Адвокатура институтының даму тарихы


Адвокатура туралы
Кіріспе4
I. Адвокатура институтының даму тарихы. 7
ІІ. Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуы - сот өкілінің бір нысаны ретінде. 25
ІІ. 1. Адвокаттың өкіл ретінде іс жүргізуге қатысуының құқықтық негіздері. 30
ІІ. 2. Адвокаттың бірінші инстанциядағы сотта іс жүргізуге қатысуы. 32
ІІІ. Адвокаттың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеруге қатысуы. 41
ІІІ. 1. Сот қаулыларына апелляциялық және кассациялық шағым беру ретпен заңды күшіне енбеген сот шешімін қайта қарау бойынша іс жүргізуге қатысуы. 41
ІІІ. 2. Заңды күшіне еңген сот қаулыларын қадағалау тәртібімен46
қайта қарау бойынша іс жүргізуге қатысуы. 46
ІІІ. 3. Заңды күшіне еңген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізуге қатысуы. 49
Қорытынды50
Қолданылған әдебиеттер:53
Кіріспе
Адвокат-это не только
специалист, но человек,
имеющий свободное мыш-
ление.
Азаматтық іс жіргізу кодексінін 58 бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Сот өкілдігі - азаматтық іс жүргізу құқығының дәстүрлі және негізгі институтының бірі болып табылады. Алғаш рет ҚР-ның Конституциясында азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына және білікті заң көмегін алуға құқығы көзделген. Азаматтармен осы құқықтарды тәжірибеде жүзеге асыру мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс жүргізудегі сот өкілдігі институтын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Іс бойынша өкіл ретінде кәсіби заңгер-адвокатты құқығы азаматтық іс жүргізушілік әрекет-қабілеттігінін басты элементін құрайды.
Бірақ азаматтық іс жүргізуде адвокаттың қызметінін маңыздылығына ешқашан тиісті түрде назар аударылмағаңдығы бәрімізге мәлім. Өз уақытында бұл қызмет конституциялық функцияны, яғни қорғауды жүзеге асыруға бағытталған адвокат-қорғаушының қызметімен салыстырғанда екінші дәрежедегі қызмет болып есептелінді.
Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Заңнамалар да өзгерді.
Қазіргі уақытта сот реформалар нәтижесінде сот билігі жеке билік ретінде қалыптасып және бұрын сотқа жүгіну үшін қойылған шектеулер алынып абсолютті ештенемен шектелмеген сотта қорғану құқығының пайда болуына әкелді.
Азаматтардың құқықтарын қорғауда соттың рөлінің ұлғаюмен қатар адвокаттың қатысуының маңыздылығы артып келеді. Азаматтық іс бойынша адвокаттың қатысуы ҚР-ның азаматтарының мамандандырылған заң көмегін алудағы конституциялық кепілдікті жүзеге асыру болып табылады.
ҚР-ның Конституциясы тікелей әрекеттегі заң болған жағдайында, адвокаттар конституциялық құқық нормаларын ескерумен қатар олар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау сот төрелігінін жоғары мәні мен белгіленуімен анықталатынын және құқық нормасы осы жоғары міндетке сай түсіндірілуі қажет екенін естен шығармауға тиіс.
Қазақстан Республикасында азаматтық істерді жүргізуде адвокаттың көмегіне жүгіну әлі осы уақытқа дейін міндетті емес құқығы болуы көптеген батыс елдеріне қарағанда басты ерекшелік болып табылады, себебі батыс елдерінің сотында мұндай істерді жүргізу міндетті түрде кәсіби-заңгердің қатысуымен жүзеге асады. Жиі кеңес беру тәжірибесінде азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік заңдарымен реттелетін сұрақтар туындау мүмкін. Аталған қатынастардың күрделілігі және азаматтармен өз құқықтарын дұрыс білмеу салдарынан талапты қорғау үшін негіздер болмаған жағдайда сотқа жүгінуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен бірге, сот тәжірибесінде процесуалдық нормалардың көптеген бұзушылықтары кездеседі және олар тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіру мүмкін.
Мұндай жағдайда адвокаттың берген кеңестері азаматтың уақыты мен қаражатының үнемделуіне жәрдемдеседі, ал сотты негізсіз талаптарды қараудан босатады.
ҚР-ның адвокатураға басты көніл бөлуінін себебі, адвокат алдын-ала тергеу мен сотта қылмыстық, азаматтық және тағы басқа істер бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, оларға заң көмегін көрсететін жалғыз заңгер. Қазіргі нарықтық заманның біздің өмірімізде кең орын алуымен қатар әртүрлі саладағы қатынастардың саны күрт өсіп келеді. Осыған сай адвокаттың қызметі де кеңейіп келеді. 1997жылы 5 желтоқсанда жаңа адвокаттық қызмет туралы заңның қабылдануы адвокаттық қызметтің жаңадан реттелуін талап етті.
Сондықтан мемлекеттің тарапынан адвокаттың қызметі қатаң реттелуі қажет.
Осы дипломдық жұмысымда мен Антимонов, Герзон, Л. . Лесницкая, Ильинская, Е. Васьковскийдің және тағы басқа авторлардың еңбектерін қолдандым.
- Адвокатура институтының даму тарихы.
Қазіргі уақытта әдебиеттерде адвокатура ежелгі және сонымен бірге жалпыадамзаттық мекеме болып табылады деген, яғни ол әр уақытта және барлық халықтарда болған деген пікірлер жиі айтылып жатыр.
Грелле-Дюмозоның айтуы бойынша "адвокатураның пайда болуы алғаш іс жүргізуге және алғаш сотқа сай болуы мүмкін"1 - деген. Ал Форсит "Адамдар азаматтық құрылымдық нысанын аңғарған уақыттан бастап адвокатура принциптері, бірақ атауы мәлім болмағанмен болуы тиісті"2 деген пікір айтты.
Айтылған пікірлерге қарсы өзге жазушылар "адвокатура өркениеттің ең соңғы жарығы" деп дәйектер келтіреді.
Осы пікірлердің қайсысы әділ екен? Бұл сұраққа жауап беру үшін және де адвокатура қалай пайда болғанын білу үшін үш топ факторды қарастыру қажет.
Біріншіден, алғаш қауымдардың заңды құрылысына қатысты антропология және этнография мәліметтеріне сүйену қажет.
Екіншіден, өркениетті елдердің сот төрелігінің жағдайымен танысу керек.
Үшіншіден, ежелгі және жаңа мәдени халықтардың тарихтарына терең назар аудару қажет.
Осы аталған үш қайнар көздер арқылы адвокатураның пайда болуы жөнінде және оның алғашқы нысандары жөнінде мәліметтер алуға болады. Бірақта, заңның дамуының алғашқы қадамында, біздер, адвокатураны қазіргі уақыттағы өмір сүріп жатқан түріндегі жағдайында кездестірмейміз.
Антропология мәліметтеріне сүйенетін болсақ, сол кездегі алғашқы қауымдарда, қауым көсемдері мен басшылары үкімет қызметінің барлық функцияларын атқарған: олар әскери басшы да, әкім де және судья да болған. Яғни, мұндай тәртіп жағдайында адвокатураның болуы әлі де мүмкін болмады.
Кейбір жартылай өркениеттік мемлекеттерде, әсіресе мұсылман мемлекеттерінде, құқық қорғаушылық институты біраз дамып және ол арнайы топтағы тұлғалардың кәсіби қызметіне айналады.
Егер алғашқы қауымдардың және өркениетті халықтардың құқықтық жағдайлары біздерге құқық қорғаушылықтың алғашқы нысандары жөнінде мәліметтер берсе, ал ежелгі және жаңа мәдени халықтарының тарихы біздерге қажет институттың даму процесін көрсетеді.
Ежелгі Греция.
Ежелгі Грециядағы адвокатураның пайда болу процесін Афина тарихынан толығырақ көруге болады, себебі, басқа грек мемлекеттері адвокатураға қатысты ешқандай ескерткіштерді қалдырған жоқ. Атақты Цицерон "шешен сөйлеу өнері тек Афинада дамыған" деп айтқан болатын.
Тек Афинада адвокатураның пайда болуына қажетті жағдайлар болды: республиканың демократиялық құрылымы, дамыған қоғамдық өмір, шешендік өнерінің өрбуі, азаматтық және қылмыстық іс жүргізудегі жарыспалық қағидасының үстемдігі. Мұндай жағдайларда заңи біліммен және тіл шеберлігімен иелене алмайтын тұлғалар үшін сот қорғанысына деген мұқтаждық ерте білінуі тиіс еді.
Сол шақта сөз өнерімен иеленбеген тұлғалар өздерін сотта жеке қорғауы тиіс болды. Осы қағиданың өмірдің талабымен қақтығысуы дауласушы тұлғалар үшін сотта жатталып және айтылатын сот сөзін шығаруға әкеліп соқты. Алғашында мұндай сөздер логографий деп аталған. Олар жақын туыс және достар үшін шығарылған, кейін бірақ оларды жазу ерекше топтағы (сыныптағы) тұлғалардың қызметіне айналды да, ал оларды логограф немесе дикографтар деп атаған. Ең алғаш кәсіби - логограф болып Антифон саналады (б. э. д. V ғ. ) .
Грециядағы адвокатураның алғаш нысаны осындай болған (мылқау адвокатура) . Ол республиканың соңына дейін үстемдік етіп келді. Бірақта логографтар сот қорғанысына деген қажеттілікті толығымен қанағаттандырмады, және де шығармаларды түгелімен жаттау қиындығы ауыр бола бастады. Логографиялар ауызша сөйлеуді ауыстыра алмады. Сонымен, логографияның жеткіліксіздігі және әділеттілік талабының салдары кейбір жағдайларда дауласушы тұлғалардың ауызша қорғауын бөгде тұлғалармен жүзеге асыруды сотпен рұқсат етуге тура келді. Бұл көп жағдайда былай болды, яғни заң, тараптардан сотқа жеке келуін және өз мүдделерін өздері қорғауды талап етті, ал соттар ережені бұзуға құқығы болмаған соң заңды айналып өтуіне тура келді: тараптар бұрынғыдай сотқа келіп және жарыссөздерге қатысуға тиісті еді, бірақ, олар бірінші сот сөзін айтып болған соң, соттан екінші сөйлеуді бөгде тұлғалардың біреуі айтсын деп өтінуі рұқсат етілген. Екінші сөз - девтерология деп аталады, ал оны айтатын тұлғаны - синегорлар деп атаған. Осы тәсіл арқылы қосарлы мақсатқа қол жеткізілді: жеке қорғану қағидасы өз күшінде қалды және сонымен бірге іс жүргізуге қатыспайтын тұлғалар тарапынан сот көмегі жіберілді. Әрине, мұндай заңды айналып өтуді сот бірден жіберген жоқ.
Алдымен қорғауға тараптармен қандық туыстықпен байланысты тұлғаларды жібере бастады, кейін біраз уақыт өткен соң, бұл артықшылық дауласушы тұлғалардың достарына таралған, содан бөгде адамдарға да.
Логографияны шығарумен қатар ауызша қорғау пайда болды, алдымен туыстық адвокатура ретінде, кейін еркін-шарттық түрде.
Грек адвокатурасы жөнінде айтар кезде, алдымен грек адвокатурасының сот төрелігінен гөрі шешен өнерімен тығыз байланыста болғанын ұмытпау қажет.
Ежелгі Грецияда сөз өнері әсіресе елеулі даму кезеңі V ғасырда орын алды. Бұл уақытта Греция демократиялық мемлекеттік құрылыстың даму шегінде болды. Сөз өнері қоғамдық өмір және саяси күрестің басты құралы ретінде қарастырыла бастады. Сөз өнері әсіресе Афина қалсында күшті дамыды. Сондықтан, ертеректе Афина қаласын "адвокаттар" қаласы деп есептеген.
Жоғарыда айтып кеткендей, Ежелгі Грецияда соттағы еркін өкілдіктің болуы мүмкін болмады. Бірақ, грек құқығы, тек қажетті жағдайларда ғана алу ретінде сот өкілдігіне жол береді. Сол кезде өкілдіктің екі түрі белгілі болды, яғни заңды (қажетті) және аралас өкілдік.
Сотта жауап беру құқығы тек құқық-және-әрекетке қабілетті тұлғаларға тиесілі болды және әйелдер мен кәмелетке толмағандар аталған тұлғалар қатарына кірмеген соң, олар, сотта өздерінің қамқоршылары арқылы әрекеттенуі қажет болды. Олар: ата-аналары, жұбайлары, үлкен ағалары және басқа да тумалары.
Дәл осылай, физикалық және есі кемістігі бар тұлғаларды олардың туыстары қорғады. Бірақ, табиғи қамқоршысы жоқ тұлғалар ретінде жетімдер үшін бөгде тұлғалар қорғауды жүзеге асыра алды.
Аталған жағдайлардан басқа, аралас өкілдік қолданды; бұл өкілдік түрі заңды тұлғаларға қатысты қолданылды.
Рим.
Әдебиеттердегі жалпы пікір бойынша рим адвокатурасы патронаттан пайда болды. Бұны мүлдем дұрыс деп есептеуге болмайды, себебі, Римда, Греция мемлекетіндегі сияқты адвокатураның алғашқы нысаны болып туыстық адвокатура есептелді, ал патронат тек туыстықтан шарттыққа өтетін кезең болып есептеледі. Сондықтан, патронат адвокатураның дамуына жаңа принциптерді енгізген жоқ: патрондардың қорғауы туыстыққа жақын қатынастағы тұлғаларға туыстық адвокатураның таралудың нәтижесі болып саналады. Оған қарамастан, патронат еркін адвокатураның пайда болуының тікелей қайнар көзі болып табылады.
Құқықты білу және оны қолдану патрицийлардың қолында болғаны жұртқа мәлім. Жазбаша заңдардың жоқтығында олар, XІІ таблица қабылдағанға дейін құқықтағы жалғыз білгір тұлғалар болған. Әзірше патронаттар институты толық күшінде болған кезінде заңды қорғанысқа қажеттілік толығымен туыстық адвокатура және патронаттармен қанағаттандырылды.
Тек XІІ таблица қабылдаумен және Флавий (V ғ. ) кейін Элий (ІVғ. ) сот төрелігін жүзеге асырудың сағат және күндер кестесін және талаптар формуласын жариялағаннан кейін патрицийлардың заң монополиясына соққы берілді. Құқықты зерттеу және қолдану барлығы үшін қолайлы болып, адвокатура еркін мамандық болып қалыптасты.
Рим адвокатурасының тарихшысы Грелле-Дюмазо адвокатураның патронаттан дамуын өзгеше түсіндіреді: "XІІ таблица заңдарының жариялаудың бірінші нәтижесі болып сот қорғауының патрицийлардың қолынан дауласушы тұлғалардың туыстары мен достарының қолына өту табылады. Алғашында, аталған тұлғалар магистраттар сотына дауласушы тұлғалардың шақыруымен бірге еріп келіп жүрді; бұлар адвокаттарды құрады. Бірақ, көп кешікпей патрицийлардан басқа кейбір тұлғалар заңды зерттеумен арнайы айналасқаннан кейін оларға да іс жүргізүді бастар алдында кеңес алу үшін жүгінген. Содан, дауласушы тұлғалардың біреуі, оның мүддесін қорғайтын не жақын туысы не достары болмағасын, өзінің кеңесшісіне іс жүргізүді ұсынды және оны жеңіп алды. Басқалары оның үлгісін ұстанып сөйтіп мамандық пайда болған. "3
Сонымен, Римнің алғашқы заңгерлері болып патронаттар болды. Оның ішінде екі маман қосарланған: юрисконсульт және адвокат. Бұлар, сотта өз клиенттерін қорғаумен қатар оларға заңдарды түсіндіріп, заң кеңесін беген.
Бірақ патронат толығымен ыдырап және құқықты зерттеу баршаның игілігі болып заң мамандығының дамуы екі түрлі жолмен жүзеге асты. Бірқатар заңгерлер тіл шеберлігімен иеленбеген соң тек заң кеңесін берумен шұғылданды. Басқалары керісінше адвокатураға берілді. Юрисконсультарға қарама-қарсы адвокаттар сот қорғаумен шұғылданды. Олар бұрынғыдай патрондар деп республиканың соныңа дейін аталды.
Республика кезеңінде адвокатура еркін мамандық болған. Заң шығару аясы оған өз ықпалын тигізген жоқ. Тек тәжірибе мен әдет, кәсіби қызметтің түрлі жағына қатысты кейбір ережелерді шығарды.
Адвокатураға қабылдау тәртібі мүлдем анықталмағанмен, кіші Плинийдің айтуы бойынша бұрынғы әдет бойынша адвокатураға жаңадан кіріп жатқан жас түлектер форумға бірінші рет қандай-да бір лауазым тұлғаның қамқорлығымен келген болатын (Мысалы: экс-консулдың) .
Адвокатурамен шұғылдану үшін білім деңгейі, тәжірибенің дайындық, өнегелік қасиет сияқты шарттар мүлдем анықталмаған болатын. Өздерін адвокатура қызметіне сарып еткісі келетін жас адамдар оратор-оқытушының риторика курсын тыңдаған, атақты заң мамандарының кеңес беруіне қатысқан, сот мәжілістеріне қатысқан. Бірақта, заңмен тәртібі, мерзімі және міндеттілігі белгіленбеген.
Тек адвокаттық қызметін сыйақыға қатысты жағы заңмен реттелуге тап болды. Сонымен қатар, сыйақымен қоса республикалық кезеңнің заңнамасы сот жарыссөздерінің ұзақтығы жөнінде адвокаттың қызметіне өз ықпалын тигізді. Алғашында ол соттың ұйғаруына тәуелді болды.
Бірақ республиканың соңына қарай Помпей "тіл шеберлігіне тиым салды" және айыптаушының сөйлеуіне екі сағат беріп, ал айыпталушы үшін үш сағат белгілеген болатын. Уақыт клепсидра атты су сағатымен өлшенген. Республиканың ыдырауымен Помпейдің заңы жойылып және сөйлеудің ұзақтығын белгілеу қайтадан сотқа берілген.
Бәріне қарамастан, республикалық кезең рим адвокатурасының ең жақсы уақыты болып саналуы қажет. Іс жүргізудін жариялылығы және ауызекілігі, халықтың юрисдикциясы толық дамуымен адвокатураға қызметіне кең іс майданы ұсынылған. Ол мүлде еркін мамандық болған және бірқатар жоғары дәрежелі шешендерді шығарды. Атап айтсақ: Цицерон, Гортензий, Демосфен, Марк Аврелий Цетега, Сервия Сульпиций Гальба, Кай Грахт және тағы басқалар.
Республикалық басқару кезеңі ыдырауымен адвокатура көптеген өзгерістерге ұшырады. Сот билігі аздап-аздап халық өкілдерінен императорға, жоғары кеңеске және үкімет шенеуніктеріне қарай ауысты. Императорлардың назары адвокаттың сыйақысы жөнінде сұрақтарға қарай айрықша аударылды. Себебі адвокаттардың ашкөздігі және ожарлығы аса ірі мөлшерге дейін жеткен болатын.
Император адвокаттарға сый ақыны оң мың (10 000) сестерцийден аспайтын мөлшерде алуға рұқсат етті. Осы ережені толықтыруда Константин (326 жылы) әрбір сыйақы түрінде тым көп соманы қоқан-лоққылап алатын адвокатты тізімнен шығаруды ұйғарды.
Астананы Римнен Константинопольға көшірумен заң шығару аясы адвокаттық қызметтің барлық жақтарын қамти бастады.
Осы уақытқа дейін адвокатура барлық қатынастарда еркін мамандық болды және оның ешқандай ұйымдары болған жоқ.
ІV ғасырдан бастап заң ескерткіштерінде "адвокаттар сословиесы" атты термин кездесе бастады.
Юстиниан жинақтарында адвокатураның ұйымдастырылған жүйесін табуға болады. Бұл ұйымның негізгі қағидасы болып - адвокаттық қызметті лауазым қызметке теңестіру табылады. Адвокаттық қызметке жіберу мәселесі аудан немесе қаланың бастығына, яғни жоғары әкімшілік - сот шенеунігіне тәуелді болды. Адвокаттар қатарына қабылдау үшін теріс шарттар, республикалық уақытта болған шарттар сияқты. Адвокатураға келесі тұлғалар жіберілмеді: кейбір физикалық кемістігі бар кәмелетке толмаған тұлғалар (соқырлар, саңырау), әйелдер, қылмыстық жазаға тартылған тұлғалар, масқаралық кәсіппен шұғылданатын тұлғалар және басқа да тұлғалар.
Сонымен бірге адвокатура кандидатынан келесі жағымды шарттар талап етілді:
- Заң мектебінің курсін бітіру.
- Емтихан.
Юстиниан кезінде заң мектептері тек Рим, Константинополь және Берит қалаларында болған. Қалғандарына тиым салынған болатын.
Аталған курсты аяқтаған соң, адвокаттыққа кандидаттар аудан (қала) басшысының қатысуымен ғалым-заңгерлер қабылдаған мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет болды. Емтиханнан өткен кандидат аудан (қала) басшысының рұқсатымен адвокаттық қызметпен айналысуға жіберілді. Адвокаттар мамандыққа жіберілу тәртіппен префектура бойынша тізімге енгізілген. Барлық адвокаттар екі дәрежеге бөлінген: штаттық және штаттан тыс болып.
Айырмашылығы, біріншілері белгілі бір санмен шектелген және барлық соттарда іс жүргізуге құқығы болған, ал екіншілер санмен шектелмеген және төменгі соттарда қызмет атқарған. Штаттық адвокаттар, штаттан тыс адвокаттар санынан аудан (қала) басшысымен тағайындалған.
Олардың басты кәсіби қылмыстары болып: клиентке опасыздық жасау, үлкен сый ақыларды талап ету және өсекшілдік. Осы аталған бұзушылықтар үшін тек бір жаза қолданды: тәжірибеге тиым салу.
Адвокаттар әрбір сот ісін жүргізудің алдында ант береді.
Осындай түрде Юстиниан заңнамасы бойынша рим адвокатурасының ұйымдастырылуы көрсетілген.
Ежелгі рим іс жүргізуінде қатаң түрде жеке келу қағидасы қолданды. Бұл қағида рим республикасының алғаш ғасырларында қатаң қолданылып келді. Дауласушы тұлғаларда сот өкіліне деген қажеттілік пайда болған жағдайда жеке келу мәселесін жанама жолмен, яғни адстипуляция арқылы шешуге мүмкін болған. Оның мазмұны мынада: шартқа отырушы тұлға (stіpulater) тең қатусышы ретінде қандай да бір тұлғаны тартқан және осы шарттан туындайтын талап-арызды жеке өзі беруге немесе оны өзінің жалған тең жолдасына беруді ұсына алады.
Бірақта, азаматтық айналымның кең дамуымен қатар өкілдікте деген табанды қажеттілік ұлғая бастады. Осының нәтижесінде когниторлар институты пайда болды. Олар, қарсы тараптың қатысуымен, сотта өкілдік ету үшін, салтанатты түрде тағайындалған.
Империя кезеңінде өзге тәртіп орнады. Осы уақытқа дейін адвокаттар көбіне ораторлар болған. Сот өндірісі өзгергеннен кейін сөз шеберлігі қолданудан шыға бастады. Сонымен бірге, адвокаттардың, сенімгерлердін және юрисконсультанттардың арасындағы айырмашылықтар бара-бара жойылып, сонында барлық үш функцияны адвокат жеке өзі атқаратын болды.
Франция.
Римдықтар Галлияны жаулап алып оған өздерінің өзге мекемелерімен қатар адвокатураны да алып келді. 4
Галлиядағы Рим үстемдігі төрт жарым ғасырға созылды. Ол римнің префектурасы болғандықтан, рим императорлары қабылдаған адвокатураға байланысты барлық қаулылар оған да қатысты болды. Мұнда да алдағы тарауда көзделген адвокаттар сословиясы болған.
V ғасырда Галлияны франктар жаулап алды. Адвокатура бұрынғы күйде өмір сүре берді. Бірақ, Ұлы Карлдың монархиясы ыдырап және феодализмнің дамуымен сот төрелігі жойылып, және адвокатура құлдырай бастады. Іс жүргізудің негізгі нысандары болып сот таласы (жұдырық құқығы) және Құдай соты танылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz