот нүсқауы атты V
тарауы бойынша қырғыздардың барлық сот істері мынадай топқа бөлінеді: а)
қылмыстық; э) талап; б) басқармаға наразылық бойынша. Осы тараудың 206
тармағында былай делінген: қырғыздарға қатысты қылмыстық істерге тек қана
а) мемлекеттік опасыздық; э) адам өлтіру; б) тонау жэне барымта; в)
қүрылған үкіметке ашықтан-ашық бағынбауы жатқызылған. Сонымен қатар осы
жарғы бойынша үлкен сүлтан тек қана төрағалық қызметін атқарған. Қылмыстық
іс бойынша шешім облыстық соттың тексерісіне өткізілген [21, 12 б.]. Қорыта
айтқанда, қазақтарда қылмыстық іс жөнінде шешім патшалы Ресейдің заңдары
бойынша шешілген [21, 92 б.].
1822 жылдың 22 шілде айында қабылданған Бүратана халықты басқару
туралы Жарлықтың Бүратана көшпелілердің жалпы қүқықтары атты V тарауының
37 тармақшасына сэйкес бүратаналар үшін қылмыс деп: а) бүлік; э) қасақана
кісі өлтіру; б) тонау жэне озбырлық; в) жалған ақша жасау жэне жалпы қоғам
мен үкімет мүлкін талан-таражға салуды санады. Ал басқа істерді оған
үрлықты қоса, талап істері деп есептелінсін делінген [21, 14 б.].
1822 жылғы М. Сперанскийдің Жарғысы қабылдағаннан кейін және 1824 жылғы
Орынбор қазақтарын басқару туралы реформа бойынша сот билігі, Кіші
жэне Орта жүздердің хандық биліктерінің жойылуына байланысты хандар өлім
жазасын қолдану қүқығынан айырылды. Ресей заңы бойынша енді кісі өлтіру
жөніндегі қылмыстық істер патша соттарының қарауына жататын болды.
Қазақ жерінде жарғы, жолдармен қатар билер съезі шығарған ережелер
болған, академик С. Зимановтың айтуынша ережелер - қазақ әдет-ғұрып құқығы
нормаларының кіші жинақтары [24, 29 б.].
Ереже - қазақ халқының талай замандар бойында қалыптасқан заң-
дәстүрін, әдет-ғүрпын қамтыған өзіндік ерекшелігі мол бай мүра, қүнды жазба
ескерткіш [4, 98 б.].
Ережелер XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дүниеге келген төтенше
билер съездерінің шешімдері. Ереже нормалары, билер съездерінің шешімдері
-қазақ эдет-ғүрып қүқығының XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басындағы
даму кезеңінің көрінісі. Сондықтан оларға эдет-ғүрып жарғыларына ортақ
жалпы қасиеттер тән [21,3 6.].
Жоғарыда көрсетілген патшалы Ресейдің заңдарына қарамастан 1885 жылғы
мамыр айындағы Қарамола Ережесі бойынша адам өлтіру ісі қаралатын болған.
Осы Ереженің 26-бабында былай делінген: Ойланып жүріп өлтірілген ердің
қүны жүз түйе болады. Мүның 25-і тайлақ, 25-і қүнан атан, 25-і дөнен атан,
25-і бесті атан жэне ойланбай басқа себеппен өлтірілсе, оған 50 түйе қүн.
Мүның 25-і қүнан атан, 25-1 бесті атан. Әйелдің қүны - ер қүнының жартысы.
Қателікпен, оқыстан өлтірілген кісіге қүн жоқ. Жэне ері эйелін өлтірсе яки
эйелі ерін өлтірсе оған қүн жоқ. Осы соңғы нормаға Ш. Андабековтың берген
түсініктемесіне назар аударған дүрыс: Бүның жіберілген үлкен қате екені
сөзсіз. Архивтен алынған орысша жэне татарша тілде, араб әрпімен жазылған
нүсқада да көрсетілгендей жазылған. Солай бола түрса да бүл түжырым қате
деп ойлаймыз. Судың да сүрауы бар қоғамда бүлай болуы мүмкін болған кезі
де жоқ. Жеті Жарғыда Егер әйелі ерін өлтірсе, онда ол міндетті түрде
өлім жазасына кесіледі, ерінің туысқандары эйелдің жазасын кешірмесе,
ешқандай да қү_н төлеу, өлім жазасынан құтқара алмайды. Бүл жазадан тек
аяғы ауыр эйелдер ғана қүтқарылады. Егер ері эйелін өлтірсе, онда қүн
төлеуі тиіс деп жазса, 1824 жылғы эдет-ғүрып қүқығының материалдарында:
Егер де эйелі ерін өлтірсе, онда эйелдің туысқандары қүн төлеуге міндетті
емес, ол эйел өлім жазасына кесіледі, егер ерінің туысқандары оны аяса,
кешіріледі. Егер де ері әйелін өлтірсе, онда оның туысқандарына ер адамның
құнының жартысын төлейді - деп айтылады. Бүл қателік сірэ, көшіріп жазушы
немесе аудармашылардан кеткен сияқты [22, 58 б.].
Сонымен эдет-ғүрып нормалары орыс заңдарымен бәсекелесіп өмір сүруін
жалғастыра бергенін көреміз. Оған тағы бір дэлел поручик Айтовтың: Кім
өзінің эйелін өлтірсе, одан эйелдің туысқандары бетен адамға төлейтіндей
қүн алады. Егер эйелі ерін өлтірсе, онда ол өлім жазасына беріледі деген
рапорты куэ болады. Әрине бүл жерде билер соттарының шешімімен
келіспегендер ресей сотына жүгіне алатын. Осы дэуірде қабылданған әдет
заңдарының кіші жинақтары - Ережелерді зерттеуде Ғ. Сапарғалиев үсынған
Қазақтың заңы хақындағы қүжат Абақ Керей Ережесін атап өткен дүрыс.
Сапарғалиевтың
айтуынша: бүл құқықтық құжат екі бастаудан нэр алған: біреуі - қазақтың
ежелден қалыптасқан эдет-нышандары, екіншісі - шариғаттың кейбір
қағидалары. Мүнда қазақтың эдеттері басым екендігі сөзсіз тағы бір
ерекшелігі - ол орыс патшалығына қарамаған қазақтардың ұстанған құқықтық
жинағы [23, 142 б.]. Осы Ереженің 1-бабында былай делінген: Біздің 12
керей тайпасы қазақтың үш жүзінің Орта жүзінен тарайды. Ал Кіші жэне ¥лы
жүз қазақтары бүл кездері орыстың қол астына қараған, яғни Ереже бойынша
аталған тайпаның халықтары Ресейдің заңның қабылдамаған. Ереженің 14-
бабында Бүрын қылмыс жасаған үрының үрланған мал-мүлкі 50 ланнан бастап
жиырма қарадан асып кетсе үлкен жаза (бас тоғыз айыбы) жүктетіліп, 136
қоймен төлем талап етіледі. ¥ры төлей алмаса, эрбір үрының екі бас бармағын
да шауып тастау керек. Бүл жазаға көнбей, қайтадан дэл сондай үрлық жасаса,
үрыны тура өлтіру қажет [23, 145 б.]. Ал 28-бап бойынша Отағасы жоқта
басыбайлы эйелі, иесізде бөгде біреумен жыныстық қатынас жасап қойса,
зинақор ерге жиырма бес мәрте қамшымен дүре соғылады. Ал эйелдің байынан
ажырасатындығын молдадан сүрайды. Егер бірге өмір сүруге болмайды десе,
эйелді тура өлтіру қажет [23, 147 б.]. Аталған Ереже бойынша қайталанған
үрлық, зинақорлық үшін өлім жазасы қолданылған.
Өлім жазасы жазаның түрі ретінде, эсіресе Орта жүз ханы Абылай жэне
Кіші жүз сүлтаны Арынғазының түсында кеңінен қолданылды. Абылай ханның
XVIII ғасырдың екінші жартысында өлім жазасын кең түрде қолдануы жайында
ТТІ. Уалиханов былай деп жазды: Абылай сияқты қырғыз хандарының ішінде
бірде-бір хан шексіз билікті иемденген емес. Ол хан билігіне шектеу қойып
отырған ру басылары мен сұлтандардың еркіндігін басу үшін бүрын тек халық
жиналысы арқылы қабылданатын өлім жазасы туралы шешімді ең бірінші болып
енгізді [25, 39 б.].
1824 жылы қазақ Ережелерінің жинағында сол уақыттағы қазақ қоғамында
болған құқықтық нормалар жинақталып бекітілген болатын, мынандай қылмыстар:
қүдайға тіл тигізу, қасақана адам өлтіру, эйелді зорлау жэне үрлау, бірнеше
рет үрлық жасағаны үшін жэне тағы басқа қылмыстардың түрлері бойынша өлім
жазасы қарастырылды [26, 198 б.].
З.Ж. Кенжалиевтың айтуынша үлттық қүқықтық жүйе Ресей тұсында әдет-
ғүрыптық қүқықтық қүбылыс есебіндегі тарихи типтік бітім-болмысынан, түр-
түсінен, тұтастығынан ажырамады. Осы күйінде ол Қазан төңкерісінен кейін
басталған жаңа тарихи дэуірге енді [9, 152 б.].
Еліміздің тарихын оқытатын Қазақстан тарихы атты оқулықтар да нақты
ислам дініне қазақтардың қатынасы туралы мынандай түжырымдама береді:
Қазақтар арасында іслэм тамырын терең жайған жоқ, халық бұқарасы іслэм
парыздарынан элі алыста болды, сөйтіп, бүрынғысынша тэңірге
табынушылықпен (аспанға бас ие) ризаласқан ежелгі діннің салт-жораларын
орындады. Көнетүріктік кездің өзінде-ақ ол бір қүдайлық (бір тэңірлік)
сипат алды. XV - XVII ғғ. тэңірге табынушылық элі де ісләммен
бақталастықта болды [17,374-378 6.].
Әйтсе де қазақтардың бірден-бір жазбаша заң жинағы Жеті жарғыға
ислам қүқы шариғаттың эсерін байқауға болады. Ал бүл эсер Ресейге қосылған
соң қазақ даласында Ресей патшасының тікелей қолдауымен ислам қүқы
-шариғатта кеңінен қолданыс тапты.
Орыс-қазақ сөздігінде шариғатқа мынандай анықтама берілген
-мүсылмандардың қүран қағидаларына негізделген дін, әдет-ғүрып заңдарының
жинағы [27, 525 б.].
VIII ғасырға дейін шариғат Қүран жэне суннаны муфтилермен,
муджтахиттердің (мүхылман қүқықтанушылары) түсіндірулерінің негізінде
дамыды. VIII ғасырда көрнекті араб заңгерлері Абу Иусуф Иакуба жэне
Мухаммад бен ал-Хасан аш Шайбани мүсылман қүқын бірыңғай жүйеге келтіріп,
біріктірді. Шариғат исламның қасиетті кітаптарының бірі. Кеңес дэуірінің
белгілі ислам зерттеушісі Г.М. Керимов Шариғатта шаруашылық өмірді
реттеуші, мораль мен этиканың нормаларын, мүсылмандық жоралар мен
мейрамдардың жэне басқа да діншілдердің мінез-қүлқы мен бүкіл мұсылман
қауымының өмір тэртібін белгілейтін заңдар бір жүйеге келтірілген.
Шариғатта тыйым салулар егжей-тегжейлі мазмүндалып, рүқсат етілетін,
мақүлданатын және жазаланылатын іс-әрекеттер белгіленген, - деп көрсетеді
[28, 14 б.].
Жалпы, исламда кісі өлтіру үшін кек алу заңдастырылған: О мүсылмандар!
Сізге кісі өлтіргеннен кек алуға нүсқау беріледі: бостандықтағыға -
бостандықтағы, қүлға-қүл, әйелге-әйел... [29, 117 6.].
Исламда өлтірме деген өсиет бар. Қүранда: Алла тыйым салған жанды
өлтірмеңіз... - делінген. Сонда Алла кімді өлтіруге тыйым салып отыр? Тек
қана бір діндегі бауырларыңды, мүсылмандарды ғана өлтірме дейді. Бір
мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Жэне
біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін қүл азат етуі эрі
өлгеннің иесіне қүн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер
өлтірілген сендермен дүшпан елдегі бір мүмін болса, (қүн төлемей) бір мүмін
қүл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында
келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне қүн тапсырып, эрі бір мүмін
қүл азат етуі керек. Бүларды таба алмаған кісі, Аллаға тэубе үшін түтас екі
ай ораза үстауы керек. Кім бір мүмінде эйтеге өлтірсе, оның жазасы, ішінде
мүлде қалатын тозақ болады. Сондай-ақ оған Алланың ашуы, қарғысы болып жэне
оған зор қинау әзірлеп қойған [29, 118 6.].
Бүл өсиетке қарағанда, бір діндегі бауырыңды өлтіру күнэ да кэпірлерді
өлтірген мүсылманға жүмақтан орын дайын. Құранда мүндай кісі өлтіруді
ақтайтын мынадай жолдар бар: Оларды сіз өлтірмедіңіз, періштелер жіберіп,
Алла өлтірді.... Қүранның 5-сүресінде, тіпті кісі өлтіруді міндетті кек
алу ретінде көрсетеді: ...жанға-жан, қарашыққа-қарашық, мүрынға-мүрын,
қүлаққа-қүлақ, тіске-тіс...[29, 119 6.].
Исламның қасиетті кітабы Шариғатта орын алған өлім жазасына қатысты
қағидаларына шолу жасап, талдап мынандай қорытынды жасауға болады. Ислам
діні ту тіккен Таяу Шығыстағы елдер осы қағиданы элі үстанып, іс жүзінде
жүзеге асырып отырғандығы өмірдің өзі көрсетіп отыр.
киіз үйдің арт жағында байлап қойған болып шықса, онда еш нәрсе де
төлемейді [22, 284 б.].
Бүл ережені Н. Гродековте дэлелдеп былай деп жазды: залал жэне тіпті
адам өлімі үшін жануар ешқандай жазаға немесе қү_н төлеуге тартылмаған
[31, 141 б.].
Қазақтарда қылмыс субъектісі болып есі дүрыс, он үш жасқа толған адам
ғана саналатын. Халқымызда кеңінен тараған 13-те отау иесі деген нақыл
бекер болмаса керек. Ал есі кем, мылқау, қүлдар эдет ғү_рып заңы бойынша
қылмыс субъектісі бола алмайтын. Қазақ қүқығының ерекшелігі қылмыс
субъектісінің жауапкершілігі ауыл, ру, отбасы мүшелерінің жауапкершілігімен
(үжымдық) толықтырылып отыратын. Тіптен қазіргі уақытта да ауылдық жерлерде
жылу жинау деген үғымның сарқыншағы сақталып қалған. Яғни жылу
дегеніміз қиын жағдайға түскен отбасына туған-туыстарының материалдық
жағынан көмек көрсетуі. Мүліктік талаптар жазалау емес, келтірілген
шығынның орнын толтыру және кекті қанағаттандыру деп есептелінетін.
Сонымен жасалған қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауап берудің мүліктік екі
түрі: қүн, айып кеңінен қолданылған. Адам өлтіру жэне бүған теңестірілген
қылмыс түрлері (денені ауыр жарақаттау, зорлау, зинақорлық, әйел ұрлау)
үшін қүн төлететін. Ежелгі қүн қүрамы бірнеше бөліктен түратын. Біріншіден,
өлтірілген адамның еліне (руына) басқа адам берілетін (түтқын қүл, ясырь,
эйел). Бүл адам өлтіру арқылы келтірілген зиянның орнын нақты
толықтырудың символы еді. Екіншіден, кісі өлтірушінің аты мен қару-жарағы
берілетін (қанды, қаралы, қүйрығы кесілген ат, сауыт, мылтық). Бүл арқылы
татуласу, ымыраға келу туралы тілек, өтініш білдірілетін. Үшіншіден,
өлтірілген кісінің еліне біршама мал, басқа да заттар берілетін (кілем
жабылған қара нар, қара шапан, орамал, т.б.). Бү_л арқылы өлтірілген
адамның эруағымен татуласу салты, жерлеу жэне қара жамылу жүзеге асырылатын
[9, 136 б.].
Қылмыс жасаған адамның кінэсін ауырлататын немесе жеңілдететін
жағдайларды ескерген қазақтың эдет құқығында мынадай жағдайларда қылмыс
адамның кінэсін ауырлатады деп саналған:
а) егер қылмыс сыйлы адамдардың (хандар, сүлтандар,
билер,
ақсақалдар) мүддесіне қысым тудырса;
ә) егер қылмыс өз қауымының ішінде жасалса;
б) киіз үйде жасалса;
в) отағасына қарсы жасалса (балалары әкесіне, әйелі күйеуіне);
г) үлкен мөлшерде шығын келтірсе;
ғ) қылмыс қайталанса жэне бірнеше мэрте жасалса;
д) қылмысты бірнеше адам бірігіп немесе қару қолданып жасаса;
е) қылмыс элдебір табиғи апат кезінде жасалса.
Сонымен қатар қүн төлеп жазадан қүтылу әрдайым берілмегендігі туралы
баса назар аударып айта кеткен жөн [32, 250 б.]. Мынандай төрт жағдайда: а)
егер эйел күйеуін өлтірсе жэне күйеуінің туыстары оны кешірмейтін болса; э)
егер эйел көлденеңнен тапқан баласын өлтірген болса; б) егер күйеуі
эйелінің
зинақорлық жасағанына көзі жетсе; в) егер қүдайға тіл тигізгені анықталса,
өлім жазасына кесу заңдастырылған [26, 274 б.].
Өлім жазасы, жаза ретінде Тауке ханның заңы бойынша кісі өлтіру,
зинақорлық, эйелді зорлау, ұрлық, құдайға тіл тигізгені үшін қолданылатын
[16, 368-369 б.].
Жеті жарғыда өлім жазасының екі түрлі эдісі көрсетілген: дарға асу
жэне тас лақтырып өлтіру. Таспен атып өлтіру Тауке ханның заңы бойынша
қүдайға тіл тигізген адамға 7 адам куэлік берсе қолданылған [33,46.].
Өлім жазасының бүл түрі қазірге дейін көптеген мұсылман елдерінде
жүзеге асырылуда. Жазаның бүл түрінің пайда болу тарихын мүсылман елдерінде
халиф Омармен байланыстырады. Ал, қазақтың эдеттегі қүқында жазаның бү_л
түрінің болуы шариғаттың эсерінен болса керек. Мүхтар Әуезов өзінің Абай
жолы эпопеясында таспен атып өлтіру жазасының қолданылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның жүйелері және түрлері
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Жаза және оның мақсаты
Өлім жазасының түрлері
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар - қылмыстық құқықтың өзегі
Қылмыстық жаза
Өлім жазасын қолдану туралы
Қылмыстық жазаның құрамы
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Жаза және оның мақсаты жайлы
Пәндер