АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ САТЫСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Апелляциялық сот сатысының қаулысы жӘне оны орындау1

ҚОРЫТЫНДЫ8

Қолданылған нормативтiк актiлер тiзiмi:10

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi:10

Қолданылған журналдар тiзiмi:13

Апелляциялық сот сатысының қаулысы жӘне оны орындау

Қылмыстық iс мәнi бойынша I-сатыдағы сотта қарағаннан кейiн үкiм шығарылатыны баршамызға мәлiм. Ал, егер де осы заңды күшiне енбеген үкiмге апелляциялық наразылық келтiрiлiп, сот қайта iстi қарағаннан кейiн осы II-сатыда апелляциялық қаулы шығарады.

Жалпы, апелляциялық қаулы бұл қылмыстық iс жүргiзудегi орын алатын шешiмдердiң бiрi болып табылады. "Қаулыны кең көлемде көптеген қылмыстық iс жүргiзушiлiк әдебиеттерде - соттың кез келген үкiмнен өзге прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, судьяның жеке-дара шешiмi дейдi. Ал, ендi осы қарастырылып отырған мәселем, апелляциялық қаулының мазмұнына келетiн болсам, бұл апелляциялық сатыдағы сот шығарған заңды күшiне енбеген I-сатыдағы сот үкiмiне қатысты шешiмi болып табылады.

Апелляциялық қаулының мазмұны - сот үкiмiне қарағанда қорытынды бөлiмiнiң орнына қарар бөлiмiн қамтиды. Яғни, ол кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерiнен тұрады. Ендi, осы үш бөлiмнiң әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткендi жөн көрiп отырмын.

ҚР ҚIЖК-нiң 422-бабына сәйкес, қаулының Кiрiспе бөлiмiнде мыналар көрсетiлуi тиiс:

  1. қаулы шығарылған уақыт пен орын;
  2. қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
  3. апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
  4. iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.

Қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде берiлген апелляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдерi, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерi, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерi қысқаша баяндалуға тиiс.

Егер шағымдар, наразылықтар қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде шағымдардың, наразылықтардың дәлелдерi негiзсiз немесе елеулi емес деп танылған негiздеме көрсетiлуi тиiс.

Үкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне өзгерiстер енгiзгендегi негiздер көрсетiледi.

Егер апелляциялық сатыдағы, сот ҚР ҚIЖК-нiң 421-бабының 1-шi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi, яғни, сот, белгiлеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетсе, онша ауыр емес қылмыс ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстырса, тағылған айып шегiнен немесе соттың басты талқылауы кезiнде мемлекеттiк немесе жеке айыптаушы қолданған айыптау шегiнен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгiлеуге құқылы. Егер апелляциялық сот осындай шешiмдердi қабылдаса, онда қаулысының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi келтiрiлуге тиiс.

Апелляциялық сатыдағы сот жоғарыда айтып өткен шешiмдермен қоса тағы да мынадай шешiмдер қабылдау мүмкiн:

- егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кiнәлiлiгi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жол отырып, жаза мөлшерiн ұлғайта алады;

- егер бiрiншi сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдана алады;

- сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн ҚР-ның ҚК-не сәйкес тағайындай алады;

- ҚР ҚК-нiң 64-бабының 5-бөлiгiне сәйкес, бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, ҚР ҚК-нiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге құқылы.

Осы айтылған негiздер бойынша шешiмдi сот, егер прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленушi, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.

Ал, егер де iс соттың жаңадан туындаған талқылауына жәберiлсе қаулыда iс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екенi көрсетiлуге тиiс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендiгi немесе дәлелденбегендiгi туралы, дәлелдемелердiң анықтығы туралы немесе бiр дәлелдемелердiң басқаларынан басымдығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелердi алдын ала шешiп қоюға құқығы жоқ.

Апелляциялық қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.

Апелляциялық қаулы сот үкiмi тәрiздi кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың бүкiл құралы қол қойып, олар отырыс залына келгеннен кейiн жарияланады. Сот жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып, қаулының қарар бөлiмiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iс қаралған күннен бастап жетi күн мерзiмiнде жасалып, оған барлық судьялар қол қояды. Осы қарар бөлiмнiң толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге үкiм шығарған сотқа жiберiледi. Ал, жалпы апелляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей үкiм шығарған сотқа жiберiлуi тиiс.

ҚР ҚIЖК-де жаңадан орын алған бап нормаларына сәйкес, егер де iс қосымша тергеуге қайтарылса, яғни iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздер болса не өзге адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болғанда және айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайлар орын алса апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Осындай жағдай орын алғанда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi. Егер, осы апелляциялық қаулы негiзiнде сотталған адам қамаудан босатылуға тиiс болса және егер бұл адам осы сатыдағы сот отырысына қатысса, осы бөлiгiнде қаулы дереу орындалуға жатады. Ал, өзге жағдайлар орын алғанда апелляциялық қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды қамаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.

Жаңадан енгiзiлген бап нормаларына сәйкес, iстi апелляциялық сатыда қайта қарауға жол берiледi. Яғни, егер:

  1. кейбiр соттанлғандарға қатысты белгiленген мерзiмде берiлген апелляциялық шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты iстер қаралғаннан кейiн келiп түссе;
  2. шағымданудың, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн басқа сотталған адамдарға қатысты iс қаралғаннан кейiн ҚIЖК-мен көзделген тәртiппен сот қалпына келтiрсе, апелляциялық қаулының күшi жойылмай-ақ iстi апелляциялық сатыда қайта қарауға жол берiледi.

Апелляциялық сатыдағы сот сотталғанның оның қорғаушысының не өкiлiнiң шағымдарын осы адамға қатысты iс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға мiндеттi. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиiсiнше Жоғарғы Соттың не облыстық сот пен соған теңестiрiлген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бiрiнiң күшiн жою туралы ұсыным жасайды.

¤зiм жоғарыда айтып, өткендей, апелляциялық қаулы өзiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бастапқы үкiмнiң күшiн жойса, онда iс жалпы тәртiппен қайта қаралуға жатады. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында осындай өтiнiш жасалса және сот бастапқы үкiмнiң күшiн жоюдың негiзi ретiнде көрсетсе, iстi жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол берiледi.

Iс жалпы тәртiппен жаңадан қаралған кезде, бiрiншi сатыдағы соттың:

  1. егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкiмнiң осы бөлiгiнiң күшi жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкiмде алып тасталған бөлiгiнде кiнәлi деп тануға;
  2. егер бастапқы үкiмнiң күшi осы негiздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өткiзудi немесе неғұрлым қатаң режимдегi колонияларда өткiзудi тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.

Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы сот шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағымдануға, наразылық бiлдiруге болады. Бұл ретте, егер бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшi сотталғанды қорғаған шағым, наразылық, бойынша жойылса, ал екiншi үкiмнiң күшi жазаның жеңiлдiгiне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне орай жойылса, iстi үшiншi мәрте, қарап жатқан сот екiншi үкiммге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкiн, бiрақ оның бiрiншi үкiммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.

Апелляциялық сатыдағы соңғы нүкте апелляциялық сот қаулысының заңды күшiне енуiмен көрiнiс табады. Заңды күшiне енген соттың қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрi үшiн бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сөзсiз орындалуға жатады. Осы соттың қаулысын орындамау қылмыстық жауапкершiлiкке әкеледi.

Жоғарыда айтып өткенiмдей, апелляциялық қаулыны орындауға кiрiсу бiрiншi саты бойынша iстi қараған сотқа жүктеледi. Қаулыны орындау туралы өкiмдi судья қаулының көшiрмесiмен арнайы қаулыны орындау мiндетi жүктелген органға жiберiледi.

Сонымен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жарияланған сәттен бастап өз заңды күшiне енiп, тек мына жағдайларда ғана қайта қаралуға жатады:

  1. қадағалау тәртiбiмен қайта қарағанда;
  2. жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қаралған кездерде.

Сонымен, өз тарауымды қорыта келе айтарым, апелляциялық сот сатысының қаулысы - бұл осы сатыдағы ең соңғы қорытынды процессуалдық құжат болып табылады. Қылмыстық iс жүргiзу шеңберiнде шығарылатын өзге де шешiмдер сияқты апелляциялық сот сатысының қаулысы да барша халық үшiн мiндеттi болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бергi кезеңде қабылданған сот реформасы туралы мемлекеттiк бағдарлама да сот өндiрiсiне, судья мәртебесiне қатысты заңдардың барлығыда Сот әдiлдiгiн барынша қамтамасыз етуге бағытталғаны белгiлi. Оған Ата заңымыз Конституциядан бастап қабылданған және қабылданып жатқан заңдардың басым көпшiлiгi дәлел бола алады.

Бiрақ мұнымен сот реформасы бiттi деп санауға болмайды. Мемлекет құруда Қазақстандық реформаны одан әрi жан-жақты жаңартып сол бағытта жүргiзiп отыруға тура келедi.

Құқықтық тәртiппен заңдылықты нығайтуда мемлекетiмiздiң негiзгi құқықтық жүйесiнiң бiр саласы ретiнде - қылмыстық iс жүргiзу құқығы орын алады. Оның негiзгi мiндетi болып - қауiптi құқық бұзушылықтар, қылмыстармен күресу табылады.

Қылмыстылықпен күресуде құқықтық құрал кешенiне кiретiн сот үкiмiнiң маңызы ерекше.

Сот үкiмi - қылмыстық iс жөнiндегi бүкiл өндiрiстiң қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесiмi болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрi заңды және негiзi болуға тиiс.

Үкiмдердi дайындау практикасын зерделеу олардың көбiнiң заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсеттi. Сонымен қатар кейбiр соттар үкiмдердi дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнiнде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейдi. Мұның өзi үкiмдердiң өзгертiлуiне және бұзылуына әкеп соғуда.

Осы еңбектен байқағанымызда, қозғалып отырған мәселе тура осы үкiмнiң бұзылуы мен өзгертiлу негiздерiне арналуда.

Бiтiрушiлiк жұмысым төрт негiзгi бөлiмдi қамтиды. Ең алдымен жалпы "үкiмге" сипаттама берiлiп, кейiн заңды күшiне енбеген сот үкiмдерiн қарау тәртiбi мен осы сот үкiмiн бұзу және өзгерту негiздерi туралы сөз қозғалып, жан-жақты, толық және объективтi талқыланады. Соңғы бөлiмiм - осы апелляциялық сот сатысының шешiмiне арналып, оның орындалу тәртiбi қарастырылады.

Бұл жұмыста "үкiм" жан-жақты талқыланып, ол қылмыстық өндiрiстiң қорытынды кесiмi ретiнде де, қылмыстың алдын алу құралы ретiнде де қарастырылады.

Жалпы, тәжiрибеде осы бұзылуы мен өзгертiлуi күннен күнге өсiп, қылмыстық процестiң негiзгi көкейтестi мәселелерiнiң бiрiне айналуда. Мұның куәсi болып Жоғарғы Соттың Пленумының қаулылары табылады. Менiң осы бiтiрушiлiк жұмыс ретiнде бұл мәселенi таңдау себебiм де осы едi.

Зерттеу барысында көптеген ресейлiк, жақын шетелдiк оқу құралдары, әдебиеттер, нормативтiк актiлер қолданылды. Әсiресе мен М. С. Строговичтiң, Ф. Н. Фаткуллиннiң, Р. М. Оганесяннiң, В. Я. Дорохов сияқты авторлардың еңбегiне жүгiндiм.

Кiрiспе бөлiмiнде алдыма қойған мақсаттарым мен мiндеттерiне жеттiм, өзiмнiң зерттеуiмдi толық, қарастырдым деген сенiмдемiн!


Қолданылған нормативтiк актiлер тiзiмi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта баста
Аппеляциялық іс жүргізу
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz