Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы 4
1.1. Төңкеріс алдындағы Англия 4
1.2 Төңкерістің орын алу себептері 6
1.2.1 Қысқа парламент 8
1.2.2 Ұзақ парламент 9
1.2.3 Азаматтық соғыс 10
1.3 Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты 11
1.4 Стюарттар әулетінің қайтадан таққа отыруы 12
1.5 революция және оның салдары 13
2 ХVІІ ғасырдағы Англия 13
3 ХІХ ғасырдың басындағы Англия 15
4 ХІХ-ғасырдың соңы — ХХ-ғасырдың басындағы саяси өзгерістер 18
5 Британдық колониалдық империя 19
6 Ұлыбританияның құқығы 22
6.1 Шексіз монархия кезіндегі жағдай 22
6.2 Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain
and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр
мемлекет. Бұл мемлекет Үлкен жетілік елдерінің құрамына және ядролық
клубқа мүше ел болып табылады.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Қазіргі
таңдағы ең жан-жақты жетілген әрі орнықты мемлекетті басқару жүйесі де осы
ағылшындарда десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен
құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз
Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық
соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия,
Украина) төңкерістерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз
елімізде қолдана білуге итермелейді.
Осы жұмысымыз ағылшын-саксондық құқық жүйесін зерделеуге, оны ой
елегінен өткізуге арналған. Сонымен қатар буржуазиялық мемлекеттің орнауына
еңбек сіңірген Оливер Кромвельдің қарама-қайшылықты өмір тарихынан біршама
хабардар боламыз және Англияның буржуазиялық кезеңге өтудегі тап болған
тарихи қысылтаяң, тар жол тайғақ кешу заманасына көз жүгіртіп құқығының
даму үрдісін пайымдаймыз.

1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы

1.1. Төңкеріс алдындағы Англия

1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа
әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға
келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды
өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды
деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына
байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның
мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын.
Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді.
Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін
сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ
еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай
жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық
нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын
туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі
келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда
жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын
еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай
жүргізген саясаты пайдалы екені анық[1].

ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне қарағанда
әлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған
мануфактуралық және жеңіл өнеркәсіп мемлекеттің әлемдік нарықтағы алғашқы
орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны
сақталды: капиталистік және феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың
артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нәтижесінде
шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді. Абсолютизм жерінен
айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол
әлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз
бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды
құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын
джентельмендер, бюргерлер және ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да
өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі дворяндар және жаңа
дворяндар немесе джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына
байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың әртүрлі таптары тартылған
революцияның болуына жағдай туды[2].

Төңкерістің алдында Англияның әлеуметтік жағдайы да өте қызық еді.
Олардың дворяндар топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа
мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа
дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдай ерекше қалыптасты. Жаңа
дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын
сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа,
өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын.

1.2 Төңкерістің орын алу себептері

Халықтың көпшілік бөлігінің және қалыптасып келе жатқан буржуазияның
көңілі толмауының себептерінің бірі болып І Карл Стюарттың (1600-1644 ж.ж.)
католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық
Англия корольдің бұл әрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп
түсінді.

Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, король, екінші жағынан,
корольге қарсы буржуазиялық оппозицияның жағында болған парламент табылды.
1628 жылы парламент корольге Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта І
Эдуард пен ІІІ Эдуардтың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға
сәйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын.
Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті корольдың шенеуніктерінің қол
сұғуынан қорғалмау фактісі көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме
жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына,
түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына және қудалануына жол берілмейтіндігі
аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның”
(саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан,
Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді[3]. Сонымен қатар, петицияда
солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жанында орналасуына және әскери
жағдайды енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің әдет-ғұрпына қайшы
шығарылған көптеген өлім жазалары және жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы
да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.

Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің
келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді және ешкімді сотсыз қамауға
алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды
бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап
етілді.

І Карл петицияны бекітуге мәжбүр болды — ол заңға айналды. 1629 жылы
король мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл
парламентті таратып, мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Корольдің
үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.

Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм
нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінде
елдегі революциялық жағдайдан әлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ
ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына
айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды[4].

Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктірді,
конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепенденттік қауым орта және
ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды тапты. Жалпы алғанда олар
конституциялық монархия идеясына қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз
жақтаушыларының санын көбейту және еркін адамның ар-ождан және сөз
бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап етті.
Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта болды, бұл қозғалыс
қолөнершілер мен еркін шаруаларды біріктірді, олар республиканың орнауын
және барлық азаматтардың теңдігін талап етті.

1.2.1 Қысқа парламент

1629-1640 ж.ж. король билігінің үстемдік құруымен сипатталды, себебі,
бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нәтижелерінің бірі ретінде
Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып
кіру қаупі туды.
Әскери сәтсіздіктер және қаржының жетіспеушілігі І Карлды парламентті
шақыруға мәжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-мамырына
дейін жұмыс істеді және ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды.
Қауымдар палатасы корольдің шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас
тартты және І Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті
басқару жылдарында І Карл парламентті таратып жіберді, осы әрекеті арқылы
ол өз жағдайын одан әрі нашарлата түсті[5].

1.2.2 Ұзақ парламент

Бұл парламентті король 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652
жылға дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие
болды. Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640 ж. 3-қараша
— 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына әсер етті. Ұзақ парламент
парламенттің корольдің еркіне қарамастан әрбір үш жыл сайын шақырылуын
көздеген үшжылдық акт және парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз
таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы
актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы
дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жасаған “жаман ниетті
партиямен” байланысты қауіп аталып өтті. Бұл “партияның” әрекеттері ретінде
Шотландиядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс және король мен парламенттің
арасындағы шиеленіс түсіндірілді. Ремонстрацияда епископтарды лордтар
палатасынан аластату және шіркеуге қатысты реформалар жүргізу, сонымен
қатар, қауымдық жерлерді жинауға және салық алудағы король билігінің
кемшіліктерін жоюға тыйым салу талап етілді.
Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер король билігін шектеді,
оларды король бекіткенімен, шиеленіс шешілмеді. Нәтижесінде король мен
парламенттің арасындағы азаматтық соғысқа алып келді. Король Оксфордқа
көшіп кетті, сөйтіп, мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі
үкімет басқарды.

1.2.3 Азаматтық соғыс

Бұл соғыс екі кезеңге бөлінді: 1) парламенттік әскерді басқару
пресвитериандардың қолында болған кезең және 2) индепенденттердің қолында
болған кезең. Парламенттік әскердің король әскерімен соғысындағы алғашқы
сәтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың (1599-1658) “Жаңа үлгісі” бойынша
қайта құрылуына әкеп соқты. Индепендент болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы
лауазым орындарын индепенденттік қауымға берді. Әскери басшылықтан
ақсүйектерді аластату үшін парламент мүшелеріне әскерде басшылық қызмет
атқаруға тыйым салатын “Өздігінен бас тарту туралы билль” қабылданды[6].
1645 жылы король әскері соғыста ойсырай жеңілді. І Карл Шотландияға қашып,
ол жақтан парламентке берілді.
Парламент пен әскер арасындағы қақтығыс пресвитериандар мен
индепенденттердің және басында көсемі Джон Лильберн тұрған олардың
радикалды қанаты левеллерлердің революцияның мақсатына жету жолдарына
қатысты әртүрлі көзқарастарының нәтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктемде
король мен пресвитериандық парламенттің арасындағы екінші азаматтық соғыс
басталды. Индепенденттік әскер левеллерлердің (радикалық-революциялық
қанат) арқасында жеңіске жетті. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды
қуды, ал парламенттің қалған мүшелері толығымен оған бағынды.

1.3 Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты

1649 жылы король өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде
жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы
биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік
кеңес құрылды.
Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін
бекітілген “Халықтық келісімде” келесі әрекеттер мақсаттар ретінде
көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа
сайлауларды ұйымдастыру, барлығының заң алдындағы теңдігі және т.б. Алайда,
Кромвель үшін “Халықтық келісім” әрекеттердің шынайы бағдарламасы емес,
айлалық мойынұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше әскери
бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып
тастады. 1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны таратып
жіберді.
1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығайта түскен “Басқару
қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл актіге сәйкес жоғарғы заң шығару
билігі лорд-протектор мен бір палаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы
жоғарғы билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мүшесі бар
Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды
тоқтатты және Мемлекеттік кеңестің мүшелерін өз қалауы бойынша
тағайындайтын болды. 1657 жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына
келтірілді. Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық
көтерілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың орнына монархияға
ұқсас жалғызілікті билік орнады.

1.4 Стюарттар әулетінің қайтадан таққа отыруы

1658 жылы Кромвель қайтыс болған соң билік оның ұлы Ричард Кромвельге
өтті. Оның қоғамда беделі жоқ болатын. 1659 жылы Ұзақ парламенттің
“қалдығы” таққа өлтірілген корольдің ұлы — ІІ Карлды (1630-1685) отырғызды.
Алайда, ІІ Карл сөз бергеніне қарамастан ескі тәртіптерді орната бастады.
Бұл жылдары Англияда екі саяси партия пайда болды: тори — корольді
жақтаушыларды біріктірді, виги — корольге оппозициялық қатынастағы
буржуазия мен орта дворяндарды біріктірді.
1679 жылы вигилар парламентта көпшілік дауысқа ие болуының нәтижесінде
“Хабеас корпус акт” немесе “Азаматтардың бостандығын жақсы қамтамасыз ету
және теңіздің ар жағында қамауға алудың алдын алу актісін қабылдады[7]. Бұл
заңға сәйкес, қамауға алынған адам өзі немесе туыстары арқылы “Хабеас
корпусты” туралы бұйрық беру талабымен Англияның жоғары соттарының біріне
жолдану құқығын иеленді. Бұл бұйрыққа сәйкес, қамауға алған тұлға оны сотқа
әкелуі тиіс болатын және, мүмкін болса, ол үшін ақшалай құн төленсе, оны
босатуға тиіс болатын. “Хабеас корпусты” ІІ Карл бекітті, алайда ол
вигилердің ІІ Яковтың таққа отыруына қарсы болмауын шарт етіп қойды.

1.5 революция және оның салдары

Жаңа король ІІ Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді,
сөйтіп, парламент вигилармен біріге отырып (парламенттің құрамында
негізінен торилар болатын), “революцияны” жүзеге асырды. 1689 жылы таққа
Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды. Осы кезден
бастап Англияда конституциялық монархия түбірімен орнады. Жаңа король,
таққа отырған соң, “Құқықтар туралы биллді” бекітті, оның негізгі мәні
парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін бекітуде болды[8]. Алайда,
корольде парламенттің заң жобаларына абсолюттік вето құқығы сақталып қалды.

1701 жылы конституциялық заң — “Тақты мұрагерлікке алу туралы заң”
қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені орнықтырды: контрассигнатура
ережесі, оған сәйкес, корольдің заң шығару актілері тек министр бекіткенде
ғана күшіне енетін, және соттардың ауыстырылмайтындығы еді.

2 ХVІІ ғасырдағы Англия

Парламент екі палаталы болды: жоғарғы палата (лордтар палатасы), өз орнын
мұрагерлік бойынша, немесе лауазымы бойынша, немесе корольдің тағайындауы
бойынша иеленген тұлғалардан құралды; төменгі палата (қауымдар палатасы),
сайлау құқығының негізінде құрылды.
1710 жылы арнайы заң қабылданды, оған сәйкес, жылжымайтын мүліктен
селолық жерлерде 500 фунт стерлинг, қалалық жерлерде 300 фунт стерлинг
табыс табатын тұлғалар ғана парламентке сайлана алатын. 1707 жылы корольдің
вето құқығы тоқтатылды, сөйтіп, заң шығару билігі толығымен парламентке
тиесілі болды. 1716 жылы парламенттің төменгі палатасының өкілеттіктерінің
мерзімін 3 жылдан 7 жылға ұзартқан заң қабылданды. Осы кезде министрлер
кабинеті — мемлекеттік құрылымда ерекше орынды иеленген орган құрылды,
себебі, бұл орган корольдің атқарушылық билігін шектейтін болды.
Корольдің министрлер кабинетіне әсер етуін әлсіреткен маңызды ереже болып
корольдің жоғарғы мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындау және
қызметінен босату құқығын шектеу табылды, бұл парламент пен саяси
партиялардың күшеюіне алып келді. Король парламенттік көпшіліктің
көзқарасымен санасуға мәжбүр болды. Мысалы, 1727 жылы ІІ Георг 1721-1742
ж.ж. премьер-министрді қызметінен босатты, алайда, бұл әрекетті парламент
қолдамаған соң оны қайтадан билікке шақыруға мәжбүр болды.
Корольдің министрлер кабинетіне қатысты билігінің әлсіреуімен қатар
парламент тарапынан бақылау күшейе түсті. ХVІІІ ғасырдың ортасында мынадай
маңызды қағида қалыптасты: министрлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда
ғана билік басында болатын. Құрамына парламенттік көпшіліктің (партияның)
бетке ұстарлары кірген кабинетке парламент тарапынан қолдау қамтамасыз
етілетін. Осылай, кабинет партиялық негізде құрылатын болған. Үкіметтің
құрамына кірген парламенттегі партияның лидерлері қауымдар палатасының
алдында ұжымдық түрде жауапкершілікте болатын. “Жауапкершілікті үкімет” —
ХVІІІ ғасырдың соңындағы Англияның парламенттік жүйесінің айрықша белгісі
болған.

3 ХІХ ғасырдың басындағы Англия

Ірі өндірістердің күшеюімен бірге өнеркәсіптің жылдам өсуі жүзеге асты.
Қалада өнеркәсіптік буржуазия мен пролетарийлер табы, ал ауылда үш тап —
лэндлордтар (жер иеленушілер), жалға алушылар (арендаторлар) және
батырақтар қалыптасты.
ХІХ ғасырдың басында екі саяси партия үстемдік құрды: тори —
консервативтік тарихи әдет-ғұрыптардың көрінісі ретіндегі помещиктер мен
қаржылық буржуазия, виги — өнеркәсіптік буржуазия. ХVІІІ ғасырдың ауқымында
аталған екі партия билік басында кезектесіп отырды. “Ұлы революциядан”
бастап ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін парламентте виги ерекше орынды
иеленді. 1783 жылы тори қауымдар палатасының көп бөлігін құрады және 1830
жылға дейін билік құрды.
Саяси жүйенің ең маңызды элементі болып парламент табылды, феодалдық
өкілдік — қауымдар палатасы ерекше рөлді иеленді. Сайлаудың ескі жүйесі
аристократия мен буржуазияны орнықтырды, алайда қоғамның жаңа күштерінің
талаптарын қанағаттандыра алмады. Бұл сайлау реформасы үшін күреске алып
келді. Ұсақ буржуазия мен жұмысшылар саяси құрылымды демократияландыруды
және жалпы сайлау құқығын енгізуді талап етті. Саяси күрес 1830 жылы өрши
түсті, оған белгілі бір дәрежеде Франциядағы Шілде революциясы әсер етті.
1830 жылғы парламенттік сайлаулар реформаны жақтаушылардың жеңісін алып
келді.
1831 жылы қауымдар палатасы Грейдің виг үкіметі енгізген “Реформа туралы
билльді” қабылдады[9]. 1832 жылы лордтар палатасы жеңілуге және “Реформа
туралы билльді” бекітуге мәжбүр болды.
1832 жылғы сайлау реформасы 21 жасқа толған, салық төлеуші және жылына 10
фунт стерлингтен кем емес табыс беретін жылжымайтын мүлкі бар барлық ер
адамдарға сайлау құқығын берді. Реформаның нәтижесінде сайлаушылардың саны
652 мыңға өсті. Алайда, жұмысшылар мен ұсақ буржуазияда сайлау құқығы
болмады. 1832 жылғы сайлау реформасының маңызды саласы болып саяси
партиялардың өзгеруі табылды. Тори консерваторлар партиясына, виги
либералдар партиясына айналды.
Мемлекеттік баcқарудың жүйесі толығымен өзгерді. Мысалы, қаржы
министрлігінде бірқатар лауазымдар жойылды.
Чартистік қозғалыс. 1832 жылғы реформа Ұлыбританияның жұмысшыларын
қанағаттандырмады, ал 1836-1838 жылдардағы экономикадағы қиындықтар жұмысшы
саяси қозғалысы — чартизмнің пайда болуына себепкер болды.
1836 жылы Лондонда жұмысшылар асссоциациясы құрылды, ол келесі талаптарды
қойды:
1) 21 жасқа толған және өз приходында 6 айдан кем емес уақыт тұрған ер
адамдарға жалпы сайлау құқығын;
2) Парламентке депутаттыққа үміткерлер үшін мүліктік цензді алып тастау;
3) сайлау округтерін теңестіру;
4) парламентте жыл сайын сайлаулар өткізу;
5) депутаттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Мемлекет туралы түсініктер
Батыс Eуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы
Пәндер