Сервитуттың түсінігі және оның пайда болу негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сервитуттар

1. Сервитуттың түсінігі және оның пайда болу негіздері

Сервитут — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның
ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен
пайдалану, аң шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.
Бұл анықтама жер иелерінің және жер пайдаланушылардың өздерінің
әлеуметтік, тұрмыстық, экономикалық және басқа да қажеттіктері үшін бөтен
жер учаскелерін пайдалануды толық көлемде ашпайды. Сол себепті, мемлекет
халықтың — жер пайдаланушылардың мұндай қажеттіктерін қанағаттандыруға
мүдделі. Халықтың аталған қажеттіктерін қанағаттандыру нарық жағдайында да
аса қажет. Өйткені, бөтен жер учаскесінің бөлігін шектеулі пайдалану
экономикалық мақсатты көздейді және жер нарығын дамытуға қызмет етеді, бұл
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарының міндеттерінен көрініс
тапқан.
ҚР Жер кодексінің 7-тарауы сервитуттарға арналған. Сервитут жер
құқығының жаңа дербес институты. Онда құқық институтына тән барлық негізгі
белгілер бар. Сервитут институты жер туралы заңнамада — ҚР Жер кодексінде
сервитуттың туындау негіздерін, жеке және заңды тұлғалардың бөтен жер
учаскесін шектеулі пайдалану құқығын және оның түрлерін, сервитут
құқығындағы жер учаскесінің құқықтық режимін, оны сақтаудың, тоқтатудың
мәселелерін және т.б. реттейтін нормаларға ие.
Енді жер туралы заңнамада көзделген сервитут институтының мазмұнын
қарастырып өтейік.
Сервитуттың туындау негіздері. Сервитуттың туындау негізі болып
Қазақстан Республикасының Жер кодексіндегі келесі норма табылады: ҚР Жер
кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген
жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер
пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды
тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті.
Сервитуттың туындау негіздері ҚР Жер кодексінің 67-бабының 2-
тармағында қарастырылған.
Аталған бапқа сәйкес, бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану
құқығы (сервитут) мына жағдайларда туындауы мүмкін:
тікелей нормативтік құқықтық актіден;
мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының
негізінде;
жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;
сот шешімі негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.
Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен
немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе,
олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі не жер пайдаланушы қоятын
шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер
пайдаланушыға талап-арыз беру арқылы сот тәртібімен дауласа алады.
Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі
негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға,
меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана
алады.
1999 жылғы 18-мамырдағы Байланыс туралы заңның 22-бабының 4-
тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан
шарттың және атқарушы органдардың шешімі негізінде көпірлер, жер асты
жолдары, көшелер, көлік және темір жолдар, ғимараттар, коллекторлар, тыйым
салынған аймақтар, ормандар, су көздері арқылы байланыс желісін өткізуге
құқылы.
Байланыс туралы заңның 22-бабының 9-тармағына сәйкес,
телекоммуникация желісі операторының ортақ пайдаланудағы коммуникациялық
желілер мен объектілер орналасқан көршілес немесе басқа да жер учаскесін
шектеулі нысаналы пайдалану (сервитут) құқығы, және де ортақ пайдалануға
берілетін жаңа байланыс желілері мен объектілерін салу және өткізу
қажеттігі үшін көршілес немесе басқа да жер учаскесін пайдалану құқығы
көзделген.
Мұндай жағдайда көршілес немесе басқа да жер учаскесіне сервитут
мүдделі тұлғаның жерге жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен
жасасқан шарты негізінде белгіленеді.
Байланыстың басқа да мемлекеттік емес объектілері алып жатқан жер
учаскелеріне құқықтарды табыстау сату-сатып алу шартының, тұрақты немесе
уақытша жер пайдалану құқығының негізінде және жер учаскесін жалға беру
шартының, сонымен қатар, көрші және бөтен жер учаскелерінің меншік
иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жасасқан шарт негізінде жүзеге
асырылады (Байланыс туралы заңның 22-бабының 10-тармағы).
Егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз
ету үшiн қажет болған жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдардың
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде жер учаскелерiн алып қоймай,
қауымдық сервитуттар белгiленуi мүмкiн.
Қауымдық сервитуттар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:
1) ортақ пайдаланудағы объектiлерге, зираттарға, қорымдарға және өзге
де ғибадат объектiлерiне жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту;
2) жер учаскесiн коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер
мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымының объектiлерiн жөндеу
мақсатында пайдалану;
3) жер учаскесiнде межелiк және геодезиялық белгiлер мен оларға өту
жолдарын орналастыру;
4) су алу және суат;
5) жер учаскесi арқылы мал айдап өту;
6) жер учаскесiн белгiленген мерзiмде және белгiленген тәртiппен аң
аулау, жер учаскесiнде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы
өсiмдiктердi жинау мақсатында пайдалану;
      7) iздестiру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргiзу мақсатында жер
учаскесiн уақытша пайдалану;
8) жағалау белдеуiне еркiн өту;
9) мемлекеттiк органдардың шешiмiмен жер учаскесiн мәдени-көпшiлiк iс-
шаралар өткiзуге пайдалану;
10) қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар
үшiн.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе,
жекеше сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе
оның жер пайдаланушысы солардың мүддесiне орай сервитут белгiленген
тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.
Мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi
бойынша сервитут белгiленген кезде, сервитут үшiн төлемақы жергiлiктi
бюджетке түседi
Егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға
әкеп соғатын болса, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтерушi жер учаскесiнiң
меншiк иесi немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгiлеген
мемлекеттiк билiк органынан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.
Қауымдық сервитут белгiлеу жер учаскесiн пайдалануға мүмкiндiк
бермеуге әкеп соққан жағдайда, жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе оның жер
пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгiлеген мемлекеттiк билiк органынан
шығынды өтеп немесе шығынды өтеумен тең бағадағы жер учаскесiн бере отырып,
өзiнен осы жер учаскесiн алып қоюды, соның iшiнде сатып алу арқылы алып
қоюды талап етуге құқылы.

2. Сервитуттың түрлері және оны пайдалану құқықтары

Бөтен жер учаскесін шектеулі пайдалану қажеттігі әрқашан да белгілі
бір мақсаттарды көздейді. Бұл мақсаттарға жету үшін субъектілер қандай да
бір әрекеттер жасап, меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы
жер учаскелері бар басқа субъектілермен құқықтық қатынастарға түседі. Сол
себепті, сервитутты түрлерге бөлу бөтен жер учаскесін нысаналы мақсаты
бойынша шектеулі пайдаланудың мақсаттарына қарай жүзеге асырылуы тиіс.
Бөтен жер учаскесін пайдалану құқығын келесі түрлерге бөлуге болады:
көрші учаске арқылы еркін өту құқығы;
көрші учаскені шектеулі пайдалану құқығы;
бөтен жер учаскесін мал айдау жолы үшін пайдалану құқығы;
жер учаскелерін іздестіру жұмыстары үшін пайдалану;
басқа да сервитуттар.
1. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кiруiне жабық емес жер учаскелерiнде
еркiн, қандай да бiр рұқсатсыз болуға құқығы бар.
Егер бiреудiң жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы жер
учаскесi қоршалмаған болса немесе жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы
учаскеге өзiнiң рұқсатынсыз кiруге болмайтынын өзге де әдiспен белгiлеп
қоймаса, егер бұл жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға зиян
келтiрмейтiн болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады (ҚР ЖК 68-
бабы).
2. Көршi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі туралы
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге меншік
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Заттық құқықтың ұғымы
Заттық құқық
Жер құқық қатынастары
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
Заттық қуқықтың түрлері
Пәндер