Қазақстан Республикасында Үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдарының адам құқығын дамыту мен тиiмдiлiгiн ұлғайту


ғЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОғАРЫ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ЗАң АКАДЕМИЯСЫ
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасында
үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдарының адам құқығын дамыту мен тиiмдiлiгiн ұлғайту
Орындаған:
АЛМАТЫ, 2003.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсiздiгiн алғалы берi, Республикада демократиялы реформаның құрылуы, жүзеге асуы және дамуы басталды. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiн нығайту жолында Қазақстан тұрақты потенциалды халықаралық аренада шартты-құқықтық тәсiлмен көптеген мемлекеттермен қарым-қатынастық негiздi орнатты. Халықаралық шартқа отыру Қазақстанның дүние жүзiлiк қоғамға кiруiне, елдiң егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, территориялық тұтастығын және шекара мызғымастығында маңызды роль ойнайды. Бұл елдiң iшiнде әлеуметтiк-экономикалық, саяси реформалардың жақсы әрекет етуiне әсерiн тигiздi.
Егемендi мемлекет ретiнде Қазақстанның халықаралық аренаға шығуы, әлемде өз орнын табуда тағы басқа жағдайларда қазақстандықтардың бүгiнгi күнi мен болашағын құрайды. Осы негiзде Қазақстан 20-дан аса халықаралық және ұлттық ұйымдардың мүшесi болды. Ондағы көздеген мақсат және алға қойылған мiндетте адамдардың құқығын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн халықаралық Конвенцияларды қабылдау арқылы мемлекет тарабынан қорғау және кепiлдiк беру болатын. Сондықтан да мұндай шарттардың орындалуына, оған қосылуына бiздiң мемлекеттiң iшiндегi үкiметтiк емес, құқық қорғау ұйымдардың құрылуы, қоғамда кең көлемде қызметiн жүзеге асыруы үлкен үлесiн қосты деп айта аламыз.
Қазiргi күнi Қазақстан нарықтық экономика құру және демократиялы құқықтық мемлекет құру жолында. Жаңа қоғамның қалыптасуы, экономика және мемлекеттiң қайта құруымен байланысты әрине, Қазақстанның егемендiгiн нығайту және мемлекеттiк механизмнiң жақсы жұмыс iстеуi әртүрлi үкiметтiк емес ұйымдардың құрылуынсыз мүмкiн емес едi. Өйткенi олар қоғамдық қатынастардың реттеушiсi ретiнде өздерiне көптеген функциялар ала отырып, азаматтар мен мемлекеттiң арасын байланыстырады. Олар әлеуметтiк-құқықтық жағынан өте маңызды жұмыс жасайды және өздерiне мемлекеттiң атынан қолдауды қажет етедi. Қазақстан осы ұйымдардың өте пайдалы екетдiгiн. Қазақстан осы ұйымдардың өте пайдалы екендiгiн, солар арқылы елдегi реформаны жүзеге асыру тиiмдi болатындықын Венгрия және Польша сияқты мемлекеттiң көрсеткiштерiнен тәжiрибе алуына болады.
Мұндай ұйымдардың көмегiн бiз сонымен қатар, олардың жұмыс орнын құруынан, мемлекетке салық төлеу және шетелден инвестиция тарту сияқты әрекетiнен де көремiз. Өкiнiшке орай, осындай құқық қорғау, үкiметтiк емес ұйымдардың Қазақстанда құрылуы әлi де болса, қиын кезеңнен өтуде, оған себеп:
- Мемлекетiмiзде тұрақты экономиканың әлi күнге дейiн толық болмауы;
- Осы ұйымдардың мемлекет атынан қолдау таппауы;
- Елде осындай ұйымдардың әрекет етуiн реттейтiн заңдардың толық қамтылмауы.
Үкiметтiк емес ұйымдардың алдында қойған мақсаттардың бiрi Қазақстанда азаматтық қоғам құру болып табылады. Бұл бағытта бүгiнгi күнi Интерлигал қорымен бiрге Фридрих Эберт қоры бiрлесе жұмыс жасауда. Азаматтық қоғам - дегенде, бiз жалпы құқықтары тең және өзiн осы Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде сезiнетiн мәселелердi ашып көрсетпекпiз. Бiр сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға өту бүгiнгi күнi Шығыс Европа және бұрынғы Кеңес Одағында болған мемлекеттерге маңызды проблеманың бiрi болып отыр. Өйткенi бұрынғы коммунисттiк билiк орталығы - саяси бюро және секритариат О. К. -нiң орнына демократиялық мекемелер, парламент, үкiмет, саяси партиялар пайда болды. Бiрақ өкiнiшке орай, осы орындардың әкiмшiлiгi өзгерiссiз қалып отыр. Сондықтан да ТМД елдерiнiң саяси жүйесi ауысқанымен азаматтық қоғам толық құрылған жоқ. Сол себептi осы жаңа саяси жүйеге сай келетiн азаматтық қоғам құруымыз тиiс. Оған жету процесi 2 үлкен, маңызды этаптан тұрады: бiрiншiсi, мемлекеттiк экономиканы толық жекешелендiру болса, екiншiсi, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруда - аймақтық әкiмшiлiктi құру болып табылады. Егер бiз осы екi мақсатқа жетсек, онда саяси және қоғамдық аймақтардың халықпен тықыз байланыстылығына қол жеткiземiз. Сол кезде ғана осы Азаматтық қоғамды құру жолында саяси еркiндiктi және үкiметтiк емес ұйымдардың құрылу кеңiстiгiн толық көре аламыз.
Азаматтық қоғам әрбiр адамның санасына негiзделуi тиiс. өкiнiшке орай, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердiң басты проблемасы бұл коммунистiк режимге бағынуы жетпiс жылдан берi өзiнiң әлде де болсын рухани iзiн қалдырды. Сол үшін осы бағытта көп жұмыс жасау керек. Оны бiз мектепте және университетте бiлiм беру арқылы, демократиялы мекемелердi және саяси мәдениеттi көтеру арқылы бастау қажетпiз. Жоғарыда айтылғанға орай елдегi тұрғындарда әлi күнге дейiн Үкiметке деген сенiмсiздiк, ашық ойын айту дефицитi кездеседi. Бұл әрине - тоталитарлық режимнiң ұзақ жылдар орын алуының қорытындысы болып табылады. Сондықтан, жаңа ұрпақты тәрбиелеу және оларға бiлiм беру арқылы құқығы қорғалған азаматтардың қалыптасуына әсер ету, қоғам мен саясат оған төтеп беруi тиiс. Бұрынғы жылдары осы елдерде, соның iшiнде Қазақстанда да мемлекеттiң халыққа қорғаншы әке болып келуi, азаматтардың жоғарыдан өкiм алуға және диктатураға бағынуға үйренгендiгiнiң қалыптасуына әкелдi. Дегенмен азаматтық қоғамға жету жолы өте қиын жол, бiрақ бiз үшін оған жету алға қойылған мiндет.
Омбудсмен институты 90 мемлекетте дүние жүзi бойынша қызмет етедi. Омбудсмендер бұлар адамның құқығын қорғайтын адамдар. Олардың саны қазiр күннен-күнге асуда. Сондықтан да олар өз қызметiн мемлекетте ғана емес, көптеген аймақтарда жұмыс жасауда. Бұл ұлттық омбудсмендердiң негiзгi көзделген мақсаттары мен алдына қойған мiндеттерi, ол адамның құқықын қорғау және дамыту саласында жұмыс iстеу болып табылады. Олар ТМД елдерiнде өз қызметiн атқарады соның iшiнде көршi мемлекет Ресей, Өзбекiстан ал, алыс шетел Франция мемлекетiнде де бар. өкiнiшке орай Қазақстанда омбудсмен институты жоқ.
Ресей Федерациясында Адам құқығы жөнiндегi өкiлеттi атпен осы омбудсмен органы орын алса, Өзбекстанда Адам жөнiндегi өкiлеттi Олий Мажилис атпен белгiлi.
Бұл үш мемлекетте құзыретiн жүзеге асыру, құрылуы әртүрлi болып келедi. Ресей мен Францияда тәуелсiз орган болса, ал Өзбекiстанда лауазымды тұлға болып табылады және олар Ресейде мемлекеттiк Думамен 5 жылға, ал Францияда Министрлер кеңесiмен 6 жылға, ал Өзбекiстанда Олий Мажилиспен сол өкiлеттiлiгiнiң мерзiмiне тағайындалды. Бұл өкiлдер үш мемлекеттеде имунитетке ие, олар қылмыстық, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке белгiлi келiсiм бергенде ғана тартылады және мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырады.
Өзбекстан республикасында өкiл Олий Мажилистiң депутаты, ол заңшығарушылық бастамашылығына ие. Ал Ресей мен Францияда өкiлдер депутат болмауы тиiс. Ресей Федерациясының өкiлiне арнайы талаптар қойылған (35 жастан, кiшi емес, Р. Ф. -ң азаматы, еңбек тәжiрибесi бар), ал Франция өкiлiнiң өз құзыретiндегi мiндетiн атқаруға кедергi жасағанға нақты жаза көрсетiлген (1 айдан -6 айға дейiн бас бостандығынан айыру немесе 2000-нан 10. 000-ға дейiн айыппұл төлеу) . Ресей және Өзбекстан мемлекетiнiң өкiлi төленетiн коммерциялық қызметпен айналысуына және саяси партияға мүше болуына шек қойылған, ал Франция мемлекетiнiң өкiлiне, шағым Парламент депутаттары арқылы түседi. Барлық өкiлдер жеке және заңды мүдделерiн қорғауда халықаралық шарттарға, Конституциямен заңдарды және жалпыға белгiлi қағидаларға сүйенедi. Өзбекiстанда өкiл Олий Мажилистiң алдында есеп берсе, Франция өкiлi өзiнiң қызметi жайлы жылдық докладын Президентке және Парламентке ұсынады, ал Ресейде ол ешкiмге есеп бермейдi. Олар өз есептерiн, докладтарын арнайы баспадан шығарады. Ресей мен Өзбекстанда өкiл шағымды бiр мән-жайлар бойынша мерзiмi нақты көрсетiлген (1 жыл), ал Францияда өкiлдiң (посредник қажет деп тапқан кезде белгiлi бiр iс бойынша (жер) мемлекеттiк кеңестiң төрағасының орынбасары және бiрiншi мемлекеттiк аудиторлық сот тергеу қозғайды. Ресейде азамат тек екi рет ғана өкiл бола алады, Францияда оған өкiлеттiлiк екiншi рет қайта берiлмейдi Өзбекiстан өкiлi соттың қарауына жататын iстердi қарамайды және бұл бойынша мемлекеттiк баж төленбейдi. Ресей Федерациясының өкiлi Мәскеу қаласында орналасуы тиiс, ол өз өкiлеттiлiгi шеңберiнде өкiм қабылдайды. Франция делдалы өз еркiмен кетудi қоспағанда, тек өзiнiң мiндетiн орындай алмайтын жағдайда ғана босатылса, Ресейде өкiл өзiне қойылған талаптарды бґзғанда, соттың айыптау Үкімiнiң күшіне енуi бойынша босатылады. Өзөбекстанда өкiл мерзiмнен бұрын: өзiнiң өтiнiшiмен; денсаулықы нашар болуына байланысты; депутаттық өкiлеттiлiгi тоқтатылса және соттың айыптау Үкімi күшіне енгенде босатылады.
Жоғарыдағыларды салыстыра отырып, көрiп отырғанымыздай Ресей Федерациясында өкiлге кең көлемде құқық берiлсе, ал Франция мен Өзбекстанда өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруда құқықтардың шектеулерi бар. Бiрақ осындай өкiлдi органның мемлекетте орын алуы, бiзге, демек Қазақстанға үлгi боларлықтай.
Қазақстан Республикасында Адам құқықын қорғау және заңдылықты сақтау жөнiндегi халықаралық бюроның алатын рөлi зор. Ол қоғамдық мекеме ретiнде 1995 жылы 8 ақпанда Әдiлет Министiрлiгiнде тiркелген. Ал өз жұмысын 1993 жылы тамыз айында құрылып, бастады. Қоғамдық мекеменiң негiзгi мақсаты және мiндетi ретiнде Қазақстанда және басқа мемлекеттерде демократиялық құқықтық мемлекет құруға әсерiн тигiзу, адамның ажырамас құқықы мен бостандықын қорғау және жүзеге асыру саласындағы реформаның әрекет етуiне үлесiн салуда. Сонымен қоса, өзге Үкімет емес ұйымдармен бiрлесе отырып, адамның құқығын қорғауда халықаралық мiндеттердiң елде орындалуын қолға алып отыр.
Бұл ұйым Республикада аймағында өз филиалдарын ашқан. Оның басты мiндеттерi ретiнде республикадағы қабылданып жатқан заң жобаларын дайындауға, адамның құқығына қатысты орындалып жатқан заңдарға анализ жасау және соттық пен пентициарлық жүйедегi реформаның әрекет етуiне көмек көрсетуде. Осы мәселе бойынша Бюро 1996 жылы Домалақ стол ұйымдастырған.
Онда Қазақстан Республикасының жанындағы адам құқығын қорғау жөнiндегi Комиссия, Президенттiк әкiмшiлiк, Бас Прокуратура, Тергеу комитетi, Iшкi iстер министiрлiгi, құқық қорғайтын үкіметтiк емес ұйымдар және бұқара ақпарат құралдарының өкiлдерiнiң қатысуымен қамаудағылардың, уақытша қамаудағылардың құқығының дұрыс қорғалуының және тұтас пентициарлы жүйенiң мәселелерi қаралды. Осы мәселе бойынша ұйым өз назарын түрмедегi адамдардың құқығының болуын, оларға түрме әкiмшiлiгiнiң дұрыс қаралмайтындығын, олардың әрдайым адам құқықтарын бұзатындығы туралы мәселе қаралды. Бiрақ бұл бас қосуда түрмеге түсер алдындағы адамдардың жалпы және қатаң режимде дұрыс жiберiлмеуiн, оларға мемлекет тарапынан ешқандай көмек, жағдай жоқтығы жайлы мәселелер назардан тыс қалып отырды. Өйткенi дәл осындай мәселелердiң туындауынан қамаудағы адам құқықтарының бастапқы сатының өзiнде-ақ бұзылуына әкеп соғатынын айтқым келедi. Барлық кiнәнi тек түрме әкiмшiлiгiне салмай, оның жауапкершiлiгi мемлекеттiң қолында екенiн ұмытпауымыз керек. Ал 1994-1999 жылдары Бюро бiрнеше рет пентициарлы мекемедегi критикалық жағдайлар; ақпарат құралдарының бостандықы; ұсталған сезiктi және айыптаушыларға қолданатын, заңсыз әдiстермен тергеу жүргiзу атпен мәжбүрлеу әрекеттерiн; азаматтардың сөз бостандығына, сайлау құқығының, бейбiт жиналыстар, митингiлер, ереуiлдер өткiзу және бiрiгу арқылы елдегi адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының бұзылуы жөнiндегi күрделi мәселенiң шешуiн табуда өз қызметтерiн көрсеттi. Сонымен қатар бюро адам құқықтары саласында мемлекеттiк бағдарламаның (да) жобасын дайындауға Үкіметтiк емес құқық қорғау ұйымдарының басты өкiлi ретiнде қатысып республикадағы көптеген құқық бґзушылықтарды ортаға салды. Бұл ұйымның адам құқықтары жайлы бiраз әдебиеттердiң жарық көруiне барлық әрекетiн жасауда. Алайда әдебиеттер тек орыс тiлiнде және оларды қолға түсiру мүмкiншiлiгi өте қиын болып отыр. Бiр сөзбен айтқанда бұзылып жатқан құқықтарды тек көрсетiп қоймай, олардың бґзылуына әкеп соқтыратын себептер мен жағдайларды нақты болдырмауға әрекет жасауымыз тиiс.
Саяси-құқықтық зерттеу қоғамдық қоры Интерлигал 1993 жылы құрылды. Ол Алматы қаласында Х. Ѕ. Б. (М. Б. Ф. ) бөлiмi ретiнде ТМД елдерiнде коммерциялық емес зерттеу секторы бағдарламасы шеңберiнде Америка агенттiгiмен қаржыландырылған. Бұл қоғамдық қор ТМД елдерiнде және Қазақстанда азаматтық қоғамның және тәуелсiз секторлардың құрылуымен дамуына қолдау жасау мақсатында жұмыс iстейдi. ұйым 1994 жылдан бастап, Қазақсатндағы Сорос қорының қолдауымен өткен халықаралық түрлi конференцияларға қатысқан. Онда Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Ресей Федерациясы сияқты елдерден көптеген ұйымдар қатысты. Ал 1997-1998 жылдар арасында Интерлигал Қазақстандағы Үкіметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк қолдау мектебi жөнiндегi бағдарлама жобасын жүзеге асырды. Қордың негiзгi мақсаты - Қазақстанда және басқа елдерде азаматтық қоғам құру жолында әрекет жасау. Халықаралық түрдегi жоспарда Орта Азияда, Қазақстанда Үкіметтiк емес ұйымдардың әлемдiк жүйеде қызмет етуiне қолдау жасайды. Көптеген коммерциялық және қамқорлық негiздегi әрекеттердi реттейтiн заңнамаларды дайындау, Үкіметтiк емес ұйымдардың рөлiн қоғамда күшейту, олардың өзара және мемлекетпен қарым-қатынастарын дамыту. Осыған орай, адам құқықтарын қорғау мақсатында 1994-1998 жылдары Азаматтардың бiрiгуiне құқықы және Қазақстан Республикасы коммерциялық емес және қамқорлық әрекетi жөнiнде заң жобаларын жасаған. Оған адам құқықы жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарлама дайындауға да ат салысқан болатын. Бүгiнгi күнi бұл ұйым Үкіметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып, осы ұйымның құрылуы және тiркелуi, заңмен реттелуi және салық салынуы, стратегиялық жоспар жасауда өз қызметiн атқарады. Бұл ұйымдардың әрекетiн реттеуде бiздiң заңдардың толық қамтылмауы, оған қоса мемлекеттiк органдардың көмек көрсетудiң орнына кедергi келтiргендерi бар. Ал ол ұйымның қызмет жасауына тосқауыл болып отыр.
Қазiргi күнi Қазақстанда кең өрiс алған мәселенiң бiрi - жемқорлық. Бұл дүние жүзi бойынша 84 елде өз бөлiмдерi бар, оның iшiнде 1999 жылы Алматы қаласында қоғамдық қор ретiнде тiркелген Транспаренси Интернэшнл (ТК) Ұлттық бөлiгi, (чаптер) Транспаренси Қазақстан атты қоры бар. Ол қордың негiзгi мақсаты жемқорлықпен күрес. Өйткенi бұл адам құқықының бґзылуының бiр көрiнiсi болып табылады. Сондықтан да бұл қордың Қазақстанда Үкіметтiң және қоғам iшiнде оның болуына, демократиялық қағидалардың негiзiнде жүйелi реформа өткiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзу. Сол мақсатта жеке және қоғамдық институттарға оңай қол жеткiзуге, жемқорлықтың орын алу себептерi мен салдарының тууын түсiнудi, оны болдырмау жолын жасауға әрекет ету боп табылады. Сол негiзде Президент жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жасайтын Мемлекеттiк коммиссиямен бiрге үкiметпенде бiрлесе отырып, қызмет ету. Ол үшін республикалық үкіметтiк емес ұйымдармен қарым-қатынасты әрқашан да сақтауға тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz