Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
§1. Режимнің ұғымы, оның қызметі және негізгі талаптары. 4
§2. Түзеу мекемелеріндегі режимнің негізгі мазмұны 8
§3. Режимнің түрлері және әр түрлі түзеу колонияларында жазаны атқарудың
тәртібі мен жағдайлары. 10
§4. Түрмелерде жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары 15
§5. Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары 18
§6. Режимді белгілеудің және өзгертудің тәртібі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Кез келген заң бұзылушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға,
белгілі-бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз – қоғам үшін
ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің
құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез-келген әлеуметтік топтың
адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай,
қазақтар, орыстар, тағы да басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа
тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егер егде адам қысмыс жасаса, оның
балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, үйде үнемі
дау-жанжал болып түрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді.
Көптеген қылмыскерлер осындай отбасынан шығады.
Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті бұрынғы саяси құрылысқа қарағанда
әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізгі емес. Бірақ,
өкінішке орай қылмыс азаймай отыр, тіпті көбейіп кету тенденциясы да бар.
Кейбіеулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынан десе, ал
кейбіреулері керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан
не кешпейді, теңге тазалау да, кескілеп өлтіру де, отқа тағып жіберуде –
бәрі де болады. Бірақ та бұлардың барлығы қылмыс жасауды тоқтата алмады.
Мүмкін, әлде қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп
тұрғанда бола беретін құбылыстар ма?
Қылмыстық атқару заңы да, басқа заңдар саласы тәрізді, дамуды,
жетілдіруді қажет етеді. Өйткені Қазақстан Республикасы аумағындағы жазаны
атқарушы мекемелер қызметіғана емес, сонымен бірге қылмыстық - атқару
заңында қарастырылуға жататын мәселелер де дұрыс әрі тиімді шешілуі керек.
Қылмыстық – атқару қызметі басқа да құқық қорғау қызметі түрлері мен,
мысалы сот, прокуратура, ішкі істер органдары қызметімен байланыста
жүргізіледі. Яғни соттаушының жаза өтеуі қылмыстықпен айналысатын барлық
құқық қорғау органдары қызметінен тыс қалмайды.
Алдағы тақырыпта әртүрлі режимдердегі түзеу мекемелерінде жазаны
атқару тәртібі туралы мәселе қарастырылады. Жалпы режимнің түлі, бұл түзеу
колонияларының түрін білдіреді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын
түзеу мекемелеріне мыналар жатады: түзеу колониялары; түрмелер; тәрбиелеу
колониялары; емдеу – түзеу мекемелері.
Бұл түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамға қауіптілік деңгейіне,
олардың жасына, сондай – ақ денсаулық жағдайына қарай өзара ажыратылады.

§1. Режимнің ұғымы, оның қызметі және негізгі талаптары.

Режим дегеніміз – бұл қылмыстық – атқару құқығы нормаларымен
реттелетін бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мен атқарудың тәртібі болып
табылады. Яғни, түзеу мекемелеріндегі режим, белгелі – бір нормативтік
актілер арқылы, дәлірек айтқанда қылмыстық атқару заңымен анықталып, түзеу
мекемелеріндегі ішкі тәртіп ережесімен, әділет министрлігінің өзге
бұйрықтарымен толықтырылады. Режим бас бостандығынан айыруға
сотталғандардың жаза өтеу мәселелеріне арналғандықтан, оның мазмұны, көлемі
толығымен нақтызаңдарда бейнеленуге жатады. Бұл – біріншіден, ал екіншіден,
режим бас бостандығын айыру жазасына ғана қолданылады. Бас бостандығынан
айыру жазасына сотталғандардың қауіптілік деңгейі әр түрлі болуына
байланысты, режим де әр түрлі деңгейдегі құқықтық шектеулерді қолданады.
Мысалы, түзеу колонияларындғы әр түрлі режимдер бір-бірінен құқықтық
шектеулердің көмегі, яғни берілген құқықтар мен қойылатын талаптардың
көлемі арқылы ажыратылады.
Бас бостандығынан айыру жазасына режим белгілегенде, режимнен
туындайтын қатаң талаптардың сақталуы арқылы сотталғандарды түзеу
көзделеді.
Режим – аталған жаза түрін өтеу мен атқарудың тәртібін белгілейді.
Жалпы, қылмыстық атқару заңының қылмыстық заңда көзделген жазалардың
барлығының атқарылуы мен өтелуінің тәртібі мен жағдайларын қарастыратыны
белгілі. Ал бас бостандығынан айыру жазасына келгенде, қылмыстық-атқару
заңы өз міндетін режимді белгілеу немесе оны қолдану арқылы атқарады.
Демек, режим бас бостандығынан айыру жазасына қылмыстық атқару заңының
мақсатын орындайды. Жазаны өтеу мен атқарудың тәртібі дегенде, өтеу
сотталған адамдарға мемлекет тарапынан қойылатын міндет, талапты білдіреді.
Ал, атқару қызметі – ол қоғамның осы санасынан туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттеуге арналған, заңмен белгіленген мемлекен жұмысы.
Сондықтан жазаны өтеушілер қашанда сотталғандар, ал атқарушылар – ол әр
уақытта мемлекет атынан арнайы ұйымдастырылған түзеу мекемелері.
Режим – сотталғандарды түзеу бағытындағы басқа да құралдарды
қолдануға жағдай жасайтын іргетас болып табылады. Ол, осы түзеу жасай
отырып, оның қолданылуын қамтамасыз етеді.
Режимнің қамтамасыз етушілік қызметі, сотталғандарды тәрбиелеу
құралдарын және жазаның мазмұны іске асыру үшін құқықтық жағдай туғызумен
көрінеді. Бас бостандығынан айыру жазасындағы сотталғандарды түзеу
тәрбиелеу жұмыстары режимнің мазмұнына енгендіктен, мәжбүрлі түрде
қолданылады.
Режимнің тәрбиелік және жазалаушылық қызметі, тек сотталған адамдарға
қатысты болса, ал режимнің қамтамасыз етушілік қызметі басқа да
субъектілерге және түзеу колониясының жапсарлас де қатысты болып табылады.
Режимнің әлеуметтік бақылау қызметі, сотталған адамдардың және өзге
де адамдардың алдағы уақытта қылмыстар жасауынан сақтандыруға арналған.
Режимнің бұл қызметі құқықтық қатынасқа түсуші барлық субъектілерге
қолданылады. Сонымен қатар режимнің бұл қызметі түзеу мекемесі аумағына
ғана емес, жаза өтеу мәселесіне қатысты басқа да жерлерге таралады.
Режимнің осы аталған қызметтері күзеу мекемелерінде бір уақытта қатар
жүргізіле отырып, бұл қызметтер бір-бірінің орындалуына жағдай жасайды және
кешенді түрде орындалу барысында бірін бірі толықтырады.
Режимнің мақсатын, қызметін жүзеге асыру үшін ол белгілі бір
талаптарға сай болуы тиіс. Сол талаптар төтеп бере алғанда, қылмыстық -
атқару заңының осы саладығы қызметі жүзеге асырылады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары
мыналар болып табылады.
– сотталғандарды қоғамнан оқшалау;
– үнемі күзет және бақылау жүргізу;
– соталғандарға жүктелген міндеттің орындалуы;
– түзеу мекемелеріндегі барлық адамдардың жеке басы қауісіздігін
қамтамасыз ету;
– сотталғандардың заңда мүдделері мен құқықтырыніске асыру;
– сотталғандарды санатарға бөліп, оларды бөліп ұстау;
– түзеу мекемелерінің түрлеріне қарай оларға жаза өтеу кезінде әр
түрлі жағдайларды белгілеу;
– жазаны өтеу жағдайларын өзгерту.
Режимнің маңызды талаптарының бірі сотталғанның жасаған қылмысының
қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына, оның жеке басына және жаза
өтеудің әртүрлі жағдайларында ұстау болыптабылады. Бұл талап сотталғандарды
санаттарға бөле отырып, оларға әртүрлі деңгейдегі жазалау шараларын
қолдануға тиімді.
Режимнің талаптарын сотталғандар түзеу мекемесіне келіп түскеннен
бастап басынан кешіреді. Оларға, түзеу орындарына келген кезде пайдалана
алатын құқықтары, оның көлемі, белгіленгін тәртіпті бұзбау керек екендігі,
белгіленген тәртіпті бұзбау керек екенді, ал бұзылған жағдайда жазалау
шараларына тұратындығы ескеріледі. Осы кездерде – ақ әрбір сотталғанның
жеке басы зерттеліп, өзі тәріздес адамдардың отрядына жіберіледі және жеке
іс қағаздары толтырылады. Сотталғанның жеке ісіне оның мінез-құлқы,
орындайтын жұмысының түрі тәрізді, оған қатысты барлықмән-жайлар
баяндалады. Режимнің талаптары түзеу меекмесіндегі ішік тәртіп ережесінде
ашық бейнеленген. Бұл нормативтік актіде, жаза өтуге қойылатын талаптардың
сақталуы үшін сотталғандарға және түзеу мекемесіне қатысты талаптардың
барлық жағдайлардың детальдары нақтылана қарастырылған.
Режимнің негізгі талаптарының бірі - сотталғандар мен ондағы қызмет
жасайтын өзге де адамдардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып
табылады.
Режимнің келесі талаптарының бірі-сотталған адамдарды әртүрлі
санаттарға бөліп ұстау болып табылады. Осы талапты қолдану арқылы олардың
қауіптілік деңгейіне байланысты әр түрлі дәрежедегі тәрбиелеу жұмыстары
белгіленеді.
Сонымен, бұл талаптардың барлығы, бас бостандығынан айыру жазасын
атқаруға байланысты түзеу мекемелерінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс
шешу үшін кепілдік беретін қатал тәртіпті сақтауға арналған.

§2. Түзеу мекемелеріндегі режимнің негізгі мазмұны

Бұл режимнің мазмұны жазаны өтеу және атқару тәтібіне байланысты бір
тектес қоғамдық қатынастардын құралады. Режимнің мазмұны дегеніміз – бас
бостандығынан айыру жазасына қатысушы құқықтық қатынас субъектілердің,
жазаны өтеу және атқару тәртібінен туындайтын және реттелетін ережелердің
түрлері болып табылады.
Режимнің мазмұнын үш түрде бөліп қарастыруға болады: 1) түзеу
мекемелерінің қызметтеріне қатысты ережелер; 2) сотталған адамдарға қатысты
ережелер; 3) түзеу мекемелерінде немесе оған қарасты жерлерде жұмыс
істейтін өзге де азаматтарға қатысты ережелер.
Сотталғандарға қатысты түзеу мекемелеріндегі режимнің негізгі мазмұны
мыналардан құралады:
– сотталған адамдардың азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі
қажетті заттарды сатып алуы;
– сотталғандардың әдебиет құралдарын пайдалануы және жазу керек-
жарағын сатып алуы мен сақтауы;
– түзеу мекемелерінде сотталғандардың кездесулер өткізуі және
телефон арқылы сөйлесуі;
– бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша
аудармаларын жіберуі және алуы;
– сотталған адамдардың сейілдеуі;
– кинофильмдер мен телеқойылымдарды көруі және радиохабарлар
тыңдауы;
– түзеу мекемелерінен тысқары қысқа мерзімді жол жүруі;
– бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауынсыз жүруі;
Түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіп ережесі сотталғандардың жаза өтеу
кезеңіндегі олардың өмір кейпін анықтайды.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілерге, режимнің түріне
байланысты бір жылға есептегенде әр түрлі көлемде кездесулер өткізуге
рұқсат етіледі сотталған кездесулерді отбасы мүшелерімен және ең жақын
туыстарымен, сондай-ақ адвокатымен өткізуге құқылы. Кездесулерді мерзімнің
ұзақтығына қарай 3-түрге бөлуге болады: 1) қысқа мерзімді; 2) түзеу
мекемелеріндегі ұзақ мерзімді кездесу; 3) түзеу мекемесінен тысқары жердегі
ұзақ мерзімді кездесу.
Қысқа мерзімді кездесу-түзеу мекемесінің арнайы белгіленген жерінде 2
сағаттан 4 сағатқа дейін өткізіліді. Қысқа мерзімді кездесу отбасы
мүшелерімен, сонымен қатар өзге адамдармен, яғни достары, туыстарымен
өткізіледі.
Ұзақ мерзімді кездесу – сотталғанның ең жақын туыстарымен, яғни
әйелімен, ата-анасымен, балаларымен, асырып бала қылып алғадармен,
балаларымен, әпке – қарындастарымен, немесе әжесімен, немерелерімен
өткізілу мекемесінентысқары жердегі ұзақ мерзімді кезесулер, ұзақтығы 5 –
тәулікке берілді және мұндай кездесудің өтетін жерін түзеу мекемесінің
бастығы белгілейді.
Түзеу мекемелеріндегі режимнің маңызды элементтерінің бірі –
сотталған адамдардың түзеу мекемесінен тысқары жол жүруі болып табылады.
Жол жүру құқығы түзеу колонияларында, тәрбиелеу колонияларында, сондай – ақ
тергеу изоляторы мен түрлерінің шаруашылық жұмыстарын орындау үшін
қалдырылған сотталған адамдарға беріледі.
Түзеу мекемесіндегі немесі оған жапсарлас аумақтардағы өзге де
азаматтарға қатысты режимнің ережелері.
Түзеу мекемесі аумағында, мекеме әкімшілігі қызметкерлері мен
сипатталған адамдардан басқа, әр түрлі топқа жататын азаматтар бола алады.
Оларға: діни қызметкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының
лауазымды адамдары, сот, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, кездесу
өткізуге келген соттаушылардың туыстары және түзеу мекемесінің әр түрлі
жұмыстарын атқару үшін сырттан шақырылған жалдамалы жұмысшылар (олар,
дәрігерлер, аспаздар т.б.) болуы мүмкін.

§3. Режимнің түрлері және әр түрлі түзеу колонияларында жазаны атқарудың
тәртібі мен жағдайлары.

Режимнің түрі – түзеу колонияларының түрін білдіреді. Бас
бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу колониялары төрттүрге бөлінеді:
– түзеу колониялары;
– түрмелер;
– тәрбиелеу колониялары;
– емдеу түзеу мекемелері;
Бұл аталған түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамға қауіптілік
деңгейіне, олардың жасына, сондай – ақ денсаулық жағдайына қарай өзара
ажыратылады. Ересек кәмелетке толған сотталғандар жазаны түзеу
колонияларында немесе түрмелерде өтеді, ал кәмелетке толмағандар тәрбиелеу
колонияларында өтеді. Денсаулығы нашарлағандар, науқасқа шалдыққан
сотталғандар жазасын емдеу – түзеу мекемелерінде өтеді. Түзеу колониялары
сотталғандардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, сипатын және қылмыскердің
жеке басының қауіптілігіне қарай қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң және
ерекше режимдегі колонияларға бөледі.
Қоныстану колонияларында – абайсыздықта жасаған қылмысы үшін 7-жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар және жалпы,
қатаң режимдердегі түзеу колонияларынан түзелу бағытына түскендігі үшін,
көтермелеу шарасы ретінде ауыстырылғандар өтейді. Бірақ абайсыздықтағы
қылмысы үшін сотталғандар мен түзеу колонияларынан қоныстану колонияларына
ауыстырылғандар жазаларын бір-бірінен бөлек өтейді. Барлық қоныстану
колонияларында жаза өтеудің жағдайлары бірдей. Қоныстану колониясында
жазасын өтеушілер, колония ішіндегі арнайы жатақханаларда тұрады.
Жатақхананың сыртқы есіктері әкімшілік арқылы жабылмайды. Егер, сотталған
отбасымен тұрғысы келсе, онда әкімшілік ол сотталғанның мінез-құлқы қауіпті
болмағында, рұқсат бере алады. Мұндай жағдайда ол колония аумағынан сырт
жерлердегі жатақханада немесе үй жалдап тұрады және айына 4-рет келіп
қоныстану колониясының әкімшілігіне тіркеліп тұруға міндеттеледі.
Жалпы режимдегі түзеу колонияларында маңызы ауыр емес, орташа ауыр
және ауыр қылмыстарды қасақана жасалғандары үшін, бас бостандығынан айыру
жазасына бірінші рет сотталғандар және абайсыздықта жасағаны үшін 7-жылдан
астам мерзімге сотталғандар жазасын өтейді. Мұнымен қатар, жалпы режимдегі
түзеу колонияларында қоғамдық жұмыстар, түзеу колонияларында қоғамдық
жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларын және қоныстану
колониясында жазаны өтеудің тәртібін қасақана бұзғандығы үшін
ауыстырылғандар, сонымен бірге 18-жасқа толғаннан кейін жазаны әрі қарай
өтеу үшін тәрбиелеу колонияларынан ауыстырылғандар және түрмеде сот
белгілеген мерзімді өтегеннен кейін жалпы режимге ауыстырылғандар да жаза
өтейді.
Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеудің жеңілдікті,
жеңілдетілген, дағдылы және қатаң жағдайлары белгіленген. Жаза өтеудің
мұндай жағдайларында, әртүрлі санаттарға жататын сотталған адамдар
ұсталады.
Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеушілер жатақханаларда
тұрады, себебі олардың қауіптілігінің аса жоғары болмауы камералық тұрғын-
жайды қолдануды қажет етпейді. Бұл жаза өтеу орнындағы сотталғандардың
санттары әртүрлі болғанымен, олар жаза өтеу жағдайына қарай бірдей дәрежеде
жаза өтеп, бірдей талаптар мен құқықтарды жүзеге асырады.
Жалпы, қатаң немесе ерекше режимдердегі түзеу колонияларының жаза
өтеу жағдайларының бір-бірінен айырмашылығы - сотталғандардың посылка,
бандероль, сәлемдеме алуға, кездесулер өткізуге және азық-түлік өнімдерімен
бірінші қажетті заттарды сатып алуға деген құқықтарының көлемінде, сондай-
ақ тұратын тұрғын жайының түрінде болып табылады.
Жоғарыда айтып кеткендей жалпы режимдегі түзеу колониялрында жазасын
өтеушілер жатақханаларда тұрады. Олардың жатақханаларында клуб, монша,
кітапхана, асхана, шеберхана, медсанбөлім орналасқан тұрғын колонияда
болады.
Қатаң режимдегі түзеу колонияларында аса ауыр қылмысы үшін бас
бостандығынан айыру жазасына бірінші рет сотталғандар және бұрын қасақана
жасаған қылмысы үшін бас бостандығын айыру жазасын өтеген қылмыстардың
рецидивіндегілер мен қауіпті рецидивіндегі ер адамдар, сондай-ақ
қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегі әйел адамдар өтейді. Мұнымен қатар,
қоныстану колониясында жаза өтеудің тәртібін қасақана бұзғандар және
түрмеде жазаның сот белгілеген көлемін өтеп ауыстырылғандар қатаң режимдегі
түзеу колонияларында ұсталады.
Қатаң режимдегі түзеу колониялары сотталғандардың санаттарына қарай әр
түрлі болады. Бас бостандығынан айыру жазасына аса ауыр қылмысы үшін
бірінші рет сотталғандар мен бұрын бас бостандығынан айыру жазасын
өтегендер жазаны бір-бірінен бөлек өтейді.
Қатаң режиміндегі түзеу колониялары да, жалпы режимдегі түзеу
колониялары тәрізді, жаза өтеудің жеңілдікті, жеңілдетілген, дағдылы және
қатаң жағдайларынан құралады.
Қатаң режимдегі түзеу колониясында жаза өтеу белгіленген сотталғандар,
алғашында колонияға келіп түскенде, жазаны дағдылы жағдайда өтеуден
бастайды. Тек бас бостандығынан айыру орындарында қасақана жасаған
қылмыстары үшін, қайта сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайда өтеуге
жіберіледі. Жаза өтеудің, қатаң жағдайының 9 айында режим талабын
бұзбағандар мен жеңілдетілген жағдайда жаза өтеу тәртібін бұзғандар дағдылы
жағдайға ауыстырылады.
Ерекше режимдегі түзеу калонияларында қылмыстың аса қауіпті
рецидивіндегі сотталғандар және өмір бойына бас бостандығынан айыру
жазасына сотталғандар, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырумен
немесе 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандар өтейді. Ерекше
режимдегі түзеу мекемелерінде, бұл сотталғандар жазаны бір-бірінен бөлек
жағдайда өтейді.
Ерекше режимдегі түзеу колонияларыда жаза өтеуші сотталғандар жалпы
немесе қатаң режимдегідей қара түсті киімдер емес, ерекше ал түсті (көк,
қара түстермен жолақтатылған) киім үлгісін киеді.
Ерекше режимдегі жаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
Қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жаза өтеу тәртібі
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан айыру жазасының ерекшелігі
Бас бостандығынан айыру жазасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Бас бостандығынан айыру жазасынын мазмұнын ашу
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Пәндер