Салық әкімшілігін жүргізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ
Әкімшілік-құқықтық саясат кафедрасы
ДӘРІС
Тақырып № 9 бойынша
Салық әкімшілігін жүргізу
Кафедра / әдістемелік
секция/
отырысында қаралып
келісілді
№ хаттама
«___» 2004 ж.
Оқытушы: Омаров Н. А.
Алматы қ.
Мемлекеттік салықтық бақылау.
Мемлекеттік салықтық бақылау салықтық бақылау - тексерулерді жүзеге асыру хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарының жүйесі мен құзіреттерін, салықтық бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ салықтық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайтын салықтық құқықтық жалпы бөлімінің институты б. т.
Салықтық бақылау мемлекеттің салықтық қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және салықтық бақылау салық органдары мен басқа да тиісті уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі б. т. Негізінде салықтық бақылау кең мағнада айтылады.
Осы салықтық бақылау аясында мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша, айқын көрініс табады. өйткені, мемлекет әрқашанда салықтық қатынастардың бір жағында тұратын қатысушы, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субъектісі ретінде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың уақытылы жиналуын және олардың толық мөлшерді тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қаматамасыз етіп, өзінің және қоғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілік қанағаттандырады. Бұл жерде айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай да болмасын салықтық құқықтық қатынастардағы тараптардың бірі - тұрақты субъектісі болып саналғанымен, егер салық төлеуші мен салық органының арасында белгілі бір дау-дамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге тырысатын ара би б. т.
Сонда, салықтық бақылауды мемлекеттік бақылаудың арнайы түрі қаржылық бақылаудың бір түрі деп айтуға болады. Сонымен бірге ол салықтық қызметтің құрамында да тұрақты көрініс табады.
Салықтық бақылаудың мынадай: салық заңдарының бұзылуы жөніндегі деректерді айқындау; салықтық құқықтық қатынасқа қатысушының өз міндеттерін жеткіліксіз орындағаны туралы деректерді айқындау; кінәлілерді табу және оларды белгіленген заңды жауапкершілікке тарту; салық заңдарының бұзылуын жою; берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу түріндегі шараны қолдану арқылы мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау; салық заңдарының бұзылуын болдырмау сияқты мақсаттары болады.
Салықтық бақылау әрқашанда тексеру немесе тексеру мақсатында қадағалау болғандықтан мына келесідей стадиялар: ақпараттар жинау; ақпараттарды бағалау; жиналған ақпараттар бойынша жүзеге асырылады. Ал салықтық тексерудің өзіне тән мына: салықтық тексеруге дайындалу: тексеруді жүргізу; тексеру нәтижелерін жазбаша түрде белгілі бір тәртіпке келтіру; салық заңдарын бұзу көрініс тапқан жағдайда оны жою жөніндегі бұйрық - талаптың атқарылуына бақылаудың жүзеге асыру сияқты стадиялары бар.
Салықтық бақылау субъектілері салықтық тексеру жүргізуге айрықша құқық берілген мемлекеттің салық органдары болып табылады.
Салық бақылау объектілеріне өздеріне салық заңдары бойынша заңи міндеттер жүктелген мынадай топтар жатады: салық төлеушілер; мемлекеттің салық агенттері; банктер; салық төлеуші жөніндегі ақпараттарға не тұлғалар. Салықтық бақылау пәні өздерінің заңи міндеттерін орынау жөніндегі салық төлеушінің іс-қимылы болып табылады.
Салықтық бақылау мынадай: тікелей бақылау; сырттай бақылау нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Жүзеге асырылу мерзімі бойынша; алдын-ала салықтық бақылау; ағымдағы салықтық бақылау және кейінгі салықтық бақылау болып бөлінуі ықтимал.
Мемлекеттік биліктің бөлінуі тұрғысынан салықтық бақылау; өкілді органдар жүзеге асыратын бақылау; атқарушы билік органдары жүзеге асыратын бақылау; сот бақылауы болып бөніуі мүмкін. Бұл жерде айта кететін жәйт, салық салу, салықтық қызмет, салық төлеу мәселелеріне байланысты істерді қарастыратын сот билігі органдары тікелей болмаса да, біршама көлемде салықтық бақылауды жүзеге асырады. Алайда салықтық бақылау тек Қаржы министрлігі арқылы, нақты айтсақ оның Салық комитеті арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, салықтық бақылау деп, салық заңдарының тиісінше орындалуына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жаранларының тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларын толығымен және уақытылы аударылуына қатысты тек салық органдары тарапынан жүргізілетін бақылауды айтамыз.
Салықтық бақылау мынандай:
- Салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;
- Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
- Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
- Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;
- Салықтық тексерулер;
- Камералдық бақылаулар;
- Салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүргізу;
- Фискальдық жалы бар бақылау кассалық ашиналарын қолдану;
- Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу,
- Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу; бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
- Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
Салықтық бақылаудың осындай нысандары мен түрлеріне мына келесідей сипаттама беруге болады:
- Салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою - салық төлеушілердің тұрған жерлерін, оларға тиесілі салық салу объеутілері мен салық салуға байланысты объектілерін анықтап, белгілеу, сондай-ақ салық төлеушілерді есепке алу сипатының ағымдағы өзгерістерін тіркеу, салық төлеушілерді салық органында есепке қою болып табылады.
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу - заң жүзінде белгіленген тәртіптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
- Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу салық органдары тарапынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелінген және түскен сомалар бойынша салықтақ міндеттемелердің орындалуын салық төлеушінің жеке шотынша көрсету жолымен жүзеге асырылады;
- Қосылған құн салығы бойынша төлеушіні есепке қоюды уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдары жүзеге асырады. Ал салық төлеушілерді қосылған құн салығы бойынша есепке қою талаптары салық кодексінің тиісті баптарында айқындалған;
- Салықтық тексерулер ҚР салық заңдарынң айтарлықтай деңгейде орындалуы тексеру кезінде жүзеге асырылады;
- Камералдық бақылау салық төлеушілер табыс еткен салық есептілігі мен басқа да құжаттарды зерделей және талдау негізінде салық органдары тікелей жүзеге асыратын бақылау болып табылады, сондай-ақ ол салық органдары орналасқан жерде жүргізіледі;
- Салық төлеушілердің қаржылық шаруашылық қызметтеріне жүргізілетін мониторинг салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын айқындай және тауарлардың өзіндік құнын қалыптастырудың негізделгеніне талдау жүргізеді, ҚР қаржылық; валюталық заңдарының және қолданылатын рыноктың бағаны сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне фискалдық байқау жүйесі болып табылады. Республикалық фискальдық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбегін ҚР үкімет белгілейді.
- Фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану сауда операцияларын жүзеге асыру немес қолма-қол ақша, банктік төлем карточкасы, чектер арқылы қызмет көрсету кезінде тұтынушылармен есеп айырысудың фискальдық жады бар бақылу-кассалық машинаны міндетті түрде қолдануға және тұтынушының қолына бақылау чегін беруге міндеттейді;
- Акцизделетін тауалардың жекелеген түрлері таңбалау және акциздік постыларды белгілеу сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары және құрамында темекі бар басқа да бұйымдар ҚР-ң үкіметі белгілеген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес акциздік алым таңбаларымен және есептік бақылау таңбаларымен таңбалауға тиіс.
Акцизделінуге тиіс тауарларды акциздік алым және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау сол тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылардың мойнына жүктелген. Сонымен қатар, салық органдары уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп негізінде акцизделетін тааурларды өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акцизділік постылар белгілейді.
- мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру салық органы тарпынан мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, өткізу тәртібін ақтауға, сондай-ақ оны сатудан түскен ақша қаражаттарының бюджетке толығымен және уақтылы түсуіне жасалынатын бақылау болып табылады. Мемлекет меншігін айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.
- уәкілетті органдарға бақылау жасау бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің дұрыс есептелп шығарылуы, толығымен алынуы және уақтылы аударылуы жөніндегі мәселелері бойынша салық органдары тарапынан уәкілетті органдарға жасалатын бақылау болып табылады.
Салықтық бақылау салықтық қатынастардың сипатына қарай материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Салықтық бақылауды құжаттық тексеру және сандық-сапалық салықтық тексеру деп бөлуге болады. Құжаттық тексеру жаппай немесе іріктеп тексеру тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Құжаттық тексерудің нәтижесі жазбаша акті түрінде көрініс табады.
Салықтық бақылаудың маңызы, тексеру кезінде біріншіден, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы түсіп отыруын тексеру болса, екіншіден, салықтарды алу процесіндегі заңдылықтың сақталуын, салықтардың, салықтық қызметтердің негізділігін және тиімділігін, сондай-ақ олардың қоғам, мемлекет мүдделеріне сай жүргізілуін тексеру, үшіншіден, осы салық салу саласындағы субъектілер тарапынан салықтық құқық бұзушылықты болдырмау, ал тексеру барысында мұндай жайлар анықталған болса жауапкершілік қолдану үшін тексеру жүргізу болып табылады.
Салықтық қызмет аясындағы бақылауды уәкілетті-мемлекеттік органның салық төлеушілердің салық заңдарының талаптарын бұлжытпай сақтауларына тексеру жүргізуі деп айтуға болады. Салықтық бақылаудың тағы бір қырына - салық заңдарын бұзушыларды анықтау, олардың осы құқық бұзушылықты жасау себептерін зерттеу арқылы осы жайларды болдырмау және заң талаптарын бұзушыларға жауапкершілік белгілеу жатады.
Салық органдары ҚР заңдарына сәйкес ережелер мен шарттар негізнде заңды тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітвптарын, есептерін, сметаларын және басқа да құндылықтарын, есеп айырысуларын, декларациялары мен бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеуге байланысты құжаттарын тексереді, сондай-ақ осы тексеру барысында туындайтын мәселелер жөнінде ұйымдардың лауазымды адамдарынан, басқа да қызметкерлерінен және азаматтардан анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады.
Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылатындықтан, сол бақылауға тән әдістер арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, қаржылық жоспарлардың есептеулерін, оған қоса мәлімдемелерін тексеру; алғашқы ақша құжаттарын тексеру; оған қоса өзара шаруашылық байланыста тұрған ұйымдардың қосымша құжаттарын тексеру; ақша қаражаттарын, тауарлық - материалдық құндықтарды түгендеу, оған қоса кассаны тексеру және тексеру өлшемін жүргізу; қаржылық, салықтық есеп беру құжаттарын талдау, қайта есептен тексеру, оған қоса баланстарды, жылдық, тоқсаныдқ есептеулерді, санақ мәліметтерін тексеру, ревизия және т. б.
Салықтық бақылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің құжаттарын тексеру болып табылады. Заңды тұлғаларды құжаттық тексеру салық қызметі органдырының жылдық жұмыс жоспарына, сондай-ақ тоқсандық тексеру графиктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, құжаттық тексеру кезінде бағалы қағаздар, сметалар, есептеулер, жалақы төлеу тізімдері, шоттар және т. ь. толық қарастырылып жан-жақты тексеріледі.
Қазіргі кезеңдегісалықтық бақылаудың басты мақсаттарына салықтық заңдардың тиісінше орындалуына тексеру жүргізу, салық төлеушілер мен салық салу объектілерін уақытылы есепке алу жатады.
Салықтық тексерулер де тек салық органдары тарапынан ғана жүзеге асырылатын ҚР салықтық заңдарын тексеру болып табылады. Салықтық тексерулердің мына:
- Құжаттық тексеру
- Рейдтік тексеру
- Хронометраждық қарап тексеру сияқты түрлері болады.
Осы салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі, мерзімдері кезеңділігі және түрлері заң жүзінде қатаң белгіленген.
Салықтық тексерулер мына келесідей кезеңділіктерді сақтай отырып:
- Жылына бір реттен жиі емес кезеңде - кещенді түрде;
- Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес кезеңде - тақырыптық тексеру түрінде жүзеге асырылады. Салықтық тексерулер әмірлі талабы бар нұсқамалар негізінде жүргізіледі және осы нұсқамада мына:Нұақаманың салық органында тіеле йдатасы мен номірі; Нұсқаманы берген салық органының атуы; Салық төлеушінің толық атауы; Салық төлеушінің тіркеу номірі; Тексерудің түрі; Тексеруші тұлғалардың лауазымы, фомилиясы, аты, әкесінің аты; Тексеру жүргізілетін мерзім; Құжаттық тексеру кезінде тексерілетін салық кезеңі сияқты реквизиттер міндетті түрде болуға тиіс.
Мемлекеттік салықтық бақылаудың бір нысаны болып табылатын құжаттық тексеру өзіне орай кешенді, тақырыптық және қарсы тексеру түрлерінде жүзеге асырылады.
Кешенді тексеру салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын тексеру болып табылады.
Тақырыптық тексеру салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің жекелеген түрі бойынша салықтық міндеттеменің орындалуына қатысты жүргізіледі.
Қарсы тексеру салықтық тексеруді жүзеге асыру кезінде салық органында салық төлеушілер жүргізетін операциялардың салық есебінде дұрыс көрініс тапқаны туралы қосымша ақпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда, салық төлеушілермен байланыста болған үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру болып саналады.
Рейдтік тексеру салық органдары тарапынан жекеленген салық төлеушілерге қатысты жүзеге асырылады. Рейдтік тексеруді жүргізу барысында ҚР заңдарының мына келесідей жекелеген:
- Салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
- Фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың дұрыс қолданылуы;
- лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
- акцизделетін өнімді өндіру, сақтау және сату сияқты талаптарының сақталуы жөніндегі мәселелер тексеріледі.
Уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіп негізінде жүргізілетін хронометраждық қарап-тексеру барысында көзделінетін мақсат салық төлеушінің нақты табысын және осы табысты алуға байланысты шығындарын анықтау болып табылады.
Салық төлеушілерген берілетін әмірлі нұсқауларда көрсетілетін салықтық төлеушілерді жүргізу мерзімі осы нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз күннен аспауға тиіс.
Құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізу кезінде осы салықтық тексерудің мерзімі салық органы тарапынан алпыс жұмыс күнінет дейін ұзартылуы мүмкін.
Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салықтық тексеру жүргізудің мерзімі жоғары тұрған салық органы тарапынан құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға қатысты елу жұмыс күніне дейін және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жұмыс күніне дейін арттырылуы ықтимал.
Редтік тексеру жүргізу негізіндегі нұсқамада тексерілетін аумақтақ учаскесі, тексеру барысында анықталуға тиіс мәселелер мен заңда көзделген басқа да міндеттер көсетіледі.
Тақырыптық немесе қарсы тексерулер белгіленген кезде оның негізі болып табылатын нұсқамада салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің тексерілетін түрі көрсетіледі.
Бір нұсқамада негізінде тек бір ғана салықтық тексеру жүргізіледі. Салық органының мөрі басылған нұсқама тексеру жүргізу алдында уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.
Сонымен, осындай тәртіппен рәсімделген нұсқаманы салық төлеушіге немесе салық агенттеріне табыс теу сәті салықтық тексеру жүргізудің басталғанын білдіреді. Рейдтік тексеру жүргізу кезінде салық төлеушіге нұсқаманың көшірмесі, ал басқа тексеру түрлері жүргізілетін кезде нұсқаманың түпнұсқасы табыс етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz