Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

8-ТАРАУ. Халықаралық жария құқықтағы адам құқығы

8. 1. Халыктар жағдайын халықаралық-қуқықтықреттеу.

8. 2. Азаматтықтың халықаралық-құқықтык мәселелері.

8. 3. Шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы.

8. 4. Баспана құқыгы және босқындардың құқықтық жағдайы.

8. 5. Адам кұқықтарын халықаралық-құқыкгық реттеу.

8. 6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.

8. 1. Халықтар жагдайын халықаралық құқықтық реттеу

Кез келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңдарымен айқындалады. Бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мүдделілігі болмай қалады деген ой тумауы керек.

Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ, "аралас мәртебесі" бар халықтар санаты да болуы мүмқін, йғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады. Тар мағынадағы "халық" ұғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халық деп айтады.

Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғұрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық-қүқықтық нормалар, шетелдіктердің, қос азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын, халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-біріне беру туралы мәселені де шешіп отырады. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, бнда ғарыш кемесі экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларында көмектесудің құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай қарулы жанжал жағдайында

болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі екі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әр түрлі болатыны сөзсіз, осыған орай халықаралық қүқықтағы сапалық өзгерістердің ішкі заңдарға әсер ету дәрежесі мен сапасы да артып келеді.

Сонымен, халықаралық құқықта жеке мемлекеттер халқының жағдайына халықаралық құқықгың ықпал етуінің екі бағыты байқалуда.

Бірінші багыт, жалпы сипаттағы ықпал етумен сипатталады. Ол халықтың қандай да бір бөлігінің халықаралық құқықтың әсер ету объектісі болмаған кездерінде орын алады. Бірақ, осылай болғанымен, халықаралық стандарттар мемлекеттердің халықтың қандай да бір бөлігінің құқықтық жағдайын өзгертуіне қозғау салады. Мысалы, Еуропалық Кеңеске мүше болудың бір шарты ретінде үлттық қылмыстық заңдардан өлім жазасын алып тастау талабы қойылған. Мәселен, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалар жүйесі халықтың құқықтық жағдайын өзгертпейді. Бірақ бұл қағидалар олардың азаматгық қүқық қабілеттілігінің мазмүнына әсерін тигізетіні талас тудыра қоймас. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасы адамның жеке тұлға ретінде еркін дамуы үшін құқықтық жағдайларды барьшша қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттер өздерінің саяси және экономикалық қызметінде осы қағидаларды басшылыққа алуға міндетті. Олар азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қүқықтар мен бостандықтарды Біріккен ¥лттар Ұйымының жарғылық ережелеріне, адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына, адам құқықтары туралы Пактілерге және өзге де актілерге сәйкес тиімді жүзеге асыруды қолдауға және дамытуға міндетгі. Аумақтарында үлттық және басқа да азшылықтар бар мемлекеттер осындай топқа жататын тұлғалардың заң алдындағы бірдейлік құқығын құрметтеуге және оларға адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын іс жүзінде пайдалануға толық мүмкіндік беруі тиіс.

Екінші багыт - халықаралық құқық нормаларының халықтың жағдайына нақты ықпал етуі. Бүл ықпал ету мақсатты сипатга болады. Мүндай нормалар мемлекеттерге халықтың белгілі бір санаттарына қандай да бір құқықтар немесе міндеттер беру құқығын немесе міндетін жүктейді. Мысалы, Бала қүқығы туралы 1989 ж. конвенция балаларды қорғау мәселелеріндегі халықаралық стандарттарды белгілейді. Осыған орай, кез келген мемлекет отбасы құқығының ұлттық нормаларын конвенциялық нормаларға сәйкес толықтырып, түзетеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуын жеңілдету тәртібі туралы 1996 ж. конвенция оның қатысушыларына азаматтық алудың жеңілдетілген, бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді.

Сонымен, осы заманғы халықаралық құқық өз табиғаты бойынша мемлекетаралық құқық бола отырып, бара-бара және кең көлемде халықтардың құқықтық жағдайын және жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғап келеді. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасы халықаралық құқықта шарттық және әдет-ғұрыптық нормалардың тұтастай жүйесін өмірге келтірді. Халықаралық құқықтың халықтар мәртебесіне қатысы бар жаңа қағидалары мен институттары да пайда болуда. Адам құқықтары осы заманғы халықаралық құқықтың арнаулы саласын құрайды деп айтуға толық негіз бар және ол күннен-күнге дамып, жетіліп келеді.

8. 2. Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері

Азаматтық мәселелері осы заманғы халықаралық құқықта үлкен маңызға ие. Азаматтық деп жеке тұлғаның мемлекетпен түрақты саяси-құқықтық байланысын айтады, ол мемлекетке қатысты белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болумен, сондай-ақ мемлекеттің жеке адамға қатысты қүқықтары мен міндеттерімен сипатталады. Азаматзгық, ең алдымен әрбір мемлекеттің ішкі құқығының институты болып табылады. Сонымен бірге, бұл халықаралық жария қүқықтың да институты. Азаматтық мәселелері XX ғ. басында-ақ, ұлттық заңдардың толық монополиясына айналған еді. XX ғ. аяғына таман азаматтық мәселелердің көпшілік бөлігі халықаралық құқық нормаларымен қамтамасыз етіле бастады. Мысалы, конвенциялық нормаларда мемлекеттер азаматтықты бекітудің келісілген, икемді тәртібін белгілейді. Азаматтықты қабылдау шарты мен рәсімі мемлекеттің дербес құқықгық саласына жататынына қарамастан, бірыңғай (бір ізге салынған) ережелер бар, оған сәйкес, мемлекеттер белгілі бір ережелерді үстанады.

Азаматтық институты буржуазиялық революциялардың дамыған кездерінде пайда болды. "Қол астындағы азамат" түсінігі кейбір мемлекеттердің заң актілерінде әлде де сақталып қалды. Қолданыстағы азаматтық туралы заңдарда азаматтық алудың екі түрлі әдісі бекітілген: тууына байланысты (филиация) және қол астына алу тәртібінде (қалыптасу) . Бірінші жағдайда азаматтық алу жеке адамның еркінен тыс болса, ал екіншіде - адамның азаматтық алуға еркі немесе келісімі, сондай-ақ заңмен бекітілген құқықтық шарттар болуы керек.

Тууына байланысты азаматтық алуда екі қағида қолданылады -"қандық қүқығы"- (Іиз запдшііпіз) - тууына байланысты азаматтық алу және "топырақ құқығы" - О'из зоіі) - туған жеріне байланысты азаматтық алу.

"Қандық құқық" қағидасы Еуропа елдерінің аумағында (Австрия, Италия, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания және басқалары) әрекет етеді, "Топьфақ құқығы" қағидасын латыіммерикандық мемлекеттердің заңдары басшылыққа алады. Кейбір елдердің азаматтық туралы заңдарында аталған екі қағида да әрекет етеді (АҚШ, ¥лыбритания, Үндістан және басқалары) . Қазақстан Республикасының азаматтық туралы 1991 ж. Заңының 10-бабына сәйкес, біздің мемлекет "қандық құқық" қағвдасын қолданады.

Азаматтьщқа алу дегеніміз - мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы. Азаматтыққа алу тәртібі мен шарты мемлекет заңдарымен айқындалады. Азаматтыққа алу тәртібінде мынадай жағдайларда азаматтыққа қабылда-нады:

• бір мемлекет азаматының (азаматшасының) басқа бір мемлекеттің азаматшасымен (азаматымен) некеге отыруы;

• азаматтығы жоқ немесе басқа бір мемлекеттің азаматы болып табылатын баланы бір мемлекеттің азаматының асырап алуы;

• оптация (бір мемлекеттен екінші мемлекеттің қарамағына көшкен жердің халқының қай мемлекетгің азаматгығын өзі таңдап алуы) . Оптация құқығы халықаралық шарт негізінде немесе бір тарапты тәртіпте жүзеге асырылады. Оптация кең мағынасында - азаматтығы бар адамның азаматтықты таңдауын білдіреді. Алайда, оптация басқа да нысанда болуы мүмкін, яғни адамның жаңа азаматтықты алуы және бұрынғысынан бас тартуы.

Азаматтыққа алу кезінде нақты елдің заңдарында көзделген белгілі бір жағдайлар болуы мүмкіа Мысалы, Американың азаматтық туралы заңында азаматтыққа қабылдау үшін отырықшылық шектелімі ретінде 5 жыл, ағылшын тілін білу, адал болуға ант ету сияқты талаптар көздел-геа АҚШ заңдарында егер адам коммунист және атеист болса, азамат-тыққа қабылданбайтыны көрсетілген. Францияда азаматтық алу үшін сол елде бірнеше жыл емір сүру керек және кандидаттың моральдық қасиеттері биік болуы керек; өмірбаянында қайыр тілеу, жезөкшелікпен айналысу сияқты элементтер болмауы тиіс. Кейбір мемлекеттердің заңцарында кәсіби шектелім қойылғаң нақтырақ айтқанда, мысалы, Швей-цария заңында кәсіптік шектелім көзделген, Мәселен, ірімшік қайна-тушы немесе сағат жөндеуші мамандығы барларға артықшылықтар беріледі.

Мемлекет аумағының бір бөлігі басқа мемлекетке өткен жағдайда азаматтықтың ауысуы мүмкін, яғни ол цессия деп аталады. Мұндай жағдайда азаматтық алудьщ екі түрлі әдісі болады:

• екі азаматтықтың бірін ерікті түрде тавдау;

• азаматтықтың автоматты түрде өзгеруі - трансферт - бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке өтетін аумақтың халқын беру, соған орай бір азаматтықтан екінші азаматтыққа өту.

Азаматтық туралы коллизиялық нормалар азаматсыздықты (апатризм) немесе қос азаматтықты (бипатризм) туындатады.

Халықаралық тәжірибеде ешбір мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар санаты бар, яғни апатридтер, мысалы, шетелдікпен заңды некеге тұрған әйелдің елінің заңында "әйелі ерінің азаматтығын алады" деген қағида қолданылады. Мұндай жағдайда әйел өз елінің азаматтығынан шығады, ал күйеуінің елінің заңы бойынша оған тиісті шарттар орындалмағандықтан азаматтық берілмейді. Апатризмнің басқа да кең таралған түрі бар: адам қандай да бір мемлекеттің азаматтығынан өз еркімен немесе күштеп шығарылса және басқа мемлекеттің азаматтығын алмаған жағдайлары болады. Апатридтердің құқықгық жағдайы тұратын елдің заңымен айқындалады. Мекендеген мемлекет олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатридтерге адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын беруі тиіс. Апатридтердің болуы халықаралық және ішкі мемлекеттік құқық үшін құқықтық "ауытқушылық" болып есептелетіндіктен, мемлекеттер азаматтығы жоқ адамдардың санын кемітуге ұмтылып отыр. Мысалы, Қазақсандағы азаматтық туралы заңда ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы аумағындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады - ДЬп көзделген (Азаматтық туралы 1991 ж. заңның 13-бабы) . Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады - Азаматтық туралы 1991 ж. Заңның 14-бабы. Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады - Азаматтық туралы заңның 12-бабы.

Осы заманғы халықаралық құқық апатридтердің мәртебесін азаматсыздықты қысқарту туралы 1961 ж. конвенцияда және апатридтердің мәртебесі туралы 1954 ж. конвенцияда айқындайды. Бұл халықаралық-құқықтық құжаттар азаматсыздық жағдайларын қысқартуға және апатридтерге осы конвенцияларға қол қойған мемлекеттердің аумағында біршама жеңілдіктер беруге бағытталған. Апатризм жағдайларын болғызбау үшін бірқатар мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарында "қандық қүқық" қағидасы қолданылады, яғни тараптың біреуінің азаматтығы жоқ болған жағдайда, баланың әкесінің немесе шешесінің азаматтығын алуына жол берілуі болып табылады. Мемлекеттер апатридтер үшін белгілі бір құқықтық режим бекітеді. Қазақстан Республикасының заңы - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқыктық жағдайы туралы" заң күші бар жарлығында белгіленгеніндей, бұл шетел азаматтарымен құқықтар мен міндеттерін теңестіруден көрінуі мүмкін. Азаматтығы жоқ адамдарды өздерінің азаматтарымен теңестіру немесе апатридтерге арнайы режим белгілеу іс-тәжірибеде сирек кездесуі мүмкіа Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенцияның 2-бабында: "әрбір келісуші мемлекет азаматтарының басқа. бір мемлекеттің азаматтығын ерікті түрде қабылдауы, не азаматтарьшың өз азаматтығынан бас тартуы азаматтың әйелінің азаматтығының сақталуьша кедергі бола алмайтындығымен келіседі"- деп көрсетілген. Әрине, бұл конвенциялық норманың азаматсыздықты жоюға бағытталғаны сөзсіз.

Түрлі мемлекеттердің азаматгығы туралы заңдардағы қайшылықтар - қосарланған немесе көп азаматтықтың пайда болуына, яғни бипатризмге себеп болуда. Апатризм сияқты, бипатризм де белгілі бір деңгейде халықаралық қүқықтың көпшілік таныған қағидаларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Мүндай сипаттағы кайшылықтарды жою үшін мемлекеттер тиісті заң актілерін қабылдайды және халықаралық шарттар жасайды. Бипатридтердің құқықтық мәртебесін айқындау кезінде белгілі бір қиындықтар кездесіп отырады. Нақты қүқықтарды жүзеге асырғанда және нақты міндеттемелерді орындау барысында көптеген қайшылықтардың болмай қалуы мүмкін емес. "Қосарланған азаматтық" туралы тезисті Еуропалық Одақ қабылдаған жоқ. Бипатридтердің қүқықтарын дипломатиялық және заңдық тұрғыда қорғау кезінде бипатризм проблемалары туындап жүр. Теориялық жағынан алғанда, қос мемлекет те өздерінің тәуелсіз құқықтарына орай, бипатридтерді қорғайды. Ол екі мемлекеттің бірінің аумағында өмір сүре беруі мүмкін. Сонда мемлекеттердің бірі оның азаматының қорғалуына қарсы болса, келесі мемлекетті тәуелсіз мемлекеттің ішкі қүзыретіне қол сүғады деп айыптауға болады. Мұнан да маңыздырақ мәселелер бипатридтердің үшінші мемлекетпен арақатынастарында туындайды. Осыған байланысты халықаралық құқықта, XIX ғ. 60-жылдарынан бастап, "қосарланған азаматтықты" болдырмау үшін екі жақты және көп жақты шарттар жасалып келеді. Мәселен, оған көп жақты америкааралық конвенцияларды, көп азаматтықты қысқарту туралы және көп азаматтық жағдайывдағы әскери міндеттемелер туралы 1963 ж. конвенцияны жатқызуға болады. ФРГ, Грекия, Израиль мемлекеттерінің завдарында қосарланған азаматтыққа қатаң шектеумен рұқсат етілген.

Қазақстан Республикасындағы конституциялық норма - Ата Заңның 10 бабының 3-тармағында- Республика азаматының басқа мемлекеттін азаматтығында болуы танылмайды деп бекітілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңның 3-бабының 2- тармағында, Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды, -деп белгіленген. Қазақстан Республикасының 1993 ж. Консгитуциясында "қосарланған азаматтық" мәселелерінің жалпы ережелері және ерекшеліктері белгіленген болатын. Мәселен, 1993 ж. Конституцияньщ 4-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды деген норма мазмұндалған. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекетте де тұратын барлық қазақтардың басқа мемлекетгердің азаматтығымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматы болуы танылады - 4-баптың 4-тармағы немесе Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарының күші бойынша ҚР-дың азаматы болып танылуы - жалпы ережеден бөлек болды. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конститутциясы бипатридтердің құқықтық мәртебесі мәселелеріндегі көпшілік таныған халықаралық стандарттарға сай келеді. Онда "қосарланған заматтығы" бар адамдарға қатысгы жалпы ережелерден ауытқушылықгар жоқ. Қазақстанньщ 1993 ж. Конституциясында орын алған ерекшеліктерге келсек, онда Қазақстан Республикасының 1991 ж. Азаматтық туралы заңында 1995 ж. өзгерістерін қоса алғанда былай деп белгіленген: Қазақстан Республикасы өз аумағына жаппай жазалау, куштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жатпайтын өзге де саяси өрекеттердің салдарынан республика аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумақтарында түратын қазақтар үшін жағдай жасайды делінген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы біртұтас азаматтықты мемлекет тәуелсіздігінің тұрақтылығы мен мызғымастығының және ұлттық тең құқылықтың негізі ретінде жариялайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтьщ туралы 1991 ж. 20жел-тоқсанындагы Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 3 к^занындагы заң куші бар жарлыгымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Азаматтық туралы қазақстандық заңдар көпшілік мойындаған әлемдік стандарттарға сай позицияны ұстанады. Заңның Кіріспесінде Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алу қүқығы белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту қүқығынан айыруға, оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Қазақстан азаматтығына 1992ж. 1 наурызында мемлекетте тұрақты тұратын, сондай-ақ осы заңның ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар қабылданады. Қазақстан азаматтығын алғысы келмегендер 1994 ж. 1 наурызына дейін ол туралы жергілікті ішкі істер органына жазбаша хабарлауға мүмкіндік алды. Мұндай адамдар үшін аталған кезең ішінде азамаггық мәселелерін шешудің жеңілдетілген тәртібі көзделді. Осы аталған мерзім ішінде өтініш бермеген адамдар, қандай ұлтқа жататынына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылды. Заңның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматьшың төлқұжаты Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын құжат болып табылады. 16 жасқа дейінгі балалардьщ азаматтығы олардың туу туралы куәліктерімең ата-анасының қайсысының болса да төлқұжатымен расталады.

Азаматтық туралы заңның 8-бабына сәйкес, халықаралық құқықтық экстрадиция (бір елдің заңын бұзған адамды басқа елге қуып жіберу) қағидаларының бірі -республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды, - деген қағида көзделген.

Қазақстан Республикасында азаматтық алудың төрт түрлі негізі бар:

• тууы бойынша;

• Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

• Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;

• Азаматтық туралы Занда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау өтініш беру негізінде жүзеге асырылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Қазақстан азаматтығына алу үшін кәсіпке шектеу мемлекеттік тілді білу сияқты талаптар қойылмаған. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру он жылдан бес жылға қысқартылған талап кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан адамдардан және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдарға таралмайды. Осы ереже, сонымен қатар Қазақстан аумағынан саяси себептермен кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың үрпақтарына, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса, қолданылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарымен некеде тұратын адамдарға 5 жыл тұрақты түру талабы қолданылмайды, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туыстары бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстанда тұру мерзіміне қарамастан, азаматтыққа қабылдануы мүмкін. Міндетті әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді.

Заңның 17-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері айқындалған. Егер Қазақстан Республикасыңың азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:

1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

2) Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

3) мемлекет қауіпсіздігіне, халық денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;

6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

7) басқа мемлекеттің азаматы болса, өтініштері қабылданбайды. Жоғарыда аталған негіздер мемлекеттік бастауларға, азаматтардың

бірлігі мен теңқұқылығына зиян келтіреді, мемлекеттің тұтастығы мён оның шекараларының мызғымастығына қол сұғады.

Азаматтықты тоқтатудың екі негізі бар - азаматтықтан шығу және мәжбүрлі түрде азаматтықтан айырылу салдарынаа

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтығының ұғымы
Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері және тәртібі
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Азаматтық
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің конституциялық құқықтық қырлары
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz