Рим мемлекетінің құрылуы жайлы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Рим мемлекетінің құрылуы 4
2 Сервий Тулийдің реформалары мемлекеттің құрылуына әсері 5
3 Республика кезеңіндегі Рим 5
3.1 Республиканың қалыптасуы және құлдырау кезеңі 5
4 Монархия кезеңіндегі Рим 8
4.1 Принципат 8
4.2 Доминат 9
5 Рим құқығының негізгі қайнар көздері 10
5.1 Құқық жүйелері 10
5.2 Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi 12
5.3 Стоицизмнің римдік саяси-құқықтық ойға әсері 16
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік
өркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым
ретінде қарастырды. Құқықтанудың жеке ғылым ретінде қалыптасуының өзіндік
алғышарттары да болды. Оның ең бастысы ежелгі грек және рим мәдениетінің
қарқынды дамуы еді. Рим империясы көрші мемлекеттерді өздеріне бағындырып
қана қойған жоқ, олардың құқықтық тәжірибесін, сот практикасын, саяси
істегі құжаттарын Рим тарихына бейімдеп, ө

зіне тән ерекше құқық жүйесін
құрды. Рим құқығы үнемі жетілдірілуде болды. Қазіргі құқықтануды терең
түсіну үшін Рим құқығының тарихи дамуымен, оның ерекшеліктерімен,
белгілерімен және сол кездегі құқықтық терминдер мен түсініктермен де жақсы
таныс болу керек.
Римдік құқық өзінің гүлденген кезеңіне республиканың соңғы кезеңі мен
империяның алғашқы екі жарым ғасырында жетті. Империяның алғашқы кезеңінен
бастап-ақ императорлар құқықтану беделіне сүйенуге және оны өз мүдделеріне
бағындыруға тырысты.
Тіпті қазіргі Қазақстан Республикасының заңдары да сонау римдік
заңдардан бастау алатынын есте ұстағанымыз абзал. Сол себепті де күрделі
әрі қызықты ғылымды оқу үшін оның осындай бастауларын жақсы білгеніміз жөн
деп есептеймін.

1 Рим мемлекетінің құрылуы

Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған
сәттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда
ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі
ретінде экзогамды әкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға
тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі
табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және
діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион
тұрған. Он курия трибуды - тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебейлерге бөлінген. Патрицийлар
- бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге
жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы
болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол
әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты
жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындағы
кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат
қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай
мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған[1]. Сонымен
қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі
халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери
қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ол сенаттың ұсыныстарын
қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның
ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл
абыздық алқалар, олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер
және фециалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз
қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген,
понтификтер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар
соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).

2 Сервий Тулийдің реформалары мемлекеттің құрылуына әсері

Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий
Тулийдің реформалары әсер етті, олардың мәні мынада болды:
А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік
жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де,
патрицийлер үшін де ортақ болған;
Ә) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды - центуриаттық
комициялар;
Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгізілді, яғни, рим
халқының бөлігіне айналды және қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;
В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал қала шеті — он
жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті
жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.

3 Республика кезеңіндегі Рим

3.1 Республиканың қалыптасуы және құлдырау кезеңі

Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д. 509-27 ж.ж.).
Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және
нығаю кезеңі (б.э.д. VІ-ІV ғ.) және римдік құл иеленушілік мемлекеттің
гүлдену және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының
келуі (б.э.д. ІІІ-І ғ.ғ.)[2].
Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен
мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі
сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта
болған.
Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала
берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер
мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай
Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар - халық
жиналыстары болған, олар центуриаттық, трибуттық және куриаттық комициялар
түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да
мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі түрі болып
табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың,
преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды.
Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер
үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары "популисцит" деп аталды) және арнайы
плебейлік жиналыстар (олардың қаулылары "плебисцит" деп аталды). Куриаттық
комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады және уақыт
өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлық
жиналысымен ауыстырылды.
Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде
саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы
қабылданған заңдары бекітетін және қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері
"сенатус-консульт" деп аталған[3].
Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға және оның
атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік әрекеттерді жүзеге
асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен
оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
- сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге
асатын);
- алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын, олардың
әрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мәселелерді
шешкен);
- жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа
магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына
тартыла алатын);
- мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цензорлық 5 жылға
сайланатын);
- ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы алмайтын)[4].
Магистратуралар ординарлық және экстраординарлық болып бөлінеді.
Ординарлық магистратуралардың басында екі консул тұратын. Ординарлық
магистратуралардың құрамында келесі лауазымдар болған:
Преторлар - консулдардың көмекшілері, цензорлар - Рим азаматтарын
трибаларға, разрядтарға және центурияларға бөлу мақсатында ценздерді
орнықтыратын, эдилдер - полициялық міндеттерді жүзеге асырған, квесторлар -
консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар -
плебейлердің мүдделерін қозғаушылар және төменгі магистраттар - қылмыстарды
тергеумен айналысқан.
Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты қандай да бір
төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға алты айдан аспайтын мерзімге
диктаторды тағайындау туралы тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң
барлық ординарлық магистратуралар экстраординарлық магистратураларға
айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толығымен оған бағынатын. Бұл
кездегі диктатордың билігі шексіз болатын.
Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар
өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асе мүліктік цензге ие
азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің
әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған
тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер
таратылатын.
Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері,
провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор
болып табылған магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі
билігі шексіз болатын.

4 Монархия кезеңіндегі Рим

4.1 Принципат

Римдегі құлиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге бөлуге болады:
принципат және доминат.
Принципат кезеңінде әлі де республикалық мекемелер қызмет етеді, алайда
олар өздерінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Барлық магистратуралардың басына
жаңа лауазымды тұлға принцепс келеді. Бұл шексіз мерзімге (өмір бойына)
сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.
284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат орнығады. Ескі
республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары
тұратын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға
айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі[5]. Империяны
басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:
1) императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;
2) император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.

4.2 Доминат

Доминатты орнықтыру Диоклетианның реформаларымен тығыз байланысты. Ол
мынадай реформаларды жүзеге асырады:
1) әкімшілік реформа - империя екі провинцияға бөлінген 12 диоцезге
жаңа әкімшілік бөлуді көздеген. Италияның барлық аумағы екі диоцезге
бөлінген: Шығыс және Батыс. Әрбір империяның басында император - Август
тұрған, ол өзіне көмекші-ізбасарын — цезарьді сайлап алатын;
2) әскери реформа - әскер үш сенатқа бөлінетін: шекаралық әскер,
кешенді әскер және преторлық гвардия, әскердің құрамы үлкейтіліп, алғашқы
рет рекруттық қабылдау енгізілді;
3) салықтық және қаржылық реформалар - заттай және ақшалай салықтар,
сонымен қатар тиын енгізілген.
Жергілікті басқару. Империяның әрбір бөпігі - диоцездер екі
префектураларға бөлінген, олардың басында приторийдің префекті тұрған.
Әрбір префектура екі диоцезден тұрған, олардың басында викарийлер тұрған,
әрбір диоцез провинцияларға бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарған.
Провинциялар ұсақ бірліктерден — қауымдардан тұрған. Қауымдарда жергілікті
өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) болады.
Сот. Қылмыстық істерді қарау тұрақты комиссиялардан император мен оның
шенеуніктеріне ауысады. Римнің шет аймақтарында қылмыстық юрисдикция
қаланың префектісінің қолында болған. Италияда — преторий префектісінің
қолында, провинцияларда — провинция басшыларының қолында болған.

5 Рим құқығының негізгі қайнар көздері

5.1 Құқық жүйелері

1) бірінші римдық құқық кодификациясы — әдет құқығы жазбасы түріндегі
XII кесте заңдары;
2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян және
гормогениан кодекстері;
3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды,
мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;
4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңғы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан
императордың тұсында жүзеге асырылып, азаматтық құқық жинағы — Корпус
Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден
құралды:
- институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл оқу мақсаттарына
арналған олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы
саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді:
— дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою
мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының
үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;
— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император
конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты
конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық кұқыққа арналған; 9 кітап —
қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған:
— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған
Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары
көрініс тапқан[6].
Құқық қабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт)
қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана
құқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес,
объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға
тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы және жалғыс өкілі болып үй иесі
табылатын.
Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану және билік ету түріндегі затқа
деген толық және айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар
сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынған заттар (діни табыну
заттары, мемлекеттік меншік обьектілері және жалпылай пайдалану заттары:
теңіз, ауа, ауыз су және т.б.) және азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын
және жылжымайтын, бөлінетін және бөлінбейтін, жеке дара анықталған және
топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын және тасымалданбайтын).
Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік
құқыққа негізделген иелену (меншік құқығын жаудан жаулап алынған меншік
туралы жалған процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процестегі иелену,
жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) және
халықтар құқығына негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі,
оккупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).
Рим құқығы бөген мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар
(меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да
оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде
салынған құрылысты пайдалану құқығы) және кепіл құқығы — ипотека (кепілге
қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға
дейін қалдырылатын)[7].
Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқық
бұзушылардан) туындаған міндеттемелер және шарттардан туындаған
міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар
— ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды
бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сәттен бастап
туындаған және консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым және ресми емес
келісімен негізделген шарттар.
Неке-отбасы құқығы бастапқы кезендерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің
үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа нысаны
пайда болды, бұл кезде әйел біраз мүліктік және жеке дербестікке ие болды.
Үшінші кезеңде некеден тыс байланыстар - конкубинаттар кең таралды.
Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік
орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына
қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.
Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (Рим мемлекетіне қарсы
қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куә болу, егіндікті ұрлау және дуалау
өлім жазасымен жазаланатын) және жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан
келтіру, бөген мүліктерді жою және зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы
қолданылатын) қылмыстар ажыратылған.

5.2 Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi

Ежелгi Римнiң атақты шешенi, заңгерi, мемлекеттiк қайраткерi және
ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс
болды. Ол кейiнгi ұрпаққа, адамзат мәдениетiне орасан зор мұра қалдырған
ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында
мемлекет пен құқық мәселелерiне көп орын берiлген. Бұл мәселелер оның осы
тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы Құдайлардың табиғаты туралы,
Мiндеттiлiк туралы, Жамандық пен жақсылықтың шегi туралы және Заңдар
туралы еңбектерiнде кең қамтылған Саяси-құқықтық мәселелер оның басқа да
еңбектерiнде (мысалы, Мiндеттер туралы) және сонымен бiрге оның көптеген
саяси және сот баяндамалары мен сөздерiнде көрiнiс тапқан[8].
Цицеронның мемлекет және құқық саласындағы теориялық көзқарастары
ежелгi грек ойларының, ең алдымен Платонның, Аристотельдiң, Полибийдiң және
стоиктердiң едәуiр ықпалында болды. Сонымен бiрге Цицерон Рим патриоты және
қайраткерi ретiнде бұл жат жерлiк ықпалдарды мемлекеттiк-құқықтық
тәжiрибе мен саяси құқықтық ойларды Рим мемлекетi мен құқығының өзiндiк
сипаты бар тарихымен, сол кезеңдегi әлеумет пен саясаттағы нақты жағдаймен,
өзектi мiндеттермен байланыстыруға тырысты. Нақтылап айтқанда Цицеронның
саяси-құқықтық iлiмiнде өзiне дейiнгi идеяларды шығармашылықпен пайдалану
бар. Ол мемлекет пен құқық теориясы туралы жаңа қағидаларды одан әрi
дамытты. Цицерон мемлекетке халық еңбегiнiң жемiсi ретiнде анықтама бердi.
Мемлекеттiң пайда болу себебiн Цицерон адамдардың әлсiздiгi мен
қорқынышын емес, олардың туғаннан бiрге тұру қажеттiгiне ұмтылуынан деп
есептейдi. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдiң позициясын құптаған Цицерон
сол кездегi мемлекеттiң пайда болуының келiсiмдiк сипаты туралы кең дамыған
түсiнiктi жоққа шығарады. Ол мемлекет пен жеке меншiктiң алғашқы кезеңдегi
байланысын анықтап, стоик Панетияның мемлекеттiң пайда болуының негiзгi
себебi - жеке меншiктi қорғау туралы ережесiн мақұлдайды.
Ежелгi грек ойларының дәстүрлерi негiзiнде Цицерон мемлекеттiк
құрылымының әртүрлi формаларына талдау жасауға, бiр формадан екiншi
форманың пайда болуына, сонымен бiрге олардың ең дұрыс формаларын iздеуге
және т.б. мәселелерге үлкен көңiл бөлдi. Билеушiлер санына қарай Цицерон
мемлекеттiң қарапайым үш формасын: патша билiгiн (монархия), оптиматтарды
(аристократия) және халық билiгiн (демократия) атап көрсетедi. Мемлекеттiң
осы қарапайым түрлерiнiң ешқайсысы нақты және ең ыңғайлысы емес, бiрақ
Цицерон бойынша, олар егер мемлекеттi құруға адамдарды қатыстыруға
мүмкiндiк туғызса және оның негiзi мен байланысы (оның iшiнде құқықтығы да)
сақталса оған төзуге және көшуге болады.
Бұл формалардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар.
Цицеронның пайымдауынша, егер соларды таңдау туған жағдайда таңдау ең
алдымен патша билiгiне түсер едi де, демократия ең соңғы орында болар едi.
Әр форманың кемшiлiктерi мен артықшылықтарына талдау жасаған Цицерон
басқарудың аралас формасын, яғни монархия, аристократия және демократия
элементтерi өзара ұштасып, үйлесетiн басқаруды қолдайды. Цицерон өзiнiң
шығармашылық және саяси қызмет тәжiрибесiнде (квестор, сенатор, эдил,
претор, консул қызметтерiнде) жекелеген адамдар билiгiне, оның iшiнде
әскери диктатура режимiне қарсы сенаттық республикалық құрылысты жақтайды.
Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне қол сұқпауға,
әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге
және жалпы игілік үшін еңбек етуге тиіс. Азаматтардың жалпы саяси
белсенділігін әрдайым батыл жақтаған Цицерон "азаматтардың бостандығын
қорғауда ешкімге де артықшылық беруге болмайды" деп атап көрсетті. Ол
республиканы қорғауды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санады. Ал Римнің
нағыз азаматтары ой-өрісті кеңейту, жан-дүниені байыту үшін өздерін жан-
жақты жетілдіру идеясын мөңгілік серік етуі керек. Цицеронның ойынша адамды
жан-жақты жетілуге итермелейтін төрт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті
болу, ерлік және сабырлылық. "Адам неғұрлым ақ-әділ болған сайын, соғұрлым
басқадан арамдық күтпейді". Арамдық пен әділстсіздіктің аз ғана жұғыны бар
адамдардың өзі де өзгелерді сондай көреді.
Құқық негізіне Цицерон табиғи әділеттілікті алады. Бұл жерде, ол
әділеттілікті мәңгі өзгермейтін және табиғат пен адам табиғатының да
ажырағысыз қасиеті деп түсіндіреді. Әділеттілікті табиғаттың өзі берген
несібесі деп қараған Цицерон оны табиғи құқыққа жатқызады және оған
төмендегідей анықтама береді: "Нағыз заң — табиғатқа сәйкес барлық адамға
бірдей берілген санады ереже, бұл заңдар адамдарға парыздарын өтеу міндетін
жүктейді, қылмысқа қорқыту арқылы тиым салады. Бірақ адал адамдарға
міндеттемей, тыйым салмай және бұйрық бермей-ақ орындатуға мүмкіндік
болғанда заң ешнәрсе де емес және қажет те болмайды. Мұндай заңды жарым-
жартылай немесе толық жоюды ұсыну ақымақтық, оны қандай да бір деңгейде
шектеу — мүмкін емес. Сондықтан да біз саясаттың да, халықтың да қаулысы
бойынша бұл заңдарды жоя алмаймыз". Бұл нағыз заң барлық жерде және барлық
уақытта барлық халыққа бір ғана мәңгі және өзгермейтін заң ретіңде қалады
және барлық адамның әміршісі болын саналады. Адамдық табиғатты ескермей
бұған бас имегендердің барлығын Цицерон өздеріне-өзі ор қазған қашқындар
деп қарайды.
Әділдік, Цицеронның айтуы бойынша, басқаға зиян келтірмеу және басқаның
меншігін бұзбау. "Әділеттілікке қойылатын бірінші талап, - деп көрсетті, -
ол ешкімнің де басқаға зиян келтірмеуі, екіншіден, барлық адамның ортақ
меншікті жалпылай, ал жеке меншігін өз меншігіндей пайдалана алуы". Яғни
оның айтуы бойынша, "Әділдіктің ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда
келтіру сияқты екі қайнар көзі бар"[9].
Табиғи құқықтар, Цицерон бойынша, жазба заңдардың қайсысынан болса да
ерте, тіпті мемлекеттен де ерте, пайда болған. Құқық адамдардың шешімдері
мен қаулыларымен емес, табиғаттан шыққан әділдіктің қорғаушысы да,
жақтаушысы болуы тиіс. Заңның қызметі мен күші туралы Цицерон "сот –
сөйлейтін заң, ал заң - тілсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "
әділдікті әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".
Цицерон шешендігімен, философиялық және саяси-құқықтық шығармашылығымен
ғана емес, Римнің саяси өміріне белсене араласқан көрнекті саяси қайраткер
ретінде де тарихта белғілі. Ол Римдегі республикалық құрылыстың дағдарысы
мен б.э.д. 40 жылдардағы азамат соғыстары, Гай Юлий Цезарьдің диктатурасы
кезінде консул да болды, сенатты да басқарды. Осы жылдардағы елдеғі
аласапыран кезеңде мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін сақтауға көп күш
салды, қарсыластар тарапынан қуғын да көрді.
Азамат соғысы жылдарында Цезарьдің жағында болған Цицерон Цезарьға
ұйымдастырылған қастандыққа қарсы болған жоқ. Мемлекеттік билікті нығайту
мен орталықтандыру, соның ішінде республикаға қайсыбір "ректорлар"
әкімдер тағайындау керектігі туралы трактат жазды. Цезарь өлгеннен кейін
ол қастандық ұйымдастырушыларға қарсы республикашылар жетекшісі болды.
Римнің тұтастығы мен татулығын сақтауға күш салған Цицеронның өзі де б.э.д.
43 жылы Антоний мен Октавиан Августтың қолынан қаза табады. Өзінің ғажап
өмірімен, орасан зор философиялық және саяси-құқықтық еңбектерімен барша
адамзатқа, кейінгі ұрпаққа үлгі болған Цицерон "заңдар - билік
басындағылардың бұйрық берушісі, ал билік басындағылар - халықтың әміршісі"
екендігін өз еңбегімен де, өз өмірімен де дәлелдеп кетті.

5.3 Стоицизмнің римдік саяси-құқықтық ойға әсері

Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан
әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек
стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының
едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және
одан әрі дамытылды. Рим стоицизмінің басты өкілдері Луций Анней Сенека
3—65жж., Эпиктет 50—140жж. және Марк Аврелий Антоний болды[10].
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем - біртұтас дене. Ол құдайлық пен
адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде
қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал
қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни
оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Рим құқығының жалпы сипаты
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ұлы Карл империясының ішкі саясаты
Византия мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда өркениеті
Франк мемлекетінің құрылуы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Пәндер