Авторлық құқық туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
  1. Авторлық құқық

ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев бекіткен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңына дүниежүзілік санаткерлік меншік саласының аса білгір сарапшылары мен мамандары зор құрметпен қарауы - қазақстандықтар үшін айрықша мәртебе екендігін мақтаныш сезіммен айтқан мәлім.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 1998 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ережелері» және «Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеуге алу Ережелері» сияқты екі бірдей нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.

Бүгінгі таңда Қазақстан үш бірдей авторлық құқықтар жөніндегі халықаралық Конвенцияға мүше болып табылады.

1952 жылғы 6 қыркүйекте Женевада қабылданған Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, әдебиет, ғылым және өнердің дамуына ықпал жасау - халықаралық өзара түсіністікке игі әсерін тигізетіндігі айтылған. КСРО аталмыш конвенцияға тек 1973 жылы ғана қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықты мұрагерлерінің бірі ретінде аталған конвенцияның мүшесі болып қалды.

Бір ғасырдан астам тарихы бар Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі тұңғыш конвенция 1886 жылы Бернде қабылданды. Аталмыш Конвенция өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1883 жылы қабылданған Париж Конвенциясымен бірге Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының келісім жүйесінің негізін құрайды.

Авторлық құқықтар жөніндегі комитет өзіне жүктелген шаралардың қай-қайсысын да абыроймен атқарып келеді деп ойлаймыз. Мәселен, Комитет 1998 жылы «Евразия» кинофестивалі шеңберінде дыбыс-бейне саласындағы авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау проблемалары бойынша өткен халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды.

Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектілері) . Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.

Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшілік алдында орындалған, көпшілікке көрсетілген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бір объективті нысанда:

  1. жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т. б. ) ;
  2. ауызша (көпшілік алдында айту, көпшілік алдында орындау және т. б. ) ;
  3. дыбыс және бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т. б. ) ;
  4. бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле бейне немесе фото кадр және т. б. ) ;
  5. көлемдік-кеңістікті (мүсіндеме, модель, макет, құрылыс және т. б. ) ;
  6. басқа да нысандарда қолданылады.

Осы аталған белгілері бар және дербес пайдаланылуы мүмкін туындының бір бөлігі (оның атауын қоса) авторлық құқық объектісі болып табылады.

Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің жеке өздеріне қолданылмайды.

Авторлық құқық объектілерінің түрлері мыналар болып табылады:

  1. әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т. б. ) ;
  2. драмалық және драмалық-музыкалық туындылар;
  3. сценарийлік туындылар;
  4. хореография және пантомима туындылары;
  5. мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;
  6. аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
  7. кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнердің туындылары;
  8. қолданбалы өнер туындылары;
  9. сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
  10. фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;
  11. географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
  12. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
  13. өзге де туындылар.

Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ:

  1. туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделімдері) ;
  2. жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

Туынды және құрастырылған шығармалар олардың негізге алынған немесе оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын туындылар мыналар:

  1. ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
  2. мемлекеттік рәміздер мен беогілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер) ;
  3. халық шығармашылығының туындылары;
  4. ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.

Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің жобаларына құқық. Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің жобаларына авторлық құқыққа жобаны жасаған адам ие болады. Ресми құжаттардың, рәміздер мен белгілердің жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма беруші оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға және жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есімін көрсетуге құқығы бар.

Ресми құжаттарды, рәміздерді немесе белгілерді жобаның негізінде дайындалған кезде оған ресми құжатты, рәмізді немесе белгіні дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізуі мүмкін.

Құзыретті орган жобаны мақұлдағаннан кейін ол әзірлеушінің аты-жөні көрсетілмей-ақ қолданылуы мүмкін.

Авторлық құқықты қорғау белгісі. Айрықша авторлық құқық иесі өз құқықтары туралы мәлімдеу үшін туындының әрбір данасына салынған және үш элементтен:

  1. қоршауға алынған латынша «С» әрпінен;
  2. айрықша авторлық құқықтар иесінің есімімен (атауынан) ;
  3. туындының бірінші жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.

Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгісінде көрсетілген адам айрықша авторлық құқытың иесі болып саналады.

Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарғанда безендірулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсініктемелер немесе қандай да болсын түсіндірмелер беруге тыйым салынады.

Автор қайтыс болғаннан кейін оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетілген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлері, сондай-ақ актілеріне сәйкес авторлық құқытарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.

Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешімінен бас тартуға құқылы (кері қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешім арқылы келтірілген залал өтелуі керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны кері қайтарып алатыны туралы көпшілікке хабарлауға міндетті. Бұл орайда ол туындының бұрын әзірленген даналарын өз есебінен айналыстан алып тастауға құқылы.

Автордың біреумен келісімі немесе автордың жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.

Авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс болғаннан кейін, автор қайтыс болғаннан кейінгі келесі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде, елу жыл бойы күшінде болады. Бірлесіп шығарылған туындыға авторлық құқық серіктес авторлардың бүкіл өмірі бойына және басқа да серіктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады.

Құқық иеленуші өзіне тиісті құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Сабақтас құқық

Сабақтас құқықтардың объектілері. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.

Сабақтас құқықтардың субъектілері. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып табылады.

Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу немесе қандай да бір басқа формалды талаптарды сақтау талап етілмейді.

Фонограмманы, орындау жазбаларын жасаушы және орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшін орындау жазбасының, фонограмманың әрбір данасында және ол сақталатын әрбір қорапта орналасатын және үш элементтен:

  1. қоршауға алынған латынша «Р» әрпінен;
  2. айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімінен;
  3. орындау жазбасының, фонограмманың бірінші жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.

3. Авторлық құқықтың қолданылу аясы

Авторлық құқық:

  1. авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға;
  2. жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР-ның тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР-ның азаматтары авторлар және олардың құқық мұрагерлері деп танылады;
  3. жарияланған не жарияланбаған, бірақ ҚР-ның тыс жерлерде қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР-ның халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар деп танылады.

Егер туынды ҚР-нан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі отыз күн ішінде ҚР-ның аумағында жарияланса, ол ҚР-да жарияланды деп саналады.

Екі немесе одан да көп адамның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық туралы
Авторлық құқықтың ұғымы және қатынастардың реттелуі
Авторлық құқық туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқық туралы заңнама
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқық туралы мағлұматтар
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматық-құқықтық реттеу
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz