КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе1

1. 1. «Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не?10

1. 1. 1. Сыбайлас жемқорлық фактілері11

1. 1. 2. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы пайымдаулары15

1. 2. Сыбайлас жемқорлықтың типтері19

1. 3. Сыбайлас жемқорлық себептері және оның20

пайда болатын ахуалдары20

1. 4. Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық мәні21

1. 5. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қатынасы22

1. 6. Сыбайлас жемқорлықты шартты теңестіру22

1. 7. Сыбайлас жемқорлық дәрежесінің вариациялары25

1. 8. Сыбайлас жемқорлықтың салдарлары27

1. 9. Мораль және сыбайлас жемқорлық29

1. 10. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары30

1. 11. Қожайын - орындаушы - клиент моделі30

2. КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ31

2. 1. Осы бағыттың моделдеріне шолу32

2. 2. Пәндік саланы сипаттау33

2. 3. Кемімелі пайдалылық заңы34

2. 4. Тұтынушылық таңдау міндеті35

2. 5. Сыбайлас жемқорлықты шектеу моделі37

2. 6. Ф. Т. Лунның «ұрпақтар жабатын қарапайым моделінің» қысқаша сипаты және тұжырымдар37

2. 6. 1. Теңдеуді түсіндіру39

2. 7. Параға әйгілілікті айырбастау моделі41

2. 8. Ұжымдық репутация моделі42

2. 8. 1. Г. Бэкер моделі бойынша j сыбайлас жемқорлық кірісінің күтілетін пайдалылығының есебі43

Қорытынды44

Пайдаланылған әдебиеттер45

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселенің барлығы - «сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не, ол қайда және неліктен пайда болады дегеннен бастап, осы құбылыстың қоғам үшін келтіретін салдары қандай дегенге дейін - қазіргі кезде нақты жауап ала алған жоқ. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының өзі ұзақ уақыт бойы экономистер, политологтар, социологтар және басқа да қоғамтанушылардың қызу пікірталасының өзегіне айналды. Егер мемлекеттік шенеуніктің парашылдығын «сыбайлас жемқорлық» ұғымына (және заңмен тиісті жаза белгілесе) жатқызуға болса, онда мысалы, баспасөз бен бизнес бойынша әлуетті серіктестерді қабылдау мен фуршеттер туралы не айтуға болады (оларды қалай жазалауға болады) ? Сыбайлас жемқорлыққа арналған жұмыстардың авторлары көбінесе оның «дәстүрлі түрі - мемлекеттік (атап айтқанда бюрократиялық және саяси) сыбайлас жемқорлықты қарастырады. Ол биліктің өзі сияқты тым көне және оған лицензиялармен, сайлаушылардың даусымен, әкімшілік және сот шешімдерімен, қазынашылық қызметтермен сауда жасау жатады [1] .

2003 жылы 10 желтоқсанда 113 елдің өкілдері Мексикада халықаралық күш қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жүгендеуді ұсынатын құжатқа қол қойды. Қазақстан БҰҰ-ның бұл конвенциясын ратификацияламады. Қазақстан СІМ өз бас тартуын уақыттың жеткіліксіздігімен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз заңдарымыздың бар екендігімен ақтайды. Біздіңше, бұған мемлекеттен ұрланған активтерді қайтару және қылмыскерлерді беру жөніндегі шаралар кедергі болса керек.

Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Жарлығы (18. 04. 2005) шықты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы қимыл жасауға бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң тәртiптiк кеңестерi құрылсын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігі мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттілiктi нығайту мақсатында тәртiптiк кеңестердiң жұмысын мына қағидаттарға сүйенiп ұйымдастырсын:

қызметiнің жариялылығы, жүйелiлігі және iстің алдын алуға бағытталуы;
жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн жұмыс отырыстарын әзiрлеу мен өткiзуге кеңiнен тарту.

3. Қазақстан Республикасының үкiметi:

1) 2005 жылдың үшiншi тоқсанында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясымен) бiрлесiп 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнің бекiтуiне енгiзсiн, негiзгi назар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерi мен жағдайларын және азаматтардың құқықтарын бұзуды жоюға, сыбайлас жемқорлықәа қарсы мемлекет қабылдаған шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету, бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ел халәын жүйелi түрде хабардар ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге аударсын;

2) мемлекеттiк органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілiгi мен дер кезiнде ден қою қағидаттарына негiзделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың нәтижелерiн есепке алу мен бақылаудың бiрығғай жүйесiн құратын болсын;
3) жекешелендiру процесiнің, мемлекеттiк сатып алу және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары салаларында шешiмдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлесiн;
4) 2005 жылдың аяғына дейiн:

бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиiмділігi қағидаттарында мемлекеттiк сатып алудың тендерлiк жүйесiнің негiзiнде биржалық саудаға, сондай-ақ электрондық мемлекеттiк сатып алуға көшу үшiн қажеттi жағдай туғызатын болсын;

шекара арқылы өткiзiлетiн жүктердi, соның iшiнде транзиттiк жүктердi алып жүру үшiн шектес мемлекеттермен бірыңғай ақпараттық жүйенi пайдалана отырып, жүктердi тек кеден шекарасы өтетiн орындарда ресiмдеудi көздейтiн кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудың нақты тәртiбiн жасасын;

сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызуға ықпал ететiн факторларды кешендi зерделеудi және меншiк құқықтарын кепiлдi қорғауға бағытталған шаралар тұжырымдауды қамтамасыз етсiн;

5) азаматтар құқықтары мен кәсiпкерлердiң заңды мүдделерiн олардың қызметiне мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау мақсатында 2005 жылғы 1 тамызға дейiн:
мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзірлесін;

лицензиялық-рөәсат беру жүйесiн оңтайландыру жөніндегi, соның iшiнде қызметтің лицензияланатын түрлерiн қысқарту және лицензиялар мен рұқсаттар алудың тәртiбiн оңайлату жөніндегi жұмысты аяқтасын;
2006 жылы Қазақстанның барлық өңiрлерiнде халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдасын;
6) 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiмен (қаржы полициясымен) және Бас прокуратурамен бiрлесiп қолданыстағы заңға тәуелдi актiлерге, оларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына жағдай туғызуды болдырмайтын нормалар енгiзу тұрғысынан, тексеру жүргiзсiн;

7) ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiн реттейтiн, айқындық пен ашықтықты, соның iшiнде олардың кiрiс бөлігін түзу, мемлекеттiк сатып алуды және кадр саясатын жүзеге асыру саласындағы айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгiзсiн.

4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

2005 жылғы төртiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан қаржы бақылау органын құру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiнің жобасын енгізсiн;

2005 жылдың соңына дейiн заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (тазартуға) қарсы iс-қимыл туралы заң жобасын әзірлеудi аяқтап, Қазақстан Республикасының үкiметiне енгiзсiн;

2005 жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, қызмет бабын асыра пайдалануды, бюджет қаражаты мен ресурстарын нысаналы пайдаланбауды, лауазымды адамдардың кәсіпкерлiк қызметке заңсыз қатысуын анықтау мақсатында тексерулердi жүзеге асырсын.

5. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) :

мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдар тарапынан болатын сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беру фактiлерi туралы азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен хабарламаларға (арыздарға) жедел ден қою қызметтерiн құратын болсын;

шенеунiктер тарапынан кәсіпкерлiк қызметке заңсыз араласу, кәсіпкерлер құқықтарына қысым жасау фактiлерiн анықтау жөніндегі iс-шараларды тұрақты негiзде жүргізсiн;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi бойынша арыздарды қараудың нәтижелерi туралы өтiнiш берушiлер мен жұртшылықты хабардар ету жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ашықтығын қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгі:
мемлекеттiк органдар қызметіндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билiк органдарында лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының үкiметiне енгiзсін;

Мемлекеттiк қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн аттестаттауды өткiзу туралы үлгi ереже әзiрлесiн;

бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiсiнің ар-намыс кодексiн әзiрлесiн;

мемлекеттік Әкімшiлiк қызметшілердiң бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурстардың ашық өткiзiлуiн қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлесін.

7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық атқарушы және жергілiктi билiк органдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауына тексерулер жүргiзсiн. Осы жұмыстың нәтижелерi туралы жұртшылықты кеңiнен хабардар етудi қамтамасыз етсiн.

8. Қазақстан Республикасының әдiлет министрлігі:

2005 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бiрлесiп, алқабилер соты институтын енгiзу және қалыптастыру мәселелерiн реттейтiн заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;

адвокатураның сот iсiн жүргiзу шеңберiндегi және сот шешiмдерiнің орындалу кезеңiндегi рөлiн арттыру жөнінде шаралар қабылдасын, тиiстi заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.

9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына:

Жоғары Сот Кеңесiмен бiрлесiп халықтың сот төрелігі органдарына сенiмiн арттыру мақсатында сот жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегi шаралар кешенiн әзірлеп, iске асыру;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары туралы iстер бойынша сот практикасын қорыту, соттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қолдануы жөнінде тиiстi түсiнiктерді тұжырымдау ұсынылсын.

10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлiк бағдарламаларын әзірлеп, қабылдасын, олардың уақтылы әрi сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн;

Өңірлерде кәсіпкерлердің құқықтарын наәты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметiне бақылаушы мемлекеттiк органдар тарапынан заңсыз араласуға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердің коммерциялық құрылымдар мүдделерiн сүйемелдеп-қолдауына тыйым салу жөнінде шаралар қолдансын;

аумақтық құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп мемлекеттiк кәсіпорындардың қызметкерлерi тарапынан, бiрiншi кезекте тұрғын үй-коммуналдық бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларында азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты қызмет бабын асыра пайдалану, парақорлық, бопсалау фактілерiн анықтауға бағытталған тексерулер жүргізсiн;

жер учаскелерiн бөлу кезiнде Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің ережелерiн мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз етсiн, бекiтiлген жер меншiгін заңсыз қайта бөлу фактілерiн болдырмасын;

барлық мемлекеттiк мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қолданған шаралары туралы халық алдында ұдайы есеп беруiн өткiзудi ұйымдастырсын.

11. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердің қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөніндегі комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзылуына жол берген мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды адамдары қызметiнің әдiл әрi жан-жақты қаралуын қамтамасыз етсiн.

(K970167; K010155; U990317; U990321; V001202 қараңыз)

12. Қазақстан Республикасының өкiметi және басқа да орталық атқарушы органдары осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

13. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің әкiмшiлiгіне жүктелсiн.

14. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасының Президентi

«Сыбайлас жемқорлық елдің қауіпті жауы деп есептеледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың барынша өршіп тұрғанын елдің бәрі біледі. Бұл ретте ең қорқыныштысы, алушы мен беруші арасында тіпті бірқатарөзара түсіністік орнаған. Яғни, «жаман айтпай жақсы жоқ». Мысалы, заңды жолмен төлқұжат алу үшін ақша төлеп үш ай күту керек. Ал, өзінің қызметтік есікке кілті бар бір фирма үшін ақшадан басқа ешнәрсе керек. емес. Ыңғайлы ма? Әрине. Немесе қарапайым ғана жол ережесін бұзуды алайық. Касса арқылы бір айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеген оңай ма әлде инспектордың өзіне екі жүз теңге төлеп құтылған оңай ма? Орманға кірген сайын, отын да көп. Президент «мұны қою керек» - деді. Жарлыққа қол қойып айтқанын істеді» (Айман Тынышпаева, «Литер», 2005 жыл 16 сәуір) .

Алматы қаласында 15 сәуірде өткен дөңгелек үстелде мынадай ой да айтылды: «Назарбаев бүкіл жемқорларды отырғызса, біз жұмыссыз қаламыз». Бұл әрине, елде президенттік басқару формасы тұрғанда барлық нәрсені Елбасына ысыруға ыңғайлы. Мысал үшін шағым жасаушы да, жауап беруші де прокурорға да, сотқа да сүйкімді адвокатты «ұзақ» іздейді. Осындай әрекеттерде сыбайластық іздері бар емес пе? Ал, тендерді алайықшы. Онда белгілі бір адамдар қатысып, үнемі бір ұйым жеңе береді. Көп жағдайда сыбайлас жемқорлықты біздің өзіміз тудырамыз. Сыбайлас жемқорлықты осы күнге дейін ешбір мемлекет толықтай ауыздықтай алған жоқ. Қазақстандықтар аталған бағдарламаны іске асыру арқылы сыбайластықтың деңгейін едәуір төмендетеміз деп үміттеніп отыр.

1. 1. «Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не?

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық /2/ мемлекеттік қызметшінің мемлекет мүлкін өз жеке мақсатына сатуы ретінде анықталады. Көптеген батыстық демократиялық елдердің мемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықтың тамыры терең жайылған. Бұл жеке секторда аздау.

Мысалы, мемлекеттік қызметшілер лицензия беру кезінде, кеденнен өткені үшін пара алады немесе пара беруші бәсекелес фирманың нарығына кірудің алдын алу үшін пара алады. Мұндай жағдайларда олар ресми иесі мемлекет болып табылатын тауар үшін жеке агенттерге жеке ақы белгілейді.

Сыбайлас жемқорлық - қоғамдағы өз орнын жеке мақсаттарына ашкөздікпен пайдалануды білдіретін жалпы термин. Бұл бюрократиялық немесе саяси жемқорлық болуы мүмкін. Ұсынған қызметіне жемқор пара алады. С. Роз-Аккерманның жұмысына аталғандай /13/, пара алушы адам басқа тұлғаның немесе ұйымның агенті, орындаушысы (agent) болып табылады, өйткені параның мақсаты - өз мүдделерін өзі жұмыс істейтін ұйымның мақсатынан жоғары қоюға түрткі болу. Сатылушы субъектіні байқау үшін, ол белгілі бір билікке ие болуы тиіс.

Параның тек ақша түрінде болуы шарт емес: ол «сыйлық» болуы немеес қызмет ұсынылуы болуы мүмкін, немесе туыстарға жағдай жасау және т. с. с. Егер мұнда әңгіме мемлекеттік емес жеке фирма туралы болып отырса, онда мұндай құбылысты сыбайлас жемқорлық деп атауға болады.

Жалпы бизнесте пара секілді төлем түрін түсіндіруде бірыңғай тұжырым жоқ. Біреулер үшін бұл қызметке «қалыпты» «үйреншікті» төлем болып келеді.

Енді біреулер Параны «күмәнды» акті деп есептейді. Ал енді үшіншілері болса, оны еркін нарықтың кәсіпқой этикасы тұрығысынан ұят тірлік деп санайды. Төртінші біреулер, оны заң бойынша жауапқа тартылуы тиіс қылмыс деп есептейді /1/. /3/-ке сай жеке базардағы сыбайлас жемқорлық әдетте заңмен реттелмейді және бір фирманың өкілі басқа фирманың өкілін сатып ала алады.

1. 1. 1. Сыбайлас жемқорлық фактілері

Әлем көп ұзамай Штаттардың Ирактағы демократия үшін күресі туралы шулы мәлімдемесінің астарында нақты не тұрғанын білетін болады. Ешқандай айғақпен расталмаған бірқатар күдіктер қазірдің өзінде туындап жатыр. Transparency International (ТІ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым өзінің жыл сайынғы «Әлемде 2005 жылғы сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы баяндамасын» жасады. Есепте берілген ақпарат қираған елді қалпына келтірумен байланысты ірі сыбайлас жемқорлық дауын тудыруы мүмкін.

Құжатта Ирактағы пайдалы келісім-шарттарды пайдалы етіп бөлуді АҚШ үкіметі жасырын жүргізуде. «Мердігерлік жұмыстар «пакеттермен» берілуде, бұл шағын компаниялардың қатысуын болдырмайды. Көптеген пайдалы келісім-шарттар Республикалық партияға жақын компанияларға берілген. Мысалы, Halliburton және Bechtel. АҚШ-тан бас мердігерлердің ірі кірістер алғаны туралы куәліктер пайда бола бастады» делінген баяндамада.

Бақылаушылар мәлімдегендей, «қайта қалпына келтіруде Ирак ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналдырылды. Елге құйылып жатқан қаржылық көмектер ағыны институтционалдық кепілдікпен қамтамасыз етілмегені былай тұрсын, тіпті дай ғана министрліктер мен мемлекеттік компаниялардың есепке алу жүйелерімен де қамтамасыз етілмеген».

Transparency International Иракта құрылыс пен мемлекеттік сатып алуларға жоспарланған шығыстар жүзеге асырылмай тұрып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді ұсынды. Болмаса елдің экономикалық дамуына қауіп төнеді.

Ұйым сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы анықтық, яғни уақтылы есепті жариялап отыру деп есептейді.

Сыбайлас жемқорлықпен соғыс әлемді нашарлатады

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен бізге Гиппократ анты секілді ант қабылдау керек.

18. 03. 2005. Мойзес Найм, «Foreign Policy», 17 наурыз.

Он жылдай бұрын әлем сыбайлас жемқорлықтың ыдырай бастауына куә болды. Әлемде демократия желі тұрғанда ешкімге есеп бермейтін диктаторлар мен бюрократтардың лас мәмілелерін жалпы көпшілік біле бастады. Қырғиқабақ соғыс жылдарында диктаторлар олардың ұрлықтарын қолдау үшін екі ірі державаның біріне өз берілгендігін сатты. Екі ірі держава арасындағы бәсекелестік тоқтағаннан кейін осындай жемқорлық мәмілелер тоқтады. Ақпараттық революцияның арқасында жоғары эшелондағы кішкентай ғана сыбайлас жемқорлықтың өзі сол сәтте халықаралық жаңалыққа айналды.

Адамдар көптеген саясаткерлердің кәсіпкерлермен келісе отырып пара алғандығын білген кезде «сыбайлас жемқорлықпен күресейік» деген қоғамдық үндеуі туатыны белгілі. Елдер антикоррупциялық заңдар қабылдады, ал корпорациялар - қатаң кодекстер жасады. Барлық жерде ықпалды антикоррупционерлер басқаратын ұлттық ведомостволар пайда болды.

Бүкіл әлемде Германиядан Перуге және Оңтүстік Кореяға дейін сыбайлас жемқорлықпен байланысты даулар мемлекет басшылары мен лауазымды шенеуніктерді шарпып, олардың көпшілігі түрмеге отырды. Егер қандай да бір қызметке үміткер болатын болса, ықпалды тұлғаға қарсы шығып, ол оппонентін жемқор деп айыптау белең алды. 2003 жылы БҰҰ 100 елден аса мемлекет мақұлдаған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы конвенция қабылдады.

Өкінішке қарай, мұның бәрі көңілге қуаныш ұялатпайды. «Соңғы он жылда аз нәрсе істелген жоқ, - дейді жемқорлық саласының білгір сарапшыларының бірі Даниэль Кауфманн. - Көп нәрсе атқарылды, ал қол жеткен нәрсе аз. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес демократияға зиын келтіруде, қоғамды өзекті мәселелерден басқа жаққа назар аудартып, басқа адамдардың билікке өтіп кетуіне жағдай жасалуда».

Жемқорлық мемлекет проблемалары үшін оңай әмбебап диагнозға айналды. Бізге пара алу мен сараңдық мәдениетін қаншалықты тез аластасақ, көптеген күрделі мәселелер оңай шешіледі деп сендіргісі келеді. Сыбайлас жемқорлық шындығында да ірі зиын келтіргеніне қарамастан, парақорлық пен сатылушылықтың жойылуы қоғамды толғандырып отырған елеулі мәселелердің бәрін шеше алмайды.

Сыбайлас жемқорлықтың тірмізіктігі өмірлік мәні бар мәселелер туралы даулардан да көрінеді. Банкротқа ұшыраған білім жүйесі, нашар жұмыс істейтін аурухана және экономикадағы тоқырау мәселелері сыбайлас жемқорлық туралы даумен теңесе алмайды. Мүмкін сыбайлас жемқорлық осы проблемаларды ушықтырып отырған болар, дегенмен жемқор шенеуніктерге де қатысы жоқ проблемалар туындап жатыр. Осындай әлеуметтік зиынды мәселе елдің күн тәртібіндегі басты мәселе болғанымен сыбайлас жемқорлықпен күрес сонда да қоғамдық дебатты өршітуге ұмтылады.

Бұл қоғамдағы саяси тұрақсыздықтан да туындауы мүмкін. Сайлаушылардың сайланған шенеуніктерге қатысты көңіл толмауының себептері көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарғыс айту адамдардың шындықтан алшақ жатқан талаптарын қуаттандырады.

Халық бүкіл билік өкілдері өз қалтасын толтырумен әуре деп есептейді. 1990 жылдан бастап Латын Америкасының 11 елінің басшысы импичментке ұшырады немесе мерзімі біткенге дейін отставкаға кетуге мәжбүр болды. Бұл жағдайлардың барлығының да бір себебі сыбайлас жемқорлықта жатыр. Бірқатар жағдайларда бұл рас та, көпшілік үшін елдің экономикалық жағынан дамымауы сыбайлас жемқорлықтың әсері деп қабылданды.

Наталья Колыбина, ИноСМИ. Ru. 2005 жылғы 17 наурыз.

АҚШ Иракта сыбайлас жемқорлыққа жол ашты.

Иракты қалпына келтіру ірі жемқорлық дауына айналуы мүмкін. Елде пайдалы келісім-шарттарды бөлу жасырын жүзеге асырылуда, және АҚШтан мердігердің ірі кіріс алуы туралы айғақтар бар.

Светлана Орлова, Утро, Ру 17 наурыз. Әлем таяу уақытта АҚШ-тың Ирактағы демократия туралы мәлімдемесінің астарында не жатқанын білетін болады.

1. 1. 2. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы пайымдаулары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпшілік сыбайлас жемқорлық тепе-теңдігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы
Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары - пәнаралық методологиялық проблема
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Корпоративті басқарудың құрылуы
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz