Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Р Е Ф Е Р А Т1

К І Р І С П Е2

І - т а р а у. АДВОКАТУРАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ4

1. 1 Адвокатура, оның даму тарихы, қоғамдағы ролі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылықық негізі, міндеттері4

1. 2 Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері11

1. 3 Адвокаттың кеңес беру қызметі13

ІІ - т а р а у. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУДЕ АЛАТЫН ОРНЫ15

2. 1 Азаматтық іс бойынша өкілділік және оның түрлері16

2. 2 Адвокаттың іс жүргізуде атқаратын қызметі және оның процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері22

ІІІ - т а р а у. АДВОКАТТЫҚ СОТТЫҢ І-ШІ САТЫСЫНА ҚАТЫСУЫ25

3. 1 Адвокаттық істің құқықтық бағытын анықтап және азаматтық істі сотта қарауға дайындалуы25

3. 2 Азаматтық істі негізінен қарағанда және дәлелдемелерді тексеруде қатысуы29

3. 3 Адвокаттық іс барысындағы жарыссөзі31

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы35

ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР37

Р Е Ф Е Р А Т

Бітіру жұмысы “Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1-ші сатысына қатысуы» - деген тақырыпқа арналған және мынадай тақырыптар төңірегінде қаралады.

1-тарау Адвокатураның Қазақстан Республикасында атқаратын қызметі, даму тарихы, қоғамдағы рөлі, адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері, міндеттері, адвокаттардың мәртебесі, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері, адвокаттық заңи кеңес беру жұмысы.

ІІ-тарау. Адвокаттың азаматтық іс жүргізуде қатысуы, соттағы өкілдік және оның түрлері, адвокаттың іс жүргізуде атқаратын қызметі және оның процессуалдық жағдайы. Азаматтық істер бойынша өкілдің құқықтары мен міндеттері.

ІІІ-тарау. Адвокаттың соттың 1-ші сатысына қатысуы, адвокаттық істің құқықтық бағытын анықтап және азаматтық істі сотта қарауға дайындауы, азаматтық істі мәні бойынша қарағанда және дәлелдемелерді тексеруге қатысуы, адвокаттың іс барысындағы жарыссөзі.

Бітіру жұмысты жазған кезде, қолданылған термин сөздері. Заң, сотәділдігі, өкілдік, заи кеңес, соттағы жарыссөз және т. б.

Адвокатура дегеніміз- азаматтар мен ұйымдарға кәсіби тұрғыда заңи көмек көрсетуді жүзеге асырудың негізгі бағытын анықтайтын қоғамдық құқықтық институт болып табылады.

Жалпы айтқанда бітіру жұмысымың басты мақсаты адвокатураның басты мәні мен міндеттерін ашу, құрылу тарихын зерттеу, адвокаттар алқасы және оның органдарының құқықтық табиғатын зерттеу, оның басқа мемлекеттік органдармен арақатынасын анықтау арқылы тақырыптың мазмұны мен маңызын ашу болып табылады.

К І Р І С П Е

Еліміз өз тәуелсізідігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барлық құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бақсару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға елімізді беделді заңгер-ғалымдар заңгер мамандар елеулі қызмет атқарып ат салысуда.

Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ-бөлімі 12 бабына сәйкес адам және азамат құқықтары мен бостандықтары мойындалады және кепілдік беріледі деп айтылған. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін түсіндірмей оларды заңмен реттемей демократиялық құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.

Бітіру жұмысымда адвокаттың азаматтық істер жүргізудегі соттың бірінші сатысында алатын ролі, адвокатура қызметінің принциптерін, қызмет бағытын қазіргі әрекет етіп тұрған заңдармен байланыстыра отырып айқындау.

Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Кеңес заманындағы социалистік жүйеде тоталаитарлық билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келді. Сондықтан да ол кезде адвокатура қызметі қоғамға қажетті ұйым ретінде емес, жәй формальды құрылым ретінде қызмет еткені бәрімізге мәлім.

Қазір заманның өзгеруіне байланысты Қазақстанда тәуелсіз адвокатураның қажеттілігі айқын бола түсті. Расын айтсақ бұрындары адвокат сотта, іс қарау барысында ешнәрсе шешпейтін. Өз көзқарастарын білдіре алмайтын. Өз деңгейінде азаматтардың құқығын қорғауға дәрменсіз еді. 5 желтоқсан 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралың заңы адвокаттық қызметті толық деңгейде жүргізуге жол беріп, тынысын ашты. Заңда адвокаттардың қызметі жан-жақты қорғалады.

Адвокат тәуелсіз саналатындықтан, олардың қызметі кәсіпкерлікке жатпайды. Мемлекеттік мекеме де болып табылмайды.

Адвокатура - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.

І - т а р а у. АДВОКАТУРАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Адвокатура, оның даму тарихы, қоғамдағы ролі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылықық негізі, міндеттері

Азаматтарды квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету - бұл маңызды конституциялық ереже болып табылады1.

1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-ші бабына сәйкес әрбір тұлға сот арқылы қорғалуына, заңда көрсетілген әдістер негізінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқылы.

Ата заңымыздың осы бабын негізге ала отырып, азаматтардың құқықтары тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қорғалынады. Заңды әдіс ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокаттар алқасы болып табылады.

Белгілі бір тұлғаның мүддесін әділдікке сай қорғау адвокаттық қызметтің бағытының саяси мәні болып саналады.

Адвокатура - адвокаттық қызмет атқаратын азаматтардың құрылағн ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы - “демократияң Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым.

Қоғамдық ұйымдардың беделі көтерілген сайын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілген сайын адвокаттардың ролі күннен-күнге дейін өсуде.

1997 жылдың 5-ші желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралың заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысын, қызметінің бағытын, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын2.

Аталып кеткен Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралың заңның 1-ші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген Қазақстан Республикасындағы адвокатура - адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.

“Адвокатураң ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:

адвокатура - адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің белгілі бір түрі.

Адвокатура - адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арнаған тұлғалар тобы.

Адвокатура - сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылық.

Арсеньтев В. О. адвокатураның ең толық ұғымын былай деп айтқан.

Адвокатура - бұл заң негізінде жергілікті халыққа және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсететін кәсіби ұйым3.

Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.

Классикалық дәуірдің грек және рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруге міндетті болатын. Сондықтан Ежелгі Грецияда негізгі заңдарды білу халықтың білімін көтеру үшін зерделеп оқытуға әкелді.

“Отбасы өкілдігің - бұрын пайда болған өкілдіктің бір түрі. Отбасы өкілдігі адвокатураның туындауына ең басты маңызды себептер болып келген. Осы өкілдіктің барысында отбасы ағасы өзінің отбасы мүшелерінің әрқайсысының мүдделерін сот алдында қорғаған және де бұған қоса ол тек өзінің қандас туысқандарының мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, қорғау қажеттігін талап еткен басқа да отбасы мүшелерінің мүддесін қорғайтын. Осыдан басшылар мен қорғалынушылар деген ұғым тараған. Біріншісі - адвокаттардың қатарына жатса, екіншісі - қорғалатын істерін адвокатқа тапсырушылар қатарына жатты. Сол кездер аралығында заңды тұлғалардың өкілдігі туындаған болатын. Мысалы: ақ сүйек заңдарымен танысып, дәріс алған монахтар, сотта монастырь мүддесін қорғаған.

Орта ғасырда сотта өз өкілді пайдалану тек патша тұқымының айырықша құқығы болып есептелінген. Сонымен қатар ерекше қызметке ие болғандар бұл құқықты қолдана алатын. Кәсіпкерлік пен сауданың өсіп дамуына орай кәсіпкерлердің сот алдында өз мүдделерін қорғау туралы кеңес беру қажеттілігін пайда бола бастағандықтан жоқтан барды қарастырушылар мамандығы пайда болған. Осыдан соң бұл мамандар ортағасырдың цехтық ұйым болып бірігіп заңгерлерді дайындап шығаратын болған.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып XІV-XV - ғасырларда Англияда Шиндерге біріктірілген берристтер - заңгерлерінің ассоциациясы пайда болды. Бұл корпрациялар әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Лондонда қазіргі кезде төрт институт бар. Әрқайсысы өзінің құқық мектебіне сүйенеді, келуші клиенттерді қабылдайтын бөлмелерімен өздерінің кітапханалары бар және өздерінің символикалық белгілері бар. “Барристтерң - деген сөз ағылшын тілінен “вачң - қабырға, қорған деген сөзден шыққан4. Сол кезде осы сөз арқылы магистрлер мен оқушыларды ажыратқан болатын және сол кезде Англияда солистер институты дамыған. Яғни, егер барристер сол алдында сөйлесе, онда солистер оған қажетті құжаттар жинаумен айналысқан, біріктіре отырып іздеуші ретінде салық салуға, сақтандыруға байланысты берілген тапсырмаларды, нотариустың қызметін қосып жұмыс жасайтын. Қазіргі уақытта солисттер кіші магистрлік соттарға біріктірілген, кейбіреулері - тәж соттарына енгізілген.

XVІІ-XІІІ - ғасырда Европада мемлекеттік Үкіметтік адвокатура институты дамыған. Оның бастаушысы болып Пруссия патшасы Ұлы Фридрих - ІІ-ші болған. 1780 жылы ол Пруссияда адвокатураны жойып оның орнына белгілі бір еңбекақы алып тұратын сот ассистент-чиновниктерімен ауыстырды. Бұл чиновниктер туралы/бұлар жалдамалы немесе қарапайым іс басқарушулар емес, соттың көмекшілері яғни, істі қарауда соттың ақиқатқа жетуіне көмектесетін тұлғалар/ болып саналды. Бірақ сол дәуірдегі адвокаттар өз қызметін тек қана қай соттың құрамында болса, сол сотта сөйлеу құқығын пайдалана алған. Мемлекеттік адвокатура өзінің даму жолын ала алмағандығы осыдан келіп шыққан. Бұған И. Фойницкий былай деген: “Адвокаттар лауазымды тұлғаға айнала бастаса, сотта өзіне сеніп берген міндеттемелерді қорғауға беретін бостандықты, дербестік және тәуелсіздікті жоғалтадың5.

Цехтік және мемлекеттік ұйымды қорғаумен өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік басқарылатын еркін мамандық иелерінің ұйымы келген. Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төнкерістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келді. Осы Декрет бойынша әрбір адамзат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон- 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын. Наполеон -1-ші олардың қатарында болатын, бірақ бәрібір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, оны жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырды.

Ресей адвокатурасы 1864 жылғы сот ережелеріне сәйкес дамыған және бұдан бастап ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылды. Сот мәжілісінде адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсерлер қалдырған. Қоғамға әйгілі ресей адвокаттары да пайда болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары6.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін орнаған құқықтық диктатура ресей адьюкатурасын жойып жіберуге әкеп соқтырды.

1922 жылы 22 мамыр айында ВЦИК-тің адвокатура туралы Ережесінде қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушылар алқасын тудыру ескертілді. Бәрібірде 1930-1940 жылдар мен 1950 жылдар арасында мемлекетке төнген жазалау шараларының арқасында адвокатура тереңдетілген ауыр зардапқа ие болды. Адамдарды шексіз нысанда адвокаттардың қорғауынсыз, сотта қарастырылмай-ақ ату жазасына берген болатын, қазіргі кезде әділетсіз жазаланып кеткен азаматтар ақталынған7. ) Кеңес адвокатурасының Қазақстанда орын алуы көптеген қиындықтарға соқтырды, ол қиындықтар объективті және субъективті сипаттарға ие болды. Ең бірінші ол кәсіби дайындығы бар кадрлардың болмауы. Екіншіден Халық комиссариаты басқарушылары адвокатураға немқұрайды қарады олардың ойынша кеңес соты өздерінің пролетарлық мәнімен қателеспейді және әр түрлі азаматтық және қылмыстық істерді өздері шешуге қабілеті бар деп айтты. Үшішіден, адвокатура хан заманының қалдығы, біздің қоғамымызға сай емес деп түсінді.

Жоғарыда аталынып кеткен тарихи оқиғаларға қарамастан адвокатура қазіргі кезде қарқынды түрде өз қызметін атқаруда. Адвокатураның қазіргі кездегі ролі саналы түрде сапалы жағынан үлкейген.

Әрбір құқықтық мемлекет тұлғаның бостандығын және құқығын қорғауды бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол күшті тәуелсіз соттық қорғалудың дамуында және сақтап қалуында өзінің көзқарастарының бар екедігін анықтайды.

Адвокаттық қызметтің дамып жетілуіне ең басты себепкер болған демократия, заңдылық, адам құқығын сақтау, өзіндік бостандық, ар-ождандық және қадір қасиет деп ойлаймын.

Соңғы жылдары адвокатураның беделі ерекше өсті. Ол мемлекеттік, саяси басқарудан, оның ішінде қызметтеріне қол сұғушылықтан босатылған, адвокаттардың даусы сотта еркін ашық естілуде.

Қазіргі қабылданып жатқан заңдар, жұмыс жасап жатқан заңдар тұлғаны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасаған. Адвокатураның қоғамдағы рөлі Қазақстан жерінде кең ауқымды көлемде артуда. Себебі қандай да бір қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді жүргізу барысында азаматтардың мүдделерін адвокат қорғаушы ретінде, өкіл, заңды өкіл ретінде заңды өкілдік жасайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасында көптеген жұмыс атқарылуда.

Соның бірі болып жоғарыда айтылып кеткен адвокатураның қызметін реттейтін заң, заңды орындауда әрбір адам өзінің тарапынан іс-әрекет жасауы қажет. Егер де заңдар орындалмаса, онда өзіміз бір қалыпты жұмыс жасай алмайтындығымыз әшкереленеді.

Адвокатура - сотқа өз тарапынан кәсіби көмек көрсету үшін құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тұлға болып есептеледі.

Адвокаттың қызметінің құқықтық негізі “Адвокаттық қызмет туралың заңның 2 бабында адвокаттық қызметтің реттелуі тәртібі осы Заңмен және басқа да адвокаттық қызметті реттейтін заңдармен бекітіледі деп айтылған8.

Қазақстанда адвокатура қызметінің ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны ретінде адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының басымдылығы бойынша аумақтық белгілер бойынша құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді9.

Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін негізгі құжат адвокат алқаларының жалпы жиналысында қабылданған оның жарғысы болып табылады.

Адвокаттық қызметінің ұйымдастырушылық формасы:

  • заң консультациясы;
  • адвокаттық кеңселер;
  • заңды тұлға ретінде тіркелмей жеке-дара адвокаттық қызмет атқару.

Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат - заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметті жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.

Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандандырылған және қоғамдық қызмет болуның қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі - оның қоғамдық қызметі. Адвокат әр уақытта заңның түсінігін әділ және барлық талаптарға сай түсіндіру керек.

Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.

Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алын-ала тергеуден өтетін айыпкерді сотта қорғауды, мекемелерге зады сауал беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.

Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралың заңның 15-ші бабында көрсетілген 6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы10.

Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.

Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғауындағы тұлғаның немесе адвокат өзінің бастамасы бойынша әділетсіз үкім, шешім, ұйғарым, қаулы шығарылған жағдайда оған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті.

Үшіншіден, адвокат оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысудан басқа, мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметтен айналысуға және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

1. 2 Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері

ҚР Адвокаттық қызмет туралы заңына сәйкес адвокат - міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы11.

Қазіргі заманғы сөздіктерде “адвокатң термині латын сөзінен аударғанда/advocatus, advoco сөзінен приглашаю, призываю/ --1) заңгер, яғни кеңес беру, қорғау арқылы сотта кәсіби құқықтық көмек көрсету; 2) біреуді қорғау үшін қатысу деген ұғымдарды білдіреді.

Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойыннша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам бола алады.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны әділет біліктілік алқасының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі береді. Берілген лицензия негізі тұрақты болып ттабылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамадан өтушілер, болуы мүмкін.

Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істейді. Көмекшілері адвокаттың барлық тапсырмалары мен бұйрықтарын орындауға құқылы болып табылады.

Жоғары заң білімі бар азаматтар адвокаттық тағлымдамадан өтушілер деп атайды. Бұлар тағлымдама туралы шарттардың негізінде адвокатта тағлымдамадан өтеді.

Адвокаттың құқықтары.

Адвокаттар алқаларының мүшелері белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа, адвокатты алқаның мүшесі екендігін белсенді көрсететін құқықтар. Екінші топқа - қылмыстық іс бойынша қорғаушы және азаматтық іс бойынша өкіл ретінде атқаратын адвокаттың кәсіби құқықтары жатады12.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:

- адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;

- адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

- алқа органдары оның қызметін немесе мінез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзі қатысуға;

  • өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер жасауға құқылы:

- заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдемелер табыс етуге;

- көмек сұрап келген тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларды заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген әдістермен белгілеп алуға;

- заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

Адвокаттың міндеттері:

Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, адвокаттық құпияны сақтауға міндетті.

Адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ және т. б.

1. 3 Адвокаттың кеңес беру қызметі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Өкіл мен сот
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет
Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы: проблемалық мәселелері
Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz