Қылмыстық процестегі дәлелдемелер


Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
Жоспар:
Кіріспе
1-тарау. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер.
§1. Дәлелдемелердің түсінігі және қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
§2. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің белгілері
§3. Дәлелдемелерді топтастыру
§4. Дәлелдеу субъектісі
2-тарау. Қылмыстық процестегі тура және жанама дәлелдемелер
§1. Тура дәлелдемелердің түсінігі
§2. Жанама дәлелдемелердің түсінігі
§3. Тура және жанама дәлелдемелердің айырмашылығы.
§4. Дәлелдемелерді тура және жанама деп бөлудің тәжірбиелік маңызы
ҚорытындыҚолданылған әдебиеттер
Кіріспе
1995 жылы тамыз айында бүкіл халықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы шынайы демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамгершілікті қоғам құру міндетін алға қойып әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық мемлекет деп санауының өзі негізсіз емес. Бірақ, өкінішке орай, қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы да бар. Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынан десе, кейбіреулері керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді, не жеңіл жазалау да, кескілеп өлтіру де, отқа жағып жіберу де - бәрі де болды. Бірақ, бұлардың барлығында қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлде қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын айтқанда мұндай ғылыми теория да жоқ емес.
Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептері ішінде кедейшілікті, жоқшылықты, жұмыссыздықты, мәдениеттің төмендеп кетуін, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуін, маскүнемдіктің етек алуын, нашақорлық, порнографияның кері ықпалын, құқық қорғау органдарының жұмыстарының тиімді жүргізілуін, тағы басқа себептерін атап өтуге болады. Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан да сазайын тартпаған қылмыскерлер одан сайын дандайсып, басқа да қылмыстар жасайды.
Сондықтан қылмыстық іс жүргізу ғылымында зерттеліп және оқытылып жатқан көптеген құқықтық жағдайлардың арасындағы орын алатын маңызды мәселелердің бірі - қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер мен дәлелдеу болып табылады. Дәлелдеме қылмыстық процесс барысында негізгі рөл атқарады. Тек қана заңды түрде алынған дәлелдемелер әрбір қылмыстық іс бойына шындықты анықтаудың құралы болады.
Жалпы дәлелдемелердің бірнеше топтарға бөлінетінін білеміз. Атап айтқанда, олар: өзіндік және заттай дәлелдемелер; бастапқы және туынды дәлелдемелер; кейбір авторлар дәлелдемелердің сапалы және сапасыз дәлелдемелер деп те бөледі1; айыптаушы және ақтаушы дәлелдемелер; тура және жанама дәлелдемелер.
Дәлелдемелерді бұлай топтастырудың үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Сол себептен де осы тақырыпта «тура және жанама» дәлелдемелер туралы мәселелер қарастырылады. Тура және жанама дәлелдемелер іс бойынша барлық жинақталған іс жүзіндегі деректердің жиынтығын бағалау негізінде істі мәні бойынша шешу туралы талаптардың маңыздылығын көрсетпейді. Тікелей дәлелдемелердің болуы жанама дәлелдемелердің қажетсіздігін білдірмейді. Оның үстіне ізделетін фактілер жанама дәлелдемелердің негізінде ғана дәлме-дәл анықталуы мүмкін.
Кез келген жанама дәлелдемелер өзінің мәні бойынша дәлелдеу затымен тығыз байланыста болады. Жалпы қазіргі кезде көптеген қылмыстар жанама дәлелдемелердің көмегімен ашылып жатады, ал кейбіреулері тура дәлелдемелер арқылы ашылады. Яғни бұл тақырыпта қылмыстық процестегі тура және жанама дәлелдемелердің арақатынасына, олардың айырмашылығына назар аударылады. Сондай-ақ тура және жанама дәлелдемелерге байланысты көптеген ғылымдардың ой-пікірлері салыстырылады.
1-тарау. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
§1. Дәлелдемелердің қылмыстық процесте алатын орны
Дәлелдемелер теориясы немесе дәлелдемелер туралы ілім қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің процессуалдық негізі мен дәлелдемелерді зерттеуді мақсатқа қоя отырып, юриспруденцияда қалыптасқан қылмыстық процесс ғылымының құрама бөлігінің бірі болып саналады. Сондықтан қылмыстық процесс ғылымының қалыптасуы мен дамуы дәлелдемелер теориясымен тегі бір үздіксіз байланыстан шыққан.
Дәлелдемелер теориясында «белгілі бір ішкі тұтастық пен салыстырмалы дербестікке» ие болатыны кез келген ғылыми теория тәрізді сондай-ақ дәлелдемелер теориясын құптайтын ғалымдардың пікірлерін де негізді деп есептейміз. 2 Дәлелдемелер теориясының мәселелерін зерттеуге бағытталған әр түрлі жылдарда басылып шыққан көптеген ғылыми зерттеулерді атай отырып, бұл көзқарастың растығына көз жеткізуге болады. Бұлардың ішінде құқықтық ғылымда атағы әйгілі болған шетелдік және ресейлік авторлардың, соның ішінде Уилз А. 3 Бентам И. 4, Стифен Д. Ф. 5, Жиряев А. 6, Спасович В. Д. 7, Владимиров Л. Е. 8, Гродзинский М. М. 9, Строгович М. С. 10, Вышинский А. Я. 11 және т. б. ғалымдардың еңбектері бар. Аталғандардың қатарына «Теория доказательств в советском уголовном процессе» деп аталған ұжымдық еңбектер жазған авторларды да міндетті түрде қосу керек. Бұл монографияда дәлелдемелер мен дәлелдеу теориясының негіздері нақты түрде баяндалған. 12
Қылмыстық процесте дәлелдемелер туралы И. Я. Фойницкий ілімдерінің негізгі жағдайларын «Курс уголовного судопроизводства»13 деп аталатын ғылыми еңбегінің «Доказательства в уголовном процессе» тарауында мазмұндаған.
Австриялық процессуалист Ю. Глазер келтірген дәлелдемелер ұғымының талқылануын, автор аралас процеске қатысты дұрыс деп, есептеген, мұнда дәлелдемелер бұл «аталған іс бойынша еркін куәландыруға жататын жағдайлардың жарамды не жарамсыз екеніне көз жеткізу негізіндегі тұтас жинағы14.
Орыс ғалымы, заңгер И. Я. Фойницкийдің көз қарасы бойынша дәлелдемелер ұғымы мыналарды қамтиды:
- дәлелдеу тәсілдері, немесе дәлелденетін мәлімет;
2) дәлелдемелердің ұсынылуы, яғни олардың тексерілуі, жиналуы және дәлелдеу барысында қолданылуымен түсіндірілуі;
3) нақты бір істі шешу үшін дәлелдемелерді бағалау немесе олардың маңыздылығын анықтау.
Осыған орай, И. Я. Фойницкийдің пікірі бойынша дәлелдемелердің тура және жанама болып жіктелуі тек қана формальды дәлелдемелер теориясында заңды болып табылады.
Ағылшын заңгері Д. Ф. Уилздің пікірінше, тура және жанама дәлелдемелердің айырмашылығы тек тура дәлелдемелер көмегімен ғана «басты фактіге» тиісті жағдайларды анықтайды15.
ҚР ҚІЖК-не сәйкес дәлелдеме ретінде “Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот ҚР ҚІЖК-нде көзделген тәртіппен ҚР қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлі не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер танылады. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен; сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Қылмыстық процесс теориясында дәлелдемелер ұғымның екі жақты сипаты бар:
А) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
Б) түрлік сипаттағы іс-жүргізушілік құқықтық ұғым;
Дәлелдемелерді философиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ - ол шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу болып табылады. Кең мағынасындағы “дәлелдеме” қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез-келген рәсім, бұл кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қаблдау жолымен жүзеге асырылыды16.
Тар мағынадағы “дәлелдемелер” бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі түрлі мағынада қамтиды:
1. дәлелдеме шындықты анықтаудың процесі не болмаса әдісі;
2. дәлелдеме тану үшін бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объекті дегеніміз дәлелдеме ұғымының екінші мағынасына тән, қылмыстық іс жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі “дәлелдеу” терминімен белгіленеді17.
Дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құрамы ретінде “жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер” қызмет етеді дейді Р. С Белкин. Жалпы дәлелдеме бұл - “шындыққа көз жеткізудің құрамы, сонымен бірге дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес”18.
Дәлелдеме - бұл сот әділдігінің негізін қалаушы басты құралдардың бірі. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Яғни дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Дәлелдемелер келесі қасиеттерімен анықталады:
1. Дәлелдемелердің ҚР ҚІЖК-нде белгіленген тәртіппен алынуы;
2. Дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
3. Дәлелдемелердің негізінде қылмыстық әрекеттің бар екендігі немесе оның болмағандығының анықталуы.
4. Мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, және соттың ғана құқығына беру;
5. Дәлелдемелердің көмегімен қылмыс жасады деп айып тағылып отырған адамның кінәлі екендігін немесе кінәсіз екендігінің анықталуы.
Қылмыстық іс жүргізу ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Бірақ төмендегідей үш көзқарас айқын аңғарылады.
Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл фактілер, ал екінші жағынан осы фактілердің көздері. Бұл ілім дәлелдемені екі жақты түсіну деген атақ алады. Осы көзқарасты негіздей отырып М. С Строгович былай деп жазды: “Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме - бұл, біріншіден, қылмыстың болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның кінәлілігі немесе оның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілі деректердің бір тобы. Екіншідін, заңда қарастырылған қайнар көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алынады және сол арқылы осы фактілер анықталады"19.
Негізінен М. С Строговичтің көзқарасы өзінен бұрынғы А. Ривлин, С. Альперт және М. Бажановтың еңбектерімен үндес, олар да фактілі деректкрді ғана дәлелдемелер деп тану екі тарапты негізсіз қарама-қарсы қоюға әкеліп соғады деп тұжырымдап дәлелдеменің күрделі және сонымен бірге біртұтас ұғымын: іс жүзіндегі деректер мен осы іс жүзіндегі деректерді дәлелдеудің айла-амалдары арқылы алуды қарастырған20.
Демек екінші көзқарас іс жүзіндегі деректерді және олардың іс жүргізу көздерінің бірлігіне сүйенеді. Бұл көзқарасты: М. К Треушников, В. Я Дрохов, М. А Чельцов, П. А Лупинская және басқа зерттеушілер қолдады.
Дәләлдемелердің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші бағытта дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген көздерден алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде таңдаудан тұрады.
Ф. Н. Фаткулиннің пікірі бойынша “іс жүзіндегі фактілерді олардың қайнар көздерінен ажыратуға, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар табиғи түрде өзара байланысқан және өзара тығыз байланыста болады. Бірақ бұл байланыс аталған категориялардың әрқайсысының дербестігін жоққа шығармайтын диалектикалық байланыс”21. болып табылады. Бұл ой көптеген ғалымдардың еңбектерінен қолдау табады, оның ішінде Е. А Матвиенко былай деп жазды : “Заңда көзделген қайнар көздерден дәлелдеме деректерін алу - осы деректерді дәлелдеме ретінде пайдаланудың қажетті шарты. Бірақ бұдан дәлелдемелік мәлімет көзінің өзі дәлелдемеге айналмайды, оның табиғи құрамдас бөлігі бола алмайды”22. Осы жерде бірінші көзқараспен келісу керек. Оның бір дәлелі - ҚР ҚІЖК-нің 115 бабы болып табылады да, екіншісі бөлімінде дәлелдемелердің қайнар көздерінің тізімін береді.
Дәлелдеме ұғымын қарастыруға байланыст дәлелдеме теориясы туралы айтпай кетуге болмайды. Н. С Алексеев атап көрсеткендей, «дәлелдеме теориясы» дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму сипаттамасын шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық мәселелерді және т. б қамтиды23.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М Миньковский былай деп жазды: “Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтау жүргізу кезінде, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық поцестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан”24.
Сонымен заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді қамтиды.
1. Таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты анықтау туралы;
2. Осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
3. Қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
4. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
5. Дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың прициптері мен ережелері туралы;
6. Қылмыстық іс жүргізу кезіндегі зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С Элькиндің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құрамдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек25.
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:
1. Дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу заты қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу саласында қалыптасатын қатынастардан тұрады;
2. Аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығы нормалары мен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
3. Дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
5. Дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейіне дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;
6. Дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен сот ісін жүргізуде дәлелдемелермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде оның алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтайды. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді.
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
“Таным теориясы дәлелдеу теориясын және ойлау нысандарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен рәсімдерін формальды логика зерделейді”.
Тап осы формальды логика “ұғым”, “пайымдау”, “ой қорытындысы”, “анықтама”, ұғымының қалыптасуының “ережесі не принциптері” және т. б. туралы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымының диалектикалық теориясының құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.
Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу жөніндегі қызметтің ерекшелігін “соқырға таяқ ұстатқандай” етіп көрсетеді.
§2. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің белгілері
Дәлелдемелердің белгілері деп - іс бойынша соттық дәлелдеме ретінде белгілі бір фактіні пайдалану үшін іске жіберілетіндігін, заңға және дәлелдеу принциптеріне қарама-қайшылықтың болуын немесе жоқ екендігін анықтау, бнлгілі-бір дәлелдеменің немесе олардың іске қатыстылығын анықтау, істің тағдыры туралы белгілі-бір процессуалдық шешім қабылдау үшін дәлелдемелердің жеткіліктігін анықтау, дәлелдемелердің дұрыстығына сенімді болуды айтамыз.
Дәлелдемелердің жіберілетіндігі, қатыстылығы, жеткіліктілігі және дұрыстығы дәлелдемелерді бағалағанда қолданылады. Сондай-ақ олар дәлелдемелерді жинау барысында және процессуалдық шешім қабылдамас бұрын қорытынды сатысында жүргізіледі26.
Дәлелдемелердің қатыстылығы дегеніміз - бұл дәлелдеменің дәлелдеу тақырыбына байланысты. Дәлелдемелердің қатыстылығы туралы айтқан кезде бұл іс жүзіндегі деректердің іс үшін маңызы бар екендігі, олардың шындықты анықтаудың құралы екендігін, тікелей немесе жанама дәлелдемелер арқылы іске қатысы бар екендігі түсіндіріледі.
Дәлелдемелердің қатыстылығы олардың іс үшін елеулі мән-жайларды растау немесе жоққа шығару сияқты сипатынан көрінеді27
Дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешу үшін оларда бар ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін) . Қатыстылық - дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мыадай: ол істі басы артық ақпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді:
- дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысы;
- нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың іс үшін маңызы;
- тап осы мән-жайларды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы28.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі дегеніміз - бұл дәлелдеу тақырыбының дәлелденгеніне, іс бойынша шындықтың анықталғанына сенімнің қалыптасуы.
Іске қатысы бар дәлелдемелердің бірін де қалдырмастан жинаудың қажеті жоқ. Дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті шектерде дәлелдеу тақырыбы анықталғаннан кейін тоқтатылады. Дәлелдемелерді одан әрі жинау негізсіз, тергеудің мерзімдерін ұзартуға, іс материалдарын жасанды түрде күрделендіруге, уақытты, күш пен қаражатты орынсыз шығындауға әкеліп соғуы мүмкін.
Дәлелдемелердің дұрыстығы(сенімділігі) дегеніміз - бұл жауап алынған адам хабарлаған фактілер туралы мәліметтерді қабылдау, түсіріп алу, беру жәе белгілеу шарты; материалдық іздердің пайда болуы, сақталуы және көшіріп алу шарты; сараптамалық зерттеудің барысы мен оны қорытындыда дұрыс бейнелеудің шарты; тергеушіге (сотқа) берілген құжаттардың шығу тегі мен жай-күйінің шартты көзқарасы тұрғысыан дәлелдемелерді қалыптастыру процесін алу.
Дәлелдемелердің дұрыстығын бағалау мыналардан тұрады:
- мәліметтері бар адам (куәгер, жәбірленуші, сарапшы және т. б. ) шынайы және толық жауап (қорытынды) бере алу қабілеттілігі тұрғысында зерттеледі;
- ақпараты бар материалды(зат, құжат өзге де материалдар) табудың сипаты мен жағдайлары зерттеледі;
- мәліметтердің мазмұны талданады (баяндаудың дәйектілігі мен толықтығы, қарама-қайшылықтың, сәйкессіздіктің, болуы, ғылымның деректері мен тұжырымдалған қорытындылардың негізділігі және т. б. ) ; - осы қайнар көзден алынған ақпарат басқа да процессуалдық қайнар көздерден алынған ақпаратпен салыстырылады.
Дәлелдемелердәі іске жіберілетіндігі дегеніміз - шындықты анықтау үшін оны пайдаланудың заңдылығы, әділеттілігі. Ол ең әуелі дәлелденген істің жіберілуімен айқындалады. Яғни дәлелдемелердің жіберілуі оның қайнар көздерінің, олар алынған әдістер мен тәсілдердің заңдылығы тұрғысынан дәлелдемелердің жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп көрсетуге болады:
- дәлелдеудің тиісті қатысушысы;
- Заңда көзделген дәлелдемелердің қайнар көзі;
- Заңға сәйкес тергеу іс қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен)
өткізудің тәртібі29.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz