Жауап алу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жауап алу

ЖОСПАР

Кіріспе3

І-тарау. Айыпкерден жауап алудың жалпы ережесі4

Жауап алудың ұғымы, түрлері, мәні және міндеті4

Айыпкерден жауап алудың процессуалдық тәртібі5

ІІ-тарау. Айыпкерден жауап алу тактикасы8

Жауап алуға дайындалу8

Айыпкердің жеке тұлғасымен жан-жақты танысу10

Келіспеушілік жағдайда жауап алу11

Келісімді жағдайда жауап алу17

ІІІ-тарау. Жауап алудың жолымен нәтижесін анықтау18

Жауап алу хаттамасын жасау18

Қорытынды19

Кіріспе

Қылмысты ашуда алдын ала тергеудің алатын орны ерекше. Қылмыстылықпен күресу алдын-ала тергеу органдарының қызметкерлермен жоғары шеберлік пен кәсіби дайындықты талап етеді. Қылмысты тергеу мен ашу мақсатында тергеуші және анықтамашы заңда көзделген бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізеді. Осы тергеу әрекеттерінің ішіндегі ең бір маңыздысы - ол жауап алу. Қылмыстың толық ашылуына, істің табысты болуына білікті жүргізілген жауап алу тікелей әсер етеді.

Айыпкер жауап бергенде шынын айтуы да мүмкін, бірақ көп жағдайда басқа позиция ұстанады. Осыған байланысты тергеушіге заң білімін терең білуі жеткіліксіз оған басқа да ғылым салаларынан (психология, сот медицинасы, педагогика) хабары болуын қажет етеді. Айыпкердің жауабы қылмыстық істі дұрыс саралау үшін өте маңызды.

Жауап алу - тергеудегі ең маңызды әрекеттердің бірі, ол кең тараған тәсіл болып табылады, жауап алынбай бірде-бір қылмыстық іс жүргізілмейді. . Сондықтан бұл әрекеттің қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті қаралуына бірінші дәрежеде маңызы бар. Ойдағыдай нәтижеге жету үшін жауап алу барысында көптеген тактикалық тәсілдер қолданылады.

І-тарау. Айыпкерден жауап алудың жалпы ережесі

Жауап алудың ұғымы, түрлері, мәні және міндеті

Жауап алу - бұл бір жағынан өте кең таралған, ал тәсілдік жағынан өте күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Жауап алу - тергеу ісіне мәні, маңызы бар мәліметтерді алу мақсатында тергеуші мен жауап берушінің ара-қатынасындағы байланыс.

Жауап алынатын тұлғаның процессуалдық жағдайына байланысты жауап берушіден жауап алу келесі түрлерге бөлінеді: куәдан жауап алу, жәбірленушіден жауап алу, сезіктіден жауап алу, сотталушыдан жауап алу, сарапшыдан жауап алу. Жауап алынатын тұлғаның жасына байланысты - жасы кіші балалардан жауап алу, жасы кәмелетке толмағаннан жауап алу, ересектерден жауап алу, қарт адамдардан жауап алу. Жүргізілу кезектілігіне, анықтамашымен жүргізілетін, анықтамашымен жүргізілетін, прокурормен немесе сотпен жүргізілетін тергеу әрекеті. Жауап алудың ерекше түрі болып - беттестіру кезіндегі жауап алу болып табылады.

Осылардың ішінде біздің қарастыратынымыз - ол айыпкерден жауап алу.

Айыпкерден жауап алу дегеніміз - белгілі-бір қылмысты істеді деп, яғни ҚР-ның Қылмыстық заңдарында көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті жасады деп айыпталған адаммен тергеушінің оның осы іске қатысты деректер мен дәлелдемелер алу үшін заңда көрсетілген тәртіппен жүргізілетін тергеу әрекеті. Бұл тергеу әрекеті тергеушінің айыпкерге оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, сұрақ қою арқылы жүргізіледі.

Жауап алудың мәні - іске байланысты кез келген жайларды анықтап және дәлелдеу үшін айыпкерден мәлімет алу болып табылады. Бұл былай қарағанда қарапайым болып көрінгенімен өте күрделі көп еңбек сіңіруді қажет ететін тергеушіден жоғары кәсіптік дайындықпен шеберлікті талап ететін көп салалы тергеу әрекеті.

Тергеу ісіне байланысты жай туралы және соған қатысы бар тұлғалар жайында әрбір жауап берушіден өздеріне мәлім нақты мәліметтерді алу жауап алудың жалпы міндеті болып табылады. Алынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету жауап алудың ең басты міндеті болып табылады.

Кейбір жағдайларда айыпкер болған жағдайдың қалай болғанын ұмытып қалуы, дұрыс айтып жеткізе алмауы мүмкін. Айыпкердің жалған мәлімет беруімен қатар болған оқиға туралы және оның кейбір маңызды эпизодтарын айтпай қалуы, тіпті жауап беруден бас тартуы немесе одан да бетер күрделі жағдайлар тууы мүмкін.

Айыпкердің жауап беруінің жағдайына қатысты біз екі жайды қарастырамыз, біріншісі, - келісімді жағдайда жауап алу. Яғни айыпкер өзінің қылмысты әрекетін мойындап, шындықты айтып, толық жауап береді, екіншісі, келіспеушілік жағдайда жауап алу. Бұл жағдайда айыпкер қылмысын мойындамай, тергеушіге жалған мәліметтер береді немесе жауап беруден бас тартады. Бұл екі жағдай бір-бірімен тоғысып кетуі де кездеседі.

Айыпкерден жауап алудың процессуалдық тәртібі

Жасалған қылмысты ашуға және кінәліні қамтамасыз етуде, сонымен қатар бірде-бір адам негізсіз жауапқа тартылмауға және сотталмау үшін алдын-ала тергеудің алатын орны ерекше. Осы тергеу ісінің негізгі тұлғасы айыпкер болып табылады.

Қозғалған іске байланысты оған қылмыс жасады деген айып тағылады, қылмыскер деп сотқа беріледі және жазаланады немесе ақталып шығады. Міне, сол себептен қылмыстық іс жүргізу заңы және процессуалдық-криминалистік теория айыпкердің құқығын, оның іске қатысу мәселесін, тергеушінің жұмыс істеу тәсіліне аса зор маңыз, мән береді.

ҚР-ның Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 89-бабына сәйкес өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам немесе өзіне қатысты сотта жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып табылады. Айыпталушының құқықтары ҚР-ның ҚҢЖК-нің 69-2 бабында көрсетілген.

Қылмысқа қарсы тергеу ісінің табысты болуына, тергеуді білікті жүргізуге байланысты маңызды орын алатын тергеу әрекеті - айыпкерден жауап алу.

«Айыпкерден жауап алу» - бұл алдын-ала тергеу және анықтама органдарының қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ережесіне сәйкес қылмыс ісін дұрыс шешуге маңызы бар мәліметтерді айыпкерден алуы болып табылады.

Жауап алу қылмыстық іс жүргізу заңы, криминалистік теория жасап шығарған тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. «Тәсіл - бұл дәлелдемелерді жинау, табу, тексеру үшін ең қолайлы және тиімді болып табылатын әрекет».

Жауап алу өзінің мақсатына қарай кең көлемді және өте күрделі әрекет, оның процессуалдық, криминалистік, ұйымдастырушылық, психологиялық және тәртіптік маңызы бар.

Айып тағылып және қылмыстық жауаптылық тартылған тұлғадан жауап алу одан нақты мәліметтерді, деректерді алу үшін қолданылатын міндетті түрдегі тергеу әрекеті.

Айыпкердің берген мәліметтері - дәлелдеуге жататын жағдайларды анықтау үшін, айыпкерді қорғауға, оның кінәлі емес екенін анықтау үшін қолданылатын негізгі процессуалдық құрал болып табылады.

Айыпкерден жауап алу тәртібі ҚР-ның ҚІЖК-нің 217-бабында көрсетілген. Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 24 сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Жауап алу басталар алдында тергеуші айыпталушыға оның айғақ беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін хабарлайды. Айыпталушы көрсетулер беруден бас тартқан жағдайда одан жауап алу хаттамасында бұл туралы белгі қойылады. Бір іс бойынша шақырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады, бұл орайда тергеуші олар өзара сөйлеспейтінденй шаралар қолданады.

Жауап алудың басында тергеуші оған тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, ол тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындамайтынын немесе өз кінәсін теріске шығаратынын анықтайды.

Егер айыпталушы жауап бермесе, онда ол өзінің кінәлі екендігін мойындамады деп есептеледі. Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін оған тергеуші тағылған айыппен іс үшін маңызы бар басқа жағдайлар бойынша айғақтар беруді ұсынады.

Жауап алуды жүргізудің жалпы ережелері

Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауы тиіс, оның қай тілде жауап беретіндігі анықталады. Жауап алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Еркін баяндау аяқталғаннан кейін сұрақтар қойылады, жетектеуші сұрақтар қоюға тыйым салынады. Мылқау немесе саңырау айыпкерден жауап алынғанда жауап алу оны түсінетін, сөйлесе алатын адамдардың немесе маманның қатысуымен жүзеге асырылады. Жауап алынатын адамның психологиялық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.

Жауап алу орны мен уақыты

Жауап алу алдын-ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші қажет деп тапса, жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізіледі. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі. Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуі тиіс, кем дегенде 1 сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, бірақ бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы 8 сағаттан аспауы тиіс.

Жауап алуға шақыру тәртібі:

Айыпталушы жауап алуға хабарлау қағазы арқылы немесе отбасы мүшесі немесе атқару органы, жұмыс және оқу орнының әкімшілігі арқылы шақырылады, ал егер ол күзетте ұсталып отырса - осы органның әкімшілігі арқылы шақыртылады.

Айыпкердің мәліметтері қатардағы дәлелдер болып табылады, олардың басқа дәлелдемелерден артықшылығы жоқ және басқа дәлелдемелер сияқты тексеруге, баға беруге жатады.

ІІ-тарау. Айыпкерден жауап алу тактикасы

Жауап алуға дайындалу

Жауап алуға дайындалу дегеніміз - тергеушінің айыпкерден алған жауабы нәтижелі болу үшін және уақытын үнемдеуі үшін алдын-ала жауап алардан бұрын жүргізген жұмыстары болып табылады.

Яғни, тергеуші айыпкерден жауап алмай тұрып, өзі соған психологиялық, материалдық жағынан әзірленеді. Дайындық кезінде айыпкердің жеке тұлғасының кім екенін, семья жағдайын, бұрын сотталған-сотталмағандығын, жауап алуды қай кезде, қай уақытта, қай жерде өткізілетінін, одан қандай мәліметтер алу керектігін т. б. жауап алуға керекті нәрселерді ойластырады.

Дайындық жұмыстарына қылмыстық істің материалдарымен танысу және айыпкерден жауап алуды жоспарлау мен ұйымдастыру шаралары жатады.

Қылмыс ісінің материалдарымен танысу. Тергеуші айыпкерге байланысты істің материалдарымен мұқият танысуы керек. Қылмыстық істің мазмұнын есіне мықты сақтап алғаны, істің қай кезеңдері әлі көмескілеу, қандай жерлерін толықтыру керек немесе тексеру керек соларды анықтайды, қандай дәлелдемелерді жауап алу кезінде қолдануы керек, қандай кезекпен қолдануы керектігін шешіп алғаны дұрыс. Қылмыстың қандай жағдайда және не себепті жасалғанын, оқиға болған жерді қарау нәтижесі мен тінту нәтижесін жақсылап саралап алуы керек.

Айыпкерден жауап алуды жоспарлау және ұйымдастыру

Тергеуші жауап алуға кірісер алдында айыпкерге қандай сұрақ қою керкктігін анықтап алады да белгілі-бір жоспар құрады. Жиналған материалдардың күрделілігіне байланысты жауап алу жоспары көлемді және нақты болуы мүмкін немесе қысқаша естелік ретінде жасалуы мүмкін. Күрделі емес қылмыс істеріне жазбаша жоспар жасамаса да болады, оларды еске сақтауға болады. Жауап алу жоспары тергеушіге қолбайлау болмауы керек.

Іс күрделі болған реттерде айыпкерден жауап алудың жазбаша жоспары мына бөлімдерден тұруы керек:

1. Анықталуы керек жағдайлар;

2. Қылмыстық істегі мәліметтер, керекті деректер қылмыстық істің қай бетінде екендігін жазып алуы керек.

3. Қандай сұрақтар берілу керектігі, қандай кезекпен берілетіндігін жазу керек.

Тергеушінің қолындағы дәлелдердің жиынтығына байланысты ол бірнеше адамға айып тағу керектігін анықтаған кезде солардың қайсысынан бірінші жауап алу керек деген сұрақ пайда болады. Бірінші адамнан алынған жауаптың нәтижелілігі және іске байланысты қосымша анықталған дәлелдер келесі айыпкерден жауап алған кезде қолданылып, тергеу ісінің оңды болуына өзінің септігін тигізеді. Жауапты осы айыпкер дұрыс мәлімет береді-ау деген адамнан бастау керек. Бұл мәселені шешу алдында мынаны ескеру керек:

- айыпкердің жеке ерекшеліктері мен ол осы қылмысты бірінші рет жасап отыр ма, әлде бұрын сотталған ба, сотталса не үшін деген мәселе;

- айыпкердің бұл іс бойынша қылмысты әрекетке қаншалықты қатысы бар;

- айыпкер немесе одан да көп болса, қылмыс істеуде олардың әрқайсысының алатын орны қандай, ролі қандай;

- айыпкерлерді өзара қарым-қатынасы, орталарында алатын беделі қандай.

Қылмысқа бірінші рет қатысқан айыпкерден дұрыс мәлімет алу жеңілдеу болады, бірнеше рет қылмыс жасаған адамнан жзауап алу қиынға соғады, себебі ол шындықтан оңай жалтарып кетеді, әрі тергеушіні де шатастырып жіберуі мүмкін. Қылмысқа қатысқанына бұлтартпайтын дәлелдері бар айыпкерден жауап алу және оны мойындату жеңілге түседі. Тағы бір есте болатын жағдай, қылмысқа қосалқы қатысы бар айыпкерлер де дұрыс мәлімет береді, себебі, біріншіден қылмысы өте ауыр болмағандықтан, екіншіден, олар өздеріне тиесілі олжаны толық ала - алмағандықтан.

Айыпкердің жеке тұлғасымен жан-жақты танысу

Тергеуші өзі жауап алатын айыпкер жайлы жан-жақты хабары болғаны дұрыс. Айыпкер туралы мәліметтер оның қандай адам екенін білу үшін қажет, сол арқылы мынадай мағлұматтар алуға болады:

  • Айыпкердің жеке басының ерекшелігі, мінез-құлқы туралы;
  • Оның бұрыңғы өмірі, жүріс тұрысы;
  • Қылмысқа қаншалықты қатысы бар;
  • Қылмыс істеудегі оның рөлі;
  • Қылмысқа қатысқандармен қарым-қатынасы;

Бұл үшін тергеуші айыпкер туралы мәліметтермен немесе жұмыс (оқу) орнындағы мамандардан ол туралы жеке іс қағаздарымен танысады, оны жақсы білетін адамдармен әңгімелеседі, яғни айыпкер туралы мінездеме жинайды.

Айыпкердің жеке тұлғасымен танысу екі кезеңге бөлінеді:

  • Жауап алуға дейінгі;
  • Жауап алу кезінде.

Айыпкердің жеке тұлғасымен жан-жақты танысу үшін тергеуші келесі тәсілдерді қолданады:

  • Айыпкерді бақылау;
  • Айыпкермен дидарласу;
  • Айыпкердің іс-қымылын сараптау;
  • Айыпкерге берілген мінездемелерді сараптау.

Бақылау - бұл әдейілеп, үздіксіз және мақсатты түрде ұйымдастырылатын шара. Осы арқылы жеке тұлғаның әр түрлі психикалық өзгерістерін бақылап анықтауға, осыған байланысты оның өмір сүру жағдайы, қызметі, мамандығы және жеке сипаты жайында, ал оның жүріс тұрысынан, мимикаларынан ішкі жағдайлары туралы қорытында жасауға болады. Тағы бір бақылау әрекеті - оның жұмыс орнына, үйіне бару, оның заттарын қарап шығу, оның иесінің қандай адамекендігін көрсететін мәліметтер бере алады.

Дидарласу - бұл сөз арқылы қатынас кезіндегі адамның психикалық жағдай туралы алынатын мәлімет. Дидарласудың негізгі мақсаты жауап берушімен түсіністік қатынасты қамтамасыз ету және ол ешқандай қысылыссыз, қымтырылыссыз өтуі қажет, тағы да осы кезде әңгіме бақылаумен толықтырылып отырады. Дидарласу негізінде протоколсыз өткізіледі. Дидарласу кезінде айыпкердің сөйлеу мәнеріне қарап оның қандай адам екендігі туралы бірінші тұжырымды жасауға болады.

Келіспеушілік жағдайда жауап алу

Тергеуші айыпкерден жауап алғанда кездесетін тәсілдерден олардың арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын екі түрлі тәсіл кездеседі. Олар келісімді жағдайда жауап алу және келіспеушілікжағдайда жауап алу. Келіспеушілік деп тергеушімен айыпкерден бір-бірімен өзара байланысы арқылы екеуі де қарама-қарсы мақсатты көздейтіндігін айтады. Бұл жерде тергеуші айыпкерден істеген қылмысын мойындату мақсатында болып, ал айыпкер керісінше айыбын мойнына алмауға, қылмыс іздерін жасыруға тырысады.

Осыған байланысты келіспеушілік жағдайындағы жауап алу тәсілі екіге бөлінеді:

1. Жай қарама-қарсылықтағы келіспеушілік жағдайда қолданыслатын тәсіл.

2. Өте қарама-қайшылықтағы келіспеушілік жағдайда қолданылатын жауап алу тәсілі.

Осы екі жағдайда өздеріне тән қолданылатын тәсілдер бар, олар төмендегідей сараланады.

Жай қарама-қайшылықтағы келіспеушілік жағдайда қолданылатын жауап алу тәсілдері:

  • Дидарласу
  • Ширығуды бәсеңдету
  • Көңіл қойдыру
  • Жауап берушінің оңды қасиеттерін қолдану
  • «Кеңістік» қалдыру
  • Жалған айтуға жол бермеу
  • Соңын өңдеу

Дидарласу. Бұл тәсілдің мәні - тергеуші жауап алу алдында айыпкермен дидарласу арқылы түсіндіру жұмысын жүргізеді, сол арқылы оның көңіл күйін анықтайды.

Ширығуды бәсеңдету. Көп жығдайда айыпкер өзінің шырыққанына байланысты, беретін мәліметтерін қалай болса солай айтып сөздері байланыссыз болады, оған себеп болатыны - қобалжу, айналасының өзгешелігі, қорыққандығы, артық бір нәрсе айтып қоям ба деп сескенуі. Сол себептен тергеуші оған ыңғайлы жай жасап, ширыққанынан ажыратуы керек.

Көңіл қойдыру. Бұл тәсілдің мәні - тергеуші мен айыпкердің бір көңіл-күйлік байланысқа келуі. Айыпкердің сеніміне кіру үшін тергеуші оны ашық әңгімеге шақырады, оны түсінуге тырысады.

Жауап берушінің оңды қасиеттерін қолдану. Көп жағдайларда айыпкер өзінің алатын жазасын жеңілдету үшін істеген қылмысын толық айтпайды немесе жалған мәліметтер бере бастайды, сол кезде оның жақсы қасиеттерін алға тартып, оның үй ішіне, достарына, жұмыс орнына беделді екендігін көрсетіп, қызметінің қандай екендігін айтып, шын мәлімет беруді талап еткен жөн.

«Кеңістік» қалдыру. Тергеу кезінде мықты дәлелдерден басқа, кейбір жағдайлар анық болмайды, оны әлі де тексеру керек болады, соған байланысты жауап алу кезінде осы анықталған мәліметтермен бірге, әлі толығымен анық емес жайларға түсінік беруді сұрағанда, көбінесе айыпкер оған түсінік беруге ынталы болып шығады - осы жағдай «кеңістік» қалдыру деп аталады. Болған жағдай туралы алдыңғы берген жауабында кейбір мәнсіз жерлерін бұл жолы дұрыстап айтып, түсінік беруге тырысады.

Жалған айтуға жол бермеу. Айыпкердің жалған мәлімет беруге кірісіп бара жатқанын байқап, тергеуші қолдағы бар нақты дәлелдемелермен немесе басқа да әсерлі ықпал ету арқылы оның алған бағытынан бас тартыру. Сөйтіп айыпкер тергеушінің болған іс жайлы толық хабардар екенін байқап, жалған мәлімет беруін доғарып, нақты мәліметтер беруге ауысады.

Соңын өңдеу. Қылмыстық істің оңды аяқталуына ынталы айыпкер екі ойлы жағдайды болады, бірі жалған мәлімет, екіншісі - шын мәлімет беру. Бұл қарама-қарсы ой тергеушінің істі жүргізу жолы мен жауап алу тәсіліне байланысты болады. Айыпкердің әр қилы ойда екенін байқап, тергеуші оның сана - сезіміне белгілі бір мәліметтерді хабарлай отырып әдейі негізгі бір ой салады, содан кейін жауап алу жұмысына үзіліс жасайды, осы уақытта айыпкердің өзі бір қорытындыға келіп, қоғамға қарсы әрекетінен бас тартып, жалған мәлімет беруден гөрі шын мәлімет беруге ауысады.

Кей кездерде «соңын өңдеу» басқа да жолмен жүзеге асырылады. Жалған мәлімет берушінің дидарласуға құштарлығына тергеуші қарсы болады. Айыпкерді қылмыс жасағаны туралы өкініш жасап отыр деп есептемейді, сол себептен кінәсін жеңілдететін жағдайға жатпайды деп түсініктеме береді. Сөйтіп жалған мәлімет беруші оның «көмегінсіз-ақ» шындық басқа көздерден алынуы мүмкін деген ойға қалады. Бұл деген оның жағдайы ауырлап барады деген сөз. Осы психологиялық күйзеліс оны жалған айтқаннан гөрі шындықты айту керек деген ойға әкеледі.

Өте қарама-қайшылықтағы келіспеушілік жағдайда қолданылатын жауап алу тәсілі:

Оған жататындар:

- аңызға жол беру;

- қарсылыққа шақыру;

- кенеттен әрекет жасау;

- күйзеліс;

- көңілін басқаға аудару;

- жауап алуды бір қалыпты екпінде жүргізу;

- тұлғаның осал жерлерін басу;

- баяу екпінде жауап алу;

- жауап алуды байқатпай жүргізу;

- ширықтыру;

- тергеушіге бәрі айғақ деген ойға қалдыру;

- жауап алуды қайталау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
Жауап алудың жалпы ережелері
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
КУӘ МЕН ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН ЖАУАП АЛУДЫҢ ТАКТИКАСЫ
Жауап алу процессі
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Беттестіру--- жауап алудың ерекше бір түрі және оның психологиялық ерекшеліктері
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың ерекшеліктері
Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz