Халықаралық саудадағы электронды нысанындағы шарт пен электронды санды жазба



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТIРЛIГI

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТI

Халықаралық құқық кафедрасы

Тақырыбы:

“Халықаралық саудадағы электронды нысанындағы шарт пен электронды санды
жазба“

Орындаған:

Ерешев. Д.Е.,

ЮСБ-403

Тексерген:

Жарасбаева

Аға оқытушы

АЛМАТЫ – 2002

Электронды санды жазба мен электронды шартының маңызы мен мәселелерi.

Интернет жүйесiнiң дамуы, жаңа құқықтық құбылыстардың пайда болуына
әкелiп соқты. Бұл құбылыстардың бiрi электронды нысанда жасалатын шарттар.
Мысалға бұл, интернетке қатысты қызмет ету провайдерлiк шарт, провайдер
серверiнде диск кеңiстiгiн жалдау шарты хостинг шарты және Электронды
коммерциядағы болатын сатып алу-сату шарттары.
Қазiргi уақытта электронды нысанындағы шарттар жасасу кеңiнен
пайдалынады. Сондықтан бұл мәселе құқықтық зерттеуге актуалды және маңызды
болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шарттардың
нысанына қатысты нормалар шарт Туралы жалпы ережелер бөлiмшесiнде және
Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiмiндегi, нақты бiр шарттарға қатысты
тарауларда белгiлiнген. Аталған норамлар бойынша шарттар ауызша және
жазбаша, ал жазбаша шарттардың өзi жай және нотариалды куәландырылған боп
бөлiнедi.
Жоғарыдағы түсiнiктердi ескере отырып. Электронды нысанындағы
шарттардың халықаралық саудада қолданылатындығына сәйкес, көптеген
қарастырылмай қалған теоретикалық және қолданбалы құқықтық сұрақтар
туындайды[1]. Бұл мәселеге назар аударатын заңгерлердiң барлығы электронды
шартты жазбаша деп таниды. Ал бұл шарт нысаны қолданылатын қатынастардың
ерекшелiктерiн ескерсек, яғни ақпараттық жүйелердiң спецификасын. Онда шарт
тараптарын анықтау идентификациялау, шарттың құқықтық күшін, оның iшiнде
тараптар үшін мiндеттiлiгi жәнет.б. мәселелерi туындайды. Шартты түрде
условно бұларды екi топқа бөлуге болады:
- қағазда жазылатын жазбаша шарттары мен электронды
шарттарының құқықтық күшін тең деп тану;
- электронды санды жазба, электронды нысанындағы құжаттар мен
шарттарды пайдаланатын қатынастарды реттейтiн құқықтық
нормаларда ақпараттық жүйесi мен компьютерлiк техникалық
ерекшелiктердi терең жәнежан-жақты ескеру.

Көрсетiлген мәселелер Қазақстан заңнамасында қажеттi дәрежеде
шешiлмегенiне байланысты, көптеген отандық заңгерлер мен экономисттер
Қазақстанда “Электронды санды жазба туралы“ заң қабылдау туралы мәселенi,
бұқаралық ақпарат құралдарында көтередi.

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы Электронды санды жазба мен
электронды құжат.

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы электронды санды жазба ЭСЖ
түсiнiгi алғашқы рет 21.9.2k жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
басқармасының №146 қаулысымен бекiтiлген “Қазақстан Республикасындағы
төлемдер мен ақша аударылымдарды жүзеге асырудағы электронды құжаттармен
алмасу ережелерi “. “Ережелердегi” анықтама бойынша:

Электронды Санды Жазба – электронды құжатты жасаған және өзгертулер
мен бұрмалаулар болмауын растайтын жiберушiнiң тұлғалық анықтаушысы[2].

Бұл анықтамадағы қолданылатын термин “Электронды құжат” бұл –
электронды нысанында және бағдарламалық-техникалық амалдар мен Электронды
Санды Жазба қолданылып жасалатын мәлiмдеме[3].
10.8.01. жылғы аралық вариантындағы “Информациялау мен информациялық
ресурстар туралы“ Қазақстан Республикасының Заң жобасында да бұл түсiнiктер
енгiзiлген. Бiрақ бұл жоба бұдан бiр жыл бұрын “Информация мен
Информациялау туралы“ деген атаумен шыққан вариантында, бұл түсiнiктер
қолданылмаған.

Сонымен қазiргi заң жобасындағы Электронды Санды Жазба – электронды
құжаттың реквизиттерiн және оның мазмұнының өзгермеуiн растайтын,
электронды құжатты жасаған тұлғаның, тұлғалық анықтаушысы[4].

Электронды құжат – ақпараттық жүйе арқылы сақталып, өңделiп, және
әдетте электронды құжат айналымның қатысушысының электронды санды жазбансын
қолданылып жiберiлетiн құжат[5].

Бұл екi нормативтiк құқықтық актiлердегi түсiнiктердi, анализдегенде.
Жоғарыда келтiрiлген, Заң жобасындағы, “жалпы ережелерге” арналған 1-баптың
Электронды Санды Жазба түсiнiгiнiң электронды құжат түсiнiгiмен байланысын
күшейтедi. өйткенi, жобадағы термин “реквизит”, “электронды құжат”
түсiнiгiнiң заңнамадағы “құжат” деген терминге сәйкестендiрiлiп, ЭСЖ мен
электронды құжатқа қатысты маңызды сұрақтарды шешедi. Оның iшiнде ЭСЖ-ң
сауда келiсiмiндерiнде қолданылудың құқықтық негiздерi. Осы артықшылық Заң
жобасының “ақпаратты құжаттау мен электронды құжат” деген 13-бабында толық
ашылады.
“Ақпаратты құжаттау мен электронды құжат” туралы бабында, ЭСЖ-мен
куәландырылған құжаттың құқықтық күшi, қағаз бетiне жазылған құжаттармен
бiрдей деп бекiтедi. Бiрақ электронды құжат, осыған ие болу үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасымен көзделген ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына
сай болуы керек. Осы талаптың болуы электронды нысынындағы құжаттар мен
оларды пайдаланатын қатынастардың ерекшелiктерiнiң, “Ережелерге” қарағанда
жақысырақ ескерiлгенiн байқауға болады.
Осыған қарамастан, бұл екi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң екеiнiң
де маңызы зор. Мәселен, оларды салыстырған кезде, олардың әр қайсысының
өзiне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтiндiгiн ескеру керек.
“Ережелер”, банк ұйымдарына арналып , электронды тәсiлмен жасалатын,
төлемдер мен ақша аударылымына қатысты электронды құжат алмасу қатынастарын
реттейтiн болса. Заң жобасы, ақпараттандыру, ақпараттық ресурстарды дамыту
мен қорғау, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құру мен оны халықаралық
жүйелерге интеграциялау қатынастарын реттейдi. Осыған орай, бұл нормативтiк
құқықтық актiлер, өзара толықтыру арқылы, ЭСЖ мен электронды құжатын
пайдалану қатынастарын реттейтiн нормалардың жүйесiн қґрайды.
21.9.2k жылы Қазақстан Республикасының ұлттық Банк басқармасының №146
қаулысымен бекiтiлген “Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша
аударылымдарды жүзеге асырудағы электронды құжаттармен алмасу
ережелерiнің“, Электронды құжаттарға арналған 3 тарауында, Электронды құжат
түсiнiгi толық ашылады. Электронды нысанындағы хабарлама сообщение, оны
тек ЭСЖ-н қолданып жазғанда ғана электронды құжат статусына ие болады. ЭСЖ
электронды құжатты жөнелтушiнiң құжатты өзi жазып және ешқандай өзгертулер
мен искажениялар болмауын дәлелдейдi. Сонымен қатар жөнелтушiнiң электронды
құжаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік Жүк декларациясы кедендік ресімдеуде қолданылатын негізгі құжат
ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрлері
Дүниежүзілік сауданың құрылымы
Халықаралық экономикалық қарым - қатынастардағы рыноктық механизм
Халықаралық сауда туралы
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен өсуін талдау
Жүйесіндегі халықаралық сауда
Сауданың экономикалық қатынастар жүйесіндегі сауда саяты
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Пәндер