Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Тарау 1 Парақорлықты тергеудің жалпы сипаттамасы2

§1. Парақорлықтың криминалистік сипаттамасы және дәлелдеуге жататын негізгі жағдайлар2

§2 Парақорлық істері бойынша қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері15

Тарау 2. Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері19

§1 Алғашқы тергеу әрекеттері мен жедел ісдестіру шараларының сипаты мен тізбегі19

§2 Арызданушыдан куә ретінде жауап алу22

§3 Сезіктіні ұстау, жеке тінту жүргізу және жауап алу25

§4 Тінту және мүлікке тыйым салу31

§5 Почта, телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау және оларды алу36

§ 6. Тергеу барысында тергеушінің анықтама органдарымен арақатынасының ерекшелігі38

Тарау 3. Тергеуді жоспарлау және кейінгі тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері40

§1 Болжамдар келтіру және тергеуді жоспарлаудың ерекшелігі40

§ 2. Тергеудің кейінгі сатысында орындалатын тергеу әрекеттерінің ерекшелігі46

Пайдаланған әдебиеттер тізімі49

Тарау 1 Парақорлықты тергеудің жалпы сипаттамасы

§1. Парақорлықтың криминалистік сипаттамасы және дәлелдеуге жататын негізгі жағдайлар

Кез-келген қылмысты тергеу әдістемесін жасаған кезде, соның ішінде парақорлықты тергеу әдістемесі, зерттелініп отырған қылмыс құрамына дұрыс сипаттама беру маңызды орын алады және ол тергеу әдістемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Криминалистік анализ жасау арқылы делелдеудің негізгі шектерін анықтауға болады. Бірақ криминалистік сипаттама тергеу әдістемесінің маңызды элементі дәлелдеуге жататын негізгі мән-жайларды ауыстырады немесе өзіне сіңіріп алады деп айта алмаймыз. "Криминалистік сипаттама тергеу әдістемесінің дәстүрлі құрылымдық элементі-дәлелдеуге жататын негізгі мән-жайларды анықтауға және тергеудің мақсаттарын дұрыс анықтауға көмектеседі. " 1

Парақорлықты криминалистік анализдеу үшін оның өзінің түсінігін анықтап, қылмыстық құқықтық белгілерін бөліп алуымыз керек.

Парақорлық қылмыстық жазаланатын әрекет реті үш немесе екі құрамнан тұрады: пара беру, пара алу және парақорлыққа делдал болу. Бұл әрекеттердің әрқайсысы ер түрлі тұлғалармен жасалынады, әр түрлі әрекеттермен сипатталады, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда бірыңғай екі жақты қылмыс ретінде қарастырылады және де мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметіне қарсы бағытталған. Парақорлық туралы қылмыстарды бұл қылмыстардың жасырын сипатта жасалуына байланысты тергеу қиындық туғызады.

1 Жәкішов Е. Г. Криминалиетическая характеристика н ее роль в поиске доказателъственной информадий сб. Проблемы прграммирования, организационного и инфомационного обеспечения предварительного следствня. 1998 ж. 114 6.


• Біріншіден - пара алу көп жағдайда бөтен тұлғалардың және куәлардың қатысуынсыз жасалынады. Себебі қылмысқа қатысушы тұлғалар (пара алушы, беруші немесе делдал, егер ондай болатын болса) қылмыстық қудаланатын әрекет жасап жатқанын сезіне отырып оқиғаның жасырын түрде болғанына мүдделі. Сонымен қатар егер пара делдал арқылы берілетін болса, пара алушы мен пара беруші бірін-бірі көрмеуі де мүмкін.

• Екіншіден - қылмысқа қатысушылардың біреуі тергеу жүргізуге қарсылық білдіруге және қылмысты жасыруға белсенді шаралар жасауға мүмкіндік туғызатын өмірлік тәжірибесі, іскерлігі, қоғамдағы беделі бар лауазымды тұлға. 1

• Үшіншіден - лауазымды тұлғалар олардың өкілеттік шеңберіне кіретін заңды әрекеттерді жасағаны үшін де пара алуы мүмкін (мысалы: бір әрекетті тездету) . Куәлар жоқ болған кезде мұндай жағдайлар да тергеуді ауырлатады.

• Төртіншіден - кейбір жағдайларда қаралып отырған қылмыстар жалғаспалы, яғни көп көріністі сипатта болуы мүмкін (пара алушы мен беруші немесе делдал заңсыз әрекетті бірнеше рет жасаған жағдайда) .

• Бесіншіден - парақорлық басқа қылмыстарды жасаумен байланысты болуы мүмкін (Ең алдымен меншікті ұрлау) .

Біздің ойымызша айтылған мән-жай мәселені тығырыққа әкелмейді, керісінше істе дәлелдеме қайнар көздері жене оларды іздеу құралдары пайда болады. Бірақта қылмысты ашу үшін жасалынатын әрекеттердің де көлемі көбейеді.

Парақорлықты параны беру ерекшелігіне, пара берушіге ықпал ететін тұлғаның болуы немесе болмауы, пара алушының қызметтік әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипатына қарай келесі классификациялық топтарға бөлуге болады:

1 Криминологая. М. Юридичесвая методика. 325 б.

Бірінші негіз бойынша пара затын беру механизміне қарай 2 вариант ажыратылады:

а) Делдалдың көмегімен;

б) оның көмегінсіз 1

Криминалистік тұрғыда бұл варианттарды бөлшекті түрде жіктеу маңызды.

Тергеу және сот практикасын жалпылау көрсетілген варианттарды жиі кездесетін жағдайларға қарай дифференциялауға мүмкіңдік береді.

I. Делдалдың көмегімен:

а) Пара беруші делдал арқылы пара алушыға пара береді;

б) (бір-бірімен байланысты емес) бірнеше параберушілер бір делдал арқылы тек бір пара алушыға пара береді;

в) Бірнеше пара берушілер (бір-бірімен байланысты емес) бір делдал арқылы бірнеше пара алушыларға пара береді;

г) Бірнеше пара берушілер бір-бірімен байланысты емес делдалдар арқылы бірнеше пара алушыларға пара береді;

д) Бірнеше пара берушілер (бір-бірімен байланысты емес) бірнеше (бір-бірімен байланысты емес) делдалдар арқылы не бір пара алушыға пара береді.

е) Пара беруші бір делдал арқылы бірнеше бір-бірімен байланысты емес пара алушыларға пара береді.

Әрине тергеу практикасын жалпылауда қылмысты жасауға қатысатын субъектілердің қатынасын және байланысын айқындайтын басқа да нысандар табылған. Бірақ та олар өте аз кездеседі және жоғарыды айтылған нысандардың ішінен шығады.

II. Делдалдың алуда келесі тергеу ситуациялары болуы мүмкін:

а) Пара беруші бір пара алушыға пара береді;

б) Пара беруші бірнеше пара алушыларға пара береді;

1 Криминалисгика 1988 ж. МГУ 600 б.

в) Бір-бірімен тікелей байланысты емес бірнеше пара берушілер тек бір пара алушыға пара береді.

Екінші тергеу ситуациясы қорқытумен ұштасқан (айқын немесе айқын емес) немесе онсыз болуы мүмкін.

Үшінші ситуация бойынша парақорлық пара берушінің пайдасына занды әрекеттерді (әрекетсіздік) жасаумен, сонымен қатар соңғының пайдасына заңсыз әрекетті (әрекетсіздік) жасаумен байланысты болуы мүмкін.

Жалпы ережеге сәйкес, тергеудің бастапқы сатысында кейінгі сатыларда қолданылатын парақорлықты айқындайтын дәлелдемелер мен мәліметтер жиналады.

Тергеуші, іске шығармашылық түрде қарай отырып, тергеліп отырған қылмыстың нақты жағдайын ескере отырьш, соған сәйкес міндеттерді алдына қояды. Тергеу жүргізу кезінде тергеуші сол немесе басқа фактінің пара алушының әрекетін тура әшкерелейтінін білмеуі мүмкін немесе мүлдем білмейді. Жауап алу кезінде тергеуші жауап беріп отырған адамның мәліметтерімен шектеліп қалмауы тиіс. Ол жауап алуды шығармашылықты белсенді түрде жүргізу арқылы оқиғаны максимадды айқындап қана қоймай, парақорлықтың қатысушылары ғана білетін, алғашқыда іске маңызды және құнды емес сияқты мәліметтерді алуы мүмкін. Мұндай сипатағы мәліметтер кінәсін мойындамай отырған пара алушыларды әшкерелеуге жеңіспен қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге мүлтіксіз алылған жауап арызданушының өзінің берген айғақтарынан бас тартудың немесе өзгертудің алдын алады. Егер арызданушы өзінің айғақтарынан бас тартатын немесе оларды өзгертетін болса, оны әшкерелеу қиындық туғызбайды. Парақорлық бойынша маңызды жағдайларды анықтау туралы былай айтуға болады:

Біріншіден - дәлелдеуге жататын барлық мән-жайлар бір уақыт, бір-бірінен бөлінбей зерттеледі.

Екіншіден - бір қайнар көзден алынған дәлелдемелер іс бойынша анықтауға жататын бір немесе бірнеше мән-жайларға қатысты болуы мүмкін.

Әдетте қылмыс жасалған уақыт пен орынды анықтау кез-келген қылмыстық тергеуде маңызды роль ойнайды. Ал парақорлық қылмыстары бойынша қылмысқа қатысушылардың біреуі параны беру ретінде өзінің, алибиі ретінде, басқа жерде болғандығын мәлімдейтін болса аса ерекше маңыздға ие болады. Жауап алу кезінде тергеуші параны беру (алу) уақытын дәл, егер ол мүмкін болмаған жағдайда уақыт жобалап анықталуы тиіс.

Егер лауазымды тұлға параны беру кезінде мен іссапарда болдым деп мәлімдесе, онда іссапарға байланысты құжаттар алынып, олардың шындыққа сәйкестігін тексеру керек. Салыстырмалы анализ үшін іссапар куәлігі, жол жүру билеті, туысқаңдары мен қызметтестерінің айғақтары бойынша жол жүру уақыты тексеріледі. Сонымен қатар іссапар куәлігінде, билетте және қонақ үй түбіртегінде көрсетілген мәліметтерге де көңіл бөлінуі тиіс. Егер де

лауазымды тұлға пара алған күні жұмыс орнында болған болса оның қай уақытқа дейін сол жерде болғанын, қалған уақытты қалай өткізгенін тексеру керек. Осындай тексеру парақорлықтың басқа қатысушыларьша да қатысты жүргізілуі тиіс. Тергеу жүргізу барысында параны беру - алу орнын анықтау да маңызды. Куәдан немесе сезіктіден (айыпталушы) жауап алу барысында пара беру-алудың нақты орны анықталады. Егер де куәнің және парақорлықтың басқа қатысушыларьшың айғақтарында пара беру-алу орнын сипаттауға байланысты қарама-қайшылықтар болатын болса олардың себебін айқындау керек. Пар беруші немесе пара алушының айғақтарында қарама-қайшылықтардың болуы көрінеу жалған жауап беріп отырғандығын және тергеушіні шатастыру әрекеттерінің орын алып отырғандығын білдіреді.

Параны беру-алу орны туралы айғақтың шындығын айғақтарды оқиға болған жерде тексеру арқылы білуге болады.

Айғақты оқиға болған жерде тексеруді сонымен бірге дәлелдеме алудың тәсілі ретінде қолдануға да болады. Осы тергеу әрекетін жүргізу қажеттігі сезіктінің (айыпталушының) шынайы айғақтар беруіне және оның айғақтарды оқиға болған жерде беруге келісуіне байланысты туындайды. Егер де көрсетілген тұлғалар жалған айғақ беріп отырса, айғақ беруден бас тартса немесе осы тергеу әрекетін жүргізуге кері ниет білдірсе, айғақтарды оқиға болған орында тексеру мен нақтылау мүмкін болмайды.

Әдетте пара беруші, делдал немес куә пар берумен байланысты емес түрде пара алушының кабинетінде (үйінде) болған болса, онда сол жерге бару тиімді емес. Ал парақорлық пәтерде жүзеге асқан болса тергеу әрекетін пәтерде ересек адамның болатын кезімен есептеп алып жургізу керек. Егер де оқиға орнына бару қылмыстың басқа қатысушыларьшың тұрғылықты орнын анықтау мақсатында болса, оны жүргізу уақыты оқиға орнына шығудың жасырынды түрін қамтамасыз етуді ескере отырып алынады. Бұл жағдайда оқиға орнына шығу қылмыстың қатысушыларын қамауға алумен ұштасуы мүмкін.

Ереже бойынша оқиға болған жерде айғақтарды тексеруді жүргізбестен бұрын пәтерді (бөлмені) қарап шығып, ондағы барлық жайтты қағазға түсіріп, схема сызып, орынды фототаспаға түсіру арқылы белгілеп ауымыз керек. Осыдан кейін ғана оқиға болған жерде айғақтарды тексеруді жүргізуге болады. 1

Егер де танушы тұлға пәтердің көлемін, сипатын, есік-терезе және т. б. орналасуын білетін болса, бірақ пәтердің тура орналасқан орнын көрсете алмаған жағдаңда (үй қабатын білгенімен петер номерін білмейді немесе пәтер қай қабатга екенін білмейді), үй-жайды тану үшін көрсету қажеттігі туындайды. Пәтерді анықтау үшін пара берушіге, делдалға немесе басқа бір тұлғаға бірнеше пәтерге, соның ішінде танылатын пәтерге кіріп көруге мүмкіңдік береді және танып тұрған пәтерде қандай мерзімде болғандығы және қандай белгілері арқылы танып тұрғанын сұраңды. З. Т. Баранова былай деңді: Кездескен кездесулер әрқашаңда дәлелдену бола бермейді.

З. Т. Баранова. Расследовашк взяточничества. Гос. Юр Издат. 1955 ж. 48 б.

Парақорлық бойынша қорытындыны барлық дәлелдемелерді зерттеу негізіңде ғана жасауға болады. Парақорлардың кездесуі дәлелдемелер тізбегінің бір буыны ғана болып табылады. Осы жерден мынадай қорытынды шығаруға болады, шын парақорлық жағдайында парақорлардың кездесу фактісі тек қана жанама дәлелдеме бола алады. Парақорлықтың қатысушылары пара берушінің лауазымды тұлғаға баруына байланысты бірнеше рет кездессе, бұл жағдай жанама түрде қылмыс фактісін нақтылайды. Қылмысқа қатысушы парақорлардың біреуі кездесу фактісін терістейтін болса кездесуді анықтау жасалған қылмыс бойынша дәлелдеме ретіңде болады. Парақорлықтың қатысушылары қылмыс жасағанға дейін таныс болса, олардың өзара қатынасын анықтай отырып, олар бір-бірімен жағымсыз, өштес қатынаста болған жоқ па, пара беруші лауазымды тұлға тарабына қауіп тудырған, тудырмағандығына ерекше көңіл бөлуі керек. Олардың байланыстары, қатынастары туралы мәліметтерді жеке тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы анықтауға болады.

Парақорларда қылмыстың басқа қатысушыларының телефон номерлері, адрестері, аты-жөндерінің болуы олардың арасындағы байланыс, қатынастың жағымсыз болғандығын дәлелдейді. Парақорлардың қатынастарын нақтылап зерттеу жасалған делдал ретінде болған тұлғаны әшкерелеуге мүмкіндік береді. Бұл делдалдар лауазымды тұлғаның атынан жалған түрде қатынасқа түсіп, пара берушіні алдап, оның ақша немесе құнды заттарын жымқырып алады. Кейбір жағдайда жалған пара алушы делдалмен таныс емес болып, оның әрекеті туралы білмеуі мүмкін. Лауазымды тұлғаның жүріс-тұрысын, басқа қатысушылармен ара қатынасын зерттеу параны қорқытып алуды көрсетегін мән-жайларды анықтаумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда заттай дәлелдеменің болмауы ақиқатты анықтауға қиындық туғызады және лауазымды тұлғаға әр түрлі ниетпен жала жабуы және дискредитациялауы мүмкін. Сондықтан да мұндай жағдайда алғашқы кезекте параны қорқытып алған тұлғадан тиянақты түрде жауап алуы тиіс. Бұл әрекет орындаушьшың ұйғарымын дұрыс бағалауға және параны қорқытып алуды жанама түрде орнықтыруға көмек көрсетеді.

Тергеуші арызданушының лауазымды тұлғаға баруына байланысты мән-жайларды анықтайды (параны қорқытып алушы жұмыс істейтін жерде арызданушы туралы мәліметтер қалған жоқ па; алдын-ала хатшыда тіркелу, жазбаша арызы немесе басқа да мәліметтер) . Сонымен бірге арызданушы параны бергенге дейін немесе кейін сол мекеменің қызметкерлерінің қайсысымен кездесті немесе сәйлескенін анықтау керек.

Лауазымды тұлғамен кездесу мақсатыңда жұмыстан сұранған жоқ па, кімнен сұранды, не туралы сөйлескенін анықтау. Әдетте пара қорқытып алынған азаматтар лауазымды тұлғамен кездескеннен кейін қобалжиды, даң көтереді.

Мұңдай күнде олар өздерінің туыстарына, жақындарына пара бергендігі туралы айтады. Осы мән-жайларды ескере отырып тергеуші жауап алу кезінде арызданушыдан лауазымды тұлғамен кездескеннен кейін кіммен кездескеңдігін, ол туралы кімге айтқандығын айқындауы тиіс. Әдетте куәлар шеңберіне: туыстары, таныс тұлғалары т. б. кіреді.

Пара қорқытып алынғанмен де, арызданушыдан сөйлесу кезінде лауазымды тұлғаның ұстамы туралы егжей-тегжейлі сұрауы керек.

Пара беру туралы ұсыныс қандай нысанда жасалды: пара беру туралы талап ашық, тура немесе астыртын түрде жасалды ма, қандай материалдық мүдде қорқытып алынғаны анықталуға жатады. Қажетті жағдайларда арызданушының жеке басы, жан жақты зерттелуі тиіс: сөз таратушы, жала жабушы, өсекші емес пе, жұмыста қалай сипатталады және т. б.

Осыған байланысты көршілерінен, туыс-таныстарының қызметтестерінен және т. б. сұрақ, мінездеме алынады, жеке ісі оқылады. 1

Кейбір жағдайларда полиция қызметкерлері, әсіресе учаскелік полиция қызметкерлері және жедел іздестіру қызметкерлері қажетті адам туралы құнды мәліметтер береді.

1 Криминалистика. М. Юрид. лит. 404 б.

Түскен мәліметтер тергеушіде арызданушыдан жауап алмай тұрып болуы керек, егер де олардың қажеттігі болса жауап алу кезінде қолдануға мүмкіндік туғызады.

Көбінесе парақорлар әрекеттің кез-келген сатысында қылмысын жасыру үшін шаралар жасайды және қылмыстың жасалғанын немесе оны жасыру үшін жасалған шаралардың шегін табу қиынға соғады.

Параны беру-алу тәсілі сонымен бірге парақорлықты жасыру тәсілі болып табылады. Мұндай тәсіл парақорлықтың қатысушылары жағдайды жасыра отырып жасырын қылмыс жасағандықтан "жасырын парақорлыққа жатады".

Параны беру және алу ашық және жасырын болуы мүмкін. Кейбір жағдайда пара пара алушыға іс жүзінде істемеген жұмысына жалақы ретінде беріледі.

Астыртын түрде жиі кездесетін парақорлықтың түріне заңсыз сыйақы беру жатады. Тағы да астыртын пара берудің тәсіліне пара алушының қымбат тұратын мүлікті өте арзан бағаға сатып алуы, пара алаушыға алдын-ала келісілген ақша сомасын немесе мүлікті картаға ұтылып қалу жатады.

Кейбір жағдайларда пара алушыға пара берушінің еңбек және материалдық, ақшамен көп шығыны кететінімен байланысты болатын ақысыз қызмет көрсету түрінде болуы мүмкін.

Мысалы: сот практикасы пара алушыға санаториге туристік жолдама, ұшақ, поезд, пароходқа және басқа да транспорт құралдарына ақысыз билет алып беруді пара беру ретінде қарастырады.

Лауазымды тұлғаға материалдық емес сипаттағы (мінездеме, ұсыным т. б. ) мүдделерді көрсету қаралып отырған қылмыс құрамын құрамайды. Жалпы алғанда лауазымды адамның сұрауы бойынша немесе өз бастамасы бойынша ол туралы шындыққа сәйкес келмейтін мақтаныш сөздерін жариялауды пара беру құрамы ретінде саралауға болмайды 1

1 Гришаев Ответстве. нность за дачу взягки. 1986 ж. 22-24 б.

Осындай сипаттағы істерді тергеу кезінде тергеуші сыйға тартушы мен сыйды алушы арасындағы қарым-қатынасқа пара берушінің лауазымды тұлғаның біріншінің мүддесіне әрекет жасауға мүдделілігіне ерекше көңіл бөлуі керек іс жүзіндегі мән-жайды зерттей отырып пара алған сезікті лауазымды тұлға мен сыйлық арасындағы қатынас анықталуы тиіс.

Тергеу және басқа да шараларды жүргізу шешімі тергеушінің қолында бар нақты материалдан шығады. Параны беру кезінде жеке қатынасқа түспеу үшін және сол арқылы қылмысты жасыру мақсатында пара затын почта арқылы жіберуге келісуі мүмкін. 2

Пара осылайша бірнеше тәсілдер арқылы берілуі мүмкін. Сондықтан да пара тек қана пара алушыға ғана емес, оның туысқандарьша жіберілуі мүмкіндігін ескеруіміз керек. Парақорлар параны беру немесе алуда осындай тәсілдерді қолданған кезде байланыс бөлімшелерінен затты жіберу және қабылдап алу фактісін, пара алушының үйінен почтамен аудару талонын, сәлемдеме және бандерольдер қарап ыдысын, почталық жіберілім, хабарламаларын табу және алу мақсатында тінту жүргізілуі керек. Пара берушіден почталық жіберілім түбіртегін іздеу керек. Кейбір жағдайларда жасырын параның кейбір нысандары мемлекеттік немесе қоғамдық қаражатты ұрлаумен байланысты болады. Тағы да парақорлардың бір нысаны ретінде ойдан табылған адам атына жалақы төлеуімен сипатталады. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды тергеу кезінде тергеуші басқа сұрақтармен бірге сыйақы тағайындау, еңбек шартына түру мән-жайларымен танысуы тиіс.

Парақорлықты жасыруға бағытталған құжаттарды алып, қарап шығып жалақы алынған жұмыстар орындалды ма, жоқ па орындаушы болып табылатын адамның іс жүзінде жұмыс істегендігін, оның осы жұмысты істей алу мүмкіншілігін және сол саладағы білімінің барлығын тексеру қажет.

2 Гришаев. Ответственностъ за дачу взятки 1986 ж. 22-24 б.

Тергеу жүргізу кезінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамның сол жұмысты істей алу мүмкіншілігіне байланысты тергеу экспериментін жүргізуге болады. Ол түлғаларға, әдетте, лауазымдық тұлғаның пара алғандығын әр түрлі мақсаттармен жасыруға әрекет еткен тұлғалар жатады. 1 Қаржылық құжаттарда қолы табылған тұлғаларяы анықтау үшін сот жазу тану экспертизасын тағайындау қажет.

Пара алушыдан жауап алу кезінде ол қандай жұмысты атқарғанын және оның маңызы неде екенін анықтау дұрыс болады. Кейбір жағдайда жауап беріп отырған адам жасалған жұмысының сипаты туралы айта алмайды. Жауап алуға тиісті адамдар қатарына, әдетте, жұмысты орындауға қатысқан және оған жауапты тұлғаларда кіреді. Куәлардың немесе дәлелдеме қайнар көзінің шеңбері, сонымен қатар жүргізілген тергеу әрекетінің сипаты нақты мән-жайларды ескере отырып анықталады. Пара алушыдан жауап алу кезінде оның айғақтарынан қарама - қайшылық табуға мүмкіндік беретін жауаптарын егжей-тегжейлі тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.

Соның ішінде айғақтардағы қарама-қайшылықтың себебін анықтау керек.

Зерттеліп отырған қылмысқа жоғарыда келтірілген криминалдық анализ (талдау) осы категориядағы қылмыстарды тергеу кезінде анықталуға жататын негізгі мән-жайларды орнықтыруга мүмкіндік береді:

1. Пара алушымен пара берушінің мүддесіне қандай әрекеттер (әрекетсіздік) жасалды және олар заңды ма, заңсыз ба (пара беру мақсаты) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Парақорлықтағы делдалдық
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Криминалистикалық тактика білім жүйесінде. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Парақорлық қылмыстар
Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz