Тапсырма шартының түсiнiгi мен элементтерi


ТАПСЫРМА
§ 1. Тапсырма шартының түсiнiгi мен элементтерi
Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi.
Бұл шарт азаматтық құқықта әмбебап маңызға ие. Ол белгiлi-бiр субъект өзiне қажеттi әрекеттердi жеке өзi емес, басқа тұлғалардың қызметiне жүгiнетiн өте көп өмiрлiк жағдайларды реттеу үшiн бейiмделген.
Тапсырма қатынастары “таза” тапсырма аясында да және өзге шарттық қатынастар аясында да өмiр сүре алады. Тапсырма кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында бiрқатар заңды iс-әрекеттер атқаруға мүмкiндiк бередi және дәл осындай жағдайларда ғана “классикалық” тапсырма шартының өмiр сүруi туралы айтуға болады.
Тапсырма өзi арқылы өкiлдiк қатынастары қамтамасыз етiлетiн негiзгi құқықтық нысандардың бiрi болып табылады. Тапсырма шарты өкiл мен өкiлдiк етiлетiн тұлғаның (сенiм бiлдiрiлген өкiл мен сенiм бiлдiрушiнiң) iшкi қатынастарын рәсiмдейдi, сирек жағдайларды қоспағанда, онсыз шарттық өкiлдiк мүмкiн емес. Қызметтiк тапсырмалардың заңдық табиғаты жеке құқық доктринансының кеңiнен дамуын ескергенде жалпы тапсырмаға өте ұқсас болады.
Тапсырма өкiлдiкпен қатар қызмет көрсету бойынша мiндеттi туындата алады. Қызмет көрсету элементiнiң өкiлдiктiң өзiнен ерекшелiгi, бiздiң ойымызша құқықтық реттеудiң жеке пәнi болып сол бiр немесе өзге салада арнайы бiлiмдерге көрсетiлетiн кәсiптенген қызметтердiң сапасына қойылатын талаптардың белгiлi бiр жиынтығының болуында. Тапсырманың қызмет көрсетумен ара қатынастылығын әсiресе заңдық қызмет көрсету бойынша, соның iшiнде сотта сенiм бiлдiрушiнiң құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк етумен байланысты қызмет көрсетудiң мысалынан жақсы көруге болады. Сенiм бiлдiрiлген адвокат шартталған талаптарды жүзеге асыру жолымен сенiм бiлдiрушi атынан материалдық iс жүргiзушiлiк құқықтарды немесе мiндеттердi алған бөлiгiнде тапсырма элементтерi орын алады. Адвокат қыз-метiнiң сандық және сапалық параметрлерi - қызмет көрсету элементi болып табылады.
Тапсырмамен қызмет көрсету элементтерi өзара әртүрлi ара қатыста болады. Кейбiр жағдайларда тапсырма қызмет көрсетулерден басым болады және қызмет көрсету элементтерiмен күрделенген тапсырма шарты туралы сөз қозғаған жөн. Басқа жағдайларда, керiсiнше, қызмет көрсету негiзгi болып табылады (өтелмей қызмет көрсету шарт), ал тапсырма тек шектi түсiнiкте орын алады.
Бiз тапсырмамен қызмет көрсетудiң сол бiр немесе өзге ара қатысы шарт сипатын өзгертетiнiн бiлемiз. Тапсырма дәстүрлi түрде сенiм бiлдiрiлетiн шарт ретiнде қарастырылған. Құқықтарды иеленушiнiң (азаматтың) өз атынан құқықтар мен мiндеттердi алуды басқа тұлғаға сенiп беруге тәуекел етуi өзiнiң негiзгi бөлiгiнде осы тұлғаға бiлдiрiлген жоғары дәрежедегi сенiммен байланысты. Дәл сол сенiм тапсырма негiзi болып табылады. Бұл ақысыз тапсырма шартында ерекше айқын бiлiнедi. Тапсырма қатынастарына заңды тұлғалар қатысқан кезде сенiм туралы сөз қозғалмайды. Тапсырма механизмi тек өзiнiң сыртқы көрiнiсi бойынша ғана әрекет етедi. Бұл орайда сенiм бiлдiрiлгендi таңдауда қателескен нақты лауазымды тұлғаның (еңбек шарты бойынша, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес) жауапкершiлiгi және қолданылатын сақтық шаралары орын алуы мүмкiн. Заңды тұлғалар арасында кәсiпкерлiк тапсырма шарттарын бекiту кезiнде бүтiндей және толығынан кәсiпкерлiк қауiптердi (тәуекелдердi) есепке алу орын алатын болады.
Ақылы тапсырма шартында да сенiм маңызды болады. Қатынастардың сенiм бiлдiрушiлiк сипаты белгiлi бiр дәрежеде сенiм бiлдiрiлгенннiң сыйақы алуымен жасырылады.
Бiздiң ойымызша, сенiмнiң екi түрiн ажыратуға болады. Тапсырма өзiнiң бастапқы түрiнде жеке сенiм бiлдiрушiлiк сипатқа ие. Ол құқықтық аспектiде көрiнбегенмен, дәл сол туысқандық фактiсi, жақын достық қатынастар және басқа да соған ұқсас қатынастар сенiм негiзi болып табылады. Әрине мұндай сенiмнiң тұрақсыз болып қалмайтындығына кепiл жоқ.
Жеке сенiмге қарағанда, кәсiпкерлiк айналымға басымды түрде тәуекелге негiзделген сенiм орын алады. Мұндай сенiм болашақ сенiм бiлдiрiлетiн өкiлдiң тұрақты iскерлiк беделiнен және сенiм бiлдiрiлушi оның құқықтарына иелiк етумен, қоғамдағы құқықтық тәртiптiң жалпы жай-күйiмен және азаматтардың заңға бағынуының орташа дәрежесiмен мүмкiндiк ала отырып сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiне зиян келтiруге ниетi болмауға тиiс сияқты логикамен негiзделедi. Сенiмнiң осы екi түрi арасындағы тәжiрибелiк айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Бiр тұлға кәсiпкерлiк мәмiледе бiр уақытта екi тұлға атынан сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде шыққан жағдайда жауап айқын болады. Егер бiр тұлға сенiм бiлдiрiлген өкiлге және сенiмде, ал екiншiсi - басымды түрде тәуекелге негiзделген сенiмде болса, онда мәмiле жасаудың кейбiр жағдайларында бұл тараптардың бiрiне залал келтiруi мүмкiн (сiрә сенiмi тәуекелге негiзделген тұлғаға) және сол себептен тапсырманың осы екi түрiнiң бiр уақыттта орын алуына жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.
Ақылы қызмет көрсету басым болатын шартта сенiмнiң орны өте елеусiз болып табылады, онда кәсiпкерлiк мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң барлық кешендi шараларын қолдану мүмкiндiгiмен кәдiмгi тауарлы ақша қатынасы көбiрек көрiнiс табады.
Жоғарыда айтылғанды жинақтай келе, тапсырма шарты арқылы сенiм бiлдiрушiнiң атынан және соның есебiнен заңды iс-әрекеттер жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметi қамтамасыз етiледi деп қорытындылауға болады. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған мәмiле немесе өзге заңды iс-әрекеттер бойынша құқықтар мен мiндеттер сенiм бiлдiрушiде туындайды.
Тапсырма шарты сенiм бiлдiрiлген өкiл жасауға тиiс iс-әрекеттердi анықтау үшiн арналады.
Тапсырма шартының нысаны. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс.
Тұрмыстық (кәсiпкерлiк емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бiр немесе екi тарабымен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады.
Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәндi жағдайы бойынша келiсiмге келген сәттен бастап бекiтiлуi деп есептеледi. Оның мәндi жағдайы болып шарт пәнi туралы жағдай табылады.
Тапсырма шартының тараптары болып сенiм бiлдiрушi және сенiм бiлдiрiлген өкiл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң кеңiнен қатысу мүмкiндiгiмен сипатталады. Тапсырма қатынастарына қатысудың критерийi болып әрекет қабiлеттiлiк табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа дейiнгi iшiнара әрекет қабiлеттiлiгi бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Олардың осы құқықтық қатынастарға қатысуының тәжiрибе жүзiндегi мүмкiндiгi елеулi түрде шектелетiн болады. Кәмелетке толмағанның атаанасы (асырап алушысы), қамқоршысы кәмелетке толмағанның өз бетiнше бiреуге тапсырма беруiне келiсе қоюы неғайбыл. Кәмелетке толмағанды сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде таңдап алу да күдiк туғызады, өйткенi сенiм бiлдiрушi кәмелетке толмағанға тапсырма берген кезде аса жоғары тәуекелге (қауiпке) тап болады. Iшiнара әрекетке қабiлеттi тұлғалардың қатысуымен тапсырма шартының заңдық құрылымының мүмкiндiгiнiң өзi күдiк келтiрмейдi.
Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы ереже бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалардың сенiм бiлдiрушiлерi үшiн коммерциялық өкiлдiктi жүзеге асыратын сенiм бiлдiрiлген өкiлдер ретiнде шығуға жол берiлмейдi. Олар өздерiне рұқсат етiлген коммерциялық қызмет кезiнде коммерциялық өкiлдер бола алады.
“Белгiлi бiр iс-әркеттердi жасау жөнiндегi тапсырма коммерциялық ұйымдардың қызметiн басқару аясында да орын алуы мүмкiн. Мәселен, 5-мамыр 1998 жыл ҚР-ң “Жауапкершiлiгi шектелген және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы” Заңымен серiктестiк қатысушысының өз өкiлiне жалпы жиналысқа қатысуды, күн тәртiбiндегi мәселелердi талқылауға қатысуды және шешiмдер қабылдаған кезде дауыс берудi тапсыру мүмкiндiгi көзделген (42-бап) . Осындай құқық акционерлiк қоғамның акционерiне де берiледi (10-маусым, 1998 жыл ҚР-ң “Акционерлiк қоғамдар туралы” Заңының 56-бабы) . Акционердiң өкiлi жиналыста дауыс беруге қатысады, солайша ол акционерлiк қоғамның шешiм қабылдауына ықпал етедi…”1
Тапсырма шартының пәнi болып материалдық емес қызмет көрсетулер табылады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл қызметiнiң нәтижесi заттық нысанда бола алмайды. Ол тұлғаның материалдық немесе iс жүргiзушiлiк құқықтарының пайда болуы, өзгеруi, тоқтатылуы арқылы көрiнiс табады.
Тапсырма пәнiнiң өзi сенiм бiлдiрушi беретiн нұсқаулар арқылы анықтала алады. Бiрақ сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары мен тапсырма пәнi бұл бiрдей түсiнiктер деуге болмайды. Нұсқаулар сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметiнде және сенiм бiлдiрушi қол жеткiзуге талпынған нәтиженi де қамтуы мүмкiн. Құқықтық нәтиже сонымен бiрге тапсырма пәнiнiң аясынан шығып кетедi. Тапсырма пәнi деп сол бiр немесе өзге нәтижеге бағытталған әрекеттердiң өзiн ғана түсiнген жөн.
Бұған қоса нұсқаулар сенiм бiлдiрiлген өкiл жасауға тиiс iс-әрекеттердi жалпы түрде анықтай алады. Ол түпкiлiктi мақсатқа сүйене отырып, оларды түзете алады. Яғни алдын ала көзделмеген iс-әрекеттердi жасап, керiсiнше жоспарланған iс-әрекеттi жасамауы мүмкiн. Ең бастысы, бұл орайда жасалатын iс-әрекеттер сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына қайшы келмеу керек, оларды нұсқауларға қайшы келедi деп тануға да болмас. Тапсырма пәнiн осылайша түсiну сенiм бiлдiрiлген өкiл шарт бойынша ол арнайы бiлiмдер немесе дағдыларды меңгеруге байланысты тартылғанда ерекше маңызды болады.
Осы айтылғанға сүйене отырып, тапсырма пәнiн не нақты iс-әрекеттер қызмет көрсетулер, не толығымен анықталған деп атауға болмайтын қызмет көрсетулер құрайды деген қорытынды жасауға болады. Олардың қатарын, шектерiн тапсырма шартының құқықтық мақсатына сүйене отырып белгiлеуге болады.
Шарт пәнi анықталатын сенiм бiлдурiшiнiң нұсқаулары нақты заңды және жүзеге асырыла алатын болуға тиiс. Нақтылық, бiрiншi кезекте, сенiм бiлдiрушi қол жеткiзуге ұмтылған құқықтық нәтиженiң толық айқындылығын бiлдiредi. Мысалы, сенiм бiлдiрушi үшiн мүлiкке абстрактiлi мүлiктiк құқықты алып беруге қатысты тапсырма беру мүмкiн емес. Сенiм бiлдiрiлген өкiлге қандай заттық құқық немесе қандай мiндеттемелiк құқық туралы сөз болып отырғандығы көрсетiлуге тиiс (сенiм бiлдiрушi тиiстi заңдық құрылымдарды бiлмеуi мүмкiн деген оймен-ақ) . Бұл айтылған ой-сенiм бiлдiрiлген өкiлге сенiм бiлдiрушi үшiн құқықты баламалы таңдау мүмкiндiгiн беру мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда белгiлi бiр құқықтық механизмнiң көмегiмен қол жеткiзуге ұмтылатын iс жүзiндегi нәтиже туралы түсiнiктер нақты болуға тиiс (яғни жасалатын мәмiлелердiң шығындалу дәрежесi және пайдалылық дәрежесi және т. б. ) .
Тапсырманың заңдылығы азаматтық құқықта тұрақтанған заңдылықтың жалпы позициялары тұрғысынан бағалануға тиiс. Сондықтан тапсырма аясында жасалатын iс-әрекеттер жария құқықтың да, жеке құқықтың да белгiленген нормаларына қайшы келмеуге тиiс. Олар азамттық құқықтың негiзгi бастауларына - саналылық, әдiлеттiлiк және адалдық талаптарына қайшы келмеуге, құұқықты терiс пайдалану сипатында болмауға, басқа тұлғалардың және қоғамның мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
Бiздiң ойымызша, заңдылықпен жүзеге асырыла алушылық өзара тығыз байланысты түсiнiктер. Жалпы алғанда, заңды болып табылатынның бәрi жүзеге асырыла алады. Бұл үшiн мемлекет тиiстi құқықтық “инфрақұрылымды” құрады. Сирек жағдайларда құқықтық мүмкiндiк пен тапсырманы iс жүзiнде жүзеге асыра алу арасында алшақтық орын алуы мүмкiн, бұл өз нәтижесiнде сенiм бiлдiрiлген өкiлге заңды iс-әрекеттердiң толық кешенiн сенiм бiлдiрушi пайдасына жасауға мүмкiндiк бермейдi. Мысалы, сенiм бiлдiрiлген өкiл тауарды шалғайда жатқан (жетуге қиын) жерден шығару шартымен сатып алу-сату шартын бекiтуi мүмкiн, бiрақ тауарды шығара алмауы мүмкiн. Бiздiң ойымызша, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, мұндай тапсырма жалпы жүзеге асырыла алмайтын деп танылуға тиiс. Тараптар қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, тапсырма шегiн тек сатып алу-сату шартын бекiтумен ғана шектей алады.
Кейбiр жағдайларда заңды iс-әрекеттердiң (жүзеге асырыла алмайтындығын жүзеге асырыла алмаушылықтың қатаң формалдылығы туралы сөз болып отыр) жеңу мақсатымен әдейi берiлуi мүмкiн. Мысалы, белгiлi бiр тұлға (потенциалды мұра қалдырушы) iз түзсiз жоқ болып кеттi. Сенiм бiлдiрушi (мұрагер бола алатын) мұрагерлiк құқықтық қатынастарға түскiсi келiп, мұрагерлiкпен байланысты белгiлi бiр iс-әрекеттердi нақты тұлғаға өзiнiң сенiм бiлдiрiлген өкiлiне тапсырғысы келедi. Жоғарыда аталған тұлғаның алу фактiсiн сот анықталғанға дейiн мұраға алу жүзеге асырыла алмайды. Бiрақ тапсырма барлық iс-әрекеттердi жасауға - тұлғаны өлдi деп жариялаумен байланысты. Ерекше өндiрiсте сенiм бiлдiрушiнi бiлдiруге және оның мұрагерлiк құқықтарын жүзеге асыруға берiле алады.
§ 2. Тапсырма шартының мазмұны
Тапсырма шарты бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қарастырайық. Сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге аталған талаптарға сәйкес қажеттi нұсқаулар беруге мiндеттi. Мұндай нұсқаулардың нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжiрибеде жазбаша тапсырма шартын бекiту тек сенiмхат беруiмен жиi алмастырылады. Сенiмхат та белгiлi бiр шамада сенiм бiлдiрушi нұсқауларының мазмұнын түсiнуге көмектесе алады.
Сенiм бiлдiрушi нұсқаулар берумен қатар, сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражат пен де қамтамасыз етуге мiндеттi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл егер тапсырманы орындау үшiн қажет болатынның бәрiмен қамтамасыз етiлмесе, тапсырманы орындауға кiрiспеуге құқылы болады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға тиiс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға сәйкестiгiн немесе сәйкес еместiгiн түсiну, көбiне сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсiптенген бе әлде тұрмыстық тапсырманы орындаушы ма. Бiрiншi жағдайда жоғарыда атап өткенiмiздей, нұсқауларға сәйкес келу тиiстi нұсқауларға қайшы келмеушiлiк ретiнде қабылдануы мүмкiн. Тұрмыстық тапсырма кезiнде сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалатын iс-әрекеттердiң сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына дәлме-дәл сәйкес келуi туралы айтқан орынды болар. Екi жағдайда да сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушi қайсысына қол жеткiзуге тiлек бiлдiрсе, сол құқықтық нәтижеге қол жеткiзуге тиiс.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға тапсырманы бастапқы түрiнде орындауды мүмкiн емес қылатын кезек күттiрмейтiн жағдайлардың туындауы жатқызылатын болады. Мысалы, сатып алу туралы тапсырма берiлген ауыл шаруашылық машиналарының белгiлi бiр модификациясы сатылып кеткен болса, бiрақ егер сенiм бiлдiрiлген өкiл өз жауабын бермесе, сатылып кеткен деп тұрған басқа модификациясы қалған болса. Бұл туралы сенiм бiлдiрушiден шұғыл түрде рұқсат сұрауға онда мүмкiндiк жоқ, бiрақ ауыл шаруашылық машиналар мерзiмдi жұмыстарды атқару үшiн аса қажет. Осы жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл сатып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы және ол дұрыс заңды қадам жасады деп есептеледi.
Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi. Осындай талаптың болуы сенiм бiлдiрушiге өзi үшiн қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзеу бойынша шұғыл шараларды қолдану мүмкiндiгiн беру логикасымен түсiндiрiледi.
Тапсырма шартымен сенiм бiлдiрушi нұсқауларын сақтаудың тәртiбi өзгертiлуi мүмкiн. Коммерциялық өкiл егер қалыптасқан жағдайлар бойынша оның нұсқауларынан ауытқу талап етiлсе, сенiм бiлдiрушiнiң алдын ала келiсiмiн сұрау мiндетiнен босатылуы мүмкiн. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан ауытқу барлық жағдайларда соның мүддесi үшiн жасалады. Коммерциялық өкiл үшiн 847-баптың 3-тармағымен ерекше ережелердi белгiлеу оның өз iс-әрекеттерi туралы сенiм бiлдiрушiге хабарламауға мiндеттi емес дегендi бiлдiрмейдi. Хабарлаудың мерзiмдерiмен тәртiбi өзгертiледi. Бұған қоса егер сенiм бiлдiрушi бiр жақты тәртiпте өзгертiлген тапсырма бойынша орындалғанды қабылдаудан кенеттен бас тартатын болса, онда дауды шешушi сот, коммерциялық өкiл iс-әрекеттерiнiң сенiм бiлдiрушi мүддесiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, коммерциялық өкiл сенiм бiлдiрушiнi мүлдем хабардар етпегеннiң өзiнде де, ол үшiн орындалған тапсырманы қабылдауға мiндеттi деп тануға тиiс.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға мiндеттi. Тапсырманы өзi орындау мiндеттiлiгi тапсырма шартын өтелмелi қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендiредi. Заңда көзделген жағдайларда сенiмдi басқа тұлғаға қайта беру мүмкiн болады. Бұл орайда сәйкес келетiн сәттер болғанмен де сенiмдi басқа тұлғаға қайта беру басқа мiндеттемелердегi үшiншi тұлғаға орындауды тапсырудан бiршама ерекшеленедi.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы. Тапсырманы орындауды басқа адамға беру құқығы шартпен көзделмеген жағдайда, сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы орындауды егер осыған сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, орынбасарға тапсыра алады.
Орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған бойда сенiм бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге, дереу хабарлауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушi, шартта мұндай орынбасардан бас тартуға құқылы.
Кезек күттiрмейтiн жағдайларда орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған кезде борышқор мiндеттеменi орындауды үшiншi тұлғаға жүктейтiн тура сол ережелер қолданылады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзi таңдап алған орынбасардың iс-әрекеттерi үшiн өзi жауап бередi. Ол өзiнiң орынбасары жасаған кез келген әрекеттерi үшiн жауапты болады.
Егер сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң орынбасары шартта атап айтылған болса, сенiм бiлдiрiлген өкiл шарттан шығып қалады және ол орынбасардың iс-әрекеттерi үшiн жауап бермейдi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл шартта өз орынбасарымен қатар, оның жүзеге асыратын iс-әрекеттерi үшiн жеке жауаптылығы анықтала отырып, қалдырылатын жағдайлар мүмкiн болады. Кез келген жағдайда шарттан шығып қалған сенiм бiлдiрiлген өкiл орынбасар тағайындалғанға дейiн өзi жасаған iс-әрекеттер үшiн жауапты болады. Тапсырма шартымен орындау сенiмiн басқа адамға беру мүмкiндiгi көзделiп, бiрақ орынбасардың жеке басы шартта анықталмаған жағдайлар орын алуы мүмкiн. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiл мен таңдалған орынбасар артынан сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiне зиян келтiрсе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасарының тек кiнәлi әрекеттерi үшiн ғана жауап бередi. Мұндай жағдайларды да шартқа борышқор - сенiм бiлдiрiлген өкiлмен қатар үшiншi тұлғаны тарту ретiнде бағалауға болады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарауға (есеп беруге) мiндеттi. Тапсырманың орындалу барысын бақылау мүмкiндiгiне мүдделi сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiл тарапынан хабардар етудiң кезеңдiлiгiн тiкелей шартта не тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi беру туралы сенiм бiлдiрiлген өкiлге нұсқаулар беру қажеттiлiгi бойынша ескертуге тиiс. Есеп беру мiндетi, осылайша, шарттың орындалуы барысында өзгертiлуi мүмкiн. Сенiм бiлдiрушi өзiн қызықтыратын мәлiметтi ғана таңдап, сұратып ала алады.
Тапсырманы орындаған соң сенiм бiлдiрiлген өкiл мерзiмi аяқталмаған сенiм хатты кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға мiндеттi. Бұған қоса, сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы орындағаны туралы түпкiлiктi есеп беруге мiндеттi. Егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, есепке растайтын құжаттар қоса тiркелуге тиiс. Олардың қатарына сенiм бiлдiрушi үшiн сатып алынған заттардың бағасын растайтын, сенiм бiлдiрушi мүддесi үшiн сенiм бiлдiрiлген өкiлмен бекiтiлген мердiгерлiк шарт бойынша атқарылған жұмыстардың бағасын растайтын құжаттар жатқызылады. Сондай-ақ, сенiм бiлдiрiлген өкiл егер тапсырманы орындау басқа елдi-мекенге жол жүру мен байланысты болса, үй-жайды жалға алу бойынша, көлiк шығындарын және өзiнiң басқа да шығындарын растауға мiндеттелуi мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz