Сот сараптамасының түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Сот сараптамасының түрлері

К І Р І С П Е1

1. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТүРЛЕРІ4

1. 1 Сот-медициналық сараптамасы4

1. 1. 1 Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама тағайындау6

1. 1. 2 Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау16

1. 1. 3 Заттай дәлелдемелерге сот-медицина сараптамасын тағайындау. 21

1. 1. 4. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік құқық бұзушылықтары үшін сот-медицина сараптамасын тағайындау. 26

1. 2 Сот-психиатриялық сараптама28

1. 3 Сот-психологиялық сараптама. 32

2. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША САРАПТАМАНЫң ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ35

2. 1 Генотипоскопиялық зерттеулер жүргізудің маңызы35

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы49

1. Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер52

Қолданылған жалпы және арнайы әдебиеттер53

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Ғылыми техникалық революция дәурінде қылмыстарды тергеу, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды тергеу мен ашуда ғылыми және техникалық білімдерді пайдаланудың мүмкіндіктері елеулі кеңеюде. Осындай істерді тергеу кезінде қылмыстық сот өндірісінде арнайы білімдерді пайдаланудың тиімді және кеңінен тараған түрі болып сот сараптамасы саналады. Қылмыстық сот өндірісі құқықтық білімдерден бөлек, өзге де соның ішінде қылмысты тергеу мен ашуда мүмкіндіктері көп ғылым, техника, өнер тәжірибелік қызмет салаларының білімдерінің, яғни нақты айтқанда арнаулы білімді талап етеді.

Арнаулы білім дегеніміз - адамның кәсіби оқуының немесе белгілі бір мамандық нәтижесінде сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын, сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.

Сараптаманың мәні тергеушінің тапсырмасы бойынша білікті тұлға, сарапшының қарамағына берілген қылмыстық іс материалдарындағы маңызы бар нақты мәліметтерді анықтау жолымен зерттеу жүргізуде жатыр. Осы зерттеудің нәтижесі арқылы сарапшы қорытынды жасайды, ал ол өз алдына заңда көрсетілген дәлелдемелердің бірі болады.

Сот сараптамасының мақсаты іс бойынша жаңа дәлелдемелік фактілерді немесе істе бар ғылыми негізделген фактілерді алу болып табылады.

Сот сараптамасы дәлелдемелердің ең тиімді құралы болып саналады. Оның көмегімен іс бойынша шындықты көрсетуде ерекше маңызы бар, соның ішінде жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстарға байланысты жағдайларды анықтайтын мәселелер аз емес.

Е. Р. Россинскаяның ойынша сот сараптамасы шешетін негізгі мәселелердің арасынан идентификациялауға жіберілген объектілерді бөлек шығаруға болады, криминалистикада мұндай объектілерді оның кескіндері арқылы теңдестіру деп атайды.

Осы жерде, зерттеу тақырыбының объектілері ретінде материалдарды, бұйымдарды, нәрселерді, заттарды, өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды айтуға болады.

Бұл зерттеу объектілері бойынша тағайындалатын сараптамалардың саны көп. Дегенмен де, мұндай сараптамалардың бәрін зерттеп, қарайтын болсақ, дипломдық жұмыстың көлемі ұлғайып кететіндігін ескеріп, зерттейтін сараптамалардың түрлерін шектеулі түрде алғанды жөн көрдік. Мысалыға, криминалистік, техникалық тағы да басқа сараптамалардың оқулықтардағы дәстурлілігін, олардың заң әдебиеттерінде толық зерттелгенін, оқу құралдарында көп кездесетіндігін есепке ала отырып жұмыста бұл сараптамаларға көңіл бөлмейміз.

Осы тұрғыдан алғанда дипломдық жұмыстың мақсаты екі негізгі аспектіде болады:

1. Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңдерінде тағайындалатын сараптамалардың ерекшеліктерін зерттеу. Мысалға, адамның өміріне, денсаулығына және ар-намысына байланысты қылмыстық істер бойынша, айталық, өлімнің себебін, дене жарақатының сипатын, оның ауырлық дәрежесін анықтау үшін тағайындалатын сот-медициналық сараптаманың рөлі өте зор. Сондықтан да, сот-медицина сараптамасының нәтижесінде көптеген маңызды сұрақтар шешіліп, қылмыстарды тергеудің алға қарай аяқ басуына көмектесетіндігін ескеріп, оның жекелеген түрлеріне тоқталып, зерттеу. Сонымен қатар, іске қатысы бар адамдардың есі дұрыстық және психологиялық жағдайын анықтау үшін тағайындалатын психиатриялық және психологиялық сараптамалардың ерекшелігіне тоқталып өту.

  1. Қылмыстық іс үшін маңызы бар диагностикалық, белгілі бір топқа жатқызу және идентификациялау мәселелерін шешу мақсатымен, жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды және одан қалған іздерді зерттеу. Осы зертеуде ғылым жетістіктерін және озық тәжірибелерді, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстар бойынша тағайындалатын сараптамалардың ішіндегі қазіргі таңда артықшылығы және келешегі мол деп саналатын ДНК молекуласын зерттеуге негізделген жеке тұлғаны идентификациялаудың генотипоскопиялық әдісін және жоғарыда аталған басқа да зерттеулер нәтижесін жеке адамға қарсы қылмыстық істерді тергеуде және ашуда пайдалану мәселелерін қарастыру.

Бұл әдісті қарастырудың дипломдық жұмыстың басты мақсаты болуының себебі, осы әдістің қылмыстарды әшкерелеуде, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардан қалған іздерді зерттеуден өткізуде дәлеледемелік маңызының зор болатындығы және мемлекеттік тілдегі арнайы әдебиеттерде аз кездесетіндігі болып отыр. Сондықтан да дипломдық жұмыста осы мәселенің төңірегінде толығырақ тоқталатын боламыз.

Дипломдық жұмысты жазуда бұл әдістің мүмкіншіліктерін көрсететін, Қазақстандық ғалымдардың ішінен Гинзбург А. Г, Поврезнюк Г. И, Салаев Б. А және Әлмағанбетов П. Ә, Г. В Кириенконың зерттеулерін, сондай-ақ Ресей зерттеушілері Перепечина И. О, Пименов М. Г және Т. В. Стегневаның бұл әдіс бойынша жазған арнайы әдістемелік-нұсқаулық еңбектерін басшылыққа аламыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен және қортындыдан тұрады.

1. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТүРЛЕРІ

1. 1 Сот-медициналық сараптамасы

Сот-медициналық сараптама - бұл алдын-ала тергеу, анықтама және сот өндірісін жүргізу кезінде пайда болған нақты медициналық және медициналы-биологиялық мәселелерді (сұрақтарды) шешу үшін ұсынылған нақты обьектілерді, сарапшының заңда көрсетілгендей және реттелгендей түрде жүргізілген ғылыми-тәжірибелік зерттеуі.

Сот-медициналық сараптама, өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін, сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін, сондай-ақ егер мән-жайды дұрыс қабылдау мен олар туралы дұрыс көрсетулер беру қабілеті жөнінде күмән туса, куә мен жәбірленушінің тәнінің жай-күйін анықтау үшін міндетті түрде жүргізіледі. Басқа да жекелеген мәселелерді шешу нақты тергелетін істің ерекшелігімен анықталады.

Сот-медициналық сараптаманың пәні алдын-ала тергеу, анықтама және сот өндірісі барысында туындаған медициналық және медициналы-биологиялық мәселелерді шешу болып табылады.

Сот-медицина сараптамасының обьектісі болып, тірі адамдар, мәйіт, қылмыстық және азаматтық іс материалдары (кейде тек медициналық құжаттар), сондай-ақ заттай дәлелдемелер (құралдар, киімдер, адамның бөлінетін бөлінділердің іздері, т. б ) табылады.

Сот-медицина сараптамасын жүргізудің жалпы тәртібі келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Сараптама тағайындау туралы тергеушінің немесе соттың қаулысын оқып-танысу.
  2. Сараптама жүргізуге себеп болған мән-жәйларды және сарапшының шешуі үшін қойылған сұрақтарды анықтау.
  3. Тергеушінің сараптамалық зерттеу үшін ұсынған материалдарының сапасы мен жеткіліктілігін және қойылған сұрақтарға жауабын бағалау; егер қажет болған жағдайда тергеушіден қосымша обьектілер мен істің қосымша материалдарын сұратып өтініш жасау.
  4. Сараптамалық міндеттерді тиімді түрде шешуді көздейтін сараптама жүргізудің жоспарын жасау және зерттеу үшін қажетті кешенді әдістерді ұтымды қолдану.
  5. Сараптама обьектісін немесе обьектілерді жеке-дара зерттеу.
  6. Жүргізілген барлық зерттеулердің нәтижесін талдау және талқылау.
  7. Сарапшы қорытындысын жасау.

Сот-медицина сараптамасы обьектісі бойынша бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама.
  2. Мәйітке сот-медициналық сараптама.
  3. Заттай дәлелдемелерге сот-медицина сараптамасы.
  4. Медицина қызметкерінің кәсіби қызметін бұзуына байланысты сот-медицина сараптамасы.

Кейбір әдебиеттерде сот-медицина сараптамасының тағы да бір

түрі ретінде іс материалдарына сот-медицина сараптамасын жүргізуді көрсетеді. Дегенмен бұл жіктелуге Э. С. Гордон, іс материалдары сараптамалық зерттеудің жеке дара обьектісі болып саналмайтындығын, олар тек сот-медицина сараптамасының үш обьектілерінің, мәйіт, тірі адам, заттай дәлелдемелердің белгілерінде ғана көрініс табатындығын ескере отырып келіспейтіндігін білдірді. 1

Сонымен сот-медицина сараптамасының обьектілері бойынша

жіктелген жекелеген түрлерін қарастырайық.

1. 1. 1 Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама тағайындау

Тірі адамдарға сот-медициналық сараптамасы - бұл тірі адамдарды тексерудің себептері, әдістері, амалдары туралы сондай-ақ жүргізілген зерттеудің нәтижесін бағалаудың қағидалары туралы мәліметтердің жиынтығын көрсететін сот-медицина сараптамасының бір түрі.

Сонымен қатар “тірі адамдарға сот-медициналық сараптама” термині, нақты қылмыстық істі тергеу кезінде туындаған, нақты сұрақтарды шешу мақсатында, нақты адамды тексерумен аяқталатын және заңда көзделгендей дәрігердің жеке-дара ғылыми тәжірибелік зерттеу жүргізуін білдіреді2.

Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама мынадай жағдайларда тағайындалады:

  1. Денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін, пайда болу механизмін, қандай қарумен келтірілгенін, еңбекке қабілетін жоғалтуды анықтау үшін;
  2. Жалған және жасанды аурулармен ауыратындығына күмән туғанда, денсаулықтың жалпы жәй-күйін, психикалық жәй күйін, сылтауратуын (симуляция), аггравациясын, жасанды ауру шақыруын, өзіне-өзі зақым келтіруін (мүшелеріне зиян келтіру) анықтау үшін;
  3. Даулы жыныстың ахуал және жыныстық қылмыстар кезінде - гермофродитизмді, жыныстық жетілгендікті, бұрын жыныстық қатынаста болғандықты, жыныстық қабілеттікті (әйелдерде - бала біткендігін, қосылғандығын; ерлерде - қосылғандығын, ұрықтандыратынын), жүктілікті, абортты, бұрын босанғандығын, әкелікті, зорлық жыныстық актіні (зорлау), жыныстық жетілуге жетпеген тұлғамен болған жыныстық қатынасты, азғындық әрекетті, еркек пен еркектің арасындағы жыныстық қатынасты азғындық әрекетті, еркек пен еркектің арасындағы жыныстық қатынасты, жұқпалы ауруларды жұқтырғандықты анықтау үшін;
  4. Басқа да себептерде - тұлғаның жасын, ұқсастығын анықтау.

Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізудің осылайша жекелеген негіздерге бөлінуі критерийлерінің қылмыстық заңның, жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстарға арналған тарауынан шыққандығын байқауға болады.

Сонымен, тірі адамдарға сот-медициналық сараптама жүргізудің жекелеген негіздеріне тоқталып өтейік.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтаудың критерийлері мен әдістемесін “Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың ережелерінде” қалыптастырады.

ҚР Қылмыстық кодексі бойынша, денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесінің үш түрін көрсетуге болады:

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК - 103б) .
  2. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚР ҚК - 104б) .
  3. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК - 105б) .

Денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі мен сипатын

анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізуге кірісе отырып, сарапшы тергеушінің қаулысын оқып білуі, зерттеуге қойған сұрақтарды анықтауы, сараптама жоспарын жасауы тиіс.

Зерттеу жүргізу (тексеру), куәландырушы жарақат алудың уақыты мен мән-жайы және денсаулығының жай-күйіне шағым білдіретін туралы айтатын, сұрау жүргізуден басталады. Әңгіме ерікті сипатта болуы керек, сарапшының нақтылайтын сұрақтары жетелеуші болмауы тиіс. Содан кейін, жарақатты бағалау туралы мәліметтерден тұратын түпнұсқа медициналық құжаттарды оқып танысады. Кейбір жағдайларда түпнұсқа құжаттар, емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылған анықтама көшірмелерімен ауыстырылуы мүмкін. Егер, қажетті медициналық құжаттар сарапшыға ұсынылмаса, ол сараптама тағайындаған органға тиісті материалдарды ұсыну жөнінде өтінім жасауға құқылы. Емдеу мекемелерінің меңгерушілері мен дәрігерлері сараптама жүргізу кезінде сот-медициналық сарапшыға, клиникалық және лабораториялық тексеру жүргізуде көмек көрсетуге міндетті.

Денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі мен сипатын анықтау үшін сарапшының шешуіне бірқатар сұрақтар қойылады. Жәбірленушіге, сондай-ақ сезіктіге қатысты сарапшының алдына

қойылуы мүмкін негізгі сұрақтар.

  1. Тұлғада қандай да бір жарақаттар бар ма, егер бар болса, олардың сипаты, саны, таралмаушылығы қандай?
  2. Куәландырушыға жарақат қандай қарумен және қандай жолмен келтірілді? Ол ұсынылған қарумен келтірілуі мүмкін бе?
  3. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келген кездегі жәбірленуші мен шабуыл жаасаушының арасындағы өзара жағдайының ықтималдылығы қандай болды?
  4. Жарақаттың ұзақтығы қандай және ол жәбірленушінің көрсеткен ұзақтығына сәйкес келеді ме?
  5. Денеден табылған жарақаттармен соққының бағытын және шамаланған күшін анықтауға мүмкіндік бар ма?
  6. Жәбірленушіге жарақат бір уақытта ма немесе әртүрлі мерзімде келтірілді ме?
  7. Жарақат арқылы соққының саны қанша және олардың бірізділігінің қандай екендігін анықтауға болады ма?
  8. Бұл жарақаттар жәбірленушінің өз қолымен келтірілуі мүмкін бе?
  9. Бұл тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі қандай?
  10. Осы жарақат өмір үшін қауіпті болып табыла ма?
  11. Бұл жарақаттың ақыры (салдары, нәтижесі) қандай?
  12. Тұлғаның жалпы және кәсіби еңбек мөлшері қандай?
  13. Жәбірленушіінің алған жарақаттарына байланысты денсаулығының бұзылуының ұзақтығы қандай?
  14. Куәландырылушының денесінде тыртық бар ма, егер бар болса, олардың шығу тегі қандай? Олар аурудың ба, әлде зақымның салдары ма?
  15. Денедегі тыртықтың болған уақыты қандай?
  16. Бұл тұлғада бар тыртықтың сипаты мен жайылтпаушылығы, оның жараның мән-жайы туралы берген түсініктемесімен сәйкес келеді ме?

Сарапшының қорытындысындағы барлық тұжырымдар, амбулаториялық, клиникалық, лабораториялық және инструментальды зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп шығарылуы керек. Тұжырымның әрбір ережесі ғылыми негізделген болуы керек.

Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін есепке ала отырып, сарапшы өз атынан жазбаша қорытынды жасайды. Оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растайды.

Кейбір жағдайларда сарапшы денсаулыққа келген зиянның ауырлығын анықтаудың мүмкін еместігі туралы хабарлама жазады.

Ол мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

  • түсініксіз клиникалық картина(бейне) және жәбірленушіні клиникалық тексерудің жеткіліксіздігі кезінде;
  • өмір үшін қауіпті емес жарақаттың нәтижесі түсініксіз болғанда.
  • жәбірленушінің тексеруден бас тартуы, сарапшының медициналық құжаттар бойынша жарақаттың сипаты мен ақыры туралы обьективті көрсетулерді құру мүмкіндігін шектесе.
  • қажетті құжаттар болмаған кезде.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі мен

сипатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаудың маңыздылығы, жәбірленушіге жарақат келтірген адамның өз жасаған әрекетінің сипатына қарай, қылмыстық заңда көрсетілген денсаулыққа келтірген зиянның ауырлық дәрежесінің қайсысы бойынша жауапкершілікке тартуды белгілейтін алғашқы қадамдардың бірі болуында.

Денсаулықтың жай-күйін анықтау үшін сот-медициналық сараптама

Денсаулықтың жай-күйін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаудың себептері болып: іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауы және олар туралы дұрыс көрсетулер беру қабілеті жөнінде күмән туғанда, куә мен жәбірленушінің тәнінің жай-күйін анықтау; денсаулығының жай-күйінің жақсы еместігін ескеріп куә мен айыпталушының сотқа келуден бас тартуы; ауырғандығына байланысты міндетті әскери қызметті орындаудан бас тартуы және басқа да мән-жайлар табылады.

Денсаулықтың жай-күйін анықтау үшін сот-медициналық сараптаманың түрлері:

  • өзін-өзі зақымдауға және жасанды ауруларға сот-медициналық сараптамасы;
  • симмуляция мен аггравацияға күмән туғанда сот-медициналық сараптама;

Кең мағынада алғанда өзін-өзі зақымдау дегеніміз - адамның өз денсаулығына өзі зиян келтіруі. Адамның өзіне-өзі механикалық жолмен немесе басқа да тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы: жоғары және төмен температурамен, химиялық заттармен және т. б. әлдебір жарақат салуы өзін-өзі зақымдау деп түсініліп келді.

Өзін-өзі зақымдауға сот-медициналық сараптама жүргізуге кіріскен дәріәгердің алдында екі міндет тұрады:

  • Жарақаттың сипатын, оның туындау жағдайын, механизмін және ұзақтығын анықтау;
  • Анықталған жарақаттың сезікті айтқан, ал кейбір жағдайларда ол көрсеткен мән-жайлар кезінде туындауы мүмкіндігі әлде мүмкін еместігін анықтау.

Симмуляция - бұл субъектінің өзінде жоқ ауруды немесе оның симптомдарын бар деп көрсетуі.

Аггравация дегеніміз - бұл өзінде бар аурулардың симптомдарын барынша әсірілеп көрсету.

Диссимуляция дегеніміз - бұл симмуляцияға керісінше, яғни субъектінің өзінде бар ауруды жасыруы.

Симмуляция мен аггравацияға күмән туғанда сот-медициналық сараптама жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл екеуінің де, денсаулыққа зиян келтіруді көздемейтіндігін, яғни алдау жолымен жүретіндігін ескеруіміз керек. Мұндай алдаулар субъективті(денсаулығының жай-күйіне негізсіз шағымдар келтіру) немесе объективті (қанды басқа да әртүрлі ағза бөлінділермен араластыру, анализдерді ауыстыру) болуы мүмкін. Осындай көпжақтылық, осындай себептерге байланысты сараптама жүргізу кезінде шығармашылық және жауапкершілікті қадам жасаудың қажеттілігін көрсетеді.

Бұл кезде сараптаманың шешетін ең негізгі сұрағы болып: тексерілуші ауыру ма әлде сау ма; егер ауыру болса, немен ауырады және денсаулықтың жай-күйі туралы объективті көрсетілген шағымына сәйкес келеді ме? - деген сұрақ табылады.

Сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтар:

  1. Нақты тұлғада қандай да бір ауру бар ма, егер бар болса бұл қандай ауру және оның себебі неде?
  2. Бұл тұлғадан денсаулығының жай-күйі бойынша куә (айыпталушы) ретінде жауап алынуы мүмкін бе?
  3. Осы тұлғаның ауруы оның бұрын алған жарақатымен байланысты, емес пе?
  4. Куәландырылушы тұлғада көлік құралын жүргізуге әсер ететін қандай да бір ауру жоқ па, және бұл тұлға ішінара дальтонизмнен3 азап шекпейді ме?
  5. Ауру куәландырылушымен симмуляцияланбаған ба?
  6. Бұл тұлғаның көру қабілеті қандай?
  7. Осы тұлға ымырт кезінде әлсіз жарықта көруге қабілетті ме?
  8. Бұл тұлғаның есту қабілеті қандай?
  9. Ауру ағымының өзгешелігі ауру адамның жекелеген симптомдарын әдейі асырып көрсетуімен түсіндірілмейді ме?
  10. Бұл тұлғаның медициналық, зейнеткерлік немесе басқа құжаттарында көрсетілген нақты бір аурудың бар екендігі туралы мәліметтер, шындығында бұл тұлғаның азап шегіп отырған ауруымен сәйкес келе ме?
  11. Аурудың себебі мен ұзақтығы туралы көрсетулер объективті мәліметтермен сәйкес келеді ме?
  12. Жарақат қандай қарумен және қандай тәсілмен келтірілді? Ол жәбірленушімен көрсетілген мән-жайларда ұсынылған қарумен келтірілуі мүмкін бе?
  13. Саусақтардың кесілуі бір әлде бірнеше соққымен келтірілді ме?
  14. Куәландырушының оған келтірілген жарақаттың мән-жайы жөніндегі көрсетулері оны тексеру кезінде анықталған объективті мәліметтермен сәйкес келе ме?
  15. Бұл зақым жәбірленушінің өз қолымен келтірілуі мүмкін бе?

Жыныстық қылмыстар кезіндегі сот-мсдициналық сараптама.

ҚР Қылмыстық кодексінде келесідей жыныстық қылмыстар қарастырылған: зорлау (120б) ; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121б) ; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123б) ; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәсіпқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер (122б) ; жас балаларды азғындату (124б) ; соз ауруларын жұқтыру (115б) ; Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116б) ; Заңсыз аборт жасау (117б) .

Жыныстық қылмыстарды тергеу кезінде сот-медициналық сараптама келесідей белгілерді анықтайды: жынысты анықтау, жыныстық жетілгендікті, қыздықты анықтау, ұрықтылық қабілетін анықтау, екіқабаттықты анықтау, түсік болғандығын анықтау т. б.

Адамның шын жынысын анықтау жөніндегі сот-медицинасы тірі адамдарды куәландыруға арналған жалпы схема бойынша, әдетте эндокринологтың, невропатологтың, уролог пен психиатрдың қатысуымен жүргізіледі. Куәландырушылар көбінесе мамандырылған емдеу мекемелерінде тұрақты тексеруден өткізіледі. Еркек пен әйелдің жалған қызтекелерінің шын жынысын анықтау үшін несептегі 17-кетостероидтары анықталады және қан лейкоциттеріндегі жыныстық хроматин зерттеледі. Әйелдерде хромосомдық жиынтық екі жыныстық хромотин ХХ-тің болуымен, ал еркектерде екі жыныстық хромотин ХY-тің болуымен сипатталады4. Әдетте сот-медицина сараптама комиссиясы шын жынысты анықтаумен бірге жалған әйел қызтекесінің жыныстың қатынасқа түсіп, ұрықтану мүмкіндігін, ал жалған еркек қызтекесіне бала біту мүмкіндігін анықтайды.

Әйелдің денсаулығына зиян келтірмей бала көтеріп, тууына мүмкіндік беретіндей болып организмі мен оның физиологиялық функцияларының дамуы әйелдің жыныстық жетілгендігі деп түсініледі.

Ал ер бозбалалардың жыныстық жетілгендігі қосылуы мен ұрықтықтық қабілеттігімен сипатталады. Ер балалардың жыныстық жағынан толысуы 10-11 жасынан басталып, 17-18 жасында аяқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Сот-медицина сараптамасының іс жүргізу және ұйымдық негіздері
Сот сараптамасынын объектілері
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот-медицина сараптама бюросы
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасының жіктелуі
Сот сараптамасын жүргізуді тағайындаудың негіздемесі
Сот сараптамасы бойынша есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz