ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
___________________________________ ______университеті
“ _______________” факультеті
“_____________ ” кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________
Астана-2007 ж
Мазмұны
Кіріспе
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің түсінігі, пәні ... ... ... 3
1 Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің маңызы
1.1Қылмыстық істі қозғау іс жүргізудің негізгі сатысы ... ... ... ... ... .6
1.2Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеудің мақсаттары ... ...8
1.3Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелердің түрлері мен дәлелдеу
пәнінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 Қылмыстық іс қозғауда дәлелдеу шаралары
2.1Қылмыстық іс қозғауда жедел іздестіру шараларының нәтижелерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16
2.2 Қылмыстық іс қозғауда дәлелдеудің ауыртпалығы ... ... ... ... ..18
2.3 Қылмыстық іс қозғау сатысында қабылданатын шешімдердің заңды және
дәлелділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 26
3.1. Отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізуді талдаудағы сотқа дейінгі
қылмыстық іс жүргізу моделдері ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...34
Кіріспе:
Бұл курстық жұмыс қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу
мәселелеріне, қылмыс туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру
амалдары, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде
қолданудың тәртіптері мен осы тәртіптері мен осы сатыдағы дәлелдеу қызметі
мен дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктеріне арналады.
Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыс белгілерінің бар немесе жоқ
екенідігін дәлелдеуді қаматамасыз етуге байланысты пайда болатын құқықтық
қатынастар зертеудің объектісі болып табылады.
Ал қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу қызметі,
қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүделерінің мәселелері мен оны қаматамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс
жүргізу заңнамасы мен құқық қолдану қызметі зерттеудің пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы
18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында біз дәйекті түрде саяси
тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық
мемлекет құрып, оны нығайта береміз деп көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына,
қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан
қылмыстық құбылыстарда көрсетуге болады.
Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы,
тергеуші, прокуратура, сот және анықтама органдарының қызметтері жариялы
құқықтық сипатта болады. Қылмыс құқықбұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі
бола тұра ол азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға , мемлекетке
көп мөлшерде зиян келтіреді,мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң
нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларады
қолдануын міндеттеді.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген соңғы толықтырулар
мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына оң әсерін тигізуде, себебі оның
халықаралық жағдайларымен байланысты болуы және дәлелдеу құқығы, жедел
іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолдану салаларында
көптеген өзгерістер енгізілуі де ықпал етуде [2,3б.] .
Зертеу тақырыбын қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеудің өзекті
мәселелері деуіміз, қылмыстық іс қозғау, ең алдымен, процестің жеке
бастапқы, міндетті сатыларының бірі екендігі ескеріледі.
Сондай –ақ аталған тақырып бойынша зертелулердің көбі кеңестік дәуірде
жүргізілген. Қазіргі таңда қылмыстық процес ғылымының зертеуді қажет ететін
проблемалары жеткілікті. Олай дейтініміз, ғылыми білім үрдісінің даму
заңдылығына сай әр бір жаңа проблеманы уақыт туғызады. Мемлекет нарықтық
экономикаға өтіп, нарықтық-экономикалық құқықтық сананың қалыптасу
кезеңінде қылымыстардың жасалу технологиясы да өзгерді. Сол себебті ондай
құбылыстар мен күресу үшін тәжірибелі теориялық деңгейдегі зертеулерді
жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Осы курыстық жұмысымды мен қылмыстық іс қозғау сатысының маңызды
жақтарын қарастыру арқылы мәнін ашып, оның қылмыстық іс жүргізуде өзге де
сатылармен байланысты болатынын және осы сатыдағы дәлелдеу қызметінің
жүзеге асырылудағы мәселереі мен ерекшеліктерін зерделеп, мән-мағанасына
қарай жіктеп, олардың жетілдіру жақтарын қарастырдым.
Өйткені Қазақстан Республикасында қылмыстық іс қозғау сатысындағы
дәлелдеу мәселелері мен ерекшеліктері, қылмыстық іс жүргізу ғылымында
жеткіліксіз деңгейде зертелген, тіпті жоқтың қасы.
Яғни курыстық жұмыста қылмыстық іс озғау сатысындағы дәледеу
мәселелерін, олардың ерекшеліктерін зертеу мен теориялық ой-өрістен өткізу
және дәлелдеуге байланысты заңдардың бастапқы ережелері мен қылмыстық іс
жүргізу ғылымының, тергеу және сот тәжірибесінің мәселелерімен салыстырмалы
түрде қарастыруға болады.
Көзделген мақсатты іске асыру үшін төмендегі міндеттер алға қойылады:
-сот ісін жүргізудегі қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын және
қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша алдын ала тергеу сатысымен
арақатынасын анықтау;
-қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген дәлелдемелердің қайнар
көздерін теориялық ой-өрістен өткізе отырып, жаңа қайнар көздерді бекітуді
негіздеу;
-қылмыстық іс қозғау сатысында дәлелдеу ұғымының мазмұнын, дәлелдеу
заты мен шегін анықтап қалыптастыру;
-қылмыс туралы аңыздар мен хабарламаларды алдын ала тексерудегі әдіс
амалдардың түрлері мен мазмұнын, қылмыстық іс қозғау сатысында істердің
қаралу шегі жөніндегі ережелердің тәжірибеде жүзеге асырылудағы
қателіктерін анықтау;
-қылмыстық іс қозғау сатысында дәлелдеудің тиімді жолдарын, сондай-ақ
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін қорғаудағы рөлін
күшейтуді негіздеу жұмыстарын қарастырдым.
1.1. Қылмыстық істі қозғау іс жүргізудің негізгі сатысы.
Қылмыстық істі қозғау іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде қылмыстық
іс қозғау , қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің қажетті, бастапқы
және міндетті сатысы болып табылатындағы, сондай-ақ оның іс жүргізудегі
өзге сатылармен салыстырғанда алатын орны ерекше. Бұл сатыда қылмыстық ізге
түсу органдары нақты іс бойынша іс жүргізуге қажетті мәліметтердің бар
немесе жоғын анықтап, қылмыс белгілерінен тұратын анықталған фактілер
бойынша әрекеттер жасау қажеттілігі және осыған орай сот төрелігі
органдарының араласуы сияқты бірқатар мәселелер шешіледі.
Қылмыстық іс қозғау сатысы саяси мәнге де ие. Іс қозғау туралы
мәселені дұрыс және жылдам шешу құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығайуына,
қылмыспен күресу шараларын өткізуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен
ескерту шараларын қолдануға өз әсерін тигізеді. Бұл мәселені мұқият қарау
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қылмыстық істердің
негізсіз қозғалуының орын алмауына кепілдік береді.
Қылмыстық іс қозғау сатысы – қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысының
бірі. Сондықтан ондағы мәселелер дер кезінде және дұрыс шешілуі тиіс.
Аталған сатыда тиісті лауазым иелері болған немесе дайындалып жатқан
қылмыс туралы хабарламаларды ғана қабылданып қоймай, қылмыстық іс қозғау
немесе одан бас тарту туралы дәлелді шешімдерді де қабылдайды. Қылмыстық іс
қозғау сатысының жеке дара сипатқа ие болуы ондағы қылмыстық процесуалдық
қызметтің жүзеге асырылуы мен әрбір қылмыстық іс осы сатыдан басталады.
Қылмысты жасаған адамды анықтау іс қозғау сатысының міндеті емес. Яғни
оны жасаған адам белгілі болмаса да, қылмыстық іс болған немесе дайындалып
жатқан қылмыс туралы фактілермен қозғала береді.Егер қылмыстық іс қозғау
кезінде оны жасаған адам белгілі болса, ол мәліметтер алдын ала тексерілуге
жатады.
Қылмыстық іс қозғау-күрделі процесуалдық қызметтің бір түрі. Ол өзінің
мәнін жан-жақты көрсететін бірнеше белгілерге ие болады. Бұл ұғымды
төмендегідей түсінуге болады:
-біріншіден, қылмыстық істің пайда болу шарттарын, тәртібін және өзге
де мән-жайларын анықтайтын нормалары бар қылмыстық процесуалдық институт ;
-екіншіден, қылмыс туралы алғашқы түскен мәліметтерді заңға сәйкес
қабылдау, қарау және шешу барысындағы әрекеттер мен қарым-қатынастардан
тұратын қылмыстық іс жүргізудің біртұтас кезеңі;
-үшіншіден, нақты қоғамға қауіпті әрекет бойынша қылмыстық процестің
басталуы жөніндегі лауазымды тұлғалардың тиісті жеке процесуалдық
актілердің бірін шығаруы.
1.2 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеудің мақсаттары.
Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы оның органикалық біртұтас
екендігін ескере отырып, оны жан-жақты қарастырған жағдайда ғана
анықталады.
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы дәлелдеудің маңызы аталған іс қозғау
сатысы арқылы анықталады. Себебі бұл сатыда қылмыстық істі қозғау немесе
істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
Барлық қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің іс жүргізу қызметтерінің
өзегі болып дәлелдеу қызметі болып табылады.
Қылмыстық процестегі объективті ақиқатқа дәлелдеу нәтижесінде ғана
жетуге болады. Дәлелдеу үшін анықтама, тергеу, прокуратура және сот
органдары тәжірибелік және ойлау қызметтерін ұштастыра отырып қорытынды
жасайды.
Бірақ тәжірибелік және ойлау қызметтері дәлелдеу процесінің біртұтас
компоненттері болғанымен, бір-бірінен ерекшеленеді: дәлелдемелерді жинау
мен тексеру- ол құқық нормаларымен реттелетін объективті сыртқы әрекет; ал
дәлелдемелерді бағалау мен олардан туындайтын қорытындыларды негіздеу
адамдардың еркінен тыс болатын логикалық ережелер мен ойлау заңдарына
бағынады. Бұл кейбір авторлар үшін мынадай пікірге келуге негіз болады,
дәлелдеу дәлелдемелерді жинау мен зерттеудегі тәжірибелік қызмет болса, ал
дәлелдемелерді бағалау процесуалдық дәлелдеудің шегінен тыс жатыр.
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің екі жағы болады. Олар
дәлелдемелерді тану және растау.
Дәлелдеу-ол жоғарыда аталған мән-жайларды танудың бірі, бірақ жалғыз
ғана әдісі деп есептелмейді. Ол туралы процесуалдық емес әрекеттерді атап
айтсақ, жедел іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесі арқылы білуге болады.
Ондай әрекеттермен алынған фактілі деректер іс бойынша қабылданатын
шешімдердің негізі ретінде пайдаланылмайды. Бірақ олар маңызды орынға ие
болады: олар дәлелдеу бағыттарының дұрысын талдауға мүмкіндік жасайды және
заңда бекітілген тәртіппен алынатын қажетті мәліметтер көзін анықтауға
көмегін тигізеді.
Дәлелдеу процесін зерттеушілердің бірқатары оны қылмыстық іс қозғау
сатысынан басталатыны туралы пікір айтады. Қылмыстық ізге түсу органдарына
болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы келіп түскен әрбір арыз
немесе хабарлама мұқият тексерілуі тиіс. Мұндай тексерудегі әрекеттер
қылмыстық істі қозғауға қажетті жағдайлардың бар-жоғын анықтауда, заңда
бекітілген бірқатар мән-жайларды жинау, тексеру және бағалау, яғни
процесуалды дәлелдеу жолдарымен анықтау мүмкін бола тұрса да дәлелдеу
арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу процестің өзге сатыларындағы
дәлелдеуден белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланады. Ол ерекшеліктер
дәлелдеу процесін, дәлелдеу құралдарын және дәлелдеу затымен шегін қамтиды.
Олар:
-біріншіден, қылмыстық іс қозғалғанға дейін дайындалып жатқан немесе
болған қылмыс туралы мәліметтерді тексеру үшін, ереже бойынша, тергеу
әрекеттерін жүргізуге жол берілмейді. Ондағы дәлелдеу өзге процесуалдық
әрекеттердің көмегімен жүзеге асырылады.
-екіншіден, қылмыстық іс қозғауға қажетті мән-жайлардың бар немесе жоқ
екендігін анықтау мақсатында ҚІЖК-нің 117 бабының 1-бөлігінде көрсетілген
фактілі деректердің барлығы емес, бірен-сараны ғана қолданылады. Ол
деректерге, мысалы, қылмыс туралы арыз беруші немесе басқа да адамдардың
ұсынған құжаттары, сонымен бірге анықтама, тергеу, прокуратура және сот
органдарының бастамашылығымен алынған құжаттары жатады. Фактілі деректердің
қайнар көздері ретінде куәнің, сезіктінің, айыпталушы мен жәбірленушінің
жауаптарын пайдалануға болмайды. Себебі аталған қылмыстық іске қатысушылар
іс жүргізудің кейінгі сатыларында пайда болады. Қылмыстық іс қозғау
сатысындағы фактілі деректердің қайнар көзіне тергеу әрекеттерінің
хаттамалары да жатқызылмайды, себебі кейбір ерекшеліктен басқа бұл кезеңде
тергеу әрекеттерін жүргізуге тиым салынады. Сонымен бірге бұл сатының тек
өзіне ғана тән фактілі деректері бар. Мысалы, олар азаматтар мен лауазымды
тұлғалардың түсініктемелері.
-үшіншіден, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу барысындағы
дәлелдеудің заты мен шегі өзге сатылардағы дәлелдеу заты мен шегіне
қарағанда белгілі бір ерекшеліктерге ие болады.
1.3 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелердің түрлері мен дәлелдеу
пәнінің сипаттамасы.
Қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті мән-жайларды анықтаудың бірден-бір
құралы дәлелдемелер болып табылады. Дәлелдемелер ұғымының анықтамасы
қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген. Бірақ бұл ұғым әрі қарай
талқылауды қажет етеді. Кейбір авторлардың айтуынша, дәлелдемелер деп тек
фактілер мен фактілі деректерді ғана түсіну қажет, ал куә, жәбірленуші,
сезікті мен айыпталушының жауаптары және т.б. дәлелдемелердің қайнар
көздері болатынын көрсетеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы болып қылмыстық іс жүргізу заңнамасы
бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғау сатысында қолданылатын
дәлелдемелердің түрлері табылады. Аталған мәселе бұрын соңды
қарастырылмаған. Оларға жататындар: жазбаша және өзге нысандағы құжаттар,
тергеуге дейінгі тексерулердің материалдары (түсініктеме және басқа да
көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар), сондай-ақ
компьютерлік ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс
және бейне жазбалар да жатады. Ол құжаттар ҚІЖК 121 бабында көрсетілген
белгілері болған жағдайларда заттай дәлелдеме болып танылады.
Біздің ойымызша, дәлелдемелерді біртұтас түсіну мақсатында, ҚІЖК-нің
115-бабының бірінші және екінші бөлімдерін толықтыру қажет.
Сондай-ақ заңнаманың қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлар
ұғымын әртүлі мағынада қолданатындығын атап кетуіміз қажет.
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу затының ерекшеліктері
дәлелдеу шегінің де ерекшеліктерін анықтайды.
Дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегі бір-бірімен байланысты ұқсас, бірақ
бірдей ұғымдар емес. Дәлелдеу заты іс бойынша іздестірілетін фактілердің
жиынтығынан тұрады. Дәлелдеу шегі- дәлелдеу затын құрайтын мән-жайлардың
бар немесе жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға қажетті дәлелдемелердің
жиынтығы. Дәлелдеу затының ұғымы дәлелдеудің мақсатын, ал дәлелдеу шегінің
ұғымы осы мақсатқа жетудің құралын сипаттайды.
Кейбір авторлар дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегі ұғымдарын бірдей етіп
теңестіреді. Олардың ойынша дәлелдеу шегі істі дұрыс шешу үшін зерттелетін
мән-жайларды және оларды анықтайтын құрал дәлелдемелердің барлық қайнар
көздерінің жиынтығымен сипатталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы азды-көпті болсын қылмыстық іс бойынша
дәлелдеу затын нақты көрсетеді. Ал дәлелдеу шегіне келетін болсақ, олар
заңда жалпылама анықталған. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және
объективті зерттеу талабы дәлелдеу шегі мен дәлелдеу затына теңдей
қойылады. Заң, одан өзге белгілі бір шешімді қабылдауға қажеті бар немесе
жоқ екендігі анықталуға тиісті жағдайлардың шеңберін анықтай келе, оларды
анықтау үшін жеткілікті деректердің, жеткілікті дәлелдемелердің болуын
талап етуді көрсетеді. Осы мән-жайлардың анықталуына дәлелдемелер
жеткілікті ме деген мәселені анықтаманы жүргізетін анықтаушымен,
тергеушімен, прокурормен және сотпен ішкі сенімдері бойынша шешіледі.
Осылайша іс қозғау сатысындағы дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегінің
ерекшеліктері мыналардан тұрады; 1) ереже бойынша қылмыстық іс жүргізудің
бұл кезеңінде қылмыстық істі дұрыс шешуге қатысы бар мән-жайлардың барлығы
емес, тек бірен-сараны ғана анықталуы тиіс;
2) қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау үшін жоғарыда аталған мән-
жайлардың бар екендігін көрсететін негізді болжамдардың бар болуы
жеткілікті.
Заң әдебиеттерінде, жоғарыда аталған түсініктемелерді дәлелдеме
ретінде алуға болмайды деген көзқарастар айтылған. Сонымен қатар бірқатар
ғалымдар, мұндай түсініктемелер дәлелдемелік қасиетін қылмыстық іс
қозғалғаннан кейін сақтайды және олар құжат ретінде қарастырылуы тиіс деп
есептейді. Ал кейбір авторлардың ойынша, қылмыстың басы-қасында
болғандардың түсініктемелері құжат ретінде (яғни дәлелдемелер ретінде) тек
қылмыстық іс қозғау сатысында ғана бола алады.
Шынында да , егер жуаптар мен түсініктемелерде көрсетілген
мәліметтердің арасында елеулі қайшылықтар болса, олар мұқият тексерілуі
тиіс. Бірақ мұндай тексерудің қажеттігі бұл мәліметтердің бір-бірінен
ерекшелену себептерінде емес. Оның басты себебі екі дәлелдеменің
арасындағы; яғни түсініктемеде көрсетілген мәліметтермен, біерілген
жауаптардың арасындағы елеулі қайшылықтар болып табылады. Бұл қайшылықтар
жойылуы немесе түсіндірілуі тиіс. Себебі қарама-қайшы деректердің негізінде
қабылданған шешім заңсыз және негізсіз болады.
Түсініктемелер алу қылмыс туралы арыз бен хабарламаны тексерудің бір
амалы, және оны дәлелдемелердің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Түсініктеме оны берушінің өз қолымен немесе қылмыстық процесті
жүргізуші лауазымды азаматтар арқылы жазылуы мүмкін; онда түсініктемені
беруші адам жөніндегі мәліметтер (аты, жөні, тегі, туылған жылы, жұмыс орны
мен тұрағы) көрсетілуі тиіс. Жалпы түсініктемені алудың тәртіптері, олардың
рәсімделуі, бекітілуі заңды тұрғыдан реттелінбейді. Сондай-ақ қазіргі заң
күші бар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен түсініктемелер алынатын
тұлғалардың шеңбері анықталмаған. Сондықтан түсініктемені алудың тәртіптері
мен жалпы ережелерін заңда бекіту қажет деп есептейміз.
Жалпы түсініктемелер алу кезінде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келмейтін жағдайларды да ескеру қажет. Себебі
түсініктеме алу қылмыстық іс қозғалғанғак дейін жүзеге асырылады. Ал іс
жүргізу өндірісі басталмас бұрын ол адамның процесуалдық жағдайы да
анықталмайды. Ол түсініктемені процесс аяқталғанға дейін дәлелдеме ретінде
қолдануға болмайды деп кейбір авторлар өз еңбектерінде атап өтеді.
Азаматтардың өтініштері қылмыстық қудалау органдарына келіп түскен
күннен бастап бір айлық мерзім ішінде қаралуы тиіс. Егер қосымша зерделеу
мен тексеруді қажет ететін жағдайларда 15 тәуліктен аспайтын мерзімде
қаралып , ол бойынша шешім қабылданады. Мысалы, өтініштерді шешу үшін
қосымша тексеру қажет болған жағдайларда өтінішті қарау туралы тапсырма
берілген қаржы полициясы органдарының басшысы қарау мерзімін ұзартуы
мүмкін, бірақ ол бір айдан аспау керек және ол жөнінде өтініш берген адамға
хабарланады. Мұндағы айта кететін жай жоғарыда көзделген өтініштерді
тексеру мерзімдері қылмыстық процесуалдық заңнамамен реттелмейді, яғни ол
қылмыстық іс жүргізу заңнамасының бір кемшілігі. Себебі қылмыстық ізге түсу
органдарының кез келген әрекеттері іс жүргізу нормаларымен реттелгендіктен
ол процесуалдық қызмет деп аталады. Сондықтан азаматтардың өтініштерін
(ведомстволық тексеру бойынша) қабылдау мен қарау тәртіптері, мерзімдері,
қабылданатын шешімдері жөнінде ҚІЖК –нің 184 бабына толықтырулар енгізу
туралы ұсыныс жасаймыз.
Өкінішке орай заңнама жеке тексеру әрекеттерін жүргізудің
процесуалдық нысандарын жеткілікті дәрежеде қарастырмайды. Сондықтан да
олар кейбір жағдайларда азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына
әкеп соғады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Прокуратура туралы заңының 29
бабындағы бірінші бөлігінің бірінші тармақшасына сай прокурор жүргізілген
тексеру мәселелері бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғалардан жауап алуға
құқылы деп көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген прокурордың жауап алудағы процедурасы ойдағыдай
реттелмеген. Жауаптарды алу кәдімгі түсініктемелер алу сияқты рәсімделеді.
Ол тек атауымен ғана ерекшеленеді. Сұралатын тұлғаға одан кім есебінде
сұрау алынатындығы түсіндірілмейді, куәлік иммунитет және жауаптарын өз
қолдарымен жазу құқықтарымен таныстырылмайды. Ол адамға өтірік, жалған
жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі ескертіледі. Бұл
әрекет заңсыз деп танылады, себебі тиісті құқыққа қайшы әрекеттің
объективтік жағы қылмыстық іс бойынша куәнің жауап беруі болып табылады.
Сондай-ақ, заңда бір ай мерзім ішінде тексеру жүргізілген адамға
қатысты тексеру актісінің көшірмесін міндетті түрде ұсыну қарастырылуы
тиіс. Өкінішке орай тәжірибеде тексеру аяқталғаннан кейін оның
нәтижелерімен танысудың мерзімдері де ұзарып кетеді. Себебі ол заңмен
реттелмейді. Сондықтан бұл шараның құқықтық салдары белгісіз.
Қылмыстық процесуалдық заңнамамен іс қозғау сатысында адвокаттың
қатысуы тиісінше реттелмеген. Әсіресе бұл мәселе қаржы полициясы
органдарымен тергеу жүргізуде шиеленіседі.
Тергеуге дейінгі тексерудің келесі бір мәселелері ол алу әрекеті.
Тәжірибеде бұл әрекет көбіне сезіктілерге қолданылады. Анықтама
органдарының қызметкерлері алу хаттамасын жасай отырып, сезіктілерден
түрлі объектілер (құжаттар, есірткіге ұқсас және өзге де заттарды) алады.
Әрбір заңгерге белгілі ҚІЖК-де аталған процесуалдық әрекет көрсетілмеген.
Заң нормаларына сай және тергеуші қаулысының негізінде алу тергеу әрекеті
жүргізілуі мүмкін. Ал өзге әдістермен мәжбүрлі түрде ешкімнен ештеңе алуға
болмайды. Кейбір жағдайларда, кәсіпорындардан жұмысқа өте қажетті құжаттар
мен заттар да (мысалы, алғашқы есеп құжаттары немесе кәсіпорын мөрі,
компьютерлік блоктар) алынуға жатады.
Жалпы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай қылмыстық істі қозғағанға
дейін тергеу әрекеттерін жүргізуге тиым салынады. Дегенмен ерекше
жағдайларда оқиға болған жерлерді тексермейінше қылмыстық іс қозғау мүмкін
болмайтын жағдайларда екі тергеу әрекетінің жүргізілетіндігі баршамызға
белгілі.
Тергеу әрекеттерін жүргізудің мақсаты қылмыс туралы келіп түскен
арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексеру болып табылады.
2.1. Қылмыстық іс қозғауда жедел іздестіру шараларының нәтижелерін қолдану.
Жедел іздестіру қызметінің нәтижелері – ол дайындалып жатқан, болған
немесе болатын қылмыс белгілері туралы және ол әрекетті жасап анықтама
органдарынан, тергеу мен соттан бой тасалап кеткен тұлға туралы қылмыстық
іс жүргізу заңнамасына сай алынған мәліметтер.
Қазақстан Республикасы Жедел іздестіру қызметі туралы заңында жедел
іздестіру шараларын жүргізудің шексіз көрсетілген (Жедел іздестіру туралы
заңының 10-бабы ). Олардың көлемі жеткілікті дәрежеде. Бірақ шындап қарасақ
оларды жүргізудің тәртіптері, сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары
жүргізілетін тиісті тұлғалардың құқықтары да анықталмаған.
Дәлірек келетін болсақ, азаматтар мен лауазымды тұлғалардан сұрау
алу, зерттеу жүргізу үшін үлгілер мен заттарды алу сияқты жедел іздестіру
шараларының қалай жүргізілетіндігі де заңнамамен реттелмеген.
Тәжірибеге жүгінсек, жедел іздестіру шарасының бір түрі ретінде
арнайы органдар белгілі бір іс-әрекеттер жүргізеді, ал оның салдары қожалық
ететін субъектілердің тиісті міндеттемелерін жүзеге асыруға кедергі
жасайды. Жекелеп алғанда, аталған зхаңнама қағаз немесе электрондық
негіздегі бухгалтерлік және өзге де құжаттарды және магниттік мәліметтерді
таратушыларды алу, қызметтік орындарды жауып тастау сияқты әрекеттерді
жасауға тиым салады. Дегенмен, жоғарыда аталған фактілер тергеуге дейінгі
тексерулер барысында да орын алады.
Сонымен қатар, жедел іздестіру шарасы деп аталатын мұндай
тексерулерді тіркеу де көзделмеген. Яғни мұнда конституциялық құқық
кепілдіктерінің қаншалықты бұзылатындығын байқауға болады.
Жалпы болған қылмыс оқиғасы екі жағдайда, яғни белгілі және белгісіз
жағдайларда болуы мүмкін. Қылмыс белгісіз жағдайларда жасалған болса,
кінәлі тұлға әрине жедел жолдармен анықталады. Жедел іздестіру құралдары
мен әдістерінің көмегімен қылмыстық куәләрі, яғни әрекетті өз көзімен
көргендердің анықталатындығы сирек жағдай емес.
Алдын ала жиналған жедел іздестіру қызметінің нәтижелері кейбір
әрекеттерді жүргізуді негіздеу үшін қолданылатындығы және мұндағы
қажеттілік тиісті қылмыстық іс бойынша тергеудің оптималдық методикасын
жасау, олардың тактикасын, кезектілігін, тәртібін және нақты тергеу
әрекетін жүргізу болып табылады.
Сонымен бірге жедел іздезтіру қызметінің нәтижелерінің қалай
рәсімделетіндері де түсініксіз. Себебі жедел іздестіру қызметінің
нәтижелерін анықтама, тергеу,прокуратура органдарына ұсыну тәртәптері
туралы инсрукция бойынша нәтижелер қылмыстық іс бойынша басталып кеткен
өндіріске берілетіндігі белгілі.Осыған орай Қазақстан Республикасыныжедел
іздестіру қызметі туралы заңының 10 бабына өзгерістер енгізу ұсынылады.
2.2. Қылмыстық іс қозғауда дәлелдеудің ауыртпалығы.
Дәлелдеу ауыртпалығы таза процестік институт деп саналады. Бұл
түсінікті айыптауға немесе қорғауға артып, заң оларға процесте тиісті рөл
жүктейді. Алайда дәлелдеу институтына неғұрлым мұқият қарасақ, оның әбден-
ақ материалдық сипаты бар екенін көреміз, демек біздің міндетіміз- бұл
ұғымды барлық жағынан кеңірек қарастыру.
Дәлелдеу ауыртпалығы мынадай сұрақ туындатады: присяжныйлар соты
белгілі бір шешім қабылдай алмайтын жағдайда, нақты іс жөніндегі процесте
кім ұтып шығады. Айталық, кісі өлтіру туралы істе айыпталушы өзімді өзім
қорғаймын деп тұрып алды. Присяжныйлар сотының кісіні айыпталушының
қасақана өлтіргеніне көзі жетті, бірақ ол қорғану кезінде жасалды ма деген
мәселені шеше алмай отыр, өйткені бұл мәселе жөніндегі дәлелдер оншалық
сендіре қоймайды. Белгілі бір анық шешім қабылдау мүмкін емес мұндай
істерде дәлелдеу ауырпалығы түйінді шешеді. Егер дәлелдеу айыптауға
жүктелсе, ол қорғанудың орын алмағандығын дәлелдеуге тиісті, сонда күмән
айыпталушының пайдасына шешіліп, мұндай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz