Табиғи құқық және мораль



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Табиғи құқық және мораль

Ежелгі гректер табиғи құқықты адамның табиғатымен, оның өмір сүруге
құқығымен, өзінің табиғи қажеттіктерін қанағаттандыруымен, ләззат алу
құқығымен, сонымен қатар, жеке бостандық құқығымен байланыстырған.
Антик заманында қалыптасқан табиғи құқық туралы түсініктер өзінің
өзгертілген түрінде қазіргі күнге дейін жетіп, “адам құқықтары” идеясынан
көрініс тапты. Табиғи құқық туралы көзқарастардың тарихи дамуы салыстырмалы
сипатқа ие, себебі, ол адамның қоғамдағы орны мен роліне, мемлекеттің
адамға қатынасы мен адамның мемлекетке қатынасына қатысты көзқарастардың
өзгеруін білдіреді. Табиғи құндылықтар шегінде адам өзін табиғаттан бөліп
қарастырмайды. Ол табиғатпен тұтасып кеткен. Оның ішкі және сыртқы табиғаты
өзара үйлестікте. Еуропа өркениетінің тарихындағы үйлесімді адамның бұл
қысқа мерзімді кейпі антикалық пластикада–Фидий мен Поликлеттің
мүсіндерінде мәңгі сақталған. Бұларда құдайдың бейнесі мен оның сұлулығы
адамның бейнесі мен адам сұлулығымен тұтасып кеткен. Адамның әрбір
әрекеті құдайдың есімімен салыстырылады, құдайлар адамдардың іс-әрекеттерін
басқарады.
Демокриттің ойынша, жасандылық пен табиғилықтың байланыс сипатының дұрыс
түсінілуі этикадағы, саясаттағы, көзқарастардағы әділдіктің талабы болып
табылады. Грек софистері табиғат заңдарын (фюсис) полистің заңдарына
(номос) қайшы қоя отырып, полис заңдарының табиғатқа қайшы келетін істерді
жасауға мәжбүрлейтінін атап көрсеткен.
Платон Сократтың көзқарастарымен келісе отырып, заңдар мен әділдіктің
негізінде құдайдық идеалда бастама жатқанын атап көрсетеді. Сонымен қатар,
мемлекеттік құрылым түрі (аристократия, олигархия, демократия және тирания)
мен адамдардың ішкі жан-дүниесінен байланыс табады. Мемлекет-тің әрбір
нысаны ішкі қайшылықтардың және келіспеушілік-тердің себебінен жоғалып
отырған. Мемлекеттің ең жақсы нысаны — “орташа” мемлекет, мұнда әрқашан
“орташа” элемент бастапқы рольге ие: көзқарастарда — қарапайымдылық,
мүлкінде — орташа жағдай, билікте — ортаңғы буын. “Орташа” адамдардан
құралған мемлекеттің құрылымы да ең жақсы болады” деп Аристотель де
тұжырымдаған.
Аристотельдің құқықты екі нысанға бөліп қарастырған көзқарасы ерекше
мәнге ие болған. Еуропалық құқықтық ойдың дамуының кейінгі тарихында не
адамның табиғи мәніне, не басқа бағытта: құқықтық нормаларды саналы, тиімді
шығаруға бағытталған ерекше зейінді байқауға болады.
Табиғи құқықтың қалыптасуы, ол туралы әртүрлі даулар мынадай бірқатар
философиялық мектептердің пайда болуына негіз болды: стоиктер, киниктер,
эпикурлықтар. Олардың талдау пәні болып рухани-діни ізденістегі адамның
ерекше құқығы не және адамға табиғаттан не берілгені туралы мәңгілік дау
болды. Ағартушылық дәуірінде француз ағартушылары Воль-тер мен Руссоның
көзқарастары табиғи құқықпен еркіндік жә-не теңдік сияқты құндылықтарды
байланыстырған.
Табиғи құқықтың құндылықтарымен орыс тарихшыларының, құқықтанушыларының
және философтарының да концепциялары байланысты болған (Б.Н.Чичерин,
П.А.Сорокин, Н.А.Бердяев, В.С.Соловьев, П.И.Новгородцев). Мысалы,
П.И.Новгородцев былай деп жазған:”Табиғи-құқықтық құрылымдар біздің
рухымыздың ерекше қасиеті әрі оның ерекше маңыздылығының дәлелі болып
табылады. Идеалды құрылымдарды жасауды тоқтатқан қоғам өлі қоғамға
айналады”. Н.А.Бердяев орыс өмірінің салтын адам жанының ерекшеліктерімен
байланыстыра келе, былай деген:”Ресей — әлемдегі ең мемлекетсіз, ең
анархиялық ел... Орыс халқы еркін мемлекет, мемлекеттегі бостандықты емес,
мемлекеттен еркіндікті, жер құрылымы туралы мәселелерден бостандықты
қалайтын секілді... Ресей — әртүрлі нормалармен байланған Батыстың
халықтарына мүлдем түсініксіз тұрмыстық бостандық елі... Орыс адамы асқан
рухани жеңілдікпен кез-келген буржаздықты жеңе алады, өзін тұрмыстан, қатып
қалған өмірден алшақтата алады...”.
Табиғи құқықтың құндылықтарымен қазіргі кездегі “адам құқықтары”
мәселесіне бағытталған тұлғаны орталықтандырушы (персоноцентристік)
концепциялар да тығыз байланысты. Бұл тізімге адамның жүріс-тұрысын тек
биологиялық (Г.Спенсер, Т.Мальтус, Ч.Ламброзо), географиялық, климаттық
және геосаяси (Л.Мечников, Л.Гумилев), әлеуметтік-психологиялық (З.Фрейд,
Э.Фромм) механизмдермен түсіндіретін әлеуметтік-философиялық доктриналарды
жатқызуға болады. Дәл осы көзқарастар жүйелері адам құқықтарын қорғаудың,
оны құқықтарынан айырудың, әртүрлі қуғындаулар мен соғыстардың негізі болып
табылады.
Қазіргі кезде адамның табиғи құқықтарының қатарына ақпарат алу құқығын,
білім алу құқығын жатқызуға болады. Бұл құқықты, тіпті, түрмелер мен
колониялардағы бас бостандығынан айырылған тұлғалар да қолдана алады.
Э.Фромм адамның өмір сүру жағдайынан туындайтын қажеттіктерін ғана табиғи
қажеттіктер деп таниды.
Мұндай бағалаулардың екі жақтылығының айқын мысалы ретінде соғысқа деген
қатынасты атауға болады. Осындай қатынасты әртүрлі дәуірлердегі түрлі
көзқарас өкілдерінің айтқан сөздерінен байқап көрелік:
Демокрит (б.э.дейінгі 460-370 ж.ж.): соғыс — соғысушы екі жақ үшін де
ауыр зардап.
Платон (б.э.дейінгі 427-347 ж.ж.): соғыс — жекелеген және қоғамдық
зардаптардың негізгі қайнар көзі. Ол, әсіресе, эллиндер арасындағы
соғыстарға қарсы болған. Бұдан құтылар бірден-бір жол — әділ заңдар.
Т.Гоббс (1588-1679 ж.ж.): адам — бойын тек құмарлықтар мен өзін-өзі
сүюшілік билеген мақұлық; оны әрқашан бақталастары мен жаулары қоршап
жүреді; адам адамға — қасқыр; қоғамда көпшіліктің көпшілікке қарсы
соғысының болмауы мүмкін емес — бұл адамзаттың қалыпты жағдайы; табиғатта
бейбіт өмірге деген талпыныс та орын алады; негізгі жол — мемлекеттің
абсолюттік билігі; билікті иемденген тұлға барлық заңдардан тәуелсіз;
азаматтық өмір — бұл оның денсаулығы, ал көтерілістер мен азаматтық
соғыстар — оның ауруы; кейбір тұлғалардың тәртіпті күшпен қамтамасыз етуге
тырысуы бейбіт өмірге деген ұмтылыстан емес, тонаушылыққа деген ұмтылыстан
туған; егер мемлекет басшылары қоғамдық келісімді бұзса, онда халық
мемлекетті заңдылық жолына қайтару мақсатында қарулы көтеріліске шыға
алады. Соғыс құқығы әрбір жекелеген мемлекетке тиесілі, ал бейбіт өмірге
құқық — бұл кем дегенде екі мемлекеттің құқығы; соғыс тек бейбіт өмір сүру
мақсатында ғана жүргізілуі тиіс; мемлекет-тердің өзара көмегі қажет.
Г.Гегель (1770—1831 ж.ж.) соғыстардан “бейбіт рухтың” көріністерін көрген
және оның болмауы мүмкін емес деп санаған.
В.Ленин (1870—1924 ж.ж.): әділ (азаттық, азаматтық) және әділсіз (жаулап
алушылық) соғыстар болады.
Э.Фромм (1900—1980 ж.ж.) соғысты қажетті нәрсені алуды көздеген
әлеуметтік-психологиялық құралдық агрессия тұрғысынан түсіндіреді. Ал бұзып-
жаншу — бұған жетудегі қажетті құрал. Аталған факторлар соғыстың болуына
мүмкін жағдай жасайды. Ал соғыстың себебі болып саяси және әскери элитарлық
топтардың құралдық агрессиясы табылады. Сонымен қатар, Фромм соғыстың
тағы да басқа бір себебі жөнінде жазады — қорғану агрессиясы. Бұл агрессия
адамның бойында табиғи қалыптасқан қасиет. Негізгі мақсат — тұлғалар мен
топтардың арасындағы өзара қауіптерді өмірден жою. Ал бұл, өз кезегінде,
өмірдің материалдық жағдайларына байланысты.
Сонымен, қазіргі кезде халықаралық құқықтың құқықтық механизмдерінің
көмегімен соғыстардың алдын алу туралы сөз қозғаған кезде, біз адамның
табиғи құқықтарының да бар екендігін, олардың заңды құқықтың ішіне еніп
кетпейтіндігін ескеруіміз қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік нормалары.
Құқық және мораль
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалардың ұғымы және түрлері
Құқық теориясының негіздері
Канондық құқық және мораль
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Пәндер