Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Алғашқы қауымдық құрылыс. Адамдардың бірігуінің нысаны, мононормалар 5
3. Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары 16
4. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 26

Кіріспе

Мемлекет - саяси жүйенің басты институты және оның қызметінде
саясаттың негізгі мағынасы топталады.
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ
бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму,
жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және
құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі
болып табылады.
Бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз
алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды.
Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік
билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда
еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы
бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында
мемлекеттің пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш
айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз
тыныш, халқымыз аман болса келешекте ғалым, заңгерлеріміз мемлекеттің пайда
болуы туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз!
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы
туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді:
мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти
алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп
аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің
дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған
нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы
болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде
оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда
заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға
және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі
әрекет етеді.
Жұмыс барысында мемлекеттің пайда болуы хақындағы жинақталған білімді
сараладым, сонан кейін қолдан келгенше өзім ой түюге әрекет жасадым.

1. Алғашқы қауымдық құрылыс. Адамдардың бірігуінің нысаны, мононормалар

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре
бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне
сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де,
пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40
мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың
дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы,
тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс
бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі
бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған
сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл
процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге
бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың
дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы
аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған
ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып,
экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды
игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі - 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезенде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың
негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық
өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының,
тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған.
Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі
мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған.
Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін рубасшылары сайланып отырған.
Тайпа, одақ, бірлестіктерді, рубасшыларының кеңесі басқарған. Тайпа, одақ,
бірлестіктерді күнделікті басқару үшін Кеңестің мәжілісінде тайпа, одақ,
бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп,
қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.
Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық
қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып
ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Адамдардың ру болып ұйымдасуы екі сатыдан өтті. Бірінші сатысында
әйелдер үстем жағдайда болды, өйткені рулық топтар шеше тұқымын қуалап
құрылатын. Ол дәуір матриархат деп аталды. Бертін келе матриархаттың орнын
патриархат алмастырды. Бұл процесс егіншіліктің, мал өсіру кәсібінің
дамуымен, еңбек құралдарының жетілуімен байланысты болды. Осындай
өзгерістердің нәтижесінде ерлер қоғамдық өндірісте басым жағдайға ие болды
да, ру құрылымында шешуші күшке айналды. Осыдан былай қатынастар ерлер
әулетіне қарай анықталатын болды да, ерлер ру ішінде үстем жағдайға көшті.
Рулық қауым әдетте әке жағынан туыстығы бар ондаған, жүздеген
адамдардан құралатын. Қауымды басқару үшін сол рудың кәмелетке толған
барлық адамдары — ер-әйелдері түгел (түркілерде, одан кейін қазақтарда да
кәмелеттік 15 жас шамасынан басталатын) — өз орталарынан рубасын сайлайды.
Рубасылыққа сол рудың ең ақылды, ең парасатты, ең ержүрек, өмір тәжірибесі
мол деген адам сайланатын. Рубасының лауазымына мирасқорлық тәртіп
жүрмейді, сондықтан ол кез келген уақытта ауыстырылып, орнына басқа адам
сайлана алады. Басқа рулармен арада соғыс бола қалған жағдайда (ондай
оқиғалар жайылымдық жер, аң, балық аулайтын кеңістік үшін таластан барып
туындайды) ру мүшелері өз араларынан әскербасын сайлайды. Рубасылар да,
әскербасылар да бейбіт уақытта рудың басқа адамдарымен бірдей шаруашылық
қарекеттерімен айналысады. Рубасының, әскербасының билікті нұсқауларында
баршаға бірдей пәрменділік күші бола тұрып, оларды жүзеге асырумен
айналысатын арнаулы орган болмайтын. Рубасының да, әскербасының да билікті
пәрмені олардың беделіне, адамгершілік қасиеттеріне, өздерін ру мүшелерінің
жаппай қолдауына негізделетін. Қауым тіршілігінің маңызды мәселелері ру
мүшелерің жалпы жиналысында талқыланып, шешіледі; ал олардың орындалуына
рубасы бақылау жасап отырады. Соның арқасында рубасының қимыл-әрекеттері,
оның бұйрық-жарлықтары бүкіл ру мүшелерінің пікірі, солардың еркі, солардың
қажетсінуі болып есептеледі. Ру халқының саны өсе келе, бір қауымнан жаңа
бір қауымдар бөлініп шығып, олардың барлығы бірдей туыстас, қандас, рулас
топтарға біріккен. Солардан жиынтықтала келіп ру тайпалары пайда болған.
Дамудың мұндай сатысын өз кезінде жер жүзінің барлық халықтары да бастан
өткерген.
Рулық қоғамның әлеуметтік өмірі әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер
арқылы реттеліп отырылатын қатаң тәртіпке сүйенген. Ол тәртіпті рубасы өз
беделімен қолдап отырған. Ру қауымында құқық деген ұғым болмаған. Рудың
ертеден бері қалыптасып қалған әдет-ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай
келгендіктен, солардың қажеттігін өтейтін болғандықтан, ол әдет-ғұрыптарды
мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған. Құқық дегеннің,
міндет дегеннің не екенін жұрт білмеген, өйткені олар үшін рудың әдет-
ғұрыптарын орындау табиғи нәрсе деп есептелген, сол арқылы бүкіл ру
адамдарының мүдделері қорғалатын.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу-
бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып
отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық
континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы
кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы, шығыс
елдерінде (Араб, Үнді, Иран, Қытай) мемлекет пен құқықтың дамуы бір-біріне
ұқсас, Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды.
Еуропаның, Азияның басқа елдерінде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдер алғашқы
қоғамнан феодалдық формацияға - қоғамға көшті.
Егіншілік, мал өсірушілік, қолөнері дамып, байлық молая келе ру қауымы
ыдырай бастады. Еңбек құралдарын өндірудің артуы арқасында еңбек өнімділігі
артты. Соның нәтижесінде әрбір отбасы өз күшімен мал өсіруге, жер өңдеуге,
мүмкіндік алды, сөйтіп өзінің меншігін қалыптастырды. Әрбір отбасының өз
шаруашылығы, өндіріс құрал-жабдықтары, дүние-мүлкі, өзіндік мал қорасы
жасақталды; өндірілген, өнім әркімнің жеке меншігіне айналды. Ру ішінде
мүлік теңсіздігі пайда болды, ал мұның өзі ру мүшелерінің арасында
әлеуметтік алалық туғызды. Рубасылар, әскербасылар өздерінің жағдайларын
пайдаланып, байи бастады, өз алдарына рудың ерекше бір билеуші тобына
айналды. Рулық қауымды басқара жүріп, олар өз қолдарындағы билікті меншік
иелерінің мүлкін қорғау мүддесіне пайдаланды, ал өздерінің билігін нығайту
үшін тәртіпті, меншікті, өздерінің үстем жағдайын қорғайтын ерекше адамдар
тобын құра бастады. Осындай жолмен тұрақты әскерлер жасақталды. Рулық қауым
негізінде әскери демократия қалыптасты, ал мұның өзі мемлекет құрудың
алғашқы нышаны еді. Мемлекеттің пайда болу процесі әр түрлі халықтарда әр
кезеңде жүзеге асты. Кейбір халықтарда (Қытай, Мысыр және басқаларда)
мемлекет сонау ежелгі заманда пайда болды, ал өзге бір халықтар тарихында
мемлекеттің қалыптасу процесі талай ғасырларға созылды. Мәселен, қазақ
қоғамында әскери демократияның нышандары XVIII ғасырға дейін сақталды.
Әскери демократияының дамуы қоғамда саяси ұйымның — мемлекеттің пайда
болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде
қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының
пайда болуы нәтижесінде құрылды.

№ 1 кесте
2. Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері

Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі,
этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа
мәліметтер беруде.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда
болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған
тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды.
Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4
мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқықпен
мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің
өмірге келуі.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-
бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан құқық мемлекеттен аз да болса
бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің
басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп,
басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен
құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық
нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі - мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық - діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Maнy заңы,
мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі — жеке меншік бағытындағы
қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп,
басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық
- үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға
айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап
қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге
қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып
келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс "Гота программасына сын еңбегінде:
"Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес
мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес деген. Құқықтың нормалары қоғам
дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе,
соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың
күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер,
ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар
жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік
деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия
өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында —
абсолюттік монарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір
министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы
сатылық биліктер — бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық
меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа,
Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру -
біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппараттан
өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп,
әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең
дамып, XIX —XX ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран
т.б.).
2. Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алгашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта
аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны
жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару
аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу
саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп
дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру.
Билікті осы территорияда жүргізу.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат
үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта
қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де,
шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс
жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Қауымдық-рулық құрылыс
Мемлекет және құқық теориясы
Құқықтың маркстік теориясы
Мемлекеттің пайда болуы туралы ақпарат
Мемлекеттің дамуы. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы және дамуы
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл
Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары
Пәндер