Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАРЫ 7
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар 7
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі 17
1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері 19
ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері 25
ІІІ. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 32
КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар
құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған.
Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның
қандай болмасын нысаны жоқ[1]. Цицеронның айтуынша мемлекет – халықтың
ісі, құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ежелгі Грецияның және
Римнің мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет
туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі
әсерін тигізді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік
идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден
айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым
жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің
мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін
қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және
олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды
үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.
Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның
теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты – көпшіліктің келісімі бойынша әр
адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер
арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары
мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның
негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап
қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына
кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке
меншіктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің
сақталуы қажеттігін ескертті.
Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар
прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық
революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы
формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.
Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және
теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. Бостандық заңдармен рұқсат
етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған
әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай
әрекеттер жасаған болар еді[2]. Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша,
саяси бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына
маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да
көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты
зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы көптеген
адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы[3] ретіндегі мемлекеттегі
барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз
етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-
құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық
құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.
Батыс Еуропаның саяси-құқықтық ой иелері құқықтық мемлекет теориясының
элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты.
Субъективті бағалауды есепке алмасаң, көптеген авторлардың пікірінше,
мемлекеттегі заң шығарушы азаматпен қатар өзі бекіткен заңға бағынса ғана
ондай мемлекетті құқықтық мемлекет деп санауға болады.
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды.
Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде
келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы
революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем
алынып тасталды.
Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен
құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да
айтылған: Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметті мемлекет[4] (1б. 1-ші сөйлемі).
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАРЫ
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті
практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
Құқықтық мемлекет терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң
әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда
болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды[5].
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі
дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің
теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту
және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты.
Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік
бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы,
антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен
дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция
режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың
бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын
бекітудің, сан түрлі мемлекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен
нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі
және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л.
Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және
басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрынғы тәжірибеге,
алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне
тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен
гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі
аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында
топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының,
оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының
арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес
нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-
қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының
жіктелу және сипатталу критерийлері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді
қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес
болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы
ойдың тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін)
мемлекеттік билік туралы - көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы
арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген,
тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын
күш көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын
адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы
идея қалыптасты.
Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ
құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың
қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң)
дәріптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс
пен құдай ана Фемиданың қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның
заңдылығының бастамасы, заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының
белгісі. Кейіннен Эвномия сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік
басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.
Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық) антитезасы тұрғысында Гесиодтың
келешек темір ғасырды қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша:
Шындықты жұдырық алмастырады... Күш қайда болса, құқықта сонда болады
(Гесиод. Труды и дни, 174-193).
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі
Грецияның жеті данасының көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері
басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық
идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон,
Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай,
заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы
Биант қай жерде азаматтар заңнан құдды қатыгез билеушіден қорыққандай
қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.
Заңға бағын, - деп шақырды спартандық Хилон, Өзіңді өзің таны
деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында
жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон
азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең
үздік деп санаған. Жеті дананың бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559
ж.ж.) - әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң
шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан
Афиныда демократия басталды[6].
Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші
тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің
идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті
заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол
жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық
мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.
Құқықтық заң және құқықтық мемлекет идеялары тұрғысында Солон өз
реформаларын күш пен құқықты біріктіріп, заң билігінің көмегімен
жүргізгені үлкен қызығушылық тудырады. Күш (бұл жерде ресми мемлекеттік
күш) пен құқық үйлесімі ретіндегі заң билігінің терең сипатталуымен бірге
Солонның ережесінде мемлекеттегі қайта құруды тек заңды жермен, ресми және
жалпыға ортақ заң негізінде жүргізу керек деген парасатты ой жатыр.
Әділдік, құқық, заң ежелгі гректердің ойынша дәстүрлі түрде ғарыштың
және жердегі тәртіптің атрибуттары, күштеу, зорлық-зомбылық,
тәртіпсіздіктің антиподтары саналды. Бүгінгі уақытта бұрынғылардың заңға
бағынушылығын, заң мен заңдылықты қатты сыйлағандығын сөз еткенде бұны
күштің диктаты емес, тиісті түрде белгіленген, парасатты, әділ (құқықтық
деуге болады) заңдар, қасиетті дәстүрлер салдарыннан болғанын ұмытпауымыз
керек.
Саналы заңдардың басқару тұжырымдамасын табиғи-құқықтық тұрғыда
Аристотель де (б.э.б. 384-322 жылдар) негіздеді. Сонымен, - деп жазды ол,
- кім де кім заңның билік етуін талап етсе, құдай мен сананың билік етуін
талап ететін секілді, ал кім де кім адамның билік етуін талап етсе, өзінің
талабын жануар элементіне негіздейді, өйткені құмарлық хайуанатқа тән, ашу-
ыза да билеушілердің қаншалықты дұрыс адамдар болғандығына қарамастан,
оларды тура жолдан кері бұрады; керісінше заң-теңдестірілген сана
(Аристотель. Политика, III, 11, 4, 128 в 5). Заң билігі жоқ жерде, - деп
айтады, ол мемлекеттік (полистік) құрылымның қандай болмасын нысанына орны
жоқ.
Аристотельдің түсіндіруінде саяси (мемлекеттік) құрылымының түрлі
нысандар әділдік принципі мен құқық идеясына сәйкес келеді, яғни, басқаша
айтқанда құқықтық сипаты бар. Сонымен, - деп жазды Аристотель (Политика,
ІІІ, 4, 7, 1279а 26), - мемлекеттік құрылымның жалпыға ортақ пайдалы
ойлайтын нысандары ғана сөзсіз әділдік принципіне сай дұрыс болып табылады;
ал тек басқарушылардың жеке игілігін ойлайтын нысандардың бәрі де қате және
дұрыстардан ауытқушылықтары бар; олар деспоттық принципке негізделген, ал
мемлекет еркін адамдардың қарым-қатынасы болып табылады. Деспотизмге қарсы
қойылатын саяси және құқықтық нысандардың осындай принциптік жиынтығы мен
заттай-мағыналық бірлігі Аристотельдің ілімінде мемлекеттің құқықтық
концепциясы бар деп айтуға негіз болады.
Жалпы алғанда Аристотель мен әзірленген саяси ғылым полистік өмірдегі
барлық негізгі мәселелердің табиғи-құқықтық түсінігіне сүйенді.
Аристотельдің адам табиғи болмысынан саяси жан (Аристотель. Политика І,
1, 9, 1253 а 16) деген әйгілі қағидасының да табиғи-саяси мағынасы бар.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарас рим авторларының шығармашылығында
елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.
Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және
жалпы құқықтық тәртіп ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық
ілімі үлкен жетістік болды.
Цицеронның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық
талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ
болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар заң атауынан гөрі ортақ
келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең (Цицерон. Заңдар
туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: Бәрі де
заң күшінің ықпалында болуы керек (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .
Цицерон ойынша азаматтардың құқықтық теңдігіне патшалық басқару,
аристократия және демократия элементтерінен құралатын мемлекеттің аралас
нысанында ғана қол жеткізуге болады. Өйткені, - дейді ол, - мемлекетке
көрнекті де патшалық етуші болуы лазым – биліктің бір бөлігі алдыңғы
қатардағы адамдардың беделдісіне беріледі, ал кейбір істер халықтың
талқылаумен еркіне ұсынылады (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XV, 69).
Цицерон мемлекеттің аралас нысанының бір бағытына қарай ауытқудың
қауіптілігін атайды және олардың арасында құқықтарды, міндеттерді және
өкілеттіктерді тең бөлу арқылы олардың өзара тепе-теңдігін жақтайды.
Мемлекеттің халық ісі және жалпы құқықтық тәртіп ретінде жүзеге асуы,
Цицеронның ойынша, көбінесе бүкіл халықтың (тұрғындардың) саяси және
құқықтық белсенділігіне байланысты.
Себебі азаматтың бостандығы – оның құқықтары, яғни жалпы құқықтық
тәртіптің, бүкіл мемлекеттің негізгі бөлігі.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарастың дамуы мен оның құқықтық сипатын
зерттеу үшін Рим заңгерлерінің құқықты жеке және көпшілікке бөлуінің елеулі
мәні бар. Мемлекетті жалпы-құқықтық жағынан түсіндіру мемлекет ұғымын
заңдастыруға ықпал етті және оның құқықтық табиғатының түсінігін
тереңдетті.
Құқықтық мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос,
жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой ежелгі
дәуір мен жаңа дәуір идеяларының арасында маңызды байланыстырушы роль
атқарды.
Бұл ретте ортағасырлық теологияның беделді өкілі Фома Аквинскийдің
(1225-1274) саяси-құқықтық көзқарасы танымды болып табылады.
Жаңа жағдайларда ол ежелгі авторлардың ең алдымен Аристотельдің және
Рим заңгерлерінің саяси-құқықтық идеяларының бірқатарын христиандық тұрғыда
дамытты.
Фома Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң өзін-өзі сақтауға және ұрпақ
қалдыруға, шындық пен шынайы Құдайды іздеуге ұмтылумен қатар, Жаратушы өз
бетімен және кейпімен жасаған саналы жан ретіндегі адамның беделін
мойындауды және сыйлауды талап етеді.
Аристотельдің және басқа да ежелгі ойшылдардың қағидаларын пайдалана
отырып, Фома Аквинский шексіз (абсолютті) монархия мен саяси монархияның
арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оның пайымдауына сәйкес, саяси
монархияның артықшылығы – басқарудың бұл формасы жалпы ізгілік адамды
сыйлау монархтың өзі де бағынуға міндетті заң негізінде билікті жүзеге
асыру талабын анағұрлым жақсы үлгіде білдіреді. Сонымен бірге саяси
монархияда монарх билігі өкілетті органмен шектелген.
Феодализмнен капитализмге көшу кезеңінде өңдіріс күшінің өсуі
қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке және оның
қоғамдық істерді ұйымдастырудағы ролін түсінуге деген жаңа көзқарастар
тудырады. Оларда билікті бір адамның немесе билік органының қолына беруге
жол бермейтін, заң алдында бәрінің тең екенін дәлелдейтін, құқық арқылы
жеке бостандықты қамтамасыз ететін мемлекеттік өмірдің құқықтық
ұйымдастырылуына қатысты мәселелер басты орында тұрады.

идеяларын тарихи тұрғыда сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макиавелли
және Ж. Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында ертегі және қазіргі көп
ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде саясаттық принципін
түсіндірді.

тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан:
Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі құқықтық мемлекет
туралы анағұрлым маңызды ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын талдап
көрсетеміз.
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін алғашқылардың
бірі болып жасады. Оның айтуы бойынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін
қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандыруға кепілдік бергенде ғана
күшті болатынын айтты. Сонымен бірге басқарушыларды жеке меншікті,
қауіпсіздікті, ар-ұятты, бостандықты және басқа да игіліктерді сақтауға
шақырды[7].
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы Локктың сөзімен:
заңды өкіметпен белгіленген бәріне ортақ бұлжымайтын ережеде, бостандықта
заң тыйым салмайтын барлық жағдайда өз қалағаныңды жасау және әрдайым басқа
адамның еркіне тәуелді болмау[8].
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостандық идеясы
азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының
қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмау үшін барлық
адамда заңдарды бұлжытпай орындауы қажет. Саяси бостандық - заңдылықты және
қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіметті заң шығарушы, атқарушы және
соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген. Бұл идея оның саяси-құқықтық
теориясындағы маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның дұрыстығын іс
жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан көруге
мүмкіндік болды.
Джефферсон АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясының авторы, іс жүзінде
Америка аумағына құқықтық мемлекет идеясын таратушы. Қоғамдық келісім және
адамдардың бөлінбейтін құқығын жақтай отырып, монархиялық басқару нысанын
сынайды және халықтың тәуелсіздік қағидасын қорғайды. Джефферсонның
декларациясы бойынша, адамдардың бөлінбейтін құқығы бар. Оны қамтамасыз ету
үшін мемлекет құрылады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты
зерттеген адам. Көпшілік құқықтық қағидасына, философтың ойынша, халықтың
шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау
арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемдігі көптеген адамдардың құқықтық
заңға бағынған жиынтығы ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың
бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Конституциялық
құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады,
азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.
Құқықтық мемлекетте заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де
баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Құқықтық құрылымның мүмкіндігін Кант
билікті парламент жүзеге асыратын заң шығарушы билікке, үкімет атқаратын
атқарушы билікке, халық сайлаған сот жүзеге асыратын сот билігіне бөлумен
тікелей байланыстырады.
Гегель мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің
контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі - құқық философиясы. Гегельдің
ойынша, мемлекет те құқық болып табылады, бірақ көбірек жетіліп дамыған
және мазмұны бай. Өйткені ол өзінің бойында қалған құқықтардың бәрін - жеке
адамның, отбасының қоғамның құқықтарын қамтиды. Гегель мемлекетті жеке адам
мен қоғамның үстіндегі абсолютке көтеріп, мемлекет дамуының азаматтың қоғам
дамуынан бұрын болғанын дәлелдейді.
Маркс мемлекет пен құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық теория
тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына
байланысты, таптардың жоғалуына байланысты тапсыз қоғамға көшу процесінде
мемлекет пен құқық та жоғалады[9].
Маркстың құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл аударсақ: Бостандық
дегеніміз – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға
бағынышты органға айналдыру.
Батыс Еуропадағы прогрессивті саяси-құқықтық ойлардың иелері Иеринг,
Еллинек, Дюги, Ориу, Паунд, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет
теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай
дамытты. Иерингтің ойынша егер мемлекеттік өкімет алдын ала өзі бекіткен
тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге не болады
және сол жерде құқықтық мемлекет болады. Тек құқық үстемдік алғанда ұлттың
хал-жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеу, халыққа тән ақылдылық
және адамгершілік өріс алады[10].
Құқықтық мемлекеттің көп ғасырлық тәжірибесін, теориясы мен
практикасын өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми тұрғыда қабылдамау
инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке
ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек
біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп
жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан
байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі өркениетті
елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс
жүзіндегі тәжірибесін пайдалана отырып, отандық құқықтану философияның,
экономикалық және саяси ойлар негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық
мемлекеттің үлгісін белгіледі.
1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі
Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі
негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және
құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан,
сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен
әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.
Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде
орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен
есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі,
мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген. Бұнымен басқа ерекшелік
байланысқан – мемлекет экономика саласының әлеуметтік қарым-қатынастарды,
азаматтардың жеке өмірін өзіне бағындыруға, оларды тікелей басқаруға,
маңызы төмен және ұсақ мәселелерге араласуға ұмтылады. Жеке адам мен
қоғамдық қатынастардың басқа да субьектілерінің құқықтарын, бостандығын
және мүдделерін қамтамасыз ету мен кепілдік беру қажеттілігін ескеретін
құқықтың нысандар мен әдістерді қалайды. Құқықтың мемлекеттерге барлық
экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынасқа араласу жат нәрсе болып табылады. Олар
қоғамдық қатынастарға қатысушыларға едәуір автономия мен олардың құқықтың
статусын бекітуге жағдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz