Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ2

Меншiк құқығының жалпы түсінiгi мен мазмұны. 3

Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi. 5

Заттық құқықтың пайда болуы мен тоқтатылуы. 12

Шетелде национализациялау заңдарын қолдану. 17

ҚОРЫТЫНДЫ23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:25

КIРIСПЕ

Меншiк мәселесi қазiргi заманғы халықаралық қатынастарда алуан түрлi болып келедi. Кез-келген құқық жүйесiнде меншiк құқығы маңызды орынға ие институты болып табылады және осы институтқа басқа институттардың мазмұны мен нысанын ұсынады. Сол үшін де әлемнiң барлық Конституцияларында меншiктiң мазмұны ашылған.

Батыс елдерiнде халықаралық жеке құқық курсында дәстүрлi түрде меншiк құқығының бөлiмiн коллизиялық мәселелерге ерекше түрде әкелiп теңестiредi. Сонымен қатар, национализациялау мәселесi, табиғи ресурстарды өңдеудегi шетел капиталының қатысу мәселесi, шетел инвестиция режимiнiң мәселелерi коллизиялық сипаттағы мәселеге теңестiрiлуi мүмкiн емес және олармен қатар қарастырылуы қажет.

Мемлекеттiң шетелде орналасқан оның меншiгiне деген заттық құқығын тануы өте үлкен теориялық және практикалық маңызға ие. Бiр мемлекеттiң құқығы, басқа мемлекеттiң сондай құқығының бар болғанына объективтi фактi ретiнде тануы қажет.

Осы қағиданы тану үшін Кеңес Үкiметi ұзақ күресiн жүргiздi. Бұл күрес Гаага және Генуя конференцияларында жүргiзiлдi. Бұл кезде Кеңес Үкiметiне национализациялау құралдары мен өңдiрушi амал-тәсiлдерiнен бас тарттыру үшін мәжбүрлеуге талпыныстар жасады. Бұл күрес шетел соттарында жүргiзiлдi, себебi олар Кеңес Үкiметiнiң меншiк құқығына шетелдегi жай жеке меншiк ретiнде көруге тырысты, және олар шетелде орналасқан национализацияланған меншiгiн СССР-дiң меншiк құқығын мойындамады.

Меншiк құқығының жалпы түсінiгi мен мазмұны .

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң қамтамасыз етiлуi.

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. 1

Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiлiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.

Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi

Көптеген мемлекеттердiң заңнамаларында қозғалмайтын мүлiк құқығы мен қозғалатын мүлiк құқығының арасындағы айырмашылықтар жүргiзедi. Қозғалмайтын мүлiк қатынастарындағы заңнамаларында, осы мемлекеттердiң сот практикасы мен доктринасында, қозғалмайтын мүлiктiң меншiк құқығына сәйкес қағидасын ұстанады және мүлiктiң орналасқан жерiнiң заңымен реттеледi. Бұл заң қозғалмайтын мүлiкке деген меншiк құқығының мазмұнын және мүлiкке құқықтың нысаны мен шарттарын өтуiн анықтайды. 2

Қозғалатын мүлiктiң ережесi едәуiр күрделi болып келедi. Бұған әдетте: ақша, бағалы қағаздар, көлiк құралдары, жеке заттар т. б. құқық талаптары жатады. Осы санаттағы қатынастар кез-келген мемлекеттердiң мүлiктерi заттың орналасқан жердiң заңының қағидасы жөнiндегi мәнi бойынша мәселелерi әртүрлi шешiледi. Алайда, қозғалатын мүлiктiң режимi қатынастарында, жоғары да көрсетiлген қағида бойынша шешушi маңызға ие.

Бiрiншiден, жалпы танылған болып есептелiнедi, егер кез-келген мемлекетте зат заңды түрде сол мемлекеттiң заңы бойынша меншiк белгiлi бiр тұлғаға өтсе, онда заттың орналасқан жердiң өзгеруi, берiлген заттың меншiк құқығы сол меншiк иесiмен сақталынады. Сонымен, шетелде иеленген затқа меншiк құқығы танылады.

Екiншiден, егер меншiк иелену құқығының ауқымдылығы заттың орналасқан жердiң заңымен белгiленсе, жалпы танылған болып есептелiнедi. Осыдан келiп, заттың бiр мемлекеттен басқа мемлекетке өтуi (әсiресе қозғалатын мүлiкпен болған кезде), сәйкесiнше меншiк иелену құқығының мазмұны да өзгередi. Осыдан заттың белгiлi бiр мемлекетке өтуiне дейiн, меншiк иеленушiнiң қандай құқықтарға ие екенi ешқандай маңызы жоқ. Затқа деген меншiк құқығы, мысалы шетелдiктiң өзiнiң туған жерiнде иеленген болып танылса, бiрақ бұл құқықтың мазмұны оның мемлекет азаматтығының заңымен емес, заттың орналасқан жердiң заңы бойынша анықталады.

Халықаралық жеке құқықтың доктриналарында әртүрлi көзқарастар бар, яғни қандай заң меншiк құқығының ауысуын реттейдi, егер заттың орналасқан жерi басқа мемлекетте пайда болса. Бiр мемлекеттердiң доктринасында заттың орналасқан жердiң заңын қолдану туралы айтылса, басқа мемлекеттерде меншiк иеленушiнiң жеке заңын қолдануды қалайды.

Ұлыбританияда және АҚШ-та ұзақ уақыт бойы, қозғалатын мүлiк құқығына, меншiк иеленушiнiң жеке заңының қағидасына сәйкес анықталынады. Дайси курсында жеке заңның қағидасынан заттың орналасқан жердiң қағидасына ауысуына көңiл бөлген.

Францияның заңы бойынша меншiк құқығының қозғалатын мүлiкке ауысуы заттың орналасқан жердiң заңымен анықталады; сол кезеңде мұрагерлiк құқықта мүлiктiң ауысуы мұра ретi бойынша, жиi болып, мұра қалдырушының жеке заңы бойынша анықталады. Алайда, жеке заңның қағидасы қазiргi заманғы доктринада жалпы ереже ретiнде ерекше түрде қарастырылады. Бұл қағида тек бөлек мемлекеттердiң заңнамаларында (Аргентина, Бразилия) сақталуын жалғастырады.

Сонымен, ереже ретiнде, lex rei sitae қағидасы жалпы қандай заттар меншiк құқығының объектiсi бола алады, меншiк иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемi мен мазмұны және әсiресе жиiрек меншiк құқығының пайда болуы, ауысуы мен тоқтатылуын анықтайды. 3

Сонымен қатар, меншiк құқығының қатынастарынан шығатын коллизиялық мәселелер жеке халықаралық келiсiмдерiмен де реттелiнедi.

«1958 жылғы Халықаралық сатып алу-сату туралы» Гаага Конвенциясы, «1948 жылғы Әуе кемесiнде халықаралық құқықты тану туралы» Женева Конвенциясы, 1928 жылғы Бустаманте Кодексi т. б.

1958 жылғы Гаага Конвенциясында меншiк құқығының мәселесi шешiлген. Бұл Конвенцияда, меншiк құқығының ауысуы және заттың, тауардың кездейсоқ жойылуы кезiнде, бұл зат немесе тауар орналасқан жердiң заңы қолданылады деп жазылған.

1948 жылғы Женева Конвенциясында айтылғандай, меншiктiң мәселелерi әуе кемесi тiркелiнген мемлекеттiң заңымен шешiледi. 4 Орталық және Латын Америка мемлекеттерi арасындағы қатынастарды реттейтiн Бустаманте Кодексiнде, меншiк құқығының қағидаларының шешiлуi заттың орналасқан жерi болып табылады. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктiң орналасқан жердiң заңымен, сонымен қатар осы мүлiкке қатысты ескiру мерзiмi туралы мәселенi реттейдi.

Бұл қағида көптеген мемлекеттердiң меншiк мәселесiн реттейтiн заңнамаларын анықтаушы болып табылады. ФРГ мен Швейцарияда билiк ету ескiру қажеттiлiгi он жылға белгiленген; бұл мерзiм бiткеннен кейiн ерiктi иеленушi бұл заттың иесi болады, яғни бұл егер сол не басқа зат ФРГ немесе Швейцарияда орналасқан болып, басқа мемлекеттiң жеке тұлға не, заңды тұлғалары сол затты талап етсе, сот сәйкесiнше, Германия немесе Швейцарияның азаматтық заңнамасын қолданады және Кодекстерде белгiленген билiк етудiң ескiру шегiне басшылық етедi. 5

Қазақстан Республикасында меншiк құқығы зат қай мемлекетте орналасқан жердiң заңы бойынша анықталады. Сондай-ақ затқа деген меншiк құқығы пайда болған, оның орналасқан жердiң заңымен тоқтатылмайды, өйткенi зат бiр жерден екiншi жерге ауысатын болып табылады.

Сол немесе басқа мемлекеттердiң үкiметiмен шетел мемлекеттерiнiң азаматтары концессиялық шартқа отырған кезде, қатынастарды ескеру қажет. Қазақстанның тарихында революцияға дейiнгi уақытта және Кеңес Үкiметi кезеңiнде бiрнеше концессиялық шарттар жасалынған. Кеңестiк кезеңде, Кеңес Үкiметiмен жасасқан концессиялық шарттар құқықтық тұрғыда емес, бұзылған және шетел концессионерлерi мемлекеттен кетуге мәжбүр болды.

Концессиялық шарттар халықаралық болып аталуы немесе аталмауы мүмкiн. Осыған байланысты, шартқа қол қойған мемлекет шартты бұзбауы керек, егер де мұндай шарттың тоқтатылуы жариялық сипатпен болса, онда мемлекет концессионерге барлық шығындарын және осыған байланысты жiберiлген пайдаларын да өтеуге мiндеттi.

Мемлекеттiк тiркелуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқық осы көлiк құралдары немесе мүлiк мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

Халықаралық практикада ерекше күрделi жағдайлар, бұл жолдағы тауар шарттың пәнi болып табылса. Мысалы, тауар теңiз немесе темiр жол арқылы тасымалданса, ал тараптар заттың жолда келе жатқан кезiнде оған меншiк құқығының ауысуы туралы шарт жасаса, онда қандай құқықты қолдану керек: тауарды жiберген елдiң, тауарды тағайындаған немесе заттың орналасқан кез-келген межелi пунктiнде? Бұл жағдайда заң затты жiберген жердiң заңын қолданады. 6 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1110-бабына сәйкес, мәмiле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығымен анықталады.

Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушiнiң таңдауы бойынша мүлiк тұрған елдiң құқығы немесе сот елiнiң құқығы қолданылады .

Қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлiк тұрған елдiң құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

Заттық құқықтың пайда болуы мен тоқтатылуы.

«Мүлiкке заттық құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы, шарттың пәнi болып табылатын, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмеген жағдайда, шарт жасалған жердiң заңымен анықталады». Яғни бұл тараптардың ерiктi автономды қағидасы негiзiнде қабылданғанды бiлдiредi. Егер де шартта тараптар осы мәселенi шешпесе, онда коллизиялық lex loci contractus қағидасы өз әрекетiн жүзеге асыра бастайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1108-бабына сәйкес, мүлiкке заттық құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшін негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.

Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысаны болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.

Алыну мерзiмiнiң ескiру салдарынан мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзiмiнiң ескiрген кезiнде болған елдiң құқығымен анықталады.

Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.

Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып қоюға жол берiлмейдi, бұған мына негiздер:

меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;

заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;

реквизицияланған;

тәркiлеген;

жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған;

күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер;

және тағы да өзге реттер кiрмейдi. 7

Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол жариялайды, не бұл мүлiкке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетiнсiз өзiнiң мүлiктi иеленуден, пайдаланудан және оған билiк етуден шеттейтiн айқын дәлелдейтiн басқа да әрекеттер жасайды.

Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын алған кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. 8

Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

Ақы өндiрiп алынатын мүлiкке меншiк иесiнiң меншiк құқығы заңдарда көзделген тәртiп бойынша меншiк құқығы көшетiн адамның алып қойылған мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Егер заң құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл мүлiктi меншiк иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.

Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде заң құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етiлетiн зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде болып шықса, ал меншiк иесiне оны беруден бас тартылса, бұл зат осы меншiк иесiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк үшін белгiленген тәртiп бойынша иелiктен айыруға тиiс.

Дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлiк қоғам мүддесi үшін мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн (реквизиция) .

Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаны оны сот тәртiбiмен даулауына болады.

Мүлiктi реквизицияланған адам реквизиция жүргiзуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi өзiне қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.

Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлiк меншiк иесiнен жасаған қылмысты немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрiнде сот тәртiбiмен тегiн алынуы мүмкiн (тәркiлеу) .

Мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi.

Меншiк иесi меншiк құқығын тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен келiспеген жағдайда оны дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi.

Осы ережелер мемлекеттiк органның мүлiк орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа учаскелердi алып қою туралы шешiмiне байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде қолданылады.

Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың меншiк иесi бұл қазыналарды күтiп ұстамай, бұл олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкiн.

Мәдени қазыналар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардың келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардың құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесi сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

Меншiк құқығы тоқтатылған кезде мүлiк оның нарықтық құны негiзге алына отырып бағаланады.

Шетелде национализациялау заңдарын қолдану.

«Национализациялау» - дегенiмiз бұл мемлекеттендiру, яғни жеке меншiктiң мүлкiн алып қою және оны мемлекеттiң меншiгiне беруi. Национализациялаудың нәтижесiнде мемлекеттiң меншiгiне жеке-дара объектiлер емес, экономиканың бiртұтас салалары өтедi. Национализациялауды мемлекеттiң жалпы шаралары ретiнде, әлеуметтiк-экономикалығ өзгерiстердi жүзеге асыру бойынша мемлекеттiң меншiгiнен жеке объектiлердi алып қою шаралары сияқты экспроприацияны және жеке тәртiптiк жазалау шаралары сияқты тәркiлеудi ажырату керек. 9

Национализациялаудың сипаты кiммен және ол қандай мақсаттарда жүргiзiлгенiне байланысты болады. 1917-1920 жылдарда жерлердiң, банктердiң, кәсiпорындар мен сауда мекемелерiне т. б. Кеңес Үкiметiмен национализациялау жүргiзiлген.

Национализациялау бойынша шаралар Шығыс Европа мен Азия елдерiнде жүзеге асырылды. Жеке меншiк құқығының национализацияланған мүлкi жойылып, және социалистiк меншiк құқығының мазмұны бойынша жаңадан пайда болған социалистiк национализациялауды бiлдiрген. Кейiннен жас мемлекеттер өздерiнiң экономикалық тәуелсiздiкке қол жеткiзгендерi үшін колониалды тәуелдiктен босау кезiндегi күресте национализациялау өте маңызды тәсiлi болды. Нақты жағдайларға байланысты национализациялау жолымен құрылған мемлекет секторының процесi осы мемлекеттерде әртүрлi болды: шетел капиталына жататын, бiр мемлекеттерде тек меншiк национализацияланды, ал басқа мемлекеттерде жергiлiктi жеке капитал да қозғалынды. Национализациялау сондай-ақ жоғары дамыған Батыс елдерi қатарында да жүргiзiлдi.

Кез-келген мемлекеттiң жеке меншiктi национализациялау құқығы, сонымен қатар шетелдiктерге жататын құқықтар халықаралық құқықпен жалпы таныған - мемлекеттердiң егемендiлiк қағидасынан шығады. Национализациялаудың жүзеге асырылуы - бұл мемлекеттiң егемендiлiгiн көрсететiн нысаны болып табылады.

Әр мемлекет егемендiлiк күшi негiзiнде, өзiнiң саяси және экономикалық жүйесiн, өзiнiң меншiк құқығының жүйесiн белгiлейдi. Мемлекет меншiк құқығының сипаты мен мазмұнын, оның иеленуi, ауысуы және күшін жоғалтуын белгiлеу сияқты ерекше құқыққа ие.

Мемлекет өзiнiң табиғи ресурстары мен байлықтарына ерiктi түрде билiк ету құқығын қоса алғанда, мемлекеттiң национализациялауға деген құқығы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резолюциясымен бекiтiлген. Сонымен, 1952 жылғы 21 желтоқсандағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының өзiнiң IV сессиясында «Табиғи байлықтар мен ресурстардың еркiн эксплуатация құқығы туралы» №626 резолюциясын қабылдады. Мұнда «халық өзiнiң табиғи байлықтары мен ресурстарына еркiн билiк ету және оларды еркiн эксплуатациялау құқығы олардың ажырамас егемендiк құқығы және олар БҰҰ Жарлығының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес болып табылады». Резолюцияда барлық мемлекеттерге - БҰҰ-ның мүшелерiне, сол не өзге мемлекеттердiң табиғи байлықтарына байланысты, егемендi құқықтарының жүзеге асырылу мақсатына кедергi болатын тура немесе жанама әрекеттерден ұстану туралы айтылған. Сонымен қатар резолюцияда, шетелдiктердiң меншiктерiн национализациялауға мемлекеттiң құқығын шектей алатын немесе осындай национализациялау шарттарын жүргiзуiн белгiлейтiн едi. Алайда, национализациялауды жүзеге асырылуы мемлекеттiң iшкi уәкiлеттiгiне жататындықтан, ешқандай бiрде бiр халықаралық орган шетелдiктердiң меншiгiн национализациялау бойынша шараларды талқылай алмайды.

Халықаралық жария құқығы мемлекеттiң национализациялауды жүргiзуге құқығын таниды, бiрақ бұл мемлекет және жеке тұлға мен заңды тұлғаның арасындағы пайда болатын меншiк қатынастарын реттемейдi және реттей алмайды. Национализациялауды жүргiзу шарты халықаралық құқықпен емес, национализациялауды жүзеге асыратын мемлекеттiң iшкi заңымен анықталады.

Әртүрлi мемлекеттерде национализациялауды жүргiзуi тарихи, саяси және экономикалық жағдайларға байланысты, халықаралық жеке құқықтың проблематикасының көзқарасына қарай, национализациялаудың табиғи құқығына бейiмдi кейбiр жалпы түйiндi көрсету маңызды болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттық құқықтың коллизиялық мәселелері
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Коллизиялық норманың құрылымы және түрлері
Халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық ережелер
Коллизиялық ереже
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
Коллизиялық норманың құрылысы
Халықаралық құқық және мемлекеттердің заңдарын унификациялау мен гармонизациялау проблемалары
Халықаралық жеке құқық пәнінен дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz