Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары туралы
ЖОСПАР
Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9
-Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
1. Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары
мен қоғамды ұрлық, зорлық және т.б. зиян келтіруші әрекеттерден қорғау
арқылы орындауы тиіс. Бұл бап полиция қызметкерін құқықпен байланыстырады.
Заңның билігі әрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Полиция
қызметкерінің мақсаты және жауапкершілікті міндеті — заңды сыйлау және оның
талаптарын ұстану.
2. Әрбір полиция қызметкері өз борышын адал, әділ және қадір-қасиетпен
орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға
және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты
анықтамасы жоқ, алайда әрбір полиция қызметкері оның қай жерден
басталатынын біледі. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше
маңыздылыққа ие, себебі, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, бұл
сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.
3. Жаппай жазалауға, қинауға және гуманизмге қарсы және қадір-қасиетті
төмендететін жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым
салынған. Полиция қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез-
келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті. Жазаны
анықтау — сот органдарының міндеті, сол себепті де, полиция қызметкері бұл
функцияны заңға қайшы жолмен өз мойнына алмауы тиіс. Полиция жаппай қырып-
жою мен осындай қатал сипаттағы басқа да шараларға қатыспауы тиіс. Бұл
тыйымның маңыздылығы соншалық, тіпті, осындай шаралар туралы бұйрықты
жоғары тұрған инстанциялар берген күннің өзінде полиция қызметкері оған
бағынбауы тиіс.
4. Полиция қызметкері өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті,
алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы
керек. Бұл бап әрбір өкімнің полиция қызметкері орындамауға міндетті
жақтарын кеңейтеді. Бұл баптың нақты мағынасы, ең алдымен, полиция
қызметкерінің иерархиялық және қатаң бағыныстағы ұйымның мүшесі бола тұра,
көптеген жағдайларда өз бастығының өкімдерін бұлжытпай орындайтынын ескеріп
өткен. Көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұйрықты жедел түрде
орындау қажет болады. Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсыз екенін
сезінсе, оны орындамауы керек.
5. Полиция қызметкері жеке тұлғаға тікелей, орны толтырылмайтын зиян
келтірумен сипатталатын заң бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кешіктірместен шаралар қолдануға міндетті.
6. Егер жасалған құқықбұзушылық тікелей, орны толтырылмайтын зиян
келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау
және қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы
тиіс. Егер бұл хабарлама қараусыз қалдырылса, ол жоғары тұрған
инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заңбұзушылықтарға арналған.
Декларация құқықбұзушылықтардың екі түрін ғана атап көрсетеді. Бірінші
жағдайда тікелей және орны толтырылмайтын зиян туралы (мысалы, жаппай қырып-
жою) айтылған. Бұл кезде полиция қызметкері өзі жедел шаралар қолдануға
міндетті. Басқа жағдайлар — құқықбұзушылықтар тікелей және орны
толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай жағдайларда полиция
қызметкері құқықбұзушылықтар туралы өз бастығына хабарлауға міндетті,
нәтижесінде соттық сипаттағы бұлтартпау шараларына жол беріледі.
7. Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік
жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Бұл бап 4-баптан
туындайды. Заңғы қайшы бұйрықтан Полициялық декларацияның нақты мәні айқын
көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін
жазаға тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға
сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталған; сонымен қатар, ол
бұйрықты орындамаған полиция қызметкерін өзінің бағынбаушылығының негізін
көрсетуге міндеттейді.
8. Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге асырушы
полиция қызметкері сезікті болмаса да, оларға қатысты нәсілдік тегіне, діни
немесе саяси көзқарастарына байланысты қамау қаупі немесе қудалау орын
алған тұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың
арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс. Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік
тегі, діни немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға түсуіне шыдамауы тиіс.
Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер жасауы тиіс:
мысалы, ол еврейлерді діни көзқарастарына байланысты қамауға көмек беруден
бас тартуы тиіс. Екінші жағынан, ол қазіргі кездегі көптеген қылмыстардың
жасырын саяси себептер бойынша жасалатынын білуі тиіс. Ирландияда
қылмыстардың 40%-і саяси себептермен түсіндіріледі. Декларацияның 8-бабының
нақты мағынасына сәйкес, ол сезікті болып табылатын нақты бір саяси ұйымның
мүшелерін жазаға тарту мүмкіндігін жүзеге асыруға ұмтылуға және ол ұйымға
аса ауыр қылмыстар үшін (мысалы, бомба тастау) жауапкершілік жүктеуге
міндетті. Әсіресе, бұл лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушыларға
(террористер) байланысты. Сонымен қатар, егер жасалған қылмыс қылмыстық
құқық саласына енсе, бұл ерекше маңыздылыққа ие. Бұл бап полиция
қызметкерінің адамды ол еврей немесе саяси партияның мүшесі болғаны үшін
ғана қамауға алмауын атап көрсетеді. Сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz