Тірі құқық құқықтық моральдың қайнар көзі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Тірі құқық құқықтық моральдың қайнар көзі ретінде2

Қолданылған әдебиеттер тізімі10

Тірі құқық құқықтық моральдың қайнар көзі ретінде

ХХ ғасырда құқықтың әртүрлі өмірлік жағдайларға, ситуацияларға, тірі өмірге сәйкестігі туралы идея пайда болды. Осыдан барып “тірі құқық” түсінігі пайда болды. Қазіргі кездегі теоретик-ғалымдардың (Ю. Хабермас) жазуынша, табиғи құқықтың оңтайлану үдерісі жүрді. Сонымен бір мезетте, құқық адамдардың өзара, қоғамдық жүйелердің, өркениеттердің араласу қажеттігінен туған конвенционалды сипатқа ие болды. Жеке құқық кәсіпкерге, азаматқа барынша мүмкіндіктер мен бостандықтар беруге тырысты. Жан-жақты нормативтіліктің орнын конвенционалды негізде қалыптасқан қағидалар басты. Ал жеке мақсат-міндеттер жергілікті, ұлттық-аумақтық және т. б. құқықта жүзеге аса бастады. Зор потенциалдық құқықтық аумақ анықталды. Осы кезде құқықтың тірі түрі жетіспеді. Сонымен қатар, адамгершілік құндылықтардың да жетіспеушілігі байқалды, себебі, олар формальдық нормалардың үстемдік құрған жылдары біртіндеп жоғалған болатын.

Осылай, өмірдің өзі, эмпирикалық шындық пен тәжірибе жаңа құқықтық және заңды этиканың қайнар көзіне айналды. Алайда, оларды әртүрлі ғылым салаларының (антропология, әлеуметтану, әлеуметтік психология және т. б. ) құралдық көмегімен жан-жақты салмақтап зерттеу шарт болды. Ю. Хабермас өзінің “Білім және қызығушылықтар” атты еңбегінде “когнитивті қызығушылық” түсінігін енгізеді. Оның ойынша, бұл түсінік өмір үдерісінің табиғи және рационалды бастамасын көрсетеді.

Тірі құқық ретінде біз эмпирикалық шындықты, өмірді, азаматтық қатынастарды түсінеміз. “Тірі” өмірдің шынайы ағымы, алдымен рим құқығы кезеңінде преторлық құқықта, кейіннен - Англияда соттар құқығында бекітілген сот прецеденті үшін, құқықтық рефлексия үшін белгілі бір кеңістікті қалыптастырып, жағдай жасайды. Тірі құқықты заң шығарушы қабылдаған нормативтік құжаттарға жауап ретінде түсінуге болады. Тірі құқық топтардың әлеуметтік психологиясымен, әртүрлі жастың психологиясымен, климатпен, ландшафтпен, ұлттық ерекшеліктермен тығыз байланысты.

Тірі құқық туралы түсінікті төмендегідей арнайы ұйымдастырылған ақпарат алу жолдары қалыптастырады: әлеуметтік зерттеулер, сараптамалық талдау мәліметтері, журналистік тергеулер; мұндай ақпараттарды жанама жолмен де алуға болады - өнер, көркем шығармашылық, мәдени өмір арқылы. Тірі құқық пен әдет-ғұрыптың, діннің, табиғи құқықтың ұқсастықтары өте көп.

Қорытындылай келе, құқықтық моральдың қайнар көздерінің тізімін шектеу мүмкін еместігін атап өтуге болады. Біз бұлардың негізгілеріне ғана тоқталып өттік. Әрине, оның дамуына адамның өміріне әсер ететін және адам шығармашылығының өнімі болып табылатын барлық ғылыми-техникалық жаңалықтар әсер етеді.

Құқықтық моральдың гносеологиялық қайнар көздерінің қатарында ерекше орынды антропология иеленген. Антропология - адам туралы ілім. Табиғи-ғылыми және медициналық антропология тірі ағзалар әлеміндегі адамның орнын анықтайды. Оған анатомия, физиология, нәсілдер туралы ілім және т. б. жатады.

Табиғи-ғылыми антропологияның мәліметтері құқықтық этикамен жанама байланыста. Себебі, бұл жерде барлығын адамның араласуымен анықтау мүмкін емес. Алайда, адам биологиясындағы жаңалықтар (жынысты өзгерту мүмкіндіктері, клондау механизмі, “пробиркадан” бала алу, медициналық криминологиялық сараптама, адам мүшелерін алып-қолдану және т. б. ) тек құқықтық рәсімдеуді ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, адамгершілік тұрғыдан бағалауды, ал оның негізінде құқықтық шешімдерді қабылдауды қажет етеді.

Біз аталған авторлардың еңбектеріне жан-жақты тоқталмаймыз. Қазіргі кездегі құқыққа, этикаға, әлеуметтік психологияға, педагогикаға және адамды зерттеумен байланысты басқа да ғылымдарға үлкен әсер еткен антропологиялық философиялық мектептің негізгі жаңалықтарына тоқталып өтуді жөн көрдік.

ХХ ғасырдың ойына әсер еткен парадигмалық сипаттағы үш ерекше идеяны атап өтуге болады. ХХ ғасырдың антропологиялық парадигмасы Макс Шелердің есімімен тығыз байланысты. Ницшенің адамды аяқталмаған жануар ретінде қарастырған формуласын талдай келе, Шелер адамды еркін, ашық, “ойланатын тірі жан иесі” ретінде көрсетті. Адамда өзін-өзі дамыту, өзін-өзі өзгерту мүмкіндіктері бар. Биологиялық тіршілік иесі ретінде адам шектелген, оның кемшіліктері көп, ал ойланушы ретінде, ол - шексіз. Бұл жерде нақты бағыт-бағдар жоқ: Фромм айтқандай, адам өз бойындағы адамдықты іздеуге бағытталған.

Шелердің адамның аяқталмағандығы жөніндегі ойын Фромм әрі қарай жалғастырған. Адамда бәрі өзгереді - оның табиғаты да, оған тән субъективтілік те. Бұл ой Фроммды адам өз табиғатынан қайырымды немесе зұлым болмайды деген қорытындыға алып келді: оның бойында барлық мүмкін қасиеттер мен кемшіліктердің қайнар көздері жасырылған. Мысалы, жеккөрушіліктің, авторитарлықтың, қайырымдылықтың және т. б.

Фромм бойынша адам - антропологиялық суреттің қайнар көзі және соңы. Адамның болмысы еш нәрсемен шектелмеген, байланбаған, ол - еркін. Өз қалпындағы адам - адам емес. Ол өзі қандай бола алады, сол сипатқа ие. Фромм экзистенциалистік дәстүрге жақын келеді: адамды өз болмысындағы қарама-қайшылықтар арқылы, оның өмір сүру тәсілі арқылы түсіну қажет. Адамның ең басты қарама-қайшылығы, Фроммның ойынша, табиғи тірі жан иесі бола тұра, ол өз табиғатын тұрақты түрде жоққа шығарады, міне, оның кемшілігі осында. Адамның жеке даралығы оның құмарлықтарынан, ұмтылыс-тарынан көрініс табады. Махаббат, қорқыныш, билікқұмарлық, фанатизм . . . Әлемді осылар басқара ма? Біреу бай өмір мен бақытқа ұмтылады, біреу, керісінше, аскеттік идеалдарды пір тұтады, енді біреу бар жан-тәнімен билік құруға тырысса, біреу бұған қарсы. Осы құндылықтардың жиынтығын Фромм бағыт-бағдар және табыну жүйесі деп атайды.

Эрих Фромм өзінің “Адам өзі үшін” атты еңбегінде адамдық субъективтілік саласын енгізген. Оның ойынша, адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, себебі, оның белгілі бір құмарлықтары, итермелегіш күштері бар. Мүмкін, оның басқарылмайтындығының өзі оның құтқаруға итермелейтін қасиеті шығар. Адам мемлекеттік меншік үстемдік құрған қоғамда өмір сүруге бейімделді делік. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Мұндай жағдайда адамдардың барлығы құлдарға айналып кететін еді.

Аристотель өзінің “Никомах этикасы” еңбегінде адам өмірінің барлық игіліктерін үш топқа бөлген: сыртқы, рухани және денелік.

Адам қажеттіктерін бөлу мәселесін көптеген философтар зерттеген. Олар адамның өзіне тікелей қатысы бар қажеттікті және адамның өмір сүруі кезінде иемденген қажеттіктерін бөлуге тырысқан. Бұл көзқарасқа сәйкес Шопенгауэрдің идеясын еске түсірген жөн. Ол адам болмысын талдауға тырысып, адамдар арасындағы айырмашылықтарды екі негізгі категорияға негіздеген:

1) Жеке тұлға неге ие - яғни, кез-келген меншік пен иелік.

2) Жеке тұлға бізге қалай көрінеді. Бұл жерде ол туралы басқалардың көзқарасы.

Э. Фромм адамның бойындағы өзінен-өзі бас тарту құбылысының кері көріністерін жан-жақты талдайды. Мысалы, егер адамдағы шығармашылыққа деген ұмытылыстан еш нәрсе шықпаса, онда барлығын бұзып-құртуға деген ниет пайда болады. Психикалық қозғаушы күштің әсері соншалықты, егер адам өзін өзін әлеммен шығармашылық актісінде біріктіре алмаса, онда әлемді құрту және бұзуға ұмтылыс пайда болады. Осындай қарама-қайшылықты жолмен адам жалғыздықтан құтылу мәселесін шешеді. Сонымен, шығармашылық пен бұзу - инстинктілер емес, олар нақты қоғамдағы адам жағдайына жауап. Баламалық айқын көрініп тұр - ойлап шығару немесе құрту . . .

Адамның болмысын Фромм оның қалыптасуы, рухының жетілуі ретінде түсінеді. Адамгершілік туралы, бағыт-бағдардың құндылығы туралы, ар-ұят пен борыш туралы кез-келген толғаныс адамды философиялық танудың нәтижесінде қалыптасатыны белгілі. Фроммның ойынша, құндылықтар жеке тұлғаның санасынан да, белгілі бір тұңғиықтан санасыз түрде де пайда болмайды. Олардың қайнар көзі - адамның субъективтілігінің бай әлемі.

Құндылықтар шынайы өмірді реттейді, оны түсінуге бағалаушылық сәттерді енгізеді, қоршаған ортаның ғылыммен салыстырғанда басқа аспектілерін көрсетеді. Олар ақиқатпен емес, идеал туралы түсініктермен байланысты болады. Еуропалық философтардың шығармаларына жүгіне келе, Фромм олардан, ең алдымен, адамның құндылықтары мен жүріс-тұрыстарының себептерін түсіндіруді іздейді. Тіпті, адамзат тарихының нақты кезеңдерін Фромм өзіндік негізбен бағалайды. Бұл негіз - адам бақытының, жағдайының және психологиялық үйлесімділігінің шамасы.

Фроммның ойынша, әлеуметтік құрылымға нашар бейімделген адамды невротик ретінде жоққа шығаруға болмайды. Сол сияқты, жақсы бейімделген тұлғаны адамдық құндылықтар тізбегі бойынша жоғарғы разрядқа жатқызу да дұрыс емес. Жақсы бейімделушілікке, Фромм бойынша, көп жағдайда өзіндік жеке даралықтан бас тарту арқылы жетуге болады. Осы себепті де, кей кездері невротикке өз тәуелсіздігі үшін күресте жеңілмеген адам ретінде мінездеме берілуі мүмкін. Оның өз жеке даралығын сақтап қалуға ұмтылысы тұлғаны шығар-машылық дамытудың орнына әртүрлі арман-фантазиядан қанағат табуға итермелеуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және мораль
Заңгер этикасы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Құқық және мораль нормасы
Құқық және құқықтық сана
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Этика ұғымы және оның заты
Қоғамның әлеуметтік нормалары.
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Құқық жəне діни нормалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz