Қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ2

1 ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ5

1. 1. Қарудың заңсыз айналымының объектісі5

1. 2 Қарудың заңсыз айналымындағы қылмыс заты10

1. 3 Қарудың заңсыз айналымының объективті жағы14

1. 4 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың субъективті белгілері19

ІІ ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ26

2. 1. Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жасалуына әсерін тигізетін себептер мен жағдайлар26

2. 2 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды37

ескерту шаралары37

2. 3 Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ескертудегі ішкі істер органдары жетекшілерінің атқаратын ролі47

ҚОРЫТЫНДЫ50

Қолданылған әдебиеттер тізімі51

КІРІСПЕ

ҚР ҚК 9 - тарауында орын алған қоғамның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар атты тарауы өз алдына ерекше сипатқа ие.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында қарудың заңсыз айналымымен күресудің теориялық проблемалары күрделі және жеткіліксіз өңделген институт болып танылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығында қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары аз өңделген, сондай-ақ оқулықтарда жеткіліксіз айтылады. Адамның жеке басы қауіпсіздігі әлеуметтік жоғары құндылық болып танылады.

Қоғам салаларының дамуының жетістіктері адамның маңызды мүддесі өмірі мен денсаулығын сақтауға қажет болып танылады. Сондай-ақ заң туралы әдебиеттерде қарудың заңсыз айналымымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемалары Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің басқа институттарымен өзара байланысы жеткіліксіз айтылған.

Құқықтық мемлекет құру адамның жеке басы құқығын өмірі мен денсаулығын, заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып танылады.

Мысалы біздің елімізде 1998 жылы 1134 қылмыс қаруды пайдаланып жасалынған. Заңсыз айналымнан 3274 қару алынған. 1999 жылы ішкі істер органдарымен 4300 қару заңсыз айналымнан алынған. 2000 жылы қаруды пайдаланып кісі өлтірудың саны 39 болған.

Сонымен бірге қоғамдық әлеуметтік ортада адамның жеке басы оның денсаулығы құндылығы әрқашанда ескеріліне бермейді. Қылмыстық құқық теориясында қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күресу проблемаларына толық жеткілікті тұрғыда назар аударылмаған.

Кейбір осы мәселелерге қатысты сұрақтар мысалы көршілес елдердің В. В. Агафонов, В. Ю. Владимиров, В. Д. Малков, А. С. Подшибякин, сонымен қатар қазақстандық заңгер ғалымдар Н. М. Абдиров, З. О. Ашитов, Е. И. Қайыржанов, А. Д. Макуха, Г. С. Мауленов, М. С. Нарикбаев, Г. Р. Рүстемова Д. С. Чукмаитов және т. б басқаларымен зерттулер жүргізілген.

Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар саласындағы қылмыстардың түсінігін анықтау туралы ұшқыр қажеттілік туындайды. Осыған ұқсас қылмыстардың обьективті және субъективті белгілеріне талдау жасау немесе айқындау қажет.

Зерттеудің мақсаты болып, қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстармен күресудің теориялық проблемаларын анықтау және ІІО қызыметкерлерімен тәжірбиеде күресу тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау болып танылады.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қояды:

  • Қарудың заңсыз айналымының саласындағы қылмыстардың жалпы түсінігіне;
  • Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына;
  • Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жасалу жағдайлары мен себептеріне;
  • Қарудың заңсыз айналымымы саласындағы қылмыстарды жалпы алдын алу және ескерту шараларына талдау жасау.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғам қауіпсіздігіне қол сұғатын, қарым-қатынастарға, яғни адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қоғамдық қауіпті әрекеттер деп айтамыз.

2. Қылмыстың заты болып тек қана қылмысқа әсерін тигізетін зат емес, сонымен қатар қылмыс жасаудағы заттар танылады. Қылмыстың заты тікелей қылмыс жасауға бағытталған заттары болып танылады. ҚР ҚК 251-бабындағы қылмыс заты қылмыс құрамының міндетті элементтері болып танылады.

3. Сонымен қатар біздер қорыта келе, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, яғни қарулардың заңсыз айналымының объектитвтік жағын дұрыс анықтап әрбір әрекеттерді дұрыс айқындау осындай қылмыс түрлерімен күресудегі қиыкездесетін қиындықтар мен күрделі мәселелерді шешуде және қылмысты дұрыс дәрежелеуде септігін тигізеді.

4. Қарудың заңсыз айналымы субъектитвті жағы былайша сипатталынады: жалпы шеңбердегі қылмыстық қол сұғушылықты (қоғамдық қауіптілігін) сезіну; қылмыстың затын және оның сипаты мен құрылысы туралы пайдаланатындығын білуі; оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру сияқты әрекеттерді түсінуі; субъектінің қоғамдық қауіпті біле тұрған әрекеттерді жүзеге асыруға ұмтылуы.

Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниет түріндегі кінәнің болуымен байланысты. Тұлға атыс қаруына, оқ-дәрілерге, жарылғыш заттарға, жару құрылғыларына қатысты заңсыз әрекеттер жасап отырғандығын түсінеді және солай жасауды қалайды.

5. Қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарға соқтырған әлеуметтік-психологиялық жағдайлар болып, сонымен қатар көлік құралын айдап кетуді ескертуді, ашуды, алдын алу сияқты шаралар, ішкі істер органдары қызметінде жеткіліксіз деңгейде атқарылынуы, аталған қылмыс бойынша жасалуына қажетті жағдайларын жоюдың тәсілдерін орынды пайдаланбау, арнайы тексеру қадағалау ережелерін немесе қауіпсіздік тәсілдерін сақтамауы немесе жасалған қылмыстарды ашуды жүргізуді нәтижелі атқармауы танылады.

1 ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ

1. 1. Қарудың заңсыз айналымының объектісі

Адамды, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуі мен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағыттылған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.

Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігінде (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін) . Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.

ҚР жаңа ҚК жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық тәртіпті, халық денсаулығын, қоғамдық адамгершілікті, т. б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы ҚК-те қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, ҚР ҚК 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды.

Заңға сәйкес, ҚК 9-тарауының нормаларымен қарастырылған қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Объект қылмыс құрамының элементтерінің бірі ретінде аса маңызды мәнділікке ие бола отырып, ол қылмыстардың ерекшеліктеріне және де нақты бір қылмыс құрамдарына мазмұнды талдау жасап, оның заңды белгілеріне дұрыс сипаттама беруге мүмкіндік жасайды. Қылмыстың объектісін дұрыс айқындау, жасалған қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтау мен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі жүйесінің нормаларында өзіне сәйкес орнын табуына, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін немесе қол сұғушылық әрекеттерді дұрыс дәрежелеуге бірден-бір қажет болып табылады.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым-қатынастарға қылмыстардың тікелей немесе жанама қол сұғылатындығы туралы, қылмыстық құқық ғылымында жалпы біздер танитын қағида орын алған.

Қоғамдық қарым-қатынастарды қоғамға қайшы әрекеттерден қылмыстық заңның көмегімен қорғауда қылмыс құрамының толық тұрғыда жеткілікті және анық негізделуі, соның ішінде қылмыс обьектісі белгілерінің дұрыс анықталынуының маңызы зор.

Қоғамдық қарым-қатынас бұл, әрқашан да қоғам мен адамдар арасындағы әлеуметтік қызметтің нәтижесі бола алатын байланыс. Қоғам жеке адамнан тұрмайды ол адамдар арасындағы қарым-қатынаста байланысты бола алатындығымен көрінеді.

Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық-құқықтық нормасымен қамтылған диспозициялары қылмыстың түрлік құрамдарына заң атқарушылық абстракция деңгейінде талдау жасап, оқып үйретеді. Осы немесе басқа қылмыстардың тікелей объектісі, жеке тұрғыдағы көрінетін құбылыс емес, керісінше қылмыстың нақты түрлерінің барлық деңгейін айқындайтын түрлік құрамының элементі болып танылады.

Профессор Е. І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық және формальдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалынатын мүдде болса, формальдық жағы - ол мүддені бүркеп, қорғап тұрған құқықтық норма. Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ. Сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ, - дейді. Қылмыстың объектісін анықтау үшін кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталуға тура келеді. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі? және екіншіден, қандай құқықтық норма бұзылады.

Формальдық тұрғыдан қылмыс объектісі болып құқықтық норма шығады. Бірақ бұл жәй беткі жағы ғана. Объектінің неғұрлым терең мазмұнды жағы, мәнісі немесе қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан қорғалатын мүдде, қоғамның материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр.

Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрнісі бола тұра, өз кезегінде өзінің құқықтық нысанымен жанамалануы, рәсімделуі, киінуі керек, әйтпесе қылмыс объектісі емес.

Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау жоғарыда аталғандай аса маңызды мәнділікке ие.

Барлық қандай да болмасын қылмыстар тікелей немесе жанама түрде қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық қарым қатынасқа қол сұғады деп, кеңестік қылмыстық құқық ғылымында жалпымен танылған қағида орын алған .

Егер отандастарымыздың қылмыстық құқығымен, қылмыстың жалпы және текті объектісі болып қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық қарым-қатынастар деп танылуы жалпымен мақұлданса, кейбір авторлар нақты бір қылмыстың тікелей объектісін қоғамдық қатынастармен қатар және олардың материалдық сипатын қосып қарастыруға икемделген. Мысалы, А. А. . Пионтковский нақты бір қылмыстың тікелей объектісі ретінде қоғамдық қарым-қатынастардың бір өзін ғана емес, сонымен қатар олардың элементтерін қарастырған: меншікке қол сұғушылықтағы олардың материалды сипаттамасы; азаматтың жеке басына қол сұғушылығындағы олардың субъектісі.

Бұл сұрақ бойынша осыған ұқсас пікірді, яғни “әрбір қылмыстың объектісі болып қоғамдық қатынастар танылады”, бірақ та ол нақты өмірлік қосындыларда материалдық және материалдық емес, саяси, моральді, мәдени және т. б. құндылықтардың болуына жол берді.

Сұрақтарды мұндай талқылауда, жалпы және тікелей (арнайы) қылмыс объектілері арасындағы бір-бірімен байланыста болатын тегі мен түрлері арасында үзіліс (байланыстың жоқ болуы) пайда болады деп түсінеміз. Сондықтан да, Я. М. Брайниннің “тікелей объект заңмен бекітілген емес, ол әрқашанда нақты бір қоғамдық қатынас ретінде көрінеді”, деп санауын анағұрлым дәлелдірек деп айта аламыз.

Бұл сұрақтарды шешудегі кездесетін бірқатар пікірталастықтар, қылмыстық заңда нақты осы қылмыс құрамының заты болып танылған көлік құралдарына қатысты тізбектемелі түсініктердің толық берілмегендігімен байланысты болып отыр.

Қазақстан Республикасының “Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы“ қоғамдық қауіпсіздіктің ұғымына түсінік береді. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда маңызды мәселе болып қарудың айналымының қатаң тәртібі болып танылады. Оның тәртібінің бұзылуы немесе өз шеңберінен шығуы қоғам үшін аса қауіпті болып танылады. 30 желтоқсан 1998 жылы Қазақстан Республикасының “қарудың кейбір түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау” туралы заңы өз күшіне енгізілді. Ол заңмен азаматтық, қызметтік, әскери қаруларды пайдаланудың тәртібін реттеу туралы, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

Ішкі істер органдарына қоғамдық қауіпсіздікті, яғни адамның жеке басы мен мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды немесе сақатандыру міндеттерін жүктеген.

Қылмыстық құқық жүйесінде қарудың заңсыз айналымын ретке келтіретін нормалардың бірі болып ҚР ҚК 251 бабы танылады.

ҚР ҚК 9-тарауының тектік объектісі болып қоғамның мүдделерін, адамның жеке басын қорғайтын, мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет атқаруындағы қоғамдық қатынастарды, яғни қоғамдық қауіпсіздігі танылады. Егер текті объект қылмыстың ҚР Қылмыстық кодексі жүйесінде орын алуын анықтайтын болса, ал тікелей объектнақты бір қоғамдық қатынастарды анықтайды, яғни қылмыстың арнайы белгілерін айқындау мен дұрыс дәрежелеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар құқықтық режиммен бірге қарудың айналымы, яғни оларды пайдалану тәртібі де өзгерістерге ұшырап отыр. Мысалы, “Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, олардың заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995-жылғы 21-шілдедегі 4 қаулысы және ҚР Басқармасының 1176 “Қарудың кейбір жеке түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы”, 03 тамыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы” Қаулысы табылады.

Негізгі тікелей объект қоғамға қауіпті әрекетті дұрыс дәрежелеуге септігін тигіеді. Қылмыстың объектісін талдай отырып, яғни ҚР ҚК 251 бабымен қорғалатын қоғамдық қарым қатынастардың мәні біріншіден материалдық әлемнің затымен, екіншіден қатынасқа түсушілердң бағытталған мақсатымен анықталынады.

Жоғарыдағыларды айта келе біздердің ойымызша мынадай ұғымдарды құруымызға болады: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп қылмыстық заңмен қарастырылған, қоғам қауіпсіздігіне қол сұғатын, қарым-қатынастарға, яғни адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қоғамдық қауіпті әрекеттер деп айтамыз.

1. 2 Қарудың заңсыз айналымындағы қылмыс заты

Зат - қылмыстық заңға байланысты адамның әрекетімен нақты қылмыс белгісінде табылған материалдық әлемнің құралы. Жалпы қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың заты сұрақтарының шешілуі кезеңдері пікірталастықты тудырады. Қарастырылып отырған, норма бойынша қылмыстың затысыз қылмыс құрамы жоқ. Біздер алдымен Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару жарақты немесе жарылғыш заттардың ұғымын талдамастан бұрын, олар біртектес жинақы ұғымдарға ие. Н. И. Коржанскии қылмыстың затын анықтаусыз объектіні нақтылау қиындықтарға әкеп соқтырады деп санайды.

ҚР ҚК 9-бабындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен қылмыстың заты бойынша ажыратылады. Қылмыстың заты болып тек қана қылмысқа әсерін тигізетін зат емес, сонымен қатар қылмыс жасаудағы заттар танылады. Қылмыстың заты тікелей қылмыс жасауға бағытталған мақсат болып танылады. ҚР ҚК 251-бабындағы қылмыс заты қылмыс құрамының міндетті элементтері болып танылады. Кең тараған қарулардың түрлерінің бірі болып атыс қаруы табылады.

“Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, олардың заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995-жылғы 21-шілдедегі 4 қаулысымен айтылғандай атылғыш қарулардың түрлеріне: автоматтар, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер, адамдар мен техниканы құртуға арналған басқа құрылғылар мен нәрселерді сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде олар қандай мақсатқа қолданылатындығына қарамастан, ату үшін оқ-дәрілік газды пайдаланатын ұсақ калибрлі, ойықты аңшы мылтықтары да жатады деп ұғынған жөн.

Ресей қылмыстық кодексі Қылмыстық кодексі 221 бабымен “Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, олардың заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу” ұғымымен тегіс ұңғылды аңшы қаруын заңсыз пайдаланғандығы үшін жауаптылықты көздеген.

1997 жылы қабылданған ҚР ҚК Қылмыстық кодексі 251 - бабы бойынша “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару құрылғыларын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” үшін қылмыстық жауаптылықты көздеп отыр. Сонымен қатар қылмыстық қудалануға барлық қарумен байланысты әрекеттер емес, керісінше осы норманы бұзып заңсыз әрекеттер жасағандығы үшін жауаптылық көзделеді. Аңшы мылтығын сақтауға, алып жүруге, немесе иеленуге ұлықсатты Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі, оның Астана, Алматы қаласы ІІБ, қалалық, облыстық ІІББ орынбасарлары бере алады.

Соңғы кезеңдерде пневматикалық қарулар қазақстан базарларында саудаға салына бастады. Көптеген елдерде, ТМД-да спорттық деп танылады. Пневматикалық қарулар жалпы адамдарға қауіпті болып танылады, сондықтан да ол заңда өз орнын табуы қажет.

Ерекше орынды газбен атылатын қару танылады. Ол соңғы жылдары ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық қылмыстарды жасау үшін көптеп қолданылатын болды.

Профессор В. И. Ткаченко газды қаруларға мынадай анықтама беріп отыр: “Бұл, қысқа уақыт аралығындағы адамды өз қалпынан, көзді жасаурату немесе басқа да газдар арқылы әсер етумен өз қалпынан шығаруы деп анықтама берген.

Е. Д. Шелковникова, газды қаруды айта отырып, бұл аэрозольді немесе газды бұлтпен зиян тигізетін күшті әсер ететін зат деп анықтама берген.

Бірақ тәжірибемен газ қаруларын тек қана қорғану ғана емес сонымен қатар шабуыл жасау мақсатында, яғни зорлық-зомбылық қылмыстарды жасауы үшін қолдануы көптеп кездесетіндігін мақұлдап отыр.

Сонымен қатар, заңмен жүйке зақымдайтын, уландыратын заттармен дайындалған, яғни осындай оқталған ататын газ қаруларын пайдалануға тиым салынған. Газ қаруларын пайдалануда белгілі бір ара қашықтықты сақатамаса адамға қауіп төндіреді.

Қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық әдебиеттерде суық қаруды зерттеулерде ерекше назар аударылған. Соттық-тергеу тәжірибесінің кең ауқымдылығына қарамастан суық қару мәселелері әлі де болса толық зерттелінбеген. Бұл түсінікті өңдеу біздер үшін тек криминалистика саласында ғана емес, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық салада да өзінің жеке орнын алады.

ҚР ҚК 251-бабы 4-бөлігімен, суық қаруларды алып жүру, аңшылық кәсіпшілікке байланысты болатынреттерді қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сатуы үшін жауаптылық белгіленген.

Өзінің конструкциясы бойынша суық қарулар былайша бөлінеді:

  • шабуға арналған (қылыш, шашка, тесаки) ;
  • тескіш (қанжар, шпаг, стилет, штык) ;
  • тескіш-шабатын ( қкинжал, палаш) ;
  • тескіш-кесетін (аңшы немесе фин пышағы, әскери пышақтар, кейбір ұлттық пышақтар) .

ҚК 251-бабының 1-бабымен көзделген заты - ату құралы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жару құрылғылары.

ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсанда қабылдаған "Қарудың кейбір түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы" Заңына сәйкес, атыс қаруы - бұл оқтың немесе басқа зарядтың энергиясының арқасында бағытталған қозғалысқа келетін снарядпен белгілі бір аралықтағы межені механикалық түрде зақымдау үшін арналған қару. Мұндай қаруға әскери атқыш қарудың барлық түрлері (винтовкалар, карабиндер, автоматтар, пистолеттер, т. б. ), шағын калибрлі қару (винтовка, пистолет), иір ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, аңшы мылтықтарынан, соның ішінде, егер аңшы мылтығының қасиетінен айрылған болса, тегіс ұңғылды мылтықтан да жасалған шолақ мылтықтар жатады. Мұндай қарулар заводта жасап шығарылуымен қатар, қолдан да жасалуы мүмкін.

Пневматикалық мылтықтар, белгі беруші, старт беруші, құрылыста қолданылатын пистолеттер мен ракетницалар қарастырылып отырған қылмыстың заты болып таныла алмайды.

Құрылысы бойынша өзіне сәйкес қару түрінен атуға арналған (әскери, аңшының шолақ немесе тегіс ұңғылы мылтығынан, т. б. ) қондырғылар немесе заттар (снарядтар, патрондар, гранаталар, миналар, т. б. ) әскери оқ-дәрі қызметін атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Салықтан жалтару қылмысының криминологиялық аспектілері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz